4. Сабақтың мақсаты:
Интерн білуге тиіс:
Балаларда жүрек – қантамыр жүйесінің ауруларының ерекшіліктері.
Балалардағы жедел ревматикалық қызбаның анықтамасы және қазіргі кездегі анықтамасы, жіктелуі.
этиологиясы патогенезі. Ревматизмнің қазіргі кездегі жіктелуі.
Балалардағы ревматизмінің ағымының ерекшеліктері. Диагностикалық критерийі, өрщу дәрежесі, ағымының сипаты. Біріншілік қайталамалы ревмакардит клиникалық көріністері.
Ревмакардиттің клиникасы, басқа мүше жүйелердегі ревматикалық зақымданудың көріністері (полиартрит, хорея).
Қазіргі уақытта ревматикалық ауруларда параклиникалық зерттеу әдістері, жүре пайда болған жүрек ақауларының клиникалық көріністері.
Ревмакардиттің диагнозы және дифференциальды диагнозы, полиартрит, хорея, этапты емі. Ревматикалық қызба, ревматизммен ауырған балаларды диспансерлік бақылау.
Іштен біткен жүрек ақаулары этиологиясы мен таралуы, пайда болу себептері, балаларда клиникасы, диагностикасы, емі.
Жүрек гликозиттерін қолдану, операциялық емге, көрсеткіштер.
Интерн істей алуға тиіс:
Балалардағы ревматикалық қызбаның симптомдарын дұрыс және дәл интерпретация жасау;
Ревматикалық қызбамен, ревмакардит, буынды синдроммен ауырған балалардан дұрыс анамнез жинау;
Ревматизммен ауырған және туа біткен жүрек ақауы бар балаларды көру, тамыр соғуын, қан қысымын өлшеу, қан тамырынан биохимиялық анализге қан алу;
кіші хореясы бар науқас баланы дұрыс көру, гипотонияны, гиперкинез, координацияның бұзылуын анықтау;
ревматизммен ауырған балаларға қазіргі заманғы комплексті ем тағайындау.
5.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Базистік білім бойынша:
1. Балаларда жүрек қантамыр жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
2. Кардит, миокардит, эндокардит, перикардит, панкардиттің клиникасы.
3. Тума және жүре пайда болған жүрек ақаулары. Диагностикалық және емдік методика.
Достарыңызбен бөлісу: |