Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет44/64
Дата23.09.2024
өлшемі0.76 Mb.
#503888
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
det bol det xir kz

4. Сабақтың мақсаты:
- Дәрігер-интерн білуге тиіс.
-Пневмония – анықтамасың, кездесу жиілігін.
-Пневмония этиологиясын
-Әр түрлі жастағы балалардағы пневмонияның клиникасын.
-Фондық аурулары бар балалардағы пневмония ағымының ерекшеліктерін.
-Балалардағы пневмонияның диагностикасын.
-Мерзімінде туылған және шала туылған балалардағы пнемонияның ағымдарының ерекшеліктерін.


- Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:
-Бронх-өкпе аурулары бар сырқаттардан анамнезді жинау.
-Тыныс алу патологиясына ерекше көңіл бөле отырып курацияға алынған ауру балаларда клиникалық зерттеулерді жүргізу.
-Лабораторлық, рентгенологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау.
-Нәрестелердегі пневмонияның, алдын-алу жоспарын құру.
-Тыныс алу жетіспеушілігінде дәрігерге дейінгі реанимациялық көмек көрсету.


5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.
-Негізгі білім бойынша:
.-Балалардағы тыныс алу органдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
-Балалардағы тыныс алу органдарын зерттеу ерекшеліктері.
-Әр түрлі жастағы балалардағы тыныс алу жүйесінің функциональды көрсеткіштері.
-Осы сабақ тақырыбы бойынша:
-Пневмония – анықтамасы, жіктелуі.
-Пневмония дамуына алып келетін факторлар.
-Балалардағы пневмонияның клиникасы. Фондық аурулары бар ерте жастағы балалардағы аурудың ағымының ерекшеліктері.
-Нәрестелердегі пневмония. Мерзімінде және шала туылған балалардағы ағым ерекшеліктері.
-Балалардағы пневмонияның диагностикасы.
-Балалардағы пневмонияның емі.



  1. Ақпараттық – дидактикалық блок.

Пневмония—жедел инфекциялық процесс, өкпе тінінің қабыну инфильтрациясы, альвеольдардың эксудатпен толуы, клиникасында инфекцияға организмнің жалпы реакциясы (қызыну, улану), жөтел, тыныс тапшылығы (ентігу, тынысқа көмек беретін еттер қатысы ж.б.), локальді физикалдық белгілер және рентгенограммада инфильтративті өзгерістермен сипатталатын ауру.
Пневмониямен аурушаңдық жиілігі 1 жасқа дейінгі 100 балаға 10-15, ал 3 жастан асқан 1000 балаға 5-6 аурудан келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет