Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет45/64
Дата23.09.2024
өлшемі0.76 Mb.
#503888
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
det bol det xir kz

Этиологиясы. Балалардың басым көпшілігінде пневмониялар этиологиясы инфекциялық (микробтық, микоплазмалық). Қоздырғыштары: пневмококктер, гемофильді таяқшалар, стафилакокктер, коли флора, респираторлық вирустар, микоплазма, хламидий инфекциясы, саңырауқұлақтар, пневмоцисталар, цитомегаловирустар, РС, грипп, аденовирустар.
Ауыр пневмониялар, әдетте, аралас—бактерия-бактериалды, вирустық-бактериалдық, вирустық-микоплазмалық т.б.
Сәбилерде пневмония өрбуіне бейімдеуші жағдайларға ауыр перинаталдық дерттер (құрсақішілік гипоксия, асфиксия, туу кезіндегі ми мен жұлын зақымдары, пневмопатиялар т.б.), аспирациялық синдром, гипотрофиялар, іштен болатын жүрек ақаулары, өкпенің даму ақаулары, тұқым қуалайтын иммундық кемістік, гиповитаминоздар жатады.
Мектеп жасындағы балаларды пневмонияға бейімдеуші жағдайларға созылмалы ЛОР аурулары, инфекция ошақтары, рецидивті бронхиттер, темекі шегу жатады.
Жіктелуі. Ресей денсаулық қорғау министрлігінің бала пульмонологиясы мен өкпенің тұқым қуалайтын аурулары жайлы проблемалық комиссиясы балалар пневмониясының жұмысшы жіктелуін 1995 жылы қабылдаған.

  1. Морфологиялық формасына қарай:

  • ошақтық,

- сегментарлық,
- ошақты-өзара қосылған
- крупоздық,
- интерстициалдық.

  1. Жұқтыру жайына қарай:

  • ауруханадан тыс,

  • ауруханаішілік,

  • перинаталдық жұқтыру бойынша,

  • иммунтапшылықты ауруларда.

  1. Ағымы бойынша:

  • жедел,

  • созылыңқы.

  1. Асқынулары бойынша:

өкпелік:

  • синпневмониялық плеврит,

  • метапневмониялық плеврит,

  • өкпе деструкциясы,

  • пневмоторакс,

  • пиопневмоторакс.

өкпеден тыс:

  • инфекциялық токсикалық шок

  • жалпылама қантамырішілік ұю синдромы,

  • жүрек- қантамыр жетіспеушілігі,

  • респираторлық дистресс синдромның үлкендердегі типі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет