Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы


- Дәрігер интерн білуге тиіс



бет2/64
Дата23.09.2024
өлшемі0.76 Mb.
#503888
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
det bol det xir kz

- Дәрігер интерн білуге тиіс:

  • Балалардағы жиі кездесетін соматикалық патологиялардың заманауи этиопатогенезін, жіктелуін, диагностикасын, ажырату диагностикасы мен емін;

  • Фондық аурулары бар науқастарды жүргізу тактикасы мен диагностикасының заманауи көзқарасын;

  • Нәрестелердің тері және тері асты май қабатының іріңді-қабыну аурулары, сепсис, анемиялар, созылмалы тамақтану бұзылысы, мальабсорбция синдроммен жүретін аурулар, ревматизм, туа пайда болған жүрек ақаулары, созылмалы жүрек жетімсіздік, жедел және созылмалы пневмониялар, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, зәр жүйесінің инфекциялары, гломерулонефрит, зәртас ауруы, тубулопатиялар, созылмалы бүйрек жетімсіздік, қант диабеті, геморрагиялық васкулит, тромбоцитопениялық пурпура, жедел және созылмалы холецистит, созылмалы гепатит, гастрит, гастродуоденит, ойық жара ауруы, жедел және созылмалы панкреатит сияқты ауруларды болжауды.



- Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:

  • Соматикалық ауруы бар науқас балалардан анамнез жинау, соматикалық ауруы бар науқас балалардан клиникалық зерттеу, соматикалық аурулары бар науқастарға алдын ала диагноз қою, зерттеу жоспарын, зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін бағалау, нәрестелерді зонд арқылы тамақтандыру, кіндік жарасы мен кіндік қалдығын тазалау, люмбальді пункциялау, стернальді пункциялау, дәрілерді ингаляциялау, оттегімен емдеу, созылмалы жүрек жетімсіздігі бар балаға дигоксинді есептеу әдістерін меңгеруін;

  • Жалпы қан талдауының, биохимиялық қан талдауының, коагулограмма, жалпы зәр талдауының, зәрдің Нечипоренко сынамасының, зәрдің Зимницкий сынамасының, копрограмма, нәжістің, қанның, зәрдің бактериологиялық егу; УДЗ, кеуде қуысын, буындардың рентгенографиясын, ФГДС және дуоденальді зондтау нәтижелерін бағалауды;

  • Мальаборбция синдромы, дистрофия, тыныс жетіспеушілік, токсикоз, гепатоспленомегалия синдромы, созылмалы жүрек жетімсіздік, созылмалы бүйрек жетімсіздік, гематуриялық синдром, дизуриялық синдром, ми ісігі, қант диабетіндегі коматозды жағдайлар, анемиялық синдром, қанағу түрін анықтаумен геморрагиялық синдром, ДВС-синдромындағы процесстің кезеңдерін анықтауды, буындық синдром ауруларын диагностикалауды.

  • Токсикоз, тыныс жетімсіздік, өкпе ісігі, созылмалы жүрек жетімсіздік, созылмалы бүйрек жетімсіздік, ми ісігі ауруларын емдеуді;

  • Геморрагиялық синдромын, ДВС синдромындағы процесстің әр түрлі кезеңін жоюды.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет