Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет27/64
Дата23.09.2024
өлшемі0.76 Mb.
#503888
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
det bol det xir kz

2. Сабақ сағатының саны:7 сағ.20 минут
3. Тақырыптың өзектілігі:
Статистика мәліметтері бойынша нәрестелерде асқорыту жүйесінің даму ақаулары соңғы жылдары өсіп келеді. Бұл ақаулар көбінесе мальабсорбциямен көрінеді. Мальабсорбция ең жиі диарея түрінде көрінеді, көбінесе тұқым қуалаушылық сипатқа ие: целиакия , муковисцидоз, дисахаридазалық жетіспеушілік, экссудативті энтеропатия. Мальабсорбцияның екіншілік түрі ауыр ағымда өтетін ішектің инфекциялық ауруынан соң, дисбактериоз, лапоротомия және асқазан-ішек жолдарының бір бөлімінің резекциясымен өтетін операциялардан соң туындайды. Сондықтан дәрігер-интерндерге этиопатогенезін және клиникалық көрінісінің ерекшелігін оқып үйрену қажет, себебі мальабсорбцияның алдын алу үшін маңызы зор.
4.Сабақтың мақсаты:
Дәрігер-интерн білуге тиіс:

  • Әртүрлі жастардағы балалардағы асқорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;

  • Асқорыту органдарының негізгі ауруларының семиотикалары мен синдромдарын;

  • Балалардағы асқазан-ішек жолдары ауруларын, зертханалық-инструментальды тексерулерін және осы анализдердің қалыпты жағдайлардағы көрсеткіштерін біліп, қорытынды жасай білуді.

Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:

  • Асқорыту жүйесі аурулары бар науқас балалардан анамнезін, шағымын жинауды;

  • Клиникалық тексерулер жүргізуді (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация және т.б.);

  • Мальабсорбция және ішек тітіркену синдромдарының негізгі белгілерін анықтап, зертханалық-инструментальды тескерулерден өткізіп, нәтижелірін клиникасымен салыстырып, бағалауды жүргізу;

  • Керекті жағдайларда осы ауруларға жедел дәрігерлік көмек көрсетуді.



5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.
Негізгі білім бойынша:

  1. Әртүрлі жастардағы балалардағы асқорыту жүйелерінің АФЕ-рі.

  2. Балалардағы асқорытудың ерекшеліктері.

  3. Асқорыту жүйелерін зерттеу әдістері (анамнез, ауырсыну, диспепсиялар, ауыз, ішті қарау, іштің пальпациясы, бауырдың өлшемі, флюктуация, аускультация, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық тексеру, функционалдық, биохимиялық, копрологиялық зерттеу әдістері)

Осы сабақ тақырыбы бойынша:



  1. Мальабсорбция және ішек тітіркену синдромдары. Этиологиясы, патогенезі.

  2. Мальабсорбция және ішек тітіркену синдромдарының клиникасы, жіктелуі.

  3. Мальабсорбция синдромының түрлері.

  4. Мальабсорбция және ішек тітіркену синдромдарының ажырату диагностикасы, диагнозы.

  5. Мальабсорбция және ішек тітіркену синдромдарының қазіргі заманғы емдеу әдістері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет