Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы


Сабаққа дайындалу сұрақтары



бет50/64
Дата23.09.2024
өлшемі0.76 Mb.
#503888
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
det bol det xir kz

5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.
-Негізгі білім бойынша:

  1. Балалардағы тыныс алу мүшелерінің АФЕ;

  2. Жасына сәйкес тынысалу жүйесінің функциональдық көріністері;

  3. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы, өзгерістер семиотикасы;

  4. Өкпедегі аускультативті өзгерістер, патологиялық өзгерістер;

  5. Тыныс алу мүшелерінің негізгі зақымданулар сипаттамасы;

  6. Тыныс жетімсіздігі синдромының клиникасы;

-Осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Анықтамасы мен жіктелуі;

  2. Этиологиялық және бейімдеуші факторлары;

  3. Созылмалы бронхит, созылыңқы және созылмалы пневмонияның негізгі симптомдары мен клиникалық көрінісінің ерекшеліктері;

  4. Диагнозы және ажырату диагнозы;

  5. Диспансерлік бақылау. алдын алу;

  6. Диагностика, сыртқы тынысты бағалау;

  7. СБ,СП емдеу, базисті терапия.

6. Ақпараттық-дидактикалық блок.


Созылмалы пневмония—созылмалы спецификалық емес бронх-өкпе ауруы, ол инфекциялық қабынудың қайталауларымен көрінеді, оның түп негізінде қалпына қайта келмейтін морфологиялық өзгерістерден шыққан бронхтар деформациясы мен бір не бірнеше сегменттерді қамтитын пневмосклероз жатады.
Осыған сай, созылмалы пневмонияда қан және лимфа тамырлары да зақымданады. Созылмалы пневмонияны біріншілік және екіншілік деп бөледі. Біріншілік пневмонияның таралуы--1000 баланың 0,6-0,7-сі. Екіншілік созылмалы пневмония іштен біткен және тұқым қуалайтын дертке қосарлана шығады, біріншілік түріне қарағанда жиі кездеседі.
Этиологиясы. Созылмалы пневмония қайталаулары көбіне аралас вирустық-бактериалдық, микоплазмалық-бактериалдық, бактериалдық-бактериалдық, вирустық-микоплазмалық-бактериалдық-микоздық т.б. флораларға байланысты.
Біріншілік созылмалы пневмонияға бейімдеуші факторлар:
құрсақішілік кезең потологиясы мен тұқым қуалаушылық. Бейімділіктің ауруға айналуына экологиялық фкторлар, тамақтану кемістігі, өмір сүру салты—наркотәуелдік, токсикомания, белсенді және пассивті темекі тарту т.б. әсері жатады.
Біріншілік созылмалы пневмонияның жоғары қауіпті факторлары:
-рецидивті аспирациялық синдром,
-өкпенің ауыр деструкциясы,
-ұзақ сақталған ателектаздар, бөгде заттар,
-сегментарлық пневмониялар, әсіресе орта бөліктегілер,
-өкпе микоздары,
-екіншілік иммунотапшылықтар.
Екіншілік созылмалы пневмонияның дамуына ыңғайлы факторлар:
-өкпе дамуының ақаулары,
-өкпенің тұқым қуалайтын кеселдері,
-тұқым қуалайтын иммунды тапшылықтар,
-перинаталды дерттер (энцефалопатиялар, бронх-өкпелік дисплазия).
Патогенезі. Созылмалы пневмонияның морфологиялық негізі:

  • пневмосклероз және өкпе тінінің карнификациясы,

  • қап тәрізді не цилиндрлік бронхоэктаздар.

Созылмалы пневмонияның үдеу патогенезінде аутоиммундық әсерлердің де орны бар. Созылмалы пневмония өкпе қызметінің бұзылысымен көрініс табады. Сыртқы тынысты аспаптық зерттегенде: өкпенің өмірлік сиымдылығы, өкпенің минуттық желденуі, тыныс қалдығы көрсеткіштері азаяды. Созылмалы пневмонияда гипоксемия, токсикоз салдарынан жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы, өкпе гипертензиясы өрбиді. Созылмалы пневмонияда өкпе тамырларының морфологиялық өзгерістерінен ондағы қан жүрісіне бөгет көбейеді.
Диагнозда: 1) қосалқы аурулар және 2) асқынулар көрсетілуі тиіс (тыныс тапшылығы, өкпе эмфиземасы, өкпелік жүрек, өкпеден қан кету, ателектаз, абсцестену, пиоторакс, ми абсцессі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет