Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет53/64
Дата23.09.2024
өлшемі0.76 Mb.
#503888
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
det bol det xir kz

Ситуациялық есептер


Есеп №1. 4 жаста Алима, мына шағымдармен келіп түсті (анасының айтуы бойынша); қақырық бөлінетін жиі жөтел, дене қызуының 37,5°С-қа көтерілуі, тәбетінің төмендеуі. Бала бірінші жүктіліктен ауыр токсикозбен, 2600 г салмақпен туылған. І жасында сальмонеллезбен, 3 жасында желшешек және Боткин ауруымен ауырған, жиі ЖРВИ-мен ауырады. Пневмониямен алғашқы рет 1 жасында, ІІ дәрежелі рахит, гипотрофияның І кезеңінен бірге қосарланған, ауруханада емделген, ауруханадан шығарылған, бірақ 1 айдан кейін қайтадан пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылады. 3 жасқа дейін жыл сайын пневмония диагнозымен 3-4 рет стационарлы ем қабылдаған. Соңғы рет рентгентексеруінсіз (бақылаусыз) жөтелмен бірге шығарылды. 3 жастан бастап созылмалы пневмония қауіпімен есепте тұр. Объективті: салмағы 15.500. Бойы 106 см. ЖСЖ – 118 рет´. ТЖ – 32 рет´. Жөтел ылғалды, жиі кілегейлі- іріңді қақырықпен бөлінеді. Перкуторлы – өкпе үстінде қораптық дыбыс, ал кеуде қуысының сол жақ төменгі бөлігінде тұйықталу. Өте қатқыл тыныс фонында паравертебральды, жауырын бұрыштары үстінде көптеген сырылдар. Жүрек тондары туйықталған, төстің сол жиегінде қысқа систолалық шу, жатқанда интенсивті естілеуі. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен.
Сұрақ: 1.Сіздің алғашқы болжам диагнозыңыз?
2.Тексеру жоспары.


Есеп № 2. Саша 2 жас 6 ай, ауруханаға түскен кездегі анасының шағымдары: дымқыл жөтел, ентігу, тәбеттің төмендеуі, температурасының 38,5 дейін көтерілуі. 1,5 жасқа дейін жақсы өсіп дамыған.1 жас 6 айында, көктемде бірінші рет пневмониямен ауырған. Ауруханада 20 күн емделген, ауруханадан шыққанда жөтел сақталған.ЭТЖ жоғары, рентген бақылау жүргізілмеген. 4 айдан кейін, күзде 2-ші рет пневмониямен ауырған. 3-ай емделіп шыққаннан соң да жөтелі қоймаған, тәбеті төмендеген. Клиникаға келерден 1 апта бұрын жөтел қосылып, температурасы 37,8-38,0-ге дейін көтерілген, мазасызданып, тәбеті төмендеген.
Объективті: салмағы-11кг, бойы-81см.Бозарған, 11дәрежелі рахиттің көріністеріқолдарынан анықталады, пулс 120 р/мин ТАЖ 40 р/мин.Перкуторлы: оң жақтан төменгі бөлікаймағында перкуторлы дыбыс қысқарған. Аускултацияда: осы аймақта әлсіз тыныс алуы және дем шығаруының ұзаруы, әртүрлі калибрлі дымкыл және құрғақ сырылдар естіледі.
Сұрак; Сіздің болжамалы диагнозыңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет