Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет11/25
Дата09.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#124970
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Ситуациялық есептер

Есеп №1. Науқас 10 жаста, дәрігерге қаралды, шағымдары: екі тізе буындары ауырады,ісіну және қимылының шектелінуі. Анамнезі бойынша, 2-і апта бұрын қыз катаральды ангинамен ауырған, участкалық дәрігерде емделген, күн тәртібін сақтаған жоқ,мектепке барып тұрды. Алғашында оң тізе буыны ісіді, содан бірнеше күнен кейін осы буының ісігі ғайып болды және сол тізе буының ісігі мен ауырсыну байқалды. Объективті: сол тізе буын ісіңкі,қызарған,қимылыдағанда ауырады, буын ыстығының жоғарлауы.Оң тізе буын кәдімгі өзінің формасында, ұстағанда жылы,жүрек тондары төмен, жүрек сыртынан систоликалық шум естіледі,ең қатты естілетін жері жүрек ұшы,сол қолтық астынан да естіледі. Өкпеде патология жоқ, іш жұмсақ.

Сұрақ: Сіздің болжам диагнозыңыз?



Есеп №2. Науқас 10 жаста, дәрігерге қаралды, шағымдары: екі тізе буындары ауырады,ісіну және қимылының шектелінуі. Анамнезі бойынша, 2-і апта бұрын қыз катаральды ангинамен ауырған, участкалық дәрігерде емделген, күн тәртібін сақтаған жоқ,мектепке барып тұрды. Алғашында оң тізе буыны ісіді, содан бірнеше күнен кейін осы буының ісігі ғайып болды және сол тізе буының ісігі мен ауырсыну байқалды. Объективті: сол тізе буын ісіңкі,қызарған,қимылыдағанда ауырады, буын ыстығының жоғарлауы.Оң тізе буын кәдімгі өзінің формасында, ұстағанда жылы,жүрек тондары төмен, жүрек сыртынан систоликалық шум естіледі,ең қатты естілетін жері жүрек ұшы,сол қолтық астынан да естіледі. Өкпеде патология жоқ, іш жұмсақ..

Сұрақ: Сіздің тактикаңыз?

1. Ауруханада емдеу.

2. Стрептококктық инфекцияға зертеу.

3. Бруцеллезге зертеу.

4. Тізе буындарының R-граммасы .

5. ЖАС, ЖАЗ, ЭКГ, УДЗ.
Есеп №3. Науқас 10 жаста, дәрігерге қаралды, шағымдары: екі тізе буындары ауырады,ісіну және қимылының шектелінуі. Анамнезі бойынша, 2-і апта бұрын қыз катаральды ангинамен ауырған, участкалық дәрігерде емделген, күн тәртібін сақтаған жоқ,мектепке барып тұрды. Алғашында оң тізе буыны ісіді, содан бірнеше күнен кейін осы буының ісігі ғайып болды және сол тізе буының ісігі мен ауырсыну байқалды. Объективті: сол тізе буын ісіңкі,қызарған,қимылыдағанда ауырады, буын ыстығының жоғарлауы.Оң тізе буын кәдімгі өзінің формасында, ұстағанда жылы,жүрек тондары төмен, жүрек сыртынан систоликалық шум естіледі,ең қатты естілетін жері жүрек ұшы,сол қолтық астынан да естіледі. Өкпеде патология жоқ, іш жұмсақ.

Сұрақ: Ауруханада емделуінің қажетілігін түсіндіріңіз.


Есеп №4. Таня 9 жаста, алғашқы шағымы: бет аузы жыбырлап, көзін еріксіз қысып, қобалжығанда үдеп кетеді. Қыздың сөзі анық емес, жазуы бұзылды, өзін игере алмайды, тамақты өзіне төгіп алады, бозарыңқы, басы аурады, көңіл күйі тұрақсыз, жылауық. Анамнезінде жиі суықтап ауырады, 2і ай бұрын созылмалы тонзилитің ауыр түрімен ауырған. 1-1,5 ай бойы шағымдануда.

Тексерген кезінде: қыздың дене тұлғасы дұрыс, тәбеті қанағатанарлық, терісі таза. Көмекей бездері ісіңкі, қызарған, жақ асты лимфотүйіні үлкейген фасолге дейін, көп, жылжымалы.

Көзінің асты көгерген. Соr-тондары төмендеген, жұмсақ систоликалық шудың ең қатты естілетін жері -жүкектің ұшы және Боткина- Эрба нүктесі. ЭКГда PQ- 0,24.

Неврологиялық статус: бетің мимикалық бұлшық еттінің және тілдің дистальды бөлігінің гиперкинезі. Жоғарғы бөліг бұлшық еттерінің гипотонусы. Координациялық қимылдар анық орындалмайды. Ромберга позасы беріксіз. Артикуляцияның бұзылуынан сөзі анық емес. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр мен талақ ұлғаймаған. Лабораторлық зертеулер: ЖҚС, ЖЗС-да патология жоқ.

Сұрақ: 1. Сіздің диагнозыңыз?

2.Диагнозды нақтылау үшін қандай зертеулер қажет?



1. Тақырыбы: : Туа пайда болған жүрек ақаулары.

2. Оқу сағат саны-7,2 сағат.

3. Тақырып өзектілігі.

Туа пайда болған жүрек ақаулары /ТПБЖА/ - 1 жасқа дейінгі балалар өміріндегі өлімнің негізгі себебі болып табылатын жүрек өантамыр ауруларының арасындағы жиі таралған паталогия. Даму ақауларынығ ішінде ТПБЖА 30% ін құрайды. Туа пайда жүрек аномалияларын тек хирургиялық жолмен емдеу мүмкін. Кардиохирургтардың жетістіктеріне сүйене отырып, қазір бұрын операция жасалмаған ТПБЖА ға күрделі реконструктивті операциялар мүмкін болды. ТПБЖА бар балаларға көмек ұйымдастырудың ең негізгі міндеті дер кезінде диагностикалау және хирургиялық клиникада мамандандырылған көмек көрсету болып табылады.



4. Сабақтың мақсаты:

Дәрігер -интерн білуге тиіс:

  • Қалыпты және патологиялық жағдайдағы қан айналым жүйесі мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясын;

  • Туа пайда болған жүрек ақауларының этиологиясы, патогенезі, негізгі синдромдары мен симптомдары, асқынуларын;

  • ЭКГ, ФКГ, ЭхоКГ, жүректі рентгенологиялық зерттеуге, ангиографияға, АҚ тәуліктік монитерлеуге көрсеткішін;

  • Туа пайда болған жүрек ақаулары емінде қолданылатын негізгі дәрілік заттардың көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерін;

  • Туа пайда болған жүрек ақаулары бар науқастарды диагностикалау мен емдеу хаттамасын;

  • Туа пайда болған жүрек ақауларды болжауды.

- Дәрігер -интерн істей алуға тиіс:

  • Әртүрлік жастағы балалардың артериялық қысымын есептеуді;

  • Электрокардиографиялық зерттеуді;

  • Функциональды күштеме сынамасын;

  • Ортостатикалық сынамасын;

  • Биохимиялық қан анализінің көрсеткішін бағалауды (СРБ, белоктық фракциялар, КФК, ЛДГ);

  • ЭКГ, ФКГ, ЭхоКГ-ні бағалауды;

  • тамырлардың УДЗг-н бағалауды;

  • Көкірек клеткасының рентгенографиясын бағалауды;

  • Ангиографияны бағалауды;

  • Туа пайда болған жүрек ақауларын диагностикалау және емдеуді.

5.Сабаққа дайындалу сұрақтары:

- негізгі білім бойынша:

1. Балалардағы жүрек- қан тамыр органдарының анатомо- физиологиялық ерекшеліктері.

2. Ұрықтың жүрек -қан тамыр жүйесінің эмбриогенезі.

- осы сабақ тақырыбы бойынша:

1. Анықтамасы.

2. Негізгі себептері.

3. Жіктелуі.

4. Кіші қан айналым шеңберінің толуымен және кіші қан айналым шеңберінің азаюымен жүретін жүректің туа пайда болған ақаулары.

5. Клинико-диагностикалық критериилрі.

6. Хирургиялық емге көрсеткіштер.

7. Болжамы.


6.Ақпараттық – дидактикалық блок

ТПБЖА диагностикалау алгоритмі ТПБЖА алғашқы диагностикалау инвазивті емес зерттеу әдістерінің мәліметтеріне негізделеді. Оларға мыналар жатады:



  • Баланың ата аналарының мақсатты бағытталған анамнезі /жиі суық шалған аурулар, дене қызуының көтерілуі, синкопальды жағдайлардың болуы, дірілдеу синдромы, аритмиялары, ТПБЖА қашан алғашқы рет күдіктелген/.

  • Баланы қаару /цианоздың болуы, перифериялық және генерализацияланған, кеуде клеткасының деформациясы, физикалық дамудың жасына сай келуі/.

  • Пальпация /жүрек ұшының ығысуы, патологиялық дірілдеулер, бауыр мен көк бауырдың өлшемдері/.

  • Перкуссия – жүрек шекаралары.

  • Аускультатция – ең ақпаратты зерттеу әдісі /П тон күшін бағалау, оның қосарлануы, әлсіреуі, күшеюі маңызды диагностикалық симптом, кіші қан айналым шеңберінің гемодинамикасын анықтау.

  • Жүрек шуының интенсивтілігі және аускультатцияда ең жақсы естілетін орны, шудың таралу зонасы.

  • ЭКГ қарыншалар мен жүрекшелер гипертрофиясын анықтайды.

  • Холтерлік тәуліктік мониторлау жасырын ритмі және өткізгіштік бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

  • ФКГ аускультатциялық мәліметтерді анығырақ дәлелдеу.

  • R- графия кіші қан айналым шеңберінің жағдайы, артериялды және венозды іркілістің болуы, өкпе қантамырларының толуының төмендеуі, жүрек және оның бөлек камераларының өлшемдері.

  • ЭКГ, ФКГ және Р графия мәліметтері көптеген қарапайым ақауларды анықтауға және күрделі ТПБЖА ның бар екенін болжайды.

  • ЭХОКГ диагностикалаудың ақпараты әдістерінің бірі. Перде деффектілерінің, зақымдалуларын, жүрек камераларының өлшемдері және орналасуын, магистральды қантамырларды, миокардиттің жиырылғыш қабілетін анатомиялық дәл диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Қарынша аралық перде дефектісі, жүрекше аралық перде дефектісі, ашық артериальдық ағын, аорта коарктациясы кездерінде операцияны жүрек катетеризациясын жүргізбей ақ жасауға болады.

Катетеризация және ангиографияны күрделі ТПБЖА да және кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясында жасайды. Бұлар ТПБЖА ның дәл анатомиялық және гемодинамикалық диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Катеризация арнайы кардихирургиялық клиника жағдайда мүмкін болады. Катетеризация кезінде жүрек артимияларының механизімін дәлелдеу үшін, синусты және а-в түйін функциясын бағалау үшін электрофизиологиялық зерттеулер жүргізу және эндоваскулярлы операциялар: өкпе артериясы және аорта стеноздары кезіндегі балонды ангиопластика, кішкене ашық артериальдық ағын эмболизациясы, қарапайым магистральды қантамырлар трнспозициясы /МҚТ/ кезінде балонды атриосептотемия және перифериялық стеноздар кезінде өкпе қантамырларын стентирлеулер жүргізіледі.

Жіктелуі.

Практикалаушы дәрігерлерге Бакулеев А.Н. атындағы хирургия институтында өңделген, ақау мен гемодинамикалық бұзылыстардың анатомиялық ерекшеліктерін ескергенжіктелуді қолдану өте ыңғайлы.


              1. ТПБЖА сұр түрі артериовениозды шунтымен /қарынша аралық перде дефектісі/ҚАПД/, жүрекше аралық перде дефектісі /ЖАПД/, ашық артериальдық ағын /ААА/.

              2. ТПБЖА көк түрі веноартериялды шунтымен МҚТ, Фалло тетрадасы, Фалло триадасы.

              3. ТПБЖА құйылусыз, бірақ қан ағу жолында кедергі бар /өкпе артериясы стенозы/ӨАС/, аорта стенозы /АС/ , аорта коарктациясы /АК/.

ТПЖА кезіндегі динамика бұзылысы.



  • егер өкпеде қан айналу жоғары болса, кіші қан айналу шеңберінде гипертензия дамиды /сұр түрлері ақаулар/.

  • Егер өкпеде кедей қан айналу болса, науқастарда гипоксия дамиды /көк түрлі ақаулар/.

  • Бір жасқа дейінгі балалардың кіші қан айналым шеңберінің гипертензия бар 50% інде хирургиялық көмексіз жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болады. Бейімделу кезеңнен өткеннен кейін ақауға өкпе қантамырларындағы скелерозды процесстер қосылады.

1А тобы кардиолог бақылау тобын қажет етеді.

1Б-П операция туралы сұрақ қойылады.

ША- радикальды корекциялау мүмкін.

ШБ-IV емдеу көрсетілгеннен операциялық араласу қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін қантамырішілік УДЗ немесе қантамырлардағы морфологиялық өзгерістерді зерттеу мақсатында өкпе биопсиясын орындау қажет. Цианозды ақаулар кезінде операция ерте жастарда көрсетілген.


Емдеу тактикасы.

Емдеу ақаудың ағымын, консервативті ем эффективтілігін, хирургиялық араласу мүмкіндігі ме қаупін есепке ала отырып жасалады.

Диагноз қойылғаннан кейін мыныларды шешу керек:


  1. Науқасты қалай емдеу керек /дәрі дәрмекпен немесе хирургиялық жолмен/

  2. Ота жасау мерзімдерін анықтау.

Бұл сұрақтарға жауап беруге /1984ж/ жіктелуі көмектеседі.

0-1 топ -ТПБЖА бар науқастар гемодинамикада аз ғана бұзылыстар бар, операцияны қажет етпейді.

1-топ жағдайлары операцияны жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік беретін науқастар /бір жылдан соң немесе одан көп/.

II топ жақын 3-6 айда операция көрсетілген науқастар.

III топ ақаудың ауыр көріністері бар, бірнеше апта ішінде операция жасалу керек науқастар.

IV топ шұғыл операцияны қажет ететін науқастар.

Консервативті ем.
Диспансерлік есеп.


  • баланың дамуын бақылау;

  • декомпенсация белгілері;

  • ауырлататын факторлар/анемия, полигиповитаминоз, рахит, қосымша аурулар/;

  • декомпенсация кезінде жүрек гликозидтері зәр айдайтын препараттар;

  • кардиотрофты препараттар;

  • гипотрофия, анемия, рахитпен күрес;

  • жеке өкпе артериясының стенозы бар және күрделі ТПБЖА құрамына ӨАС кіретін /ФТ, Фалло триадасы/ ақауларға балаларға жүрек гликозидтері мен зәр айдайтын препараттар қарсы көрсеткіш болып табылады.


7. Сабақтың мазмұны:

- Өз бетімен атқаратын жұмыс (аурулармен атқаратын жұмыс, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, анамнез жинау, клиникалық тексеру және т.б., диагностика кабинетіндегі жұмыс және т.б.)

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс ( жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және т.б.).

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.).


Тестілер

1. ТПБЖА мен туылған балалардың негізгі себептері:

А) хромосомды бұзылыстар

Б) сыртқы фактордың әсері /ата аналарының алкоголизмі/ жүктілік

кезіндегі вирусты аурулар, дәрілердің тератогенді әсері.

В) 1 ген мутациясы

Г) полигенді – мултифакторлы тұқым қуалау
2. ТПБЖА жіктелуінде келесі топтар кірмейді:

А) ТПБЖА кіші қан айналым шеңберінің жоғары қан ағысымен

Б) ТПБЖА кіші қан айналым шеңберінің кіші қан ағысымен

В) ТПБЖА өкпенің қалыпты қанмен қамтамасыз етілуі

Г) ТПБЖА үлкен қан айналым шеңберінің бұзылысымен
3.Өкпе бағанындағы қалыпты систолалық қысымның систолалық артериалдық қысымға қатынас көрсеткіштерін атаңыз:

А) 30-ға дейін

Б) 30-дан көп

В) 70-ке дейін

Г) 70-тен кқп

Д) 100
4. Қарыншааралық перде дефектісімен ТПБЖА-ны келесі клиникалық белгілер тән емес:

А) сол қарынша гипертрофиясы

Б) кіші қан айналым гипертензиясы

В) төстегі систолалық шу лента тәрізді таралуымен

Г) АҚ жоғарылауы


5. Аорта коарктациясына келесі клиникалық белгілер тән емес:

А) сол қарынша гипертрофиясы

Б) қолдарда АҚ жоғарылауы

В) аяқтарда АҚ жоғарылауы

Г) арқада аорта жолы бойында естілетін ситолалық шу

Д) кіші қанайнлымының гипертензиясы


6. Аорта коарктациясына келесі клиникалық белгілер тән емес:

А) сол қарынша ұлғаюы

Б) эпицентрі болып табылатын систоло диагностикалық шу

В) кіші қан айналым гипертензиясы

Г) үлкен бір реттік көлем /ударный объем/

Д) аяқтарда қысымның болмауы


7.Фалло тетрадасына келесі клиникалық белгілер тән емес:

А) кеш цианоз

Б) оң қарынша гипертрофиясы

В) өкпе суретінің кедейленуі, кеуде клеткасының R- граммасында кедей

тар түбірлер

Г) ентігу цианозды ұстамалар

Д) кіші қан айналым гипертензиясы белгілері
8.Жүрекше аралық перде дефектісіне келесі клиникалық белгілер тән емес:

А) П тон күшеюі

Б) өкпе артериясында ситолалық шу

В) оң қарынша гипертрофиясы

Г) кіші қан айналым гипертензиясы

Д) сол регургитация шуы


9.ТПБЖА диагностикасына төмендегілер тән, мынадан басқа

А) ритм бұзылуы

Б) гиперэластоз, гипермобильділік

В) өткізгіштік жүйесінің аномалиясы /қарыншалардың уақытынан ерте

реполяризациясы синдромы, қарыншалардың уақытынан ерте қозуы

синдромы, Р, Романо-Уорта синдромы/

Г) УДЗ зерттеудегі өзгерістер /аномальды орналасқан хорда, митральды

клапн пролапсы, трикуспидальды клапан прольапсы, перделер

диспанзиясы/

Д) үдеуге бейім жоғары дәрежелі АВ блокадасы


10. ТПБЖА ның жиі кездесетін ЭКГ белгілері не тән емес:

А) III, АУҒ, VI, V2 тіркемелерде /отведение/ биік QRS комплексі

Б) Р »пульмонеле»

В) Р »митрале»

Г) Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасы

Д) I, AV2 және V5 V6 тіркешелерде /отведение/ биік QRS комплексі


Ситуациялық есептер

Есеп № 1. Лиза 3 айлық, стационарға ауыруының 2 күні түсті. Түскен кездегі шағымдары: дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтандыру кезіндегі қиындықтар. Анамнезінен: бала шала туылған, туылғандағы салмағы 2300гр бірден айқайлаған, жүктілік триместірінде гестозбен өткен, анасында анемиясы бар.

Қараған кезде бала боз, катаральды бұзылыстар, мұрыныан серозды сұйықтықтар ағады, жеңіл пероральлды цианоз, мазасызданғанда және емгенде ентігеді, терісі таза, тургоры әлсіреген, салмағы 3000гр тері асты май қабаты дамымаған, әсіресе ішінде және аяқтарында. Кеуде клеткасы қалыпты пішінде. Сырылдар жоқ. Сол жүрек ұшы анықталады. П қабырға аралығында діріл бар, осы жерде систоло диастолалық шу естіледі. П тон күшейген. Іші жұмсақ ауырсынусыз, бауыры 3см, көк бауыры ұлғаймаған. Тесерулер: ЖҚА гемоглобин 100г/л, қалғандары өзгеріссіз, зәрі қалыпта. Р графияда өкпеде түбір суреті күшейген, түбірлері жалпақ, қантамырлар есебінен. Жүректің сол контурында IV доға үлкейген. ЭКГ да Р тісшелер V5-V6 да ұлғайған, V4ке қарағанда үлкен.

Сұрақ: 1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Қандай зерттеу әдістері топикалық диагнозды шешеді?

3. Емдеу тактикасы?
Есеп №2. Бала 12 жаста мектептегі профилактикалық қарауда анықталған. Шағымдары: жоғары шаршағыштық, дене шынықтыру кезіндегі физикалық жүректерді нашар қабылдайды. Жиі суық шалу аурулары, жедел респираторлы аурулар, тұмау, бронхиттер. Физикалық жүктерден кейін қатты жүрек соғу ұстамасы болады, ұзақ уақыт ентігу сақталады, басы айналады. Қараған кезде: физикалық дамуы жасына сай келеді, дене құрылысы грацильді, кеуде қуысы тар, дәнекер ұлпасы дисплазиясы симптомдары, гиперэластоз, гипермобильділік. Бозғылт түсте, жеңіл пероральды цианоз. Кеуде клеткасында сол жақта жеңіл томпаю бар. Пальпацияда оң қарыншалық пульсация байқалады, жүрек ұшы әлсіреген, жүрек үндері айқын, П тон күшейген, қосарланған, қысқа, дөрекі емес ситолалық шу, жүрек беткейіне және жауырын аралық кеңістікте арқаға таралады. Пульс минутына 100 рет, АҚ 100/70 мм.с.б. Өкпеде сырылдар жоқ, тыныс қатқыл, тыныс жиілігі минутына 28 рет. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі ретті.

Сұрақ: 1. сіздің алдын ала диагнозыңыз?

2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қажет?

3. Жүрекше аралық перде деффектісіне не дәлелдейді?


Есеп№3. Бала 5 жаста ревматологқа анық емес жүрек шулары себебінен қабылдауға келген. Анасы әр кезде мұрнынан қан ағу, бас ауыруы, аяқтағы ауырсынуларды байқаған. Қараған кезде баланың дене құрылымы дұрыс, кеуде клеткасы жақсы дамыған, иық белдеуі, терісі таза. Жүрек аймағында діріл бар, жүрек ұшы шамалы күшейген, жоғары көтерілген. Жүрек үндері анық, қысқа, жүрек беткейі үстінде систолалық шу, пульс жоғары, АҚ – 130/70 мм.с.б. Өкпеде сырылдар жоұ, іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры ұлғаймаған. Зерттеу кезінде: ЭКГ да левограмма, сол қарынша гипертрофиясы. R граммада жүрек домалақ, сол қарынша гипертрофиясы, қабырғаларда, узуралармен гипертензия белгілері. ЭКГ да жүрек патологиясы анықталмаған.

Сұрақ: 1. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз?

2. Сіздің диагнозыңызды қандай мәліметтер дәлелдейді?

1.Тақырыбы: Жүрек қақпақшаларының аномалды дамуы.

2.Оқу сағат саны- 7,2 сағат.

3.Тақырып өзектілігі.

Митралды қақпақшаның пролапсы (МҚП) жүректің диспластикалық өзерістерінің жиі кездесушісі, 2-16% балалар мен жасөспірімдерде табылады, көбіне 7 жастан жоғарыларда, ол басқа қақпақшалардың ақауымен қосарлануы мүмкін және басқа кішігірм жүрек анамалды дамуымен қосарлана береді (КЖАД).

МҚП біріншілік және екіншілік болып бөлінеді (Морфана, Элерса-Данлоса Черногубова синдромы, ТЖА, ревмакардитте, ревматикалық емес кардитте, кардиомиопатияда, ЖВД, эндокринді патологияда және т.б. жағдайлара.

Педиатр-дәрігер үшін бұл синдромның клиникасы мен диагностикасын білу шарт.



4. Сабақтың мақсаты:

Дәрігер -интерн білуге тиіс

  • Қалыпты және патологиялық жағдайдағы қан айналым жүйесі мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясын;

  • Жүрек қақпақшаларының аномалды дамуының этиологиясы, патогенезі, негізгі синдромдары мен симптомдары, асқынуларын;

  • ЭКГ, ФКГ, ЭхоКГ, жүректі рентгенологиялық зерттеуге, ангиографияға, АҚ тәуліктік монитерлеуге көрсеткішін;

  • Жүрек қақпақшаларының аномалды дамуында қолданылатын негізгі дәрілік заттардың көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерін;

  • Жүрек қақпақшаларының аномалды дамуы бар науқастарды диагностикалау мен емдеу хаттамасын;

  • Жүрек қақпақшаларының аномалды дамуыды болжауды.

Дәрігер -интерн істей алуға тиіс

  • Әртүрлік жастағы балалардың артериялық қысымын есептеуді;

  • Электрокардиографиялық зерттеуді;

  • Функциональды күштеме сынамасын;

  • Ортстатикалық сынамасын;

  • Биохимиялық қан анализінің көрсеткішін бағалауды (СРБ, белоктық фракциялар, КФК, ЛДГ);

  • ЭКГ, ФКГ, ЭХОКГ-ні бағалауды;

  • Жүрек қақпақшаларының аномалды дамуын диагностикалау мен емдеуі.

5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

- негізгі білім бойынша.

1.Балаларда жүрек қантамыр жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

- осы сабақ тақырыбы бойынша.

1. Митральды қақпақшаның пролапсы.

2. Сол жақ қарыншалық хорданың орналасу ақауы.

3. Клиникасы.

4. Диагностикасы.

5. Емханалық жағдайда бақылау


6. Ақпараттық-дидактикалық блок

МҚП- тұрғындарда 6% жиі кездеседі, бұл ақау көбінесе алдын- алу шаралары кезінде және УДЗ тексергенде табылады. МҚПның әртүрлі түрлері кездеседі( тума, жүре пайда болған, бірішшілік, екіншілік, әртүрлі дәреже түрде). Айшықтың терең иілуінің және регургитация дәрежесінің МҚП-ң 5-тобы болады. МҚП-ң көп проценті симптомсыз өтеді, МҚ-ның ауыр жетіспеушілігі және протездік оперативті емдеуді қажет етеді.

Этиология және патогенезі. Негізінде жүрек қақпақшасының иілуі қақпақша құрылысының дәнекер тінің дисплазиясы болып табылады. Бұл хорданы да, папиллярлық бұлшық еті, қақпа сақинасын, (ошақты) шектеулі немесе (қақпақшалардың) барлық қақпақшада дамуы мүмкін. Негізінде мезенхималды дисплазия тұқым қуалайтын синдромда кездеседі, негізінде генетикалық толық жетілмнеген дәнекер тінде болады (синдромдар Марфана, Элерса~Даилоса және т.б.). Гистологиялық миксоматозды дегенерациялық болып мінезделеді (жүйелі миксоматоз), дәнекер тінің құрылысының коллогенді талшығының санының төмендеуі және қышқыл мукоплисахаридтердің көп жиналуы.

Кклиникалық көрнісі. МҚПң клиникасының көрінісіне әсер ететін:

қақпақшаның иілу дәрежесі;

( генетитикалық синдромға байланысты) МҚПң фоны болып табылатын;

вегетативті дисфункция синдромының клиникалық көрнісінің және т.б.

клинические правления синдрома вегетативной дисфункции и т.д.

ЭКГң бұзылу мінездемесі;

-асқынулары

Ж І К Т Е Л У І

I. Себептің әсерінен пайда болуы;

1. Идиопатикалық (біріншілік):

А. дәнекер тінің анамалды диспластикалық фонында (буындардың гипермобильдігі, май табан, скалиозы, тік арқасының бұзылуы, нефроптоз, варикозды ісіну және т.б.).

Б. қақпақшаның құрлысының анамалды және архитектоникалық өзгерісі (қосымша хорда, папилярлы бұлшық ет).

В. ТЖА кезінде болатын (вагоническалық немесе симпатотоникалық тип).

2. Екіншілік:

А. Жүйелі мукополисахаридоза кезінде қақпақшаның миксоматозды дегенерациясымен байланысты (синдромдар Марфана, Элерса-Данлоса және т.б.).

Б. ТЖАкезінде

В. Дәнекер тіннің жүйелі аурулары кезінде (ЖҚН, ревмокардит,ЮРА және т.б.).

Г. Ревматикалық емес кардитте, миокардиопатияда.
II. Аускультативті көрініс кезінде:

1. Аускультативті түрі:

А. тыныш жатқанда ошақты систоликалық щелчек, минималды регургитация- УДЗ жүректе;

Б. Щелчек кеш систоликалық шумен қосарланады;

В. Кеш систоликалық шум.

2. "Немая" түрі (МҚП жүректің УДЗ кезінде ғана айқындалады)


III. Клиникалық көрнісі:

1. НЦД ң клиникасыз (кардиалдық түрі):

2. НЦДң клиникасымен (кардиалдық түрі)

А. “Вагусоне жүрегі”

Б. Симпатикотония (тахикардия, P-Qң интервалының қысқару синдромы және т.б.);

В. синкопальды күйі;

Г. гипервентиляционды синдромен;

1У. УДЗ жүректің көрнісімен:

1. Иілінуінің тыныш жатқанда регургитациясының болмауы:

А. Қобалжу кезінде - жүректің УДЗ - регургитациясының болмауы (функционалдық бұзылысының болмау сыныбы)

Б. Қобалжу кезінде - жүректің УДЗ - регургитациясының болуы (функционалдық бұзылысының болу сыныбы)

2. Тыныш жатқанда иілуінің -регургитациясымен:

А.Ошақта МҚП

Б. МҚП бірге және басқа қақапақшаларының иілуімен (ҮҚП,ҚҚП):

В. МҚП бірге миокардтың жиырылу қызметінің бұзылуы

3. Иілуінің дәрежесі: 1-і дәрежесі (4-6 мм); 2-і дәрежесі (7-9мм); 3-і дәрежесі (9 мм жоғары)

V. ЭКГбелгілерімен бірге:

1. ЭКГ синдромдарымен (синдром - P-Q интервалының қысқаруы, ҚЕРС, , синдром Q-T интервалының ұзаруы)

2. миокардиодистрофииның болуы (1, 2, 3 -і жәрежесі)
Yl. Дамуының белгілері:

1.Дамуы:


А. 1-2 жылдан кейін регургитацияның пайда болуы

Б. 1-2 жылдан кейін регургитацияның көлемі ұлғаюы

2. Динамикасыз.

3. МҚП пайда болуының азаюы

YII. Асқынуының белгілерің:

Бактериальды эндокардит

ритмнің жүргізуі мен бұзылысы:

"жедел митральді регургитация"

Жүрек жетіспеушілігі

Асқынусыз.

VIII. Соңы:

1. Жағымды

2. Жағымсыз
Емі. Баралар 1-і дәрежелі МҚП және УДЗде қобалжу кезінде регургитация болғанда ревматологтың бақылауында болу керек. Ауыр (статикалық және динамикалық) спортық түрмен айналысуға болмайды, яғни дене шынықтыруымен айналысуға болады. Балалар МҚП-ң ІІ және ІІІ дәрежесімен ревматологта диспансерлі бақылауда болады.

Медикаментозды ем:

МҚП-ң II және III дәрежесімен жылына 2-3 рет емдік курс миокардитте метоболизімнің жақсартуын жүргізетін препаратар (витаминдер А, Е, Д, С, В, эссенциале, рибоксин, фолиевті қышқылы және т.б.). Q-T интервалының ұзаруы кезінде емдік курсы обдизанмен индивидуальды алынған дозада(0,5-1,5 мг/кг тәулікте, 4 рет қабылдауында) 2-4 ай бойы жәйлап алып тастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет