Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 4.84 Mb.
бет7/25
Дата09.06.2016
өлшемі4.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

АСҚАЗАНДЫ ЖУУ


Интернге тапсырма: тренажерде асқазанды жуу әдісін көрсетіңіз, емтихан қабылдаушыға әрбір кезеңін айтып түсіндіріңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Тренажер, воронка жалғанған асқазан зонды, асқазанды жуу үшін керекті көлемде су, клеенкалы алжапқыш, қолғап, асқазаннан шыққан суды жинауға арналған стерильді түтүкше мен бөтелке, белсендірілген көмір (активированный уголь), шара, сүлгі, салфеткелер, маркер.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Науқаспен сенімді қатынас құру, емдік шараның жолын түсіндіру. Емдік шараға қарсы көрсеткіштер жоқ екеніне көз жеткізу

1,0

0,5

0

2.

Науқасты дұрыс қалыпқа келтіру:

-есі жоқ жағдайда – сол бүйірімен жатқызу;



-есі бар жағдайда – басын және денесін аздап алға еңкейтіп отырғызу

1,0

0,5

0

3.

Науқасқа клеенкалы алжапқыш кигізу. Алжапқыштың етегін шараға түсіру. Қолғап кию. Енгізу үшін зонд ұзындығын өлшеу – мұрын ұшынан төстің семсер тәрізді өсіндісіне дейін + 10 см. Зондқа белгі қою.

1,0

0,5

0

4.

Дәрігер науқастың сол және артқы жағына орналасады, зондты оң қолымен алады. Зондтың ұшын глицеринге батырып, мұрын немесе ауыз арқылы белгіге дейін енгізеді.

1,0

0,5

0

5.

Воронканы төмен қаратып, зерттеуге пробирка немесе бөтелкеге асқазаннан шыққан суды жинау, қалған құрамын шараға төгу

1,0

0,5

0

6.

Асқазан деңгейінде орналасқан воронкаға 200 мл көлемде су құйып және жоғары көтеру. Су воронканың тар жерінде жоқ болмау керек. Сосын воронканы қайттан төмен түсіріп асқазаннан шыққан судын шараға ағып кетуін қадағалау

1,0

0,5

0

7.

Асқазаннан шыққан су таза болғанша 8 пункті бір неше рет қайталау. Жуу үшін су көлемі бала жасына 1 литр су есептеледі.

1,0

0,5

0

8.

Соңғы асқазаннан шыққан суды зерттеу үшін пробиркаға немесе бөтелкеге жинау. Жасына сай мөлшерде зондқа карболен енгізу және зондты ақырын алу.

1,0

0,5

0

9.

Науқасқа ауызын шайқау үшін су беру, ауыз құысын салфеткамен сүрту

1,0

0,5

0

10

Дезинфицирленген ерітіндімен медициналық құралдары мен күту заттарын өңдеу

1,0

0,5

0




Максимальді балл

10,0

5,0

0

9 кезең

НӘРЕСТЕЛЕРДІ ЗОНДПЕН ТАМАҚТАНДЫРУ
Интернге тапсырма: тренажерде нәрестелерді зондпен тамақтандыру әдісін көрсетіңіз, емтихан қабылдаушыға әрбір кезеңін айтып түсіндіріңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: тренажер, асқазандық зонд, глицерин, салфеткалер, емшек сүті, фонендоскоп, қолғап, лейкопластырь, 20 мл шприц.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Қолды ұқыптылықпен жуып, кептіріп қолғапты кию

1,0

0,5

0

2.

Ендіру үшін зондттың ұзындығын өлшеу – мұрын үстінен шемшерлі төс сүйегінен шемшер өсіндісіне дейін. Зондқа белгі салу.

1,0

0,5

0

3.

Шприцке қажетті сүтті алу.

1,0

0,5

0

4.

Пациентті дұрыс жағдайда ұстау – бүйірімен жатқызу.

1,0

0,5

0

5.

Зондтың ұшын алдын – ала глицеринге батырып оң қолымен алу.

1,0

0,5

0

6.

Зондты жайлап мұрын немесе ауыз арқылы белгіге дейін енгізу.

1,0

0,5

0

7.

Зондтың асқазанға дұрыс барғанын көз жеткізу. (жөтелудің, аускультация кезінде өкпеде сырылдардың болмауы)

1,0

0,5

0

8.

Зондқа ішінде сүті бар шприцті жалғап, сүтті жайлап жіберу.

1,0

0,5

0

9.

Шприцті зондтан ажыратып, зондты тығынмен бітеу.

1,0

0,5

0

10.

Зондты лейкопластырмен баланың бетіне бекіту.

1,0

0,5

0




Максимальді балл

10,0

5,0

0

10 кезең



НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ КІНДІК ТАМЫРЫН КАТЕТІРЛЕУ

Интернге тапсырма: тренажерға нәрестелердің кіндік тамырын катетірлеуді көрсету, экзаменаторға әрбір этапты дәлелдеу.

Экзаменаторға информация: интернді төменде көрсетілген қадамдар бойынша бағаланыз.

Қажетті құралдар: тренажер, стерильді жаялық, өлшейтін лента, ине ұстағыш, қайшы гемостатикалық қысқыш, пинцет және доғал ине, үш жақты жапқыш (трехходовой запорный) кран, кіндіктік артериалды катетір (массасы 1,2 кг-нан аз нәрестелер үшін 3,5F, массасы 1,2 кг-нан көп нәрестелер үшін 5F), кіндіктік лигатура, жібек лента, дәкелі салфеткалар, антисептикалық ерітінді, қолғап, 10-грамдық шприц, физиологиялық натрий хлорид ерітіндісі, 22-ші калибрлі ине.




Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау







Барлығын дұрыс орындады

Ескертулер-мен орындады

Барлығын дұрыс орындады

1.

Баланы арқасымен жатқызып, жаялықпен қозғалмау үшін, аяғымен қосып орау. Антисептикалық ерітіндімен кіндік айналасын өңдеу. Халатты, қолғапты кию.

1,0

0,5

0

2.

Тамырға құюға системаны дайындау, жабушы кранды доғал инеге жалғастырып оларды катетірге бекіту. 10 грамдық шприцке физиологиялық ерітіндіні алып, катетірді жуу.

1,0

0,5

0

3.

Операциялық аймақты тек қана кіндік сақинасын ашық қалдырып, стерильді жаялықпен жабу. Кіндік негізін жібек лентаның кесіндісімен байлау.

1,0

0,5

0

4.

0,5-1см кіндікті қалдырып (культ), скальпелмен немесе қайшымен кіндіктің артық бөлігін кесу. Кіндік венаны табу.

1,0

0,5

0

5.

Гемостатикалық қысқышты алып, кіндік қалдығын қатаң вертикалды ұстайды.

1,0

0,5

0

6.

Пинцеттің көмегімен кіндік венасын тексеру. (разбужировать).

1,0

0,5

0

7.

Төстің семсерлі өсіндісімен кіндік аралығын өлшеу. Алынған өлшемге 0,5-1см-ді қосқанда результат, кіндіктік катетірді қанша тереңдікке кіргізу керек екендігін көрсетеді.

1,0

0,5

0

8.

Осыдан кейін, вена толығымен кеңігенде барып катетірді кіргізеді.

1,0

0,5

0

9.

Катетірді құятын системамен қосу. Катетірді жібек лента кесіндісімен орап, оны кіндік қалдығының түбіне жібек жіпті тігістермен бекітеді.

1,0

0,5

0

10.

Катетірдің жағдайын көру үшін құрсаққа рентгенограмма жасайды. Катетір дұрыс болған жағдайда орталық веналық қысымды өлшеу үшін оның ұшы диафрагмадан 0,5-1см жоғары орналасу керек.

1,0

0,5

0




Максимальді балл

10,0

5,0

0

ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Аюпова С. X. Клиникалык педиатрия : педиатрия бойынша екі томдык нускау. -Алматы: БАУР, 2008

  2. Шиляев Р.Р. и соавт.- Болезни детей старшего возраста. Руководство для врачей. Москва. Медпресс-информ. 2002 г, 608 с

  3. Шабалов Н.П.- Детские болезни, 4-е издание переработанное и дополненное. Санкт-Петербург, 2007 г

  4. Тареева И.Е. - Нефрология. Руководство для врачей. Твердый переплет. 2000

  5. Джеймс А. Шейман - Патофизиология почки. 2001 г.

  6. Возианов А.Ф., Майданник В.Г., Видный В.Г. и др. - Основы нефрологии детского возраста. 2002 г.

  7. Мухин Н.А., Тареева И.Е., Шилов Е. М. - Диагностика и лечение болезней почек. «ГЗОТАР-Мед», 2002 г.

  8. Батюшкин М.М. - Нефрология. Основы диагностики. Под ред. Проф. Терентьева В.П., Ростов- на Дону, Феникс, 2003 г.

  9. Чиж А.С., Пилотович B.C., Колб В.Г. - Нефрология и урология. Учебное пособие. Твердый переплет. 2004 г.

  10. Гринштейн Ю.И. и др. – Нефрология. Мягкая обложка. 2006 г

  11. Мухин Н., Козловская Л., Шилов Е. и др. – Рациональная фармакотерапия в нефрологии._Твердый переплет. 2006 г.

  12. Сигел Н.- Детская нефрология. Практика. 2006 г. - 335 стр.

  13. Возианов А.Ф., Майданник В.Г., Видный В.Г. и др. - Основы гастроэнтерологии детского возраста. 2002 г.

  14. Сигел Н.- Детская гастроэнтерология. Практика. 2006 г. - 335 стр.

  15. Пособие па Интегрированному Ведению болезней Детского возраста (ИВБДВ) для преподавания в ВУЗах. ВОЗ, ЮНИСЕФ, 2000 г

  16. Модельная глава учебников ИВБДВ для преподавания в ВУЗах - интегрирование ведения болезней детского возраста. ВОЗ. ЮНИСЕФ. 2001 г

  17. Тареева И.Е. - Гематология. Руководство для врачей. Твердый переплет. 2000

  18. Возианов А.Ф., Майданник В.Г., Видный В.Г. и др. - Основы гематологии детского возраста. 2002 г.

  19. Батюшкин М.М. - Гематология. Основы диагностики. Под ред. Проф. Терентьева В.П., Ростов-на Дону, Феникс, 2003 г.

  20. Неонатология : учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений/ Н. Н. Володин [ и др.]. -М; Издательский центр " Академия ", 2005.

  21. Цыбулькин Э. К. Угрожающие состояния в педиатрии. Экстренная врачебная помощь : руководство. -М: ГЭОТАР - Медиа, 2007.

  22. Неотложные состояния у детей. Гастроэнтерология, пульмонология, эндокринология, нефрология : учеб. пособие/ под ред. В. Н. Тимошенко. -Ростов н/Д: Феникс; Красноярск: Издательские проекты, 2007


ДӘР1ГЕР-ИНТЕРН ПЕДИАТРЛАРДЫҢ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗЕТІН ТӘЖ1РИБЕЛ1К ДАҒДЫЛАР TI3IMI
«БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ»

  1. Наукас балалардан анамнез жинау және әртурлі патологияға алып келетін факторларды айкындау;

  2. Антропометриялық өлшеулерді жүргізе білу (бойының ұзындыгын, дене салмагын);

  3. Кеудесінің, басының шеңберін өлшеу;

  4. Tepi асты май қабатының даму дәрежесін бағалау;

  5. Сүйек жүйесінің дамуын бағалау;

  6. Антропометриялық индекстердің (Чулицкая, Эрисман) көмегімен баланың физикалық дамуын бағалау;

  7. Баланың, физикалық және жүйке-психикалық дамуын бағалау;

  8. Наукасты клиникалық зерттеуді (жалпы қарау, аускультация, пальпация, перкуссия, бронхофония);

  9. Балаларға тамактандыру есебін жүргізу;

  10. Медициналық құжаттарды дайындау;

  11. Рецепттерді жазу;

  12. Қатер тобындагы балалардың денсаулыгын жаксарту;

  13. Науқас баланы стационарда емделу кажетілігі мен оны үйінде емдеуге болатындығын анықтау;

  14. Науқас баланың жагдайының ауырлығын бағалау және оны емдеу тактикасын анықтау;

  15. Баланың жағдайының өзгеру мониторингісін;

  16. Ана сүтінің сапасын бағалау;

  17. Тамақтану статусын бағалау (баланың дене салмағын бойы мен жасына карай есептеу), салмак қосу мониторингісі;

  18. Әртурлі жастагы балалардың артериялық қан кысымын өлшеу;

  19. Люмбальді пункция жүргізу техникасы;

  20. Орталық күре тамырдан қан алу техникасы (коагулограмма, биохимиялық зерттеу).

  21. Дәрі-дәрмектер мен сұйыктыктарды парентеральді ендіру;

  22. Tepi астына, бұлшықет пен күре тамырға инъекциялау;

  23. Емдік ванналар, кыздыратын компресстер, жылыткыштар, кыша кағаздар;

  24. Функциональщ жүктемелі сынамаларды журпзу;

  25. Ортостатикальщ сынамаларды журпзу;

  26. Канныц жалпы талдауының нәтижесін бағалау;

  27. Зэр талдауының нәтижесін бағалау;

  28. Қанның биохимиялық талдауының нәтижесін бағалау;

  29. Қанның иммунологиялық талдауының нәтижесін бағалау;

  30. Коагулограмма нәтижесін бағалау;

  31. Копрограмма нәтижесін бағалау;

  32. ЭКГ нәтижесін бағалау;

  33. Iшкi ағзалардың рентгенологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау;

  34. Органдарды УДЗ нәтижелерін бағалау;

  35. Балалардың ЭКГ, ЭХО-КГ, ЭЭГ-ын талдау;

  36. Функционалдык және сандық буйректік сынамалар;

  37. Грегори, Мартин-Буер әдістермен оксигенотерапия жургізу;

  38. «Ауыздан ауызға» әдісімен өкпені жасанды желдету;

  39. Трахеяны интубациялау, аппаратты 0ЖЖ (ИВЛ);

  40. Сафар бойынша реанимациялық принциптері (ABC-реанимация жуйесі);

  41. Куықты катетеризациялау;

  42. Назогастральді зондтау.


«Балалар аурулары» пәні бойынша дәрігер-интерн-педиатрларға арналған тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы
Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы

1.Тақырыбы: Нәрестелердегі сепсис

2.Оқу сағат саны – 7,2 сағат..

3.Тақырып өзектілігі.

Нәрестелер сепсисі жүйелік зақымдануы мен қанда ауруды қоздырәышы анықталуымен сипатталатын клиникалық синдром. Нәрестелерде симптомсыз бактериялар да кездеседі. Сепсис кезінде өлім көрсеткіштерінің жоәары болуына қарай денсаулықсақтау ұйымы медициналық көмек көрсету мен сақтау күтімінде дәрігердің клиникалық дайындық деңгейін көтеруде жаңа міндеттер қоюда. Дәрігер-интерндер сепсис, токсикосептикалық жағдайларда медициналық көмекті, нәрестелер бөлімінде тазалықты, бактериологиялық бақылауды ұйымдастыра білуі керек.



4.Сабақтың мақсаты:

Дәрігер-интерн білуге тиіс:

  • Нәрестелер сепсисінің нозологиялық формасының нақты анықтамасын;

  • Септикалық генерализацияәа алып келетін факторлар мен себептерін;

  • Нәрестелерде токсико-септикалық жағдайдың басты клиникалық белгілерін;

  • Асептика мен антисептикалық негіздерін;

  • Сепсистің ауырлыәын анықтап, пайда болу себептерін;

  • Сепсистің алдын- алу шараларын, күтім ерекшеліктерін.

Дәрігер-интерн істей алуәа тиіс:

  • Сепсис кезінде баланың ауырлық дәрежесін бағалауды;

  • Нәрестелередегі жұқпалы пиемиялық ошақтарды өңдей білуді;

  • Сепсистің жайылған диагнозын қоя білуді;

  • Ірінді ошақтардан бакпосев алып, қанды залалсыздыққа тексеруді;

  • Зертханалық мәліметтерді бағалай білуді;

  • Сепсис бойынша рецепт жазуды;

  • Септикалық көрінстері бар нәрестелерге күтім көрсетуді.


5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.

- Негізгі білім бойынша:

  1. Нәрестелердің АФЕ-рі.

  2. Сепсис және токсико-септикалық жағдайларәа алып келетін факторлар.

  3. Асептика мен антисептика негіздері.


-Осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Сепсис туралы түсінік. Оны дамытатын этиологиялық және бейімдейтін факторлар.

  2. Сепсис патогенезі, жіктелуі.

  3. Сепсистің өтуіне және патологиялық процессіне қарай клиникалық суреті.

  4. Салыстырмалы диагноз.

  5. Емдеу, алдын-алу, диспансерлік бақылау.


6.Ақпараттық-дидактикалық блок.

Сепсис-иммуниттет төмендегенде қоздырәыштың жергілікті ошақтан өтуі нәтижесінде дамитын жалпы инфекциялық, полиэтиологиялық ауру.

Сепсис қоздырәыштары: әртүрлі микробтар, кокктар, ішек таяқшасы, көкіріңді таяқша, клебсиеллалар және т.б.бактериялардың шартты – патогенді штаммы.

Нәрестелер сепсисін 2 топқа бөледі:



  1. Ерте басталған сепсис.

  2. Кеш басталған сепсис.

Ерте және кеш басталған сепсистің сипаттамасы:

  1. Ерте басталған сепсистің басталу уақыты өмірінің 4-ші күнінде және одан да ерте болады, ал кеш басталған сепсистің басталу уақыты өмірінің 5-ші күнінде және одан да кеш басталады.

  2. Ерте басталған сепсистің микроорганизмдер ошағы анасының босану жолдары болып табылады, ал кеш басталған сепсистің микроорганизмдер ошағы анасының босану жолдары және постнатальды коршаған орта болып табылады.

  3. Ерте басталған сепсистің клиникалық ағымы өте жедел, көптеген ағзалар мен жүйелер зақымданады, көбінесе пнемвония жиі кездеседі.

  4. Кеш басталған сепсистің клиникалық ағымы жай басталып, біртіндеп өршиді, локальды ошақтар және менингит жиі кездеседі.

  5. Ерте басталған сепсистің шыәымы 15-50% кұрайды, ал кеш басталған сепсистің шыәымы 10-20% кұрайды.

Этиологиясы.

Неонатальды сепсис коздырушысы барлык патогенді және шартты-патогенді бактериялар болып табылады. Этиологиясының ерекшелігі коздырәыштар үнемі ауысып (алмасып) тұрады, бір бірін алмастырады, немесе, бірнеше бактериялар бірігіп вируленттік касиетін күшейтеді. 60-шы жылдардан бастап жиі кездесетін флора-стафилококк болып табылады.

Нәресте сепсисінің бейімдеуші факторлары:


  1. Жасына ( 2/3 жағдайда сепсис неонатальды кезеңде басталады).

  2. Шала туылған нәрсетелер.

  3. Босанудың патологиялық ағымы (үзақ сусыз болу), қолмен көмек көрсету, соның нәтижесінде асфиксия және босану жарақттары болуы мүмкін.

  4. Жүктіліктің патологиялық ағымы.

  5. Қурсақішілік инфекция.

  6. Тұқым куалайтын иммундық жетіспеушілік ауруы.

  7. Бактериальды инфекция, қайталанатын респираторлық вирустық инфекция.

  8. Стафилококк және басқа патогенді госпитальды штаммдар тудыратын анасының босанәаннан кейінгі аурулары.

  9. Табиәи барьерлердің бүтіндігін бұзатын, ұзаққа созылған манипуляциялар (көп кун өкпені жасанды желдету, инфузиялық терапия, кіндік тамыры және басқа тамырларәа катетер кою арқылы, жиі инъекциялар және т.б.). Куйік-көп көлемде, хирургиялық әрекеттер -бейімдеуші факторлар болып есептеледі.

Патогенезі.

Сепсиске соқтыратын инфекцияның қақпаса болып кіндік жарасы, шарышты қабықтар, ішек, кейде - өкпе, құлақ, несеп шыәару жолдары жатады. Кірген жері белгісіз болғанда, сепсисті - криптогенді деп атайды. Сепсисте қан- бактерия тасылмалдаушы әана емес, сонымен қатар көбейетін орны. Егер бактериемия 1 мл-де 100 000 колониясы болса, септикалық деп саналады. Бактерияның осы критикалық массасында ағза кедергілері зақымданады, макро және микрофагтар, фагоцитоздың дарәыштыәы күрт төмендейді. Айналыстағы иммунды жиындықтар (антиген, антидене және комплемент жиынтыәы) антигендердің организмнен тез шыәуына жағдай жасайды, ал иммунды жиындықтарды антиген антиденелерден артық болғанда - ағзалар зақымдалады.

Г.Н.Сперанский сепсис патогенезің келесі негізгі звеноларәа бөлді: кіретін кақпа, жергілікті қабыну ошағы, бактериемия, сенсибилизация және организмде иммунологиялық реактивтілігінің кайта кұрылуы, септицемия, септикопиемия. Микробтардың енуіне байланысты жергілікті ірінді –қабыну ошағы пайда болады. Микроорганизмнің жағдайына байланысты бұл ошақ шектеледі немесе өршіп кеңейеді. Осы ошақтан микробтар қанәа түседі. Бірқатар авторлардың пікірінше, сепсистің бастапқы кезеңі (инкубациялық) 3 куннен басталып бірнеше аптаға дейін созылады. Л.Г.Квасняның пікірінше сепсистің дамуында бірнеше кезеңдер бар:

І кезең – инфекцияның кіруі (енуі) – өмірінің 1-5 күнінде

ІІ кезең- аурудың жасырын кезеңі, бұл кезеңде организмнің корәаныс күші қарсы тұрады -5-12 куннен кейін.

Ш кезең басталады – бұл кезеңде аурудың белгілері айқын дамиды (пайда болады).

Сонымен (инкубациялық) бастапқы кезен 2-3 аптаға созылады, сондықтан перзентханадан шықаннан кейін дәл осы мерзімде нәрестелер ауруханаға қайта түседі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет