ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы



бет5/5
Дата14.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#135049
1   2   3   4   5

1 қадам – Зерттелуші адам периметрдің қақ алдына отырып, дәл ортасында орналасқан дөңгелек таңбаға көзін тоқтатады да, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең қойып, ақ түсті бақылау маркасын зерттелуші адам көргенше доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай жылжытады. Содан соң периметрдің доғасын тік қойып, көру аймағының үстіңгі және астыңғы шеттерін анықтайды. Дәл осылай түрлі түсті маркалармен анықтау керек.

2 қадам – Көру аймағының түссіз (ахроматикалық) шекарасы: сыртқысы - 100, ішкісі және жоғарғысы – 60 және төменгісі – 65 градус. Көру аймағының түсті (хроматикалық) шекарасы түссіз шекарадан төмен.


Форстер периметрі.

1 — градусқа бөлінген металлдық жарты шеңбер;

2 — визирді пластинка және иекті тірейтін тірегіші бар вертикальды стержень.
13

Дыбыстың сүйек пен ауа арқылы өту дәрежесін анықтау.

1 қадам – Құрал жабдықтар: камертон жиынтығы, мақта.

Дарылдап тұрған камертонның табанын бастың төбе бөлігіне тақап қояды. Бастапқы кезде қатты естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін бәсеңдейді, бара-бара мүлдем жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса, дыбыс қайтадан естіле бастайды. Егер 1 құлақтың тесігін тампонмен жауып, үндетіп тұрған камертонды қайтадан орнына қойса, жабылған құлаққа дыбыс қаттырақ естіледі.



2 қадам – Сүйектік өткізгіш ауалыққа қарағанда күштірек.

14



Тактильдік (терілік) сезімталдықтың аражігі табалдырығын анықтау (эстезиометрия).

1 қадам – Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізеді де, бұдан пайда болған екі түрлі сезімнің ең аз арақашықтығын анықтайды. Зерттелуші адамды столға көзін жауып отырғызады. Терінің белгілі бір аймағына эстезиометрдің екі ұшын бір нүктеге тигізеді. Егер бір ұшын жылжытсақ, белгілі бір жерге жеткенде екі ұшын тигізген сияқты әсер береді. Сол арақашықтықты өлшеп жазып аламыз.

2 қадам

Зерттелетін аймақ

Сезімталдықтың кеңістік табалдырығы, мм

Қолдың сыртқы беті

Білек


Саусақтың ішкі беті

31

40,5


2,2

15



Жоғарғы және төменгі температура әсеріне тері рецепторларының бейімделуі.

1 қадам – Үш ыдысқа температурасы -100С+250С және +400С болатын су құямыз. Оң қолды -100С, сол қолды +400С суға саламыз. Терморецепторлардың бейімделу уақытын анықтаймыз және осы уақыттағы суықты немесе жылыны сезуі баяулайды. Одан кейін бір мезгілде екі қолында +250С суға салады. Сонда суық суға салынған қолда жылу сезімі, ыстық суға салынған қолда керсінше салқындау сезімі пайда болады, Суыққа және жылыға қолдың температуралық рецепторларының бейімделу уақытын көрсету қажет.

2 қадам



Объект



Келесі температуралардағы суға енгізілгендегі

сезім

-10° С

+25° С

+40° С

Оң қолдың ұшы
Сол қолдың білегі

суықты


жылуды
суықты

жылуды

2 бекет тапсырмалары
1

1 қадам – Бұлшықеттің дара жиырылуын талдау.

2 қадам – Қорытынды.

2



1 қадам – Тісті тетанус.

2 қадам – Қорытынды.

3



1 қадам – Тегіс тетанус.

2 қадам – Қорытынды .

4



1 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы.

2 қадам – Қорытынды .

5



1 қадам – Рефлекс. Рефлекторлы доғаны талдау.

2 қадам – Қорытынды .

6



1 қадам – Ішкі сөлініс бездерінің топографиясы және гормондары.

2 қадам – Қорытынды .

7



1 қадам – Лейкоцитарлық формула.

2 қадам – Қорытынды.

8



1 қадам – Электрокардиография әдісі. Электрокардиограмма тісшелерін талдау.

2 қадам – Қорытынды .
9

1 қадам – Фонокардиография әдісі. Жүрек тондары.

2 қадам – Қорытынды жасаңыз.

10



1 қадам – Қоректік заттардың физиологиялық нормасы.. Тамақтану режимі.

2 қадам – Қорытынды .

11



1 қадам – Тілдің дәмсезу картасы.

2 қадам – Қорытынды.

12



1 қадам – Павлов және Гиппократ бойынша темпераменттің сипаттамасы.

2 қадам – Қорытынды .

13



1 қадам – Электроэнцефалография әдісі. Электроэнцефалограмманы талдау.

2 қадам – Қорытынды .

14



1 қадам – Термометрия әдісі.

2 қадам – Қорытынды .
15

1 қадам – Ауаның қалдық көлеміне (АҚК), өкпенің жалпы сиымдылығына (ӨЖС) түсініктеме беру.

2 қадам – Қорытынды жасаңыз.

2 бекет жауаптары


1

Бұлшықеттердің дара жиырылуын талқылау.

1 қадам – Бұлшықетті электр тогымен тітіркендіргенде мынадай бұлшықеттік жиырылу фазалары ажыратылады:

-латентті(жасырын) жиырылу кезеңі

-қысқару кезеңі

-босаңсу кезеңі




Қаңқа бұлшықеті

Жүрек бұлшықеті

Бірыңғай салалы бұлшықеті

Уақыты 0,1 с


Әртүрлі бұлшықеттердің жиырылу және қозуы:

1 – жиырылудың қисығы (латентті кезеңі, а – қысқару кезеңі, б – босаңсу кезеңі).



2 қадам – Жеке бұлшықеттердің жиырылуы үш кезеңнен тұрады.

2



Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы ( тісті тетанус).



  1. Жеке жиырылу.

  2. Тісті тетанус.

  3. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендегі тісті тетанус.

  4. Тегіс тетанус.

1 қадам – Етті жиі-жиі тітіркендірсе, үстін-үстін жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

2 қадам – Егер бұлшық еттің босаңсу кезеңіне сәйкес тоқ импулсін арттырса, тісті тетанус пайда болады.

3



Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы ( тегіс тетанус).



  1. Жеке жиырылу.

  2. Тісті тетанус.

  3. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендегі тісті тетанус.

  4. Тегіс тетанус.


1 қадам – Етті жиі-жиі тітіркендірсе, сандаған жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

2 қадам – Егер бұлшық еттің жиырлып қысқару уақытына сәйкес ток импульсін арттырса тегіс тетанус пайда болады.

4



Түйіспенің құрылысы.







1 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы (схема)

1 - түйіспе алдындағы жүйке ұштары;

2 - нейро түтікшелер;

3 - митохондрилер;

4 - құрамында медиаторлары бар көпіршіктер;

5 - түйіспе алды мембрана;

6 - түйіспелік саңылау;

7 - түйіспеден кейінгі мембрана және хеморецепторлар;

8 - эффекторлық жасуша.

2 қадам – Құрылым қозудың нейроннан эффекторлық жасушаға өтуін қамтамасыз етеді.

5



Рефлекс. Рефлекторлық доғаны талқылау.



1 қадам – Соматикалық рефлекстің рефлекторлық доғасының схемасы.

1- бұлшықет; 2 - сезімтал рецепторлар; 3 - афферентті талшықтар; 4 - жұлын-ми ганглииінің афферентті нейроны; 5 - жұлынның аралық нейроны; 6 - жұлынның эфферентті нейроны;

7 - эфферентті қозғалтқыш талшық; 8 - ет-жүйкелік түйіспе. Қозудың таралу бағыты стрелкамен көрсетілген.

2 қадам – Рефлекторлық доға рефлекстің негізгі құрылымы болып келеді.

6



Ішкі сөлініс бездерінің топографиясы және гормондары.

1 қадам –
Гипоталамус

Либерин, статин, вазопрессин, окситоцин



Эпифиз

Мелатонин,

адреногломерулотропин

Гипоталамус

Либерин, статин, вазопрессин, окситоцин




Эпифиз

Мелатонин,

адреногломерулотропин

Гипофиз

Тропты гормондар





Қалқанша маңы безі

Паратгормон



Айыршық безі

Тимозин



Қалқанша бездері

Тироксин, үш йодты тиронин, тириокальцитонин




Қарын, ішек жолдары

Гастрин, секретин




Бүйрек үсті безі

Кортикостероидтар, адреналин, норадреналин




Ұйқы безі

Инсулин, глюкагон



Бүйрек

Эритропоэтин,

Ренин,простогландиндер


Плацента

Эстроген, прогестерон

Хориондық гонадотропин




Аналық бездер

Эстроген, прогестерон



Плацента

Эстроген,

прогестерон,

хориондық гонадотропин




Аталық бездер

Андрогендер, эстрогендер



2 қадам – Эндокринді бездердің ағза қызметін гуморалды реттеудегі маңызы зор.

7



Лейкоцитарлық формула.

1 қадам – Лейкоциттердің пайыздық көрсеткішінің формуласы лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер және агранулоциттер.

Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері,олардың ағзаны бактериялар, вирустар, қарапайымдылардан және бөгде заттардан қорғауда маңызы зор.




Лейкоциттер

саны


1 мкл


Гранулоциттер

Агранулоциттер

Нейтрофилдер

Эозинофилдер

Базофилдер

Миело-

циттер


Мета-

миело


цит

(жас)



таяқша

ядролы


сегмент

ядролы


Лимфо

циттер


Моно

циттер


4000-9000

0

0-1

1-5

45-70

1-5

0-1

20-40

2-10

2 қадам – Ересектерде лейкограмма тұрақты болады. Оның өзгерісі әртүрлі аурулардың белгілерін көрсетеді және дәрігерлерге диагноз қоюға септігін тигізеді.
8

Электрокардиограмманы талдау.

1 қадам – Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма д.а. Ол латын алфавитінің соңғы әріптерімен (P, Q, R, S, T) белгіленеді. Р-тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. P мен Q тісшелері қозудың атриовентикулярлық түйінінен ГИС шоғырына өту жылдамдығын көрсетеді. QRS тісшелер комплексі қарыншалардағы қозу үрдістерін көрсетеді. Т тісшесі қозудың «СӨНУІН» реполяризациясын көрсетеді.


I тіркеу

II тіркеу

III тіркеу

Электрокардиограммамен зерттеу кезінде қолданылатын стандартты тіркемелер

2 қадам –ЭКГ көрсеткіштері жүректің ырғағын бағалауға және миокардтың ( өткізгіш жүйесін қоса) зақымдалуының әр түрлі деңгейін, кардиотроптық дәрілердің әсерін бақылауға мүмкіндік береді.
9

Фонокардиография әдісі. Жүрек тондары.

1 қадам – Фонокардиография - жүректің тондарын жазып алу әдісі. Жүректің жұмыс істеуі дыбыстық құбылыстармен көрінеді, ол жүрек тоны деп аталады. Арнайы аспап –фонокардиограф арқылы жүректің төрт тоны жазып алынады.

I (систолалық) тон систоланың басында пайда болады.

II(диастолалық) тон диастоланың басында пайда болады.

III тон ( протодиастолалық тон) диастоланың қанға толу кезеңінде пайда болады.

IV (жүрек алды) тон пресистола кезеңінде пайда болады.



2 қадам – Жүрек қан-тамыр жүйесінің функционалдық жағдайын бағалауда фонокардиографияның маңызы зор.
10

Қоректік заттардың физиологиялық нормасы. Тамақтану режимі.

1 қадам – Тамақтану нормасы –ол қоректік заттардың тәуліктік мөлшері, тамақ рационындағы белоктар, майлар және көмірсулар, сонымен бірге витаминдер, минералды заттардың құрамын көрсетеді.

Тамақтану режимі-бұл еңбек ету, дем алудың тәуліктік ритміне, тағамды қабылдау реттілігіне байланысты. Тәулігіне белгілі уақытта 4-5 сағаттық интервалмен 4 рет тамақтану рационы тиімді. Кешкі тамақтану кезінде жеңіл сіңірілетін тамақ қолданылады және ұйқыға дейін 3 сағат алдын тамақтану қажет.

2 қадам – Қалыпты жағдайда төрт мезгіл тамақтану қажет:

I таңертеңгілік ас – 25%

II таңертеңгілік ас – 15%

Түскі ас – 35%

Кешкі ас – 25%

11



Тілдің дәм сезу картасы.

1 қадам – Тілдің әр аумағының (ұшы, түбірі, бүйірі) сезімталдығы тітіркендіргіштерге әртүрлі. Тәттіге – тілдің ұшы, қышқылға – бүйірі және түбірі, ащыға – түбірі, тұздыға – ұшы және бүйірі сезімтал келеді.


Тәтті

Тұзды

Қышқыл

Ащы

2 қадам – Тіл бетіндегі рецепторлардың біркелкі орналаспауына байланысты тілдің әртүрлі аймағы шырышты қабатының тітіркендіргіштерге жауап беруі де біркелкі емес.
12

Павлов және Гиппократ бойынша темпераментің сипаттамасы.

1 қадам – Темперамент дегеніміз – бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаттамасы.

Холерик: ұстамсыз тип. Албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Сангвиник: ширақ тип. Мінезі жайдарлы, қағылез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.

Флегматик: салғырт тип. Сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді.

Меланхолик: жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады.

2 қадам – Темпераменттің типтері жекеленген түрлері сирек кездеседі. Әдетте аралық варианттары байқалады.
13

Термометрия әдісі.

1 қадам – Дене температурасын күніне 2 рет (таңертең 7-9 сағат аралығында және кешке 17-19 сағат аралығында) өлшейді. Ауыз қуысынан, қолтық астынан, шап аймағынан, құлақ каналынан, тік ішектен, қынаптан өлшеуге болады.

2 қадам – Қалыпты жағдайда дене температурасы -360С тең.

14



Электроэнцефалография әдісі. Электроэнцефалограмманы талдау.

1 қадам – Электроэнцефалография – бас миының электрлік потенциалын тіркеу әдісі.

Электроэнцефалограмма – бас миының электрлік потенциалын жазып алу.


Электроэнцефалограмманың параметрлерін және әртүрлі ритмдерін тіркеу жағдайының сипаттамасы.


Ритмдердің атауы

Жиілік, Гц

Амплитуда, мкВ

Ритмді тіркеу жағдайы

Альфа ритм

Бета-ритм

Гамма-ритм

Тета-ритм

Дельта-ритм



8-13

13-30


›35

4-8


0,5-3,5

50

20-25

100-150

250-300


тыныштық күйдегі жағдайда
эмоциялық қозу, ақыл-ой және физикалық іс әрекетте, тіркендіргіш әсер еткенде
ұйқы, наркоз, гипоксия және әртүрлі аурулар кезінде.
үлкен ми сыңарларының қыртысы зақымданғанда, қатты ұйқы, наркоз және гипоксия.

15



Ауаның қалдық көлеміне (АҚК), өкпенің жалпы сиымдылығына (ӨЖС) түсініктеме беру.
1 қадам – Қалдық ауа (ҚА) — күш салып терең дем шығарғаннан кейінгі өкпеде қалып қойған ауа көлемі. ҚА – 1000-1500 мл.

Өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) — ауаны максималды ішке тартып өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері.

ӨЖС = ӨТС (өкпенің тіршілік сыйымдылығы) + ҚА.



Функционалдық қалдық ауа (ФҚА) – қалыпты тыныс шығарудан кейінгі өкпеде қалып қойған ауа.

ФҚА = РДАА (резервті дем алу ауасы).



2 қадам – Тыныс алу көлемдерін анықтаудың тыныс алу жүйесінің жұмысын бағалауда маңызы зор.

3 бекет тапсырмалары


1

1 қадам – Егер I, II, III топ қандарының сарысуында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болса, зерттеуге кай топтың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

2



1 қадам – Егер I, II топ қандарының сарысуында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болса, зерттеуге қай топтардың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

3



1 қадам – Егер I, III топ қандарының сары суында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болса, зерттеуге қай топтардың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

4



1 қадам – Егер I, II, III топ қандарының сарысуында ГАР (гемагглютинация реакциясы) болмаса, зерттеуге қай топтардың қаны алынған?

2 қадам – Қорытынды.

5



1 қадам – Зерттелуші адам қалыпты тыныстан кейін максимальды тыныс алып, барынша тынысты шығара отырып спирометрге үрледі. Бұл ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

6



1 қадам – Зерттелуші қалыпты тыныс алу барысында ауаны спирометрге үрледі. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

7



1 қадам – Зерттелуші адам қалыпты тыныстан кейін спирометр арқылы максималды тынысты шығарды. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

8



1 қадам – Зерттелуші қалыпты тыныс алғаннан кейін спирометр арқылы максималды тынысты жұтты. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

9



1 қадам – Зерттелуші қалыпты тынысты шығарғаннан кейін спирометр арқылы максималды ауа көлемін жұтты. Ауа көлемі қалай аталады?

2 қадам – Ересек адамдарда ол нешеге тең?

10



1 қадам – Әкесінде резус-фактор оң ( Rh+), ал анасында теріс ( Rh-) екені анықталды.

Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?



2 қадам – Қорытынды.

11



1 қадам – Әкесінде резус-фактор теріс( Rh-) , ал анасында оң ( Rh+) екені анықталды. Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?

2 қадам – Қорытынды.

12



1 қадам – Әкесі мен анасында резус-фактор теріс( Rh-) екені анықталды. Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?

2 қадам – Қорытынды.

13



1 қадам – Әкесі мен анасында резус-фактор оң ( Rh+) екені анықталды.

Ана мен бала арасында резус-қарама-қайшылық болуы мүмкін бе?



2 қадам – Қорытынды.

14



1 қадам – Егер сарысудың көлемі – 40-45 %, ал пішінді элементтері – 55-60 % болса, қанның гематокриттік көрсеткіші нені меңзейді?

2 қадам – Қорытынды.

15



1 қадам – Нәрестенің алғашқы тынысы тыныс алу орталығын қоздырады.

2 қадам – Қандай фактор тыныс орталығының қозуын шақырады?

3 бекет жауаптары

1

Жауабы:

1 қадам- Қанда А және В агглютиногендері бар.

2 қадам- IV қан тобы.

2



Жауабы:

1 қадам- Қанда В агглютиногені және α агглютинині бар.

2 қадам- III қан тобы.

3



Жауабы:

1 қадам- Қанда А агглютиногені және β агглютинині бар.

2 қадам- II қан тобы.

4



Жауабы:

1 қадам- Қанда α және β агглютининдері бар.

2 қадам- I қан тобы.

5



Жауабы:

1 қадам- ӨТС (өкпенің тіршілік сыйымдылығы).

2 қадам- 3500 – 4500 мл.

6



Жауабы:

1 қадам- ТМК (тыныстың минуттық көлемі).

2 қадам- Ересек адамдарда ТМК = 400—500 мл.

7



Жауабы:

1 қадам- Резервті демшығару ауасы (РДША).

2 қадам- 1500 мл.

8



Жауабы:

1 қадам- Резервті демалу ауасы (РДАА).

2 қадам- 1500 – 2500 мл.

9



Жауабы:

1 қадам- Тыныс алу көлемі (ТАК). ТАК = ТМК + РДАА.

2 қадам- (2000 -3000 мл).

10



Жауабы:

1 қадам- Ұрықта резус-фактор оң (Rh+) болғандықтан, ол анасының қанында анти денелердің пайда болуына алып келеді.

2 қадам- Резус қайшылық болуы мүмкін.

11



Жауабы:

1 қадам- Ұрықта анасындағыдай резус-фактор оң ( Rh+).

2 қадам- Резус қайшылық болмайды.

12



Жауабы:

1 қадам- Ұрық пен анансының қанында резус-фактор теріс ( Rh-) .

2 қадам- Резус қайшылық болмайды.

13



Жауабы:

1 қадам- Ұрық пен анасының қанында резус-фактор оң ( Rh+) .

2 қадам- Резус қайшылық болмайды.

14



Жауабы:

1 қадам-Гематокриттік көрсеткіш деп - сарысудың пішінді элементтерге ара-қатынасын айтады. Қалыпты жағдайда гематокриттік көрсеткіш: сарысуы -55-60%, пішінді элементтері-40-45%

2 қадам- Қанның қоюлануын білдіреді.
15

Жауабы:

1 қадам- Нәрестенің кіндігін кескен сәтте зат алмасу нәтижесінде қанда СО2

жиналып, О2 азаяды. Осыған орай тыныс алу орталығы қозады.



2 қадам- Көмірқышқыл газы (СО2).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет