Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Налмишова Қ. Н аға оқытушы Түбі бір түркі елдері



Дата03.07.2016
өлшемі52.98 Kb.
#173913
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Налмишова Қ.Н аға оқытушы



Түбі бір түркі - елдері
Дүниежүзілік орта білім беру жүйесінде өткен ғасырдың соңғы ширегінде әлемдік педагогикада белгілі бір тоқырау мен дағдарыс байқалды. Оның әсерін бірінші болып байқаған Батыс Еуропа елдері мектеп оқушыларының жауаптылығын арттырудың бірден-бір жолы - білім стандарттарын жасап, өмірге енгізу деп санады. Жалпы алғанда ондай үрдіс 80-90 жылдардың ішінде көптеген дамыған елдердің орта білім жүйесінде көріне бастады.

Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың қатарында өзінің Жалпы орта білім беретін жүйесіне арналған Мемлекеттік білім стандартының бірінші үлгісін 1996 жылдың көктемінде жасап, Білім министрінің бұйрығымен іске асыруға кірісті.



Мемлекеттік білім стандартының негіздерін құрайтын құжат-тарды үш топқа бөліп саралайды. Оның біріншісі Мемлекеттік білім стандартының тұжырымдамалық құраушылары деп аталады.Oғaн кіретін Қазақстан Республикасы жалпы орта білімнің Мемлекеттік білім стандартының ережесі, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы, Жалпы орта білім мазмұнының тұжырымдамасы өздерінің аты айтып тұрғандай орта мектептердің өміріндегі құрылымдық, мазмұндық, ұйымдастырушылық бағыттағы стратегияны айқындап келе, оның даму болашағын белгілейтін реформалық өзгерістерді қамтиды. Мемлекеттік білім стандартының екінші құраушылары нормативтік деп аталып, Мемлекеттік базистік оқу жоспа-рын, базалық білім аймағының мазмұнын белгілейді. Базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігіне жататын жалпы орта білімнің базалық компонетінің 7 білім аймағының бірі - жаратылыстану. Оның құрамына Дүниетану, География, Биология, Физика, Химия пәндері кіреді. Бастауыш сатыдағы жаратылыстану мен қоғамтану пәндерінің пропедевтикалық курсы болып есептелетін «Дүниетану» барлық оқу жүктемесінің 8% құрайды. Ал негізгі мектептегі 4 жаратылыстану пәндерінің блогына тиетін үлес 16,2% жетеді. Орта мектептің жоғарғы сатысындағы жаратылыстану - математика бағдары бойынша жүктеменің мөлшері 75,4% болса, қоғамдық гуманитарлық бағдарға - 10,3% сай келеді. Нормативтік құраушылар қатарында жаратылыстану ғылымдар бағытындағы пәндер бойынша мектептің әр түрлі сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды қамтитын аса маңызды құжат пәндік стандарттар да бар.

Мемлекеттік білім стандартының үшінші - әдістемелік құраушылары оқушыларға білім беруді, дамытуды, тәрбиелеуді ұйымдастыруға тікелей жауап береді, өйткені ол оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу әдістемелік кешендерге сәйкес келеді. Бұл үшін, ең бастысы, Мемлекеттік білім стандартының іске асуын бақылауға арналған оқушының міндетті (ең төменгі) дайындығының деңгейін анықтауға арналған стандартты тапсыр-малар жинағы жасалып өмірге енуі тиіс. Осы арқылы әрбір оқушының, әрбір сыныптың, тіпті бүкіл мектептің кез-келген пәні бойынша оқытуының деңгейін дәл табуға мүмкіндік туады. Өз кезегінде мұндай мониторинг іспеттес жұмыс ұстаздың еңбегін бағалап, өз пәні бойынша жетпейтін кем-кетігін түзетуге жол ашады.

Мемлекеттік білім стандартының үшінші тұжырымдамасын негізге ала отырып 11-сынып оқушыларына «Елтану» арнайы кіріктірілген курсын оқытуды қажет деп санадым. Себебі 10-шы сыныпта Шет елдердің экономикалық әлеуметтік географиясы оқытылғанмен 11- сыныпта география пәндері оқытылмай қалып, ҰБТ( ұлттық бірыңғай тест) тапсыру кезінде таңдаған мамандықтар арасында төртінші география пәні ҰБТ-ға енгізілген. Оқушы бір жыл көлемінде география пәнінен мүлдем білім алмай бұл пәннен тест тапсыру оңайға соқпайтыны мені ойландырды. Сонымен бірге Шет елдердің экономикалық әлеуметтік географиясы курсында 10- сыныптарда Түркі тілдес елдер, 1991-ші жылдары тәуелсіздігін алып, дүние жүзінің саяси картасына XXΙ-да өзгеріс ендірген мемлекеттер жайында және Әлемдегі ең кішкентай мемлекеттер туралы ешқандай мәлімет жоқ.. Демек жоғарғы сынып оқушысы Н.Н.Баранский айтқандай географиялық сауатты азамат болу үшін, арнайы кіріктірілген «Елтану» курсын ΙV бөлімге бөліп қарастырып,Ι- ші» бөлімінде толығымен Түркі тілдес елдерге 18-сағат бөлдім, оның себебі тәуелсіздігін алған еліміздің жас жеткіншектері Түркі тілдес елдер ол қандай елдер, неге Түркі тілдес елдер деп бөле жара аталған, түбі бір түркі бауырлас елдер жайында толық, нақты білісін,-деп Республикалық географиядан атаулы мектеп жетекшісі Ұ.Ә: Есназарованың «Түркі тілдес елдер географиясы». Ахмет Йассауи Университетінің жәрдем қоры баспасынан,1999ж. Анкара қаласынан шығарылған кітабын басшылыққа ала отырып, түбі бір түркі тілдес халықтардың дүние жүзі саяси картасындағы алатын орны, табиғат жағдайларымен табиғат ресурстары, жалпы шаруашылығының дамыған салаларын таныстырып, оқушылардың Түркі тілдес елдердің қоныстану тарихы және ең алғашқы ашылулар; жеке елдердің антропогендік ландшафттық, экологиялық мәселелерін қамти отырып, оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын қалыптастыру. Сонымен бірге бауырлас елдер жайында өз беттерінше ізденіп толық мәліметтер жинап,білімдерін нығайтуға талап қойдым.. Түркі тілдес елдер географиясында әрбір елдер жайында мектеп оқушыларының түркі елдері жайында білуге қажетті бар мүмкіндіктер,толық мағлұмат берілген.Мысалы Түркия республикасын қарастыратын болсақ,оқулықта елдің географиялық орнының ерекшелігі 97% Азия материгінде жатса, Европада материгінде3% жатқандығын анықтап көрсетілген, табиғат жағдайларында Тавр тауларын, Ефрат пен Дижде тау жоталарымен Үлкен Ағры,кіші Ағры сөнген жанартаулардың географиялық орналасуына сипаттама берілсе.Табиғат ресурстары мен климаты, ішкі сулары бөлімінде Түркия республикасының әсем табиғатын ерекше жазып түсіндірген.Мұнда дүние жүзінің еш жерінде кездеспейтін сталактитті түзіліс –Памуккале « мақта қала»-ның көрнісін көрсеткен. Оқулықта Түркия Республкасыың халқының 90% түріктер екендігі нақты көрсетілген. Қазіргі Түкия Республикасының экономикасының қарқынды дамуына үлес қосып отырған өнеркәсіп салаларының жоғарғы қарқынды болуы және ауыл шаруашылығында жетекші саланы егін шаруашылығы алатыны оның ішіндегі жерорта теңіздік тропикалық дақылдар болса, мал шаруашылығында Түркия дүние жүзінде биязы түбітті ангор ешкісін өсіруден бірінші орын алатындығы жазылған. Түркия республикасы халықаралық туризм дамыту бағытында түркі тілдес елдер арасында алыңғы орын алады. Оқулықтың басты ерекшелігі оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалары, өздігінен білімін тексеруге тест тапсырмалары берілген. Мұндай тапсырмалар оқушының өз елін басқа бауырлас елдер мен салыстырмалы сипаттама беруіне толық мүмкіндік тудырады. «Елтану» арнайы курысының ΙΙ- бөлімдеДүние жүзі саяси ұйымдары бойынша Азия елдеріне жалпы шолу.ΙΙΙ- бөлімде Евопадағы ең кішкентай мемлекеттер, КСРО- ыдырағаннан кейінгі пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің нарықтық экономикадағы экономикалық байланыстары жайында қарастырылса,ΙV- бөлімде Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің әр қайсысына жеке –жеке сағаттар берілген

Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру жүйесі Балон процесіне мүшесі болып жатқан шақта Қазақстан Республкасында білім беру департаментінің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы орта білім беретін мектептің 8-12-ші сыныптар арасында жаратылыстану пәндері саласы бойынша география пәнінде оқушыларға Қазақстан Республикасының басты мәселелерінің бірі мұнайдан кейінгі екінші табыс көзі туризімнің біздің еліміздің даму бағытымен, адами байлығымызды сақтап қалу үшін, табиғи байлығымыздың мол қорын дәріптей отырып елімізді дүние жүзінің басқа елдерімен салыстыра отырып білім беруде, оқушыларға тереңдетілген курстар арқылы білім беру, білімді терең меңгеруге мол мүмкіндік тудыратын геогарфиялық білім өзекті мәселе облып отыр


1. Есназарова Ұ.Ә. Темірбеков А.Т. «Түркі тілдес елдер географиясы». Ахмет Йассауи Университетінің Жәрдем қоры баспасы,1999ж. Анкара. 69- 90 б,б.



2. Ғасырлар тоғысындағы географиялық теориялық және қолданбалы мәселелер. ХҒПК материалдары- Алматы «Аркас».2004ж 182-185б

3. Налмишова Қ.Н. «Елтану». Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы. 2002ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет