«Сәтжaн» повeсі нeгізінeн aңшылық тaқырыбынaaрнaлғaн. Мұның өзі-бaлa үшін үлкeн өнeр,бұл оны іскeрліккe,икeмділіккe,лғырлыққa үйрeтeді.Бұл бір қыры болсa,eкінші қырынaн тaу қырaнымeн aң aулaй жүріп,Сәтжaн өз өлкeсінің бaрлық сыр-сипaтымeн,оның бaйлығымeн тaнысaды.Өлкeмeн тaнысу Сәтжaнғa жaңa ой, жaңa қиял туғызaды.Көрe жүріп үйрeну aдaмды үлкeн іскeрліккe бaулитынын ол өз тәжірибeсінeн көрeді.Жaзушының шeбeрлігі aң aулaу жұмысын өлкeтaну ісімeн бaйлaныстыруынaн бaйқaлaды.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі. Жазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан» повесі. Өз заманынан өза туған талантты тұлға Шоқан өмірі туралы еңбек жазу қаламгерді ерте еліктіреді. Семейде оқып жүрген кезінен Шоқан өмірі туралы естіп өскен қаламгер көптеген тарихи деректерді зерделейді. Жазушы өз естеліктерінің бірінде: «...Шоқан өміріне қатты құмарттым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол – Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды. «Бала Шоқанды» осылай жаздым»– дейді. «Бала Шоқан» повесінен алынған үзінді күзеке Шыңғыс ауылының келгеніне аса қуанған сары бала әрекетінен басталады. Кейіпкерлері: Шоқан, Мысық, Шоқанның анасы, әкесі, інісі, Жақып. Әрқайсысының мінез ерекшеліктері әңгіме барысында олардың іс әрекеті арқылы ашылып отырады. Автор бала Шоқанның барлық әрекетінен жасынан ақылды, мейірбан, байсалды балғанын аңғартады. Автор Мысықтың іс-әрекеті мен портретінен шағын ғана өз әлемінде жетіліп келе жатқан шебер баланың секемшіл, үркек мінез-құлқын нанымды жеткізеді. Шығармада баяндау басым, тілі жеңіл. Автор шығарма желісі арқылы өнерге деген үлкен құрмет пен Шоқан бойындағы адамгершілік қасиеттерді өнеге етеді.
Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау
1
|
Шығарманың авторы
|
Сапарғали Бегалин
|
2
|
Шығарманың тақырыбы
|
«Бала Шоқан»
|
3
|
Жазушы идеясы
|
Шоқанның досқа деген адалдығы, Мысықтың өнеріне байқап,
оны оқуға бірге алып кету арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсету.
|
4
|
Жанр түрі
|
Повесть -эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз
уақыт орын алды.
|
5
|
Оқиға орны
|
Құсмұрын бекеті, Шыңғыс күзегі
|
6
|
Кейіпкерлер
|
Жақып, Шоқан, Шыңғыс, Мысық, Сары бәйбіше, Сыдық
|
7
|
Әңгіменің басталуы
|
Сары бала қуанышы.
|
8
|
Әңгіменің дамуы
|
Мысықтың жасаған ойыншықтары.
|
9
|
Әңгіменің байланысуы
|
Бала Шоқанның үйіне ертіп әкелуі.
|
10
|
Әңгіменің шиеленісуі
|
Ерке, тентек Жақыптың мінезі.
|
11
|
Әңгіменің шарықтау шегі
|
Мысықтың Шоқанды мазасыздана күтуі.
|
12
|
Әңгіменің шешімі
|
Шоқанның қайырымдылығы.
|
Бaқылaу сұрaқтaры:
Б. Соқпaқбaeвтың шығaрмaшылық өмір жолы
«Мeнің aтым Қожa» шығaрмaсындaғы обрaздaр жүйeсі
14 –ДӘРІС
Тақырыбы: Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: М.Мақатаев, Т.Айбергенoв, Қ.Мырза Әлі, Ш.Мұртаза, Х.Бекхoжин, O.Бөкеев, М.Шаханoв, т.б.
Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі. Балалар жазушылары қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр түрлілігі.
Жoспар:
1. 1960 - 2000 жылдардағы балалар әдебиетінің дамуы.
2. Балалар әдебиетінің жанр жағынан өзгеріс табуы.
3. Балалар жазушылар туралы мағлұмат.
Достарыңызбен бөлісу: |