Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы «№1 м горкий атындағы мектеп-гимназия» кмм-і



Дата29.06.2016
өлшемі58.19 Kb.
#165862
Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
«№1 М Горкий атындағы мектеп-гимназия» КММ-і

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мұратбаева Айнұр Күзембайқызы


Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі.

Мақсаты:

а) білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;

ә) дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

б) тәрбиелік: оқушылардың еліне, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелесу, топтық жұмыс, проблемалық сұрақтар, тест, көрініс.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, география.

Сабақтың көрнекілігі: Портрет, плакат, таратпа қағаздар.

Техникалық құралдар: слайд, интерактивті тақта, бейнетаспа.

Үй тапсырмасын сұрау: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады».

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың авторы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытайда, Шыңжан өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. 1965 жылы ҚазҰУ филология бөлімін тәмамдаған. «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атта романы үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. « ... Қабдеш-тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы». 2014 жылы жазушының 78 жасқа толған мерейтойы атап өтілді.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, қаздар қайда қайтуы мүмкін?
I. Ассоциация

Мекеніне



прямая со стрелкой 7

овал 2прямая со стрелкой 3 Көлге ұясына

прямая со стрелкой 5

прямая со стрелкой 4прямая со стрелкой 6прямая со стрелкой 8прямая со стрелкой 9

Жылы жаққа суық жаққа

Туған жеріне балапанына
Әңгімеде кездесетін жер, су, тау аттарын теріп жазыңдар. (Етікші,Тарбағатай, Күргейтас, Арғанаты, Тентек – Халдай, Сарышоқы, Көкөзек, Айнабұлақ, Көкшілік, Нұра.т.б)

Дұрыс, ендеше, біз шығарманың өзімен танысып көрейік.


II. Әңгіменің мазмұнымен таныстыру. (шолу жасау)

III. Проблемалық сұрақтар қою.

  1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?

  2. Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?

  3. Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің идеясын ашу)

  4. Байтас қарт шекараны неге бұзып өтті?

  5. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? (1962 жылы, сәуір айында)

  6. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар? (зерттеу)


IV. Слайд-презентация арқылы Қабдеш Жұмаділовтың өмір жолы туралы, сол сияқты еліне оралып, еңбегі жанған қандастарымыз жайлы ақпарат берілді.

V. Топпен жұмыс.

1. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жерден аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген? (Әңгіменің тақырыбын ашу. Мәтіннен Байтас қарттың туған жерге деген сағынышы туралы монологты тауып оқу)

2. Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.


Жетті

Жеткен жоқ

Байтас қарт қырық жыл бойы күткен

арманына жетті.

Ата-бабасы қалған, кіндік қаны тамған туған

жеріне, өз үйіне келіп шамалы болса да

ұйықтап, демін алды.

«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді.



Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды.Өзі

туған еліне келгенімен, бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-

теген шекарашылар түскен жоқ па?




Шығарма-ның аты

Авторы

Кейіп-кері

Іс-әрекеті

Адами қасиеті

«Қаздар

қайтып


барады»

Қабдеш Жұмаділов

Байтас

қарт


Жолға шықты,

қасқырмен алысты,

туған жерге асықты, шаршады,

қажыды, отбасынан

айырылды,

немересін бақты,

шекарадан асты,

туған жеріне жетті.



Қайсар, қажырлы,

төзімді, туған еліне деген сағынышы басым рухы

биік, адал жан.




Көрініс. «Дарабоз» романынан үзінді.

Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?


Шығарманы композициялық- құрылысына қарай талдаңдар:

  1. Басталуы: Жалғыз жортқан жолаушы

  2. Байланысы: Жолда көрген қиыншылықтар

  3. Шегініс:Ойға оралған өткен күндер, жалғыз неиере - Төлеутай

  4. Дамуы: кінәсіз тағылған айып

  5. Шарықтау шегі: 40 жылғы көкіректе сақталған ұзақ сапар

  6. Шешімі: Тұмардың ішіндегі топырақтың жерге түсуі немесе елге жету.


VI. Тест:

1.Қабдеш Жұмаділов нешінші жылы дүниеге келді?

А) 1936

Ә) 1937


Б) 1939

2. «Қаздар қайтып барады»шығармасын қашан жазды?

А)1965жылдың басында

Ә)1960жылдың орта шенінде

Б)1962жылы

3. Немересінің аты кім?

А)Төлеутай

Ә)Бөкентай

Б)Амантай

4. Жел ұшырып, қолындағы киім-кешегі мен қоржынын ---------------- лақтырып жіберді де, үлкен қойтастың бірін құшақтай алды.

А)Таудан асырып

Ә)Арғы жағаға

Б)Төменге

5.Тұмар қандай матадан тігілген?

А)шәйі

Ә)барқыт


Б)шыт

6.Неткен сұлу,неткен ғажап ... еді бұл?

А)Өзен

Ә)Таң


Б)Туған жер

7.Туған елге табан тіреген қарт бірінші қайда баруды ойлады ?

А)Зират басына

Ә)Ескі қыстауға

Б)Шекараға

8.Тұмарының ішіндегі топырақ неше жылдық?

А)50 жылдық

Ә)40 жылдық

Б)60 жылдық

9.Шіркін-ай,бұл... суындай дүниеде су бар ма екен?

А)Нұра

Ә)Тентек-Хандай



Б)Айнабұлақ

10.Жаны мен тәні қалаған бір ғана тілек бар.Ол...

А)Мейірі қанып су ішу.

Ә)Немересін құшақтау.

Б) Жату, демалу.

Тест жауаптары: 1.а, 2.ә, 3.а, 4.ә, 5.ә, 6.б, 7.а, 8.ә, 9.б, 10.б.
VII. Бекіту: Байтас қарттың 40 жылдан кейін шекара асып, қиыншылықтарға төзіп елге келген себібі, ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, туған жердің топырағы. Қасиетті туған жерге жат жерде жүріп, бір сәт те ұмыта алмай, туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы т.б қандастарымыз туған елге келіп қызмет етуде. (Үнтаспадан Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін хормен айту).

Кері байланыс картасын тарату.



VIII. Қорытынды. Балалар, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, өз туған жеріміз өзімізге ыстық. Қай жерде, қай елде, тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат.Себебі туған жерің – сенің кіндік қаның тамған жер, ата-бабаң ғұмыр кешкен жер, ағайын-туыс, достарың жүрген жер, тарихи Отаның. Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтықсыз еңбек ету – әрбір азаматтың борышы.Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» болып қалсын! Тағдыр талайымен тарыдай шашылған қазақтар дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Назарымызды соған аударайық (Слайд түрінде көрсету)

Ресейде – 740 000 Өзбекстанда – 1 550 000



Монғолияда – 100 000 Иранда -12 000

Қырғызстанда – 45 000 Түркияда 25 000

Қытайда – 1 500 000 Украинада - 15 000

Ауғанстанда – 30 000. Тәжікстанда – 10 000

АҚШ –та 14 000

IX. Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма....» шығарма жазу.

X. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет