Бақылау:
Есептер:
1. Дәрілік заттың ыдырау жылдамдығы дәрінің мөлшеріне пропорционал. 1 сағаттан кейін адам ағзасына енгізілген дәрінің 32,4 г. ,3 сағаттан кейін 8,7г. қалатын болса, бастапқыда адам ағзасына қанша дәрі енгізілгенін және қанша уақыттан кейін енгізілген дәрінің 1%-і қалатынын анықтау керек.
2.Дигитоксин дәрісінің 12минутта 30%-і ериді. Дәрінің еру жылдамдығы дәрінің мөлшеріне пропорционал . Егер 1 сағаттың ішінде дәрінің 75 %- еритін болса, еру тесті бойынша дәрінің сапасы туралы қандай қорытынды жасауға болады?
3.Стрептоцит дәрісінің (0,75 гр.) еру тұрақтысы 0,05. Егер дәріінің еру жылдамдығы мөлшеріне пропорционал болса, онда 15 минутта қанша(%) ериді?
4. Тұздың еру жылдамдығы қаныққан ертіндісі (у0) мен нақты ертіндісіне (х) пропорционал. Егер t=0, x=x0 болса, тұз ерітіндісінің өзгеру заңдылығы қандай болғаны?
5. Егер ашыту ферментінің бастапқы мөлшері 2 гр., 1 сағаттан кейінгі мөлшері 5,2 гр. болса, онда ашыту әрекеті басталғанан бастап 5 сағат өткенде ашыту ферментінің мөлшері қандай болады? (ферменттің ашыту жылдамдығы ашыту мөлшеріне пропорционал).
6. Радиоактивтік заттың 32 күнде 50 %-і ыдырайтын болса, қанша уақыттан кейін заттың 1 %- і қалады?
7. Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығының теңдеуі: dx/dt=B (х0-х). Берілген t уақытта бұлшық еттің жиырылуы х-ке тең, В-тұрақты, салмақтың түсуіне байланысты бұлшық еттің толық жиырылуы- х0. t=0 уақыттағы бұлшық еттің жиырылуы х=0 ноль болса,
жиырылу заңдылығы қандай болады?
8. Су қабатынан өтетін жарықтың жұтылуы су бетіне түскен жарықтың шамасы мен су қабатының тереңдігіне пропорционал. Егер су қабатының 5 м. тереңдігіне өткенде су бетіне түскен жарықтың жартысы жұтылатын болса, су қабатының 32 м. тереңдігіне жеткенде жарықтың қаншасы қалады?
9. Адам ағзасына қан тамыры арқылы тұрақты жылдамдықпен (v) бірқалыпты енгізілген дәрі шамасының өзгеру теңдеуі , k- дәрінің қан құрамында ыдырау тұрақтысы, t=0 болғанда m(0)=0 болса, қан құрамындағы дәрілік заттың мөлшерінің уақытқа байланысты өзгеру заңдылығы қандай?
10. Ток күшінің өзгеру жылдамдығының теңдеуі: . Егер t=0,4 болғанда ток күші 3,2 мА болса, ток күшінің өзгеру заңдылығы қандай болады?
№ 8 Сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |