ОҚу- әдістемелік қҰжаттар семей – 2008 Мазмұны



бет1/5
Дата16.06.2016
өлшемі351.5 Kb.
#139630
  1   2   3   4   5

04214-4-04.01.20.203/03-2008

№1 басылым


50 беттің беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК

042-14-4.04.01.20.203/ 03-2008



ПОӘК

« Аңдары биологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы



№1 басылым



050607-«Биология» мамандығына арналған
« Аңдар биологиясы»


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР

СЕМЕЙ – 2008




Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

1. Дәрістер

Тақырып 1 Шаруашылық аңдары мен құстардың биологиясының міндеті мен мақсаты

Сұрақтар:

1. Шаруашылық аңдары мен құстардың биологиясының міндеті мен мақсаты.

2. Басқа пәндермен байланысы.

Шаруашылық аңдары мен құстардың биологиясы - жануарлар туралы ғылым.Ол биология мамандарын дайындау саласында іргелі пәндердің біреуі болып саналады. Жануарлар түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келеді, сондықтан зоология көптеген биологиялық ғылымдардың - систематиканың, салыстырмалы анатомияның, жануарлар физиологиясының, цитологияның, гистологияның, экологияның, зоогеографияның,

протозоологияның, гидробиологияның, паразитологияның т.б. жануарлардың алуан түрлілігін, дамуын, шығу тегін, органикалық дүниенің эволюциясын, заңдылықтарын зерттейді.

Шаруашылық аңдары мен құстардың биологиясының негізгі мақсаты: жануарлардың алуан түрлілігін, қүрылыстарының ерекшеліктерін, тіршілік әрекетін, ортаға бөйімдеушілігін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың енімділігін арттыру, тиімді пайдалануы мөн оның табиғаттағы қорын сақтау.

Шаруашылық аңдары мен құстардың биологиясы міндеттері: жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Халықаралық ғылыми гөрминдерді меңгерту. Лабораториялық құралдармен жумыс істөуді үйретіп, тірі организмдерді бақылап, объектілөрмен өз Овтімен жүмыс істеуге дағдыландыру.

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттву матодикасының ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы - хордалылар гипіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктіреді және омыртқасыздар зоологиясы - жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады.

Бірінші курс студенттеріне осы 22 типті меңгеріп алу үшін оқытуды жоспарлау, үйымдастыру, өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндіктер туғызу аса қажет. Осыған орай үсынылып отырған оқу қүралы студенттердің өз бетімен білім алуына үлкен көмегін гигізеді деп есептейміз. 1 штт, омырткасыздар зоологиясы пәнін оқыған кездестіруге болады.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Шаруашылық аңдарының міндеті.

2 Құстардың биологиясы.

3 Басқа пәндермен байланысы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

2 тақырып. Организмдердің негізгі қасиеттері мен қүрылым зандылықтары, тіршілігі.

Cұрақтар: Организмдік адаптациялар.Организмнің тіршілік формаларына

әсеріне тигізетін факторлар.

Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмашылық белгілері: көпшілік жануарлар қозғалғыш, ал өсімдіктер бекініп тіршілік етеді; жануарлардың клеткасы жүқа жарғақпен қапталса,өсімдік клеткасы жарғақтан басқа целлюлоза қабатымен қапталады; жануарлардың көптеген мүшелері дененің ішінде орналасып, түрақты пішінде болса, өсімдіктердін мүшелері сыртында жөне дене пішіні үнемі өзгермелі; жануарлар белгілі бір даму кезеңінен кейін өсуін тоқтатады, бірақ, өртүрлі тканьдердің клеткалары үнемі жаңарып (ауысып) отырады, ал өсімдіктер өмір бойы өседі; сол сияқты өсімдіктердің жануарлардан негізгі айырмашылыгы - зат алмасуында. Жануарлар өсімдДктер мен басқа жануарларды жеп, күрделі органикалық заттармен қоректенеді. Осындай төсілді гетеротрофты қоректену деп атайды жөне зат алмасудың немесе метаболизмнің ақтық өнімдеріне көмірқышқыл газ, су жөне несеп қышқылы жатады. Өсімдіктер көмірқышқыл газды ауадан сіңіреді, ал су мен бейорганикалық заттарды топырақтан алуға қабілетті. Күн энергиясының өсерінен жөне жасыл пигмент хлорофилдің болуына байланысты өсімдіктер фотосинтез жолымен күрделі органикалық қосылыстар жасайды, нөтижесінде оттегі қосымша өнім ретінде босап шығады. Осындай өсімдікше қоректену төсілін аутотрофты ден атайды.

Айтылъш кеткен айырмашылықгар салыстырмалы. Мысалы, өсімдіктердің арасында да гетеротрофтарды (саңырауқүлақтар, көптеген . бактериялар, бунакденені жегіш өсімдіктер жөне т.б.), ал жануарлардың' арасында. клеткаларының целлюлоза қабықтары бар қабықтыларды да кездестіруге болады. Эволюциялык өзгерістер өрқашан да өзгерген орта жағдайларына бейімделудің арқасында пайда болады. Олар өткен гасырдың ортасында ЧДарвин (1809-1882) "Түрлердің табиғи сүрыптау жолы мен шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен түқымдардың сақталып қалуы" (1859) деген көрнекті еңбегінде көрсеткендей табиғи сүрыптаудың нөтижесінде пайда болады жөне дамиды.КейбІр бейімделушіліктің маңызы жалпылама болады да, жануарға әртүрлі орта жағдайларда тіршілік етуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сол сияқты оның қүрылысының жоғары дөрежедегі икемділшн анықтайды.

Мүндай бейімделулер А.Н.Северцовтың атауы бойынша ароморфоздар, маңызды мүшелерді (ас қорыту, тыныс алу, сезім, жүйке жөне т.б. жүйелер) қамтиды жөне тіршілік әрекеті мен қүрылысын жалпы көтеруге өкеліп соғады. Ароморфоз арқылы бір үлкен топтың екіншіге эволюциялық ауысуы байқалады (мысалы, бір кластан немесе тиггген басқасына ауысуы).

Екіншіден, белгілі бір жөне шектелген ортаға байланысты бейімделулер де кездеседі. Олар басқа ортада тіршілік ете алмайды және прогрессивтік эволюцияның өрі қарайғы мүмкіндікгерін шектейді де идиоадаптация деп аталады (А.Н.Северцов). Кейде қозғалмай бекініп тіршілік ететін жануарларды, өсіресе паразиттерді бүл шектелген бейімделушіліктер регрессивті эволюцңяға өкеледі, яғни кейбір мүшелердің жойылып кетуіне (редукцияға) жөне бүкіл организмнің қүрылысын қарапайымдауға өкеліп соғады. Бірақ бүл жағдайлардағы бір мүшелердің регресі басқалардың прогрессивті дамуына жол береді, (бекіту мүшелері, жыныс жүйесі жөне т.б.).

Эволюция - негізінде монофилетикалық проңесс, яғни бір жалпы тамырдан дамиды. Ч.Дарвин (1859) көрсеткендей, организмдердің табиғи топтары (түр, туыс жөне т.б.) жалпы бағанадан дивергенция, яғни белгілердің ажырау жолымен дамыған, ал нашар бейімделген аралық формалар жойылып кеткен. Дивергентті дамудың нөтижесі - эволюциялық бүтақтардьщ бір-бірінен алшақтай беруі.

Бір түрдің ішіндегі эволюциялық процестің алғашк,ы кезеңінде ол жергілікті географиялық жөне эколо-гиялық формаларға бөлінеді де өрі қарайғы эволюциянын нөтижесінде белгілері онан сайын ажырап, түрлерге айналады. Түрлердің ішінде де сүрыптау, жіктеу мен дивергенция жүріп, олар енді туыстарға, туыстар тұқымдастарға және т.б. ажырайды. Бірақ дивергенция екі жаңа форманың ғана бөлінуімен шектелмейді, сол сияқты бірнеше және тіпті көптеген филогенетикалық бұтақтар-лі.щ бір мезгілде бөлініп кетуі де жиі байқалады. Сонымен қатар, дивергенция арқылы ажырасып кеткен туыс емес формалардың қүрылысында үқсастықтар жиі көрініс береді. Бүл үқсастық - белгілердің жақындасуы, яғни кшшергеңция, үқсас орта жағдайларына бейімділік ретінде даму.

З.Жануар организмі - барлык бөліктері мен мүшелері бір-бірімен байланысқан біртүтас организм. Эволюпия процесінде бір мүшенің қүрылысы мен функциясы (қызметі) өзгерсе, ол онымен физиологиялық, морфологиялық байланысқан басқа мүшелepде де коррелятивті өзгерістерге түқым қуалаушылық арқылы үшырайды. Корреляция заңын немесе мүшелердің арақатынасты дамуьш Ж.Кювье (1812) ашқан. Осы заңға сүйене отырып, қазбалы бүтін организмді бөлшектерден, мысалы, қаңқа бөлшегі бойынша қайта қалпына келтіруге болады.

Корреляциялы байланыстарға мысал келтірсек: буынаяқтылардын эволюция процесіндегі ең маңызды, прогрессивті өзгерістері мықты сыртқы кутикула қаңқасының пайда болуы. Бүл басқа көптеген мүшелерге өсерін тигізді; қатты сыртқы сауыттың астындағы түтас тері-бүлшықет капшығының қызметі бүзылып, жеке бүлшықет шоғырына бөлініп кетгі; дененің екінші кезектегі қуысы (целом) өзінің тірек қызметін жойды да, оның орнына шығу тегі басқа тасымалдаушы (трофикалық) қЫзметін атқаратын аралас дене қуысы (миксоцель) пайда болды; дененің өсуі түлеу арқылы жүзеге асатың болды. Бунакденелілердің тыныс алу мүшесі мен қан тамырларының арасыңда корреляция айқьщ байқалады. Оттегін керек жеріне апарып түратын кеңірдектер өте күшті дамыған кезде қан тамырларының қажеті болмайды да жойылып кетеді. Эволюция - қайталанбайтын процесс. Эволюцияның қайталанбас заңын Бельгия палеонтологы Долло (1893) ашқан. Егер бір мүше редукцияға үшырап жойыльш кетсе, ол қайтадан еш уақъпта пайда болмайды. Жоғалған мүшенің орнына соған үқсас қызмет атқаратын оның ізбасары пайда болуы мүмкін, бірақ ол мүлде басқа мүше жөне шығу тегі де бөлек.

Организмдердің эволюциясы әрқашан да бөліктср мен мүшелердің дифференциялануы (жіктелуі) арқылы жүзеге асады. Дифференциялану кезінде, алдымен организмнің біркелкі бөліктері біртіндеп бір-бірінен пішіні жөне өрекеті бойынша ажыратыла бастайды немесе өртүрлі қызметгі бөліктерге бөлінеді. Белгілі бір қызметгі атқаруға бейімделіп олар бүдан бүрын атқарып жүрген қызметін жойып, организмнің басқа бөліктеріне төуелді болады. Сонымен, дифференциялану өрқашанда организмді күрделендіріп қана қоймайды, сол сияқты бөліктерді бүтінге бағындырады - бір мезгілде организмді морфофизиологиялық бөлшектеумен қатар гармониялық бүтін жасау, яғни интеграция деп аталатын кері процесс жүріп жатады.

6. Жануарлар эволюциясында гомологиялық мүшелердің олигомерленуі (санньң азаюы) орын алады. (ВА. Догель, 1936,1954). Ол көпклеткалы жануарлардың барлық негізгі филогенетикалық бағанатарыньң эволюция кезеңінде жүзеге асады. Эволюция кезінде жануарлардың ірі топтары пайда болъш, қүрылысы үлкен өзгерістерге үшырап, жаңа мүшелер пайда болады. Жаңа мүшелердің пайда болуы олигомерлену қүбылысы эволюция мен филогения сүрақтарын шешуде өте маңызды. ӘртүрлІ мүшелердің жағдайларын таддау (санының көптігін сақтап қалуы немесе олигомерленуі) олардың ертеде немесс кейін пайда болғандығын анықтайды, ал өртүрлі жастағы мүтпелердің қосылуы арқылы жануардың осы тобының шыгу тегі туралы қорытынды жасалынады. Метаморфоз кезінде судың түбіне түскен дернәсілдің құйрығы, хордасы, бүлшықетгері жөне сезім мүшелері жоғалып кетеді, жүйке түтікшесІ кішкене жүйке түйіншегіне дейін жойылады, денесінін қүрсақ жағы үлкейіп, сифондар жасалынады және т.б., яғни қозғалмай тіршілік етуге байланысты қүрылыс ерекше-ліктері пайда болады. Пайда болған жас асцидияның басқа хордалы жануарлармен ешқандай ұқсастығы байқалмайды. Вұл мысал бойынша дернөсілдің өзінің қүрылысымен еркін жүзген ата-тегінің негізгі қүрылыс ерекшеліктерін рекаиитуляциялағандығын (қайталағандығьш) көруге болады. Осылай жануарлар патшалығы жүйесінде асцидияның табиғи орыны табылған.



Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Организмнің негізгі қасиеттері, міндеттері.

2 Адаптация табиғи сұрыпталуының нәтижесі..

3 Құрылым заңдылықтары.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.



  1. тақырып. Насеком жемділердің биологиясы

  1. Насеком жемділердің сипаттамасы.

  2. Насеком жемділердің биоилгиясы.

  3. Насеком жемділердің ерекшелігі.

Насеком жемділер бор дәуірінін, жоғарғы қабатынан белгілі. Ми сауыты кішірек, тістері нашар жіктелген. Шошақ тісінін, өзіндік формасы болумен катар ірі болады. Ми сыңарлары кіші, иректері болмайды. Түмсығы сүйір, қозғалғыш еріні болады. Көпшілігінің иіс шығаратын бездері болады. Кішкене жертесер және кішкентай ақ тісті деген түрлерінін, денесінің ұзындығы 4 см, яғни бүкіл сүт қоректілердің ең. кішкенесі болып саналады. Олар Австралия мен Оң-түстік Америкадан басқа жердін, барлығына тараған жануар-лар. Насеком жемділердін. 900-ге жуық түрлері белгілі және олар жер бетінде, жердің астыңғы қабатында, суда және орман-да тіршілік етеді.

Біздің фаунамызда үш тұқымдасы: көртышқандар, кірпілер және жертесерлер кездеседі. Жертесерлер түқымдасына бойы аласа және дене үзындығы шамалы ғана болатын жануарлар жатады. Олар сырт жағынан қарағанда тышқандарға ұқсайды және көбінесе шірік шөптесін тоғайлы жерлерді мекендейді. Бүлар арнаулы ін қазбайды, кемірушілердің бос індерін немесе ағаш тамырындағы қуыстарды паналайды. Жертесерлер насекомдармен, қүрттармен, кейде үсак тышқан тәрізділермен және қылқан

жапырақты өсімдіктердің дәнімен қоректенеді. Бүлар зиянды насекомдарды және олардьщ личинкаларын жеп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Бізде кездесетін түрлері: кәдімгі жертесер және су жертесері кутора. Көртышқандар түқымдасы жердің астыңғы қабатында немесе суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Мысалы, көртышқан топырақтьщ жоғарғы қабатын мекендейді. Оның барлық өмірі жер астында өтеді. Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана шығады. Қөртышқанның денесі әзінің тіршілік тәсіліне сәйкес өте жақсы бейімделген. Денесі конус тәрізді, мойыны сырт жағынан білінбейді.

Түгі қысқа, барқыт сияқты, тар іннін, ішінде ерсілі-қарсылы қозғалғанда кедергі келтірмейді. Ін қазатын органы күшті тырнағы болатын алдьңғы аяқтары. Аяғымен топырақты босатып, басымен, жонымен босаған топырақты сыртқа шығарады. Кейбір түрінің көзі сыртынан тері қатпармен жабылып түрады. Керісінше иіс және дәм сезу органдары жақсы жетілген. Сыртқы қүлақ қалқанының нұсқасы ғана болғанына қарамастан көртышқандар өте жақсы естиді. Көртышқандар жер астынан күрделі індер қазады. Олардын, барлығын бірдей ін есебінде пайдалану үшін қазбайды, көпші-лігі олардың топырақ астынан жемдерін іздеудін, нәтижесінде пайда болады. Қейде жер бетінде үйіліп жатқан кішкене-кішкене топырақты көреміз, ол көртышқандардың індерінен сыртқа шығарып тастаған топырактары. Көртышқандар жапырақты орманның қара шірікке бай то-пырақты жерлерін мекендейді. Олар насекомдардың личинкаларымен, қүрттармен қоректенеді. Көртышқандар жылына бір рет көбейеді. Баласының саны 2—8-ге дейін жетеді. Жылына үш рет түлейді.

Көртышқандарды әдемі терісі үшін аулайды. Бұлар зиянды насекомдарды қырып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Көртышқандар бізде орманды және ағашты далалы жерде кездеседі.

Жүпар тышқан. Дон, Еділ, Жайьи өзендерінде және кейбір баяу ағатын су қоймаларын мекендт тін, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар қоректіі затын судан алады. Моллюскалармен, насекомдармен және олардың личинкаларымен, өсімдіктермен және аздап балықтар мен де қоректенеді. Көбею мерзімі май айынан ноябрьге дейін созылады, бірақ жылына бір-ақ рет көбейеді. Бірден беске дейін бала туады. Індерге үялайды. Інінің аузы судың түбіне ашылады. Жұпар тышқанды бағалы терісі үшін аулайды. Қазір бүлар ды аулауға тыйым салынып, бүрынғы болған жерлерінде жаци облыстарда қолдан өсіріп, кебейгу шаралары жүргізіліп жатыр.

Кірпілер тұқымдасы денесі инелі түк термен қапталған, қауіп тенгенде жиырылып, домаланып қалатын өзіндік ерекшеліктері бар жануарлар. Олар орманды, далл лы және шөлді зоналарға тараған. Басқа насеком жемділердың ерекшелігі кірпілер қысқа қарай үзақ үйқыға кетеді. Негізінен насекомдармен, моллюскалармен, рептилилермен, кейде қүстардың жүмыртқаларымен және балапандарымен қоректенеді. Жалпы кірпілер пайдалы жануарлар болып табылады.
Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Насеком жемділердің систематикасы..

2 Насеком жемділердің экологиясы.

3 Басқа пәндермен байланысы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
4-5 тақырып Жыртқыштар отрядының биологиясы.

1. Жыртқыштардың жалпы сиапаттамасы.

2. Жыртқыштардың таралуы мен мекен жайы.

3. Жыртқыштардың көбеюі.

4. Шаруашылық маңызы.

Сүт қоректілердің азды-көпті болса да жануарлар тектес азықпен қоректенетін түрлері бар. Олардын, кепшілігі тамағын тірідей үстап жесе, кейде өлекселерді де пайдаланады, ал бір қатары өсімдік тектес азықпен де қоректенеді. Мысалы,мысық өсімдік тектес азықтарды өте аз пайдаланса, қоңыр аюлар мен күзендер көбірек пайдаланады.

Бүл отрядқа дене мөлшері әр түрлі болатын сүт қоректілер жатады. Бүлардың тістерінін, қүрылысы өз ара үқсас болады. Күрек тістері кішірек болады, керісінше шошақ тістері жақсы ңсетілген. Азу тістерінің үстіңгі жағы пышақ сияқты өткір больш келеді. Жоғарғы жағының соңғы жалған азу тісі мен төменгі жпгынын, бірінші нағыз азу тісі ерекше үлкен, әрі өткір болады, Бүл тісті жыртқыш тістері деп атайды. Бүғанасы кейбіреуінде рудимент түрінде болады, немесе тіпті болмайды да. Алдыңғы миы жетілген, үстінде иректері көп болады. Жыртқыштар Антрактикадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Үлкен практикалық маңызы бар.

Иттер тұқымдасы. Дене мөлшері орташа, аяғы үзын болатын жануарлар. Бүдардық барлығы да саусақтарымен басып, тез қозғалады, Қүйрығы әдетте жүндесінді және онын, үзйндығы кеудесінің үзындығындай болады. Жыртқыш тістері жақсы жетілген. Бүлар көбінесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Жануарларды андып жүріп үстап жейді. Бүлардың жабайы түрлері жылына бір рет көбейеді.

Тундра облысында тундра түлкісі кездеседі. Олардың көпшілігі қыста қардың түсіндей ақ түсті болады. Кейде бұдан баақа түстісі де кездеседі. Оны көгілдір түлкі деп атайды. Өйткені олардың түсі жыл бойы сұр-көгілдір түсті болады. Бұлар бізде Командор аралында ғана кездеседі. Олар негізінен леммингалармен қоректенеді. Қыста қорегі азайса, сол түстікке қарай ауысады. Олар інде он сегізге жуық күшік туады Қоректік азық қорының өзгеруіне және әр түрлі ауруларға ұшы рап, жыл сайын сан жағынан өзгеріп түрады. Осы туысқа жата тын түлкілердің кәсіптік маңызы зор.

Нағыз түлкі бұлар отанымызда тундрадан басқа жерінің барлығына дерлік тараған. Тіршілік еткен ортасына байланысты нағыз түлкілердің түсі, дене мөлшері, жүнінің маңыздылығы әр түрлі болып кездөседі. Солтүстік Сибирьдің түлкілерінің түсі ашығырақ, ірі, жүні қалыңырақ болса, ал керісінше Орта Азияның, Қазақстанның түлкілерінің түп ашықтау, ұсағырақ болады. Бұлда 4—8-дей күшік күшіктейді. Түлкілер көбінесе тышқан тәрізділермен, қүстармен және бас қа жануарлармен, кейде насекомдармен, өсімдік тектес азык тармен және өлекселермен де қоректенеді.

Түлкілердің терісі ете бағалы және кәсіптік маңызы өте зор. Қасқырлардың тундра түлкісінен және нағыл түлкілерден айырмашылығы олар әдетте ін қазбайды, бірақ таса жерлерге күшіктейді. Қасқыр мал шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді. Олар тышқан тәрізді кемірушілерді аз пайдаланады. Қасқы|) мен аяусыз күрес жүргізеді. Шие бөрі Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда кездеседі. Бұлар пайдалы жануар ларды жеп зиян келтіреді. Жанат тәрізді ит осы түқымдастың баска түрлерімен салыстырғанда, өзінше көп ерекшелігі бар және қысқы үйқыға жататын жырт кыштар больш саналады. Олар Кавказда, Орта Азияда және Сибирьде жерсіндірілген. Жанат тәрізді иттің отаны Қиыр Шығыстың оңтүстік облыстары.

Жанаттар тұқымдасы орташа болатын, қысқа табанды, ұзын ілмек кұйрығы бар жануарлар Жыртқыш тістері нашар жетілген. Солтүстік және оңтүстік Америкаға тараған, Гималайда бір ғана түрі тіршілік етеді. Шайқама жанат деген түрі Азербайжанда және Қырғызстанда жерсіндірілген. Шайқама жанат ағаштардың басына жақсы өрмелеп шығатын андар, бұлар ағаштардын қуысына індерін жасайды. Қысқы ұйқыға жатады. Әр түрлі заттармен қоректенеді. Олар тамағын алдымен суға шайқаи, одан кейін ғана жейді. Сондықтан да шайқама жанат деп атай ды. Мұның терісі ете құнды болады.

Аюлар тұқымдасы (ІІгзісіае) бұған ірі, құйрығы қыі қа, табанымен басып жүретін жыртқыштар жатады. Негізіінп олар солтүстік жарты шарға тараған. Бізде бұлардың үш түрі бар.

Ақ аю. Мұзды мұхит жағалауыи және оның аралдарын мекендейді. Олар тюленьдерді жеп тір-240

шілік етеді. Ақ аюлар қысқы ұйқыға жатпайды, бірақ буаз ке-аінде, яғни қыста ұрғашылары індерінде болады. Қоңыр аю Кавказдын., Орта Азияның таулы және ағашты далаларын мекендейді. Олар жануар тектес және көпшілік жерлерде өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Қыста қоректік эатынын, молдығына байланысты шала үйқыға кіріседі. Мыса-лы, Архангельск облысында олар ноябрьден апрель айына де-йін қысқы ұйқыда болса, ал оңтүстік Кавказда 1—1,5 айдай гана үйықтайды. Қоңыр аюлар қыста, інде күшіктейді.

Қара аю басқа аюлардан кішірек түсі қара, төсінде ақ теңбілі болады. Олар Азияның оңтүстік-шығысында, бізде Уссури елкесінде мекендейді. Бүлардьщ қоре-гінің негізі есімдік тектес азықтар болып есептеледі. Қара аюлар тіршілігін жартылай ағашта өткізетін аңдар, олар қыста үлкен теректердің қуысына еніп, қысқы ұйқыға кетеді.

Сусар түқымдасына үсақ және көлемі орташа келген табандарымен немесе жартылай табандарымен жүретін жыртқыштар жатады. Олардын, жыртқыш тістері айқын керініп түрады. Тіс формуласы түрліше, бірақ нағыз азу тістері болады. Арткы тесігінің маңына орналасқан сасық иіс шығаратын өте үлкен безі болады. Австралияда ғана қолдан жерсіндірілген, ал басқа жердің барлығында да кездеседі. Бізде мынандай түрлері бар:

1. Бұлғын Сибирь тайгасында кездеседі. Олар негізінен жер бетінде тіршілік етеді, қауіп төнгенде іапа ағаш басына шығып кетеді. Бүлғын үясын ағаштардың және тастардын, қуысына салады. Өсімдік және жануар тектес азықтармен қоректенеді. Әйткенмен қорегінің басым көпшілігі жануар тектес азықтар (тышқан тәрізді кемірушілер) болады. Жылына олар бір-ақ рет кәбейеді, баласын 230—280 күн көте-реді. Олардық үрықтары ете баяу жетіледі. Мүндай жағдай-ды — буаздықтың латентті фазасы деп атайды.

Бүлғын бағалы кәсіптік аң. Заповедниктер мен аңшылар шаруашылығы үйымдастырылды. Аң совхоздарында өсірілді.

2. Орман сусары—Европалық бөлігіне және Қавказдың ормандарына тараған. Бұлғынға қарағанда, сусар орманды жерлерде жиі кездеседі. Олар індерін тиініердің ескі үяларына салады.

3. Ұсак күзендердің бірнеше түрі және қара күзен жер бетінде тіршілік етіп, індерде ұялайды. Олар тышқан тәрізді кемірушілермеи қоректенеді. Буаз кезінде латентті фазасыз болмайды немесі фазасы өте қысқа болады. Сасық иіс шығаратын бездері өте жақсы жетілген, ол қорғаныш құралы болып саналады. Сом дықтан «сасық күзен» деп атайды. Жоғарыда көрсетілген түрлерінің кәсіптік маңызы өте үлкен.

Ақ күзен және ақкіс— бұлар сусар тұқымдасынын, ең ұсақ түрлері болып саналады. Бізде көп жерлерде тараған. Олар жерден ін қазып, ұя салады. Ақ күзен және ақкістер зиянды кемірушілерді қырып, паіі дасын тигізеді. Бұлардың терісі ете құнды, әсіресе ақ күзенніц терісі өте бағалы. Солтүстік облыстарда бұлардың екеуі дс қыста ақ түсті болады.

4. Борсық терең інде тіршілік етеді. Олардыц үлкендігі кіші-гірім иттей болады. Бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Жыртқыштардын, ішіндегі жануар тектес азықтарды көбірек жейтіндерінің бірі борсықтар болып саналады. Бұлардың қорегінің көпшілігі насекомдар, сүт коректілер, кейде амфибилер, қүстар, сонымен қатар өсімдік тектес азықтарды да жейді. Олар зиянды насекомдарды, кемірушілерді қырып, шаруашылыққа үлкен пайда келтіреді. Қыста ұйқыға жатады.

5. Өзен камшаты жартылай суда болатын аң. Ол өзеннің, көлдің және теңіздін, жағалауында тіршілік етеді. Судағы балықтармен, амфибилермен шаяндармен қоректенеді. Теңіз камшатын, немесе қаланды камшат кұндызы деп теріс атайды. Бұл түрі ірі, денесінің үзындығы (құйрығымен косқанда) 1,5 метр болады. Олар Тынық мүхиттың солтүстік теңіздерінде мекендейді, қорегінің негізі — теңіз кірпісі, моллюскалар, кейде балықтармен де коректенеді. Бұлар судың жағасына дем алуға және күшіктеуге ғана шығады. Олар-дың терісі өте күнды болатын, өте сирек кездесетін аңдар. Көбейту мақсатымен бізде камшаттарды аулауға тыйым салынған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет