Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен бір саласы. Тіліміздегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері де бір предикаттық қатынастың негізінде құрылса, құрмалас сөйлемдер ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде құрылады.
Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбектер, олардың мазмұны. А.Байтұрсынұлының құрмалас сөйлемдер құрылысын зерттеуге арналған еңбектері. С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлемдердің грамматикалық типтерін тануға арналған еңбегі. С.Аманжоловтың, С.сауранбаевтың қазақ тілі синтаксисін оның қатарында құрмалас сөйлемсинтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері.
Бақылау сұрақтары:
1. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оның қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет.
2. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты айырмашылығы.
3. Құрмалас сөйлемнің түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
16-дәріс. Салалас құрмалас сөйлем
Дәрістің мазмұны:
1.Салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2.Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.
3.Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлері.
4.Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жеке сөйлемдер бір-бірімен әр түрлі синтаксистік қарым-қатынаста болады. Бірде ондағы сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысса, енді бірде олар бір-біріне бағына құрмаласады. Осыған орай да құрмалас сөйлемнің жеке түрлері ажыратылады. Проф. Н.Т.Сауранбаев құрмаластың құрамындағы жеке сөйлемдерді әдеттегі жай сөйлемдерден ажырату үшін оларды синтаксистік компоненттер деп атаған.
Салалас сөйлемнің құрамындағы синтаксистік компоненттер өзара теңдік дәрежеде байланысады. Мұндай байланыс алғашқы синтаксистік компонент заңдылығына негізделеді. Бұл – заңдылық салалас құрмалас сөйлемнің басты грамматикалық көрсеткіші. Мұндайда жеке сөйлемдердің аралық байланысында сондай-ақ ұласпалы интонация да елеулі қызмет атқарады.
Салалас құрмалас сөйлем алғашқы компонент баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуымен ажыратылады. Бұл заңдылық олардағы синтаксистік компоненттердің сөйлемдік қасиетін сақтап тұруына да септігін тигізеді. Синтаксистік компоненттердің алғашқысының баяндауышытиянақты тұлғада аяқталуымен байланысты олардың өзара теңдестік дәрежеде келген түрін салалас құрмалас сөйлем дейді.
Салалас құрмаластың айырым белгілері жалпы құрмалас сөйлемге тән заңдылықтардың негізінен шығып жатады.
Салалас құрмаластың өзіне тән негізгі белгілері:
-
Салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерін байланысқа түсіретін баяндауыш сөздері тиянақты тұлғамен аяқталады. Мұндай “байланыстырғыш баяндауыш” салалас құрмаластың алғашқы компоненттерінен орын алады.
-
“Байланыстырғыш баяндауыштың” осылайша аяқталуына байланысты салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері тұлғалық жағынан бір-бірімен теңдестік дәрежеде жұмсалады.
-
Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыш пен баяндауыштары әр уақытта да жақ жалғауы арқылы өзара қиыса жұмсалады.
-
Салалас құрмалас сөйлем синтаксистік компоненттерінің аралығында интонациялық кідіріс айқын сезіліп, молынан сақталады. Салалассөйлемнің алғашқы компонентінің, соңғысындай, дауыс кідірісі жағынан созыңқылай айтылуы оның баяндауышының тиянақты тұлғада жұмсалуымен тығыз байланысты келеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2. Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлері.
4. Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
17-дәріс. Мезгілдес, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Дәрістің мазмұны:
1. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем
2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары алғашқы компонент баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуы.
Предикативтік бөліктерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, компоненттері тең дәрежеде байланысқа түскен құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалуында аналитикалық принцип айрықша мән атқарады. Салалас құрмаластың жеке компоненттері сондай-ақ әр мәндегі жалғаулықтар арқылы да байланысады. Осыған орай салалас құрмаластар жалғаулықсыз салалас және жалғаулықты салалас деп ажыратылады.
Салалас құрмалас сөйлемдердің өзара іштей жіктелу түрі олардың жасалу жолдары мен ондағы синтаксистік компоненттердің өзаралық мағыналық қарым-қатынастарына негізделеді. Өйткені салалас құрмаластың синтаксистің компоненттері бір бүтіннің қарамағына түсу үшін олар бір-бірімен әр түрлі мағыналық қарым-қатынастарда болып отырады.
Салаластың ыңғайлас салалас түрі компоненттеріндегі ой іс-әрекетінің жүзеге асу, орындалу кезеңдерімен, мезгілмен тығыз байланысты болып келеді. Бір ыңғайда предикативтік бөліктің біріндегі қимыл әрекет бұрынырақ орындалып, екіншісіндегі одан сәл де болса кейін, іле-шала орындалуы мүмкін.
Қандай сөйлемде материалдық қабықсыз болмайды. Соның себеп-салдарын жеткізу сөйлеу арқылы іске асады. Қажеттілікті білдіретіндей сөйлемдер жалғаулықсыз да, жалғаулық арқылы да байланысқа түседі.
Себеп-салдар мәнді салалас сөйлемдердің құраушы компоненттері тиянақты болады да, олар бір істің бастамасына негіз болса, екіншісі соның аяқталуына байланысты нәтиже салдарға құрылады және керсінше болмақ. Өйткені салдарлы сөйлем себепті сөйлемнен бұрын да тұратыны болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем
2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
18-дәріс. Қарсылықты, шартты салалас құрмалас сөйлем
Дәрістің мазмұны:
1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
2. Шартты салалас құрмалас сөйлем
Тіліміздегі шартты салалас сөйлем соңғы кездерге дейін еленбей келді. 30 жылдары проф. Қ.Жұбанов көрсеткен еді: шарт-жағдай салалас. Шарттылық мәндегі сөйлемдер құрмаластың қай түрінде болса да кездесе береді, Салалас құрмаласта оның өзіне тән арнаулы жолдары болады. Шартты салалас сөйлемдерде компоненттердегі оқиға мазмұны бір-біріне шарттастық мәнде құрылады. Жасалуы жағынан олар әрі жалғаулық арқылы, әрі жалғаулықсыз да келе береді. Мағыналық көрінісі жағынан жалғаулықсыз түрінің жалғаулықты шартты салаластан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек мұнда компоненттер арасында ешқандай жалғаулық қолданылмайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
2. Шартты салалас құрмалас сөйлем
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
19-дәріс. Кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлем.
Дәрістің мазмұны:
1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
2.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас сөйлем туралы ең алғаш сөз қозғаған проф. С.Аманжолов. Құрамындағы жай сөйлемдердің білдіретін қимылы алмасып отырады. Кезектес салаластардың мағынасында мезгілдік қатынас та бар сияқты. Бірақ мұндағы мағына сөйлемде амал әрекеттің өту мезгілін білдірмейді, керісінше сол әрекеттің кезек-кезек өзара ауысып келетінін көрсетеді. Кезектес салаластардың тек қана жалғаулықты болатыны айтылып жүр. Жай сөйлемдердің арасы жалғаулықты. Кезектес салалас сөйлемдердегі компоненттердің арасын байланыстыратын кейде, бірде, біресе жалғаулықтары осындай қызметті атқару үшін сол жалғаулық әрбір әрбір компоненттің құрамында қайталануы керек. Алайда осы шарт үнемі бола бермейді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің ерекшеліктерінің бірі – компоненттердің интонациялық тұтастығы. Егер жалғаулықты салалас сөйлемдердегі предикативтік бөліктердің дербестігі айқын сезіліп тұрса, жалғаулықсыз салалас сөйлемде ондай дербестіктен гөрі интонациялық тығыздық, байланыс басым болады.
Талғау мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеріндегі оқиғалардың орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады. Осыған орай да бұларда хабарланған іс-әрекеттердің екеуінде бірдей орындалмай, тек біреуінде ғана жүзеге асатындығы көзделеді. Салалас сөйлемнің бұл түрінің талғаулы деп аталуының себебі де осындай заңдылықтың негізінен шығып жатады. Талғаулы салаластың бұдан бұрын талданған салалас сөйлемдерден өзіндік айырмашылығы бар. Ол айырмашылық – талғаулы салалас сөйлем тек қана жалғаулықтар арқылы жасалады. Мұның жалғаулықсыз түрі болмайды.
Талғаулы салалас сөйлемді алғашқыда А.Байтұрсынов айырыңқы деп атаса, кейіннен проф. С.Аманжолов бейтарап деп саралаған болатын. Талғау мәндегі салалас сөйлемдердіжасауға қатынасатын жалғаулықтар – не, немесе, я, яки, я болмаса, әлде, мейлі, құй.
Талғаулы салалас сөйлемдерде оқиға, әрекеттердің орындалу барысы жағынан екінің бірі ғана болып отырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
2.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
20-дәріс. Түсіндірмелі, салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем
Дәрістің мазмұны:
1. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
2. Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің түсіндірмелі түрінде бірінші предикативтік бөлікте жалпылай айтылған ой екінші предикативтік бөлікте нақтыланып, дараланып, айқындалып тұрады. Түсіндірмелі салаластың бір компонентінде баяндауыш та жалпы айтылып, келесі компоненттерде нақтыланады. Түсіндірмелі салалас сөйлем, бір жағынан, сөйлемнің қай мүшесі болсын жалпылық ұғым береді де, екінші жағынан, соны дәлдей, тарамдай түсетін ұғым береді.
Салалас сөйлемнің салыстырмалы түрі қазақ тіл білімінде соңғы жылдары саралана бастады. Алайда тіліміздің табиғатында осындай мәндес сөйлемдер бұрынннан да бар. Олар көбінесе мақал-мәтелді сөйлемдердің заңдылықтарынан шығып жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
2. Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
21-дәріс. Көп компонентті салалс құрмалас сөйлем
Дәрістің мазмұны:
1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері,
түрлері, қызметі.
3. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер жөніндегі теориялық зерттеулер
Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылымын да көп бағыныңқылы, көп басыңқылы деп атап жүрген құрылымдар жиі кездеседі. Ондай сөйлемдер көп комполнентті құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр. Өйткені бір сөйлемнің ішінде ондаған жай сөйлем болып келе береді. Кейде бұлар бірыңғай салалас сөйлемдерден тұрса, көпшілік жағдайда салаласа, сабақтаса байланысқан өзара әр түрлі мағыналық қатынастағы жеке компоненттердің жиынтығынан болады да, олардың тұтас сөйлемді мағыналық жағынан сабақтас бағыныңқылы құрмаластардың қай түріне жататынын айыру мүмкін емес. Сондықтан бұларды көп компонентті құрмалас сөйлем деп атаған жөн.
Құрамындағы предикативтік бөліктердің саны жағынан салалас сөйлемдер әр алуан болып отырады. Екінші сөзбен айтқанда, салаластың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт және одан да асып кетуі мүмкін.
Көп компонентті салалас сөйлемдерде хабарланған ойдың мазмұны толығырақ ашыла түседі, кейбір жайлардың мазмұн көрінісі саралана жіктеліп, талдана жинақталу сипаты орын алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері,
түрлері, қызметі.
3. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер жөніндегі теориялық зерттеулер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
22-дәріс. Сабақтас құрмалас сөйлем
Дәрістің мазмұны:
1.Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.
3.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
4.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің теориялық мәселелері, оларды зерттеуге арналған негізгі еңбектер.
Құрмалас сөйлемнің дәстүрлік немесе логика-грамматикалық принцип бойынша таптастырылатын екінші түрі – сабақтас сөйлем. Егер салалас сөйлемде оның құрамына енетін компоненттер баяндауыш орындағы сөздердің тұлғалық жағынан тиянақтылығымен аяқталып отырса, сабақтас сөйлемнің, әсіресе, бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді. Осыған байланысты ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің предикативтік бөліктерінің белгілі дәрежеде ой дербестігі болуы – құрмалас сөйлемнің бұл түрінің тағы да бір ерекшелігі. Демек, әр компоненттің өзінше сөздердің байланысынан құралған мазмұны, соған сай айтылған ойы болады. Бірақ бағыныңқы сыңарда берілген ой тікелей қатысы бар келесі бір ойды қажет етіп тұрады. Осыдан келіпбасыңқы сыңарлардың бірігуінен тиянақты мағына мазмұнға ие болады да, ол конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады. Осыдан келіпбасыңқы сыңарлардың бірігуінен тиянақты мағына мазмұнға ие болады да, ол конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.
Сабақтас сөйлем де өзіне тән айырым белгілері арқылц құрмаластың басқа түрлерінен ажыратыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі айырым белгілері:
-
Сабақтас құрмалассөйлемнің синтаксистік компоненттері бір-біріне тұлғалық, мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді.
-
Мұндай тәуелділік, негізінен алғанда, алғашқы сөйлем байланыстырғыш баяндауышының тиянақсыз тұлғада аяқталуынан шығады. Осы арқылы соңғы сөйлеммен тығыз байланысқа түседі.
-
Осыдан келіп сабақтас құрмалас өз құрлысы жағынан бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерден тұрады.
-
Бағыныңқы сөйлемнің байланыстырғыш амалы ретінде етістіктің шартты рай тұлғасы, есімше, көсемше формалары және есімшемен тіркесетін түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер жұмсалады.
-
Сабақтас құрмаластағы ұласпалы байланыстырғыш интонация салаластағыдай емес, өте әлсіз, солғын болады.
Егерде салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір-бірімен теңдестік дәрежеде байланысса, сабақтас құрмаласта – керісінше, олар өзара теңдестік емес дәрежеде, тәуелділік сипатта құрмаласады. Бұл – сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік бетін айқындайтын басты көрсеткіш.
Сабақтас құрмаластағы тәуелділік сипат оның бағыныңқы компонентінен орын алады. Өйткені байланыстырғыш баяндауыш осы компоненттің бойынан шығады да, ол тиянақсыз қалыпқа түседі.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауда ұйымдастырушы орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептеледі. Осы баяндауыш өзінің түрлі формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалатын болады. Бұған қатысты басқа да жолдар осы бағыныңқы баяндауышышың негізінен өрбіп отырады.
Бағыныңқы компненттің баяндауышы етістік сөздермен беріледі. Алайда қандай етістік сөздері бағыныңқының баяндауышы ретінде жұмсалады деген мәселеде түркологияда тиянақталған пікір жоқ. Өйткені кейбір ғалымдар сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің шартты рай тұлғасы қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы бұлардың дәлелі – сабақтас құрмалас сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен әр уақытта да жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы қажет.
Бақылау сұрақтары:
1.Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.
3.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
4.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің теориялық мәселелері, оларды зерттеуге арналған негізгі еңбектер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
23-дәріс. Мезгіл бағыныңқылы және мезгілдес сабақтас сөйлем
Дәрістің мазмұны:
1.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2.Мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.
Бір сөйлемдердің бағыныңқы және басыңқы компоненттеріндегі хабарланған оқиғаның орындалу барысы бір мезгіл шеңберінде өтіп жатса, енді біреулерінде әр мезгіл шеңберінде орындалатын болады, яғни бағыныңқыдағы істен бұрын басыңқыдағы амал орындалып жатады, не болмаса керісінше болады.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың алғашқы коипонентінің баяндауышының жасалу жолдары көп. Грамматикалық көрсеткіштердің бір тобы іс-әрекеттің қашан болатындығын танытса, үшінші жағдайда сондай оқиғаның қай уақытта болғанын білдіреді.
Сабақтас сөйлем бойындағы мезгілдік мәнді басшылыққа ала отырып, мезгіл бағыныңқыларды жалпы түрде екі үлкен салаға жіктеледі: бір мезгілдес сабақтас және әр мезгілдес сабақтас сөйлем.
Сабақтастың себеп бағыныңқылы түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп шығады. Осыдан келіп себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің өзі себеп пен салдардың өзаралық тығыз қарым-қатынасы негізінде туындайтын болады.
Себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары әр түрлі жолмен жасалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2. Мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
24-дәріс. Қарсы бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Дәрістің мазмұны:
1.Қарсы бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.
Түркологиялық ілімде басқаларына қарағанда бағыныңқылардың ең бір орныққан түрі шартты және қарсылықты бағыныңқылар деп танылады. Осыдан болу керек, кейбір тіл мамандары бұларды нақты бағыныңқылар деп атайды.
Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің туындауы бағыныңқы коипонент баяндауышының берілу жолдарымен де тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен грамматикалық тұлалардың осылайша өзара үйлесе жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде хабарланған оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы қойылады. Осыдан барып олардағы іс-әрекеттердің орындалуы бірінде теріске шығарылады. Осындай заңдылығымен де ол басқа бағыныңқылардан ерекшелене алады. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің мазмұн желісі жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойыла айтылуы негізінде жасалады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердегі орын алатын әр түрлі мағыналық көріністіескере отырып, оларды жалпы екі түрге бөліп қарастыруға болады: реалды қарсылықты бағыныңқылы және ирреалды қарсылықты бағыныңқылы.
Бақылау сұрақтары:
1. Қарсы бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
25-дәріс. Түсіндірмелі және салыстырмалы сабақтас сөйлем.
Дәрістің мазмұны:
1. Түсіндірмелі сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2. Салыстырмалы сабақтас құрмалас
Бұдан бұрын талдаған сабақтас сөйлемнің түрлерінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған оқиғаның мазмұн желісін әр түрлі жақтан айқындап, толықтап тұрады. Осыған орай да басыңқы сөйлемнің мазмұны әр қырынан бағыныңқы компонент арқылы ашылып отырады. Ал түсіндірмелі сабақтаста мұндай мағыналық көрініс керісінше болады. Мұнда айқындаушы, түсіндіруші қызмет қызмет басыңқының үлесіне тиеді.
Түсіндірмелі сабақтас сөйлемнің өзге бағыныңқылардан осындай айырмашылығы бола тұра мұндағы синтаксистік компоненттерлің аралық қарым-қатынасы тұлғалық және мағыналық жақтарынан бір-біріне тәуелді болып тұрады.
Түсіндірмелі сабақтас сөйлем етістіктің шартты рай тұлғасы арқылы жасалады. Екі жақ компоненттердің баяндауыштары осы шақтық мезгілдік ұғымда тұрады.
Салыстырмалы сабақтас сөйлемде бағыныңқы коипонент басыңқыда хабарланған қимыл-әрекетті әр түрлі мағыналық жақтан айқындап, толықтап жатпайды. Әр синтаксистік компонент мағыналық жақтан жеке дербестігін сақтайды, тек байланысу амалы жағынын ғана бағыныңқының баяндауышы тиянақсыз қалыпта болады. Компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы бір-бірімен салыстырыла айтылады.
Сөйлем бойындағы салыстырмалық мән ондағы жеке сөздердің қолданысы не болмаса оқиғалар барысының өзара үйлесе, жұптаса айтылуы негізінде жүзеге асатын болады. Салыстырмалық мән бір-бірімен өзара тең түсіп жатса, енді бірде тең түспей әр түрлі ыңғайда жұмсалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Түсіндірмелі сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2. Салыстырмалы сабақтас құрмалас
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
26-дәріс. Мақсат бағыныңқылы және амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Дәрістің мазмұны:
1.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2.Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.
Бағыныңқы компонент басыңқы компонентте жүзеге асып жатқан немесе жүзеге асатын іс-әрекеттің амалын, тәсілін білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем болып табылады. Амал бағыныңқылы сабақтастың алдыңғы предикативтік бөлігі қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап береді.
Мұндай бағыныңқылардың жасалу түрлері оншалықты көп емес. Негізінен, оның бір-екі түрі бар деуге болады.
Біірнші жағдайда бағыныңқының баяндауышы етістіктің көсемше түріне аяқталады. Енді бір реттерде бағыныңқының баяндауышы дай, дей, тай, тей жұрнақтарына аяқталады.
Амал бағыныңқы сөйлемдер синтетикалық тәсіл арқылы жасалады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінде бағыныңқы компонент басыңқы компонентте айтылатын оқиғаның, қимыл-әрекеттің болу немесе болмау мақсатын білдіреді.
Мақсат бағыныңқылы саақтастың алдыңғы компонентінің баяндауышының жасалу жолдары түрлі-түрлі болып келеді. у немесе болмау мақсатын білдіреді.
Мақсат бағыныңқылы саақтастың алдыңғы компонентінің баяндауышының жасалу жолдары түрлі-түрлі болып келеді.
Мақсат бағыныңқылы сабақтастың синтаксистік компоненттерінде өзіндік арнайы грамматикалық бастауыштары болуы қажет. Бұлай болмаған күнде ол сабақтас құрмалас болып танылмай жай сөйлемнің күрделенген түрін құрайтын болады. Мақсат бағыныңқының бір компоненті кейде жақсыз сөйлем ретінде де келіп отырады. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер негізінен аналитика-синтетикалық тәсілдер арқылы жасалады.
Бақылау сұрақтары:
1.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары;
2.Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
27-дәріс. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Дәрістің мазмұны:
1. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.
Сабақтас құрмалас сөйлем тек екі предикативтік бөліктен ғана, демек, бір ғана бағыныңқы компонент пен бір ғана басыңқы компоненттен құрала бермейді. Кей жағдайда сабақтастың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт, одан да көп болуы әбден мүмкін. Бағыныңқы компоненттің саны қанша болса да, басыңқы компонент әрдайым біреу ғана болып отырады. Бір басыңқыға қатысты бірнеше бағыныңқыдан тұратын сабақтас құрмалас сөйлем көп бағыныңқылы сабақтас делінеді.
Көп бағыныңқылы сабақтас мазмұны жағынан да құрылымдық жағынан әр түрлі болып келеді. Құрылымына қарай көп бағыныңқылы сабақта жарыспалы бағыныңқылы және сатылы басыңқылы деген екі түрге жіктеледі.
Көп бағыныңқылының жарыспалы бағыныңқылы түрінде әрбір бағыныңқы сөйлемді жекелей бөліп айтқан да басыңқысымен бірден тікелей байланыса алады. Бірнеше бағыныңқылардың сөйлемді аяқтаушы басыңқы компонентке бағынуы өзара бірыңғай теңдестік дәрежеде болады. Бұл ретте бағыныңқы сөйлем баяндауыштары бірыңғай бір тұлғада, не болмаса әр түрлі тұлғада да тұра беруі мүмкін.
Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемде әрбір жеке бағыныңқы сөйлем өз бетімен тікелей де тура басыңқы компонентпен байланыса алмайды. Басыңқымен мағыналық байланыстың болуы үшін алдыңғы бағыныңқы сөйлемдер бір-бірімен өзара сатылай жалғасуы қажет. Бұлай болмаған күнде бағыныңқылардың өзара үйлесе айтылуы жүзеге аспай қалады. Бағыныңқы сөйлемнің ең соңғысы өзінен бұрынғыларды мәндік үйлесіммен жетектеп, бір жерге шоғырландырадлы да, оларды өзі арқылы басыңқымен тығыз мағыналық қарым-қатынасқа түсіреді. Сондықтан да осылайша сатылай байланысу түрінде ең соңғы бағыныңқы компонент бірден-бір шешуші рөл атқарады.
Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлемдердің өз басыңқысынан бұрын орналасуы – түркі тілдерінің табиғатына тән құбылыс. Солай бола тұрса да айтушы адамның көзқарасы, мақсат, тілегі не нәрсеге боса назар аударуына байланысты кейде бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі алмасып отырады. Осындай заңдылыққа сай олар сөйлемнің бас шенінде ғана жұмсалып қоймай, басыңқы компоненттің аралығына түсіпте, не болмас одан кейін де қолданылып қалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
28-дәріс. Аралас құрмалас сөйлем.
Дәрістің мазмұны:
1. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.
Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем түрін аралас құрмалас сөйлем дейді. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымынан біраз жайды байқауға болады. Біріншіден, оның құрамында үл компонент болса, бір ғана сабақтаса және бір ғана салаласа байланысу тәсілдері болады, ал компоненттердің саны одан көбірек болса, не салаласа байланысу, не сабақтаса байланысу көбейе түседі. Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса байланысу болсын, салаласа байланысу болсын, қай-қайсысы да әдеттегі дәстүрлі түрлерін сақтайды. Салалас сөйлемде болатындай, мұнда да салаласқан компоненттердің жалғаулықсыз да, жалдғаулықты да байланысулары, сондай-ақ әдеттегі сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердің арасында болатыны сияқты, бағыныңқының баяндауыш тұлғалары да тиісті қосымшаларға аяқталып отырады. Үшіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас, қатып қалған заңдылық жоқ. Компоненттердің бірнешеуі міндетті түрде тек қана салаласып барып, содан соң тек қана сабақтасуға ауысу немесе керісінше, сондай-ақ міндетті түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы дегендей қатаң тәртіп жоқ. Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу мүмкіндігіне сай, байланысу тәсілдері бірыңғай да, араласа да келе береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
29-дәріс. Күрделі синтаксистік тұтастық.
Дәрістің мазмұны:
1. Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.
Күрделі синтаксистік тұтастық туралы Р.Сыздықова: «Бұл категория қазақ тілі білімінде әлі күнге дейін жан-жақты сөз болмай келеді. Оның белгілері, табиғаты, тұтастыққа енген компоненттердің бірігу амалдар деген тәрізді жайыттар зерттелген емес. Сондықтан бұған тіл мамандығының назарын аударамыз» деп, бұл мәселені санау 1970 жылы алға тартса да, бұл мәселе соңғы жылдары ғана зерттеу объектісіне айнала бастады. Ең басты единицалардың бірі ретінде сөйлемге біршама нақты анықтама беріліп, қызметі тиянақталған. Х.Қ.Арғынов сөйлемге «тиянақты ойды білдіретін бір я бірнеше сөздің тіркесі» - деп ең қысқа тұжырым жасаса, А.Байтұрсынов: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой» - деп анықтаған. Ең толымды әрі тұжырымды анықтама «қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» берілген: «сөйлем дегеніміз – хабарлаудың дербес синтакистік единицасы, оның мағынасы предикативтілік, формасы – синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін арнайы грамматикалық тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық үлгі». Қ.Аханов та осы анықтаманы қолдайды. Ш.Балли: «Сөйлем – ойды хабарлаудың ең қарапайым мүмкін формасы» деп қорытқан.
Тілдік ұғым реінде «айтылыс» нақты анықталмаған, және көбінесе мүлде әртүрлі бағытта түсіндіріледі. Бұл өзі сөйлеу синтаксисінің кең көлемді единицасы. Айтылыстың коммуникативтік бағыттылығы – оның ситуациямен байланысында.
Айтылыс – қатынастың реалды единицасы ретінде тіл мен сөйлеудің бірлігін көрсетеді: Ю.В.Ванников тілдік материалды талдағанда сөйлем мен фразадан бөлек ерекше единица айқындалады деп тауып, оны шартты түрде «айтылыс» (высказывания) деп атып, төмендегіше анықтама беріледі: «Жалпы түрінде айтылыс дегеніміз сөйлеу тізбегінің бір бөлігі, ол бір сөйлем құрайтын бір немесе бірнеше фразадан тұрады» .
Жазушының стилiн анықтауда күрделi синтаксистiк тұтастықтардың, олардың түрлерi мен байланысу тәсiлдерiнiң де өзiндiк орны бар. Себебi күрделi синтаксистiк тұтастықтар шығармада әр түрлi стильдiк қызмет те атқаруы мүмкiн. Күрделi синтаксистiк тұтастықта автор ой жүйесiмен қатар оның әр түрлi экспрессивтiк-эмоциялық, модальдiк реңктерi де берiледi.
Әуелде ауыр қылмыстыларға кешiрiм жасауды жоспарламаған Ораз Мұхамед зынданның жеке бөлiктерiн аралау үстiнде жазалы жұрттың ешқайсысын да кеңшiлiктен қақпады.Бәрi де жазалы емес, жапалы көрiнген. Жапалы емес, жалалы.
Берiлген мысалда күрделi синтаксистiк тұтастық тiзбектi байланысқа құрылған. Бiрiншi сөйлемдегi бiр сөз екiншi сөйлемде, екiншi сөйлемнiң бiр сөзi үшiншi сөйлемде қайталанып келiп отырады. Сол арқылы жазушы кейіпкерлер басындағы күйді мейлінше тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін күшейте түседі.
Күрделi синтаксистiк тұтастықтар кейiпкер портретiн жасауда ерекше қызмет атқаруы мүмкін.
Қырынан қарағанда қыз әп-әдемi болып көрiнедi екен.Тайқылау бiткен тар маңдайы да, артық-ауыс жерлерi қырналып, қажеттi қалыпқа түсiрiлген қою қара қасы да ұнасымды.Екi танауы делдиiңкi, келiссiз мұрны да қырлана қалғандай. Жалпақ, доғал иегi де қайтадан қашалғандай мүсiндi.Тал бойына жараспай тұрған мүше – астыңғы ернi iсiңкi, Үстiңгi ернi түрiк бiткен үлкен ауыз ғана. Әйткенмен, Әлия дәл осы сәтте маған әжептәуiр оңды қыз тәрiздi көрiндi(М.М.).
«Көркем шығарма құрылымында күрделі синтаксистік тұтастықтар бір оқиғадан екінші оқиғаға, бір баяндау планынан басқасына өтуді ұйымдастырып отырады, сөйтіп шығарманың жалпы сюжеттік өрбуін ұйымдастырумен қатар, баяндаудың әр түрлі рең құбылыстары бір-бірімен ауыстырып отыратын стильдік амал ретінде пайдаланылады. Күрделі синтаксистік тұтастық арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық көңіл-күйі ашылады. Белгілі бір оқиға тарамдай бяндалады, кейіпкердің портреті жасалады. Ондайда күрделі синтаксистік тұтастықтар оқиғаның. Автор ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі экспрессивтік-эмоциялық қырларын, модальдік реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді».
Күрделі синтаксистік тұтастықтар өзіндік құрылымы және берілу тәсілі арқылы әр түрлі стильдік қызмет атқара алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
30-дәріс. Бөгде сөз және оның тыныс белгілері.
Дәрістің мазмұны:
1. Бөгде сөздің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Бөгде сөздің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі, тыныс белгілері.
Синтаксистік форма дегеніміз белгілі синтаксистік единицаларды қалыптастыратын, құрайтын амалдардың көрінісі.
Кейбір еңбектерде түбір күйіндегі сөздерді де синтаксистік форма ретінде қарайтыны бар. Бұған олар мынандай дәлел келтіреді. Сөз өзінің лексикалық, морфологиялық сипатына қарай белгілі синтаксистік жұмсалысқа бейім тұрады. Сын есім негізінен анықтауыш, баяндауыш қызметіне бейім, үстеу пысықтауыш қызметіне бейім, т. т. Сөз тек лексикалық единица емес, ол грамматикалық та единица. Осы грамматикалық сипатының бір қыры олардың қандай синтаксистік қызметке бейім болуынан көрінеді. Сондықтан да сөздердің өз бойында синтаксистік форма боларлық сапа бар дейміз. Синтаксистік форма негізінен морфологиялық тұлғаларға , формаларға сүйеніп құралады. Мысалы, сөздердің тіркесуі көбіне зат есімдердің септік жалғауларына сүйенеді, баяндауыштың формалары етістіктің шақ, жақ тұлғаларына негізделеді: бардым, бардық. Бірақ синтаксис аясында құралатын формалар сөздердің өзіне тән морфологиялық тұлғаларға ғана сүйеніп құралып қоймайды. Синтаксис морфологиялық тұлғаларды өздігінше жұмсап, тек синтаксиске ғана тән формалар құрайтыны көп.
Бақылау сұрақтары:
1. Бөгде сөздің грамматикалық, семантикалық сипаты.
2. Бөгде сөздің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі, тыныс белгілері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.
6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар синтаксистің өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлеледеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз.
1-семинар. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Сабақтың мазмұны:
1. Тұрлаулы мүшелердің ерекшеліктері;
2. Бастауыш, оның жасалу жолдары;
3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары.
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы жалпы түсінік беру.
олардың ерекшелігін ажырату деңгейін бақылау.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрлаулы мүшелердің ерекшеліктері;
2. Бастауыш, оның жасалу жолдары;
3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары.
Әдістемелік нұсқаулық: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса синтаксистің теориялық сипаттамасын толықтырып жазғызу. Тұрлаулы мүшелерге қатысты лингвист ғалымдардың көзқарастарын сараптау. Өзіндік ой-тұжырымын айтқызу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.
2. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993.
3. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
4. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
5. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
6. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
2-семинар. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш.
Сабақтың мазмұны:
-
Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.
2. Тұлғалық және мағыналық белгілері.
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің белгілерін, сұрақтарын меңгерту. Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру және оның негізгі заңдары қарастыратын мәселелерін ажырату, меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
-
Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.
2. Тұлғалық және мағыналық белгілері.
Әдістемелік нұсқаулық: Тұрлаусыз мүшелер туралы әр түрлі пікір таластарды жіктеп, оң және теріс түрлерін ажыратқызу. Әр тұрлаусыз мүшелерге қатысты ойларын мысалдар арқылы дәлеледету. Тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттерді пайдалана отырып ғалымдардың негізгі теорияларын сараптау және салыстырмалы түрде талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
3-семинар. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
Сабақтың мазмұны:
1 . Хабарлы сөйлемдер
2. Сұраулы сөйлемдер;
3. Лепті сөйлемдер.
4. Бұйрықты сөйлемдер
Сабақтың мақсаты: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін меңгерту, оның стильдік қызметі туралы білімдерін тиянақтау.
Бақылау сұрақтары:
1 . Хабарлы сөйлемдер
2. Сұраулы сөйлемдер;
3. Лепті сөйлемдер.
4. Бұйрықты сөйлемдер
Әдістемелік нұсқаулық: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерінің айырмашылықтарын ашқызу. Олардың өзіндік сипаттарын, қасиеттерін талдату.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4-семинар. Күрделенген жай сөйлемдер.
Сабақтың мазмұны:
1. Күрделенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер;
2. Күрделенген жай сөйлемдердің зерттелуі;
Сабақтың мақсаты: Күрделенген жай сөйлемдердің сипаттарын меңгерту Бақылау сұрақтары:
1. Күрделенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер;
2. Күрделенген жай сөйлемдердің зерттелуі;
Әдістемелік нұсқаулық: Күрделенген жай сөйлемдер туралы түсініктерді бекіту. Жай сөйлемдердің күрделену жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуін қарастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
5-семинар. Мезгілдес, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мазмұны:
1. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем
2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Мезгілдес, себептес салалас жөнінде мәлімет беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем
2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Әдістемелік нұсқаулық: Мезгілдес, себептес салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1994.
3. Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1956.
4. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
6-семинар. Қарсылықты, шартты салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мазмұны:
1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
2. Шартты салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Қарсылықты, шартты салалас жөнінде мәлімет беру, олардың жасалу жолдары.
Бақылау сұрақтары:
1. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
2. Шартты салалас құрмалас сөйлем
Әдістемелік нұсқаулық: Қарсылықты, шартты салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу, талдау жасату арқылы көз жеткізу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979.
7- семинар. Кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мазмұны:
1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
2. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Кезектес, талғаулы салалас жөнінде мәлімет беру. Олардың мағыналық ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
2. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Әдістемелік нұсқаулық: Кезектес, талғаулы салалас құрмаластардың жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |