ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдары семей


Дәнді дақылдардың сары таты



бет3/3
Дата29.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#166490
1   2   3

Дәнді дақылдардың сары таты


Қоздырғышы Puccinia striiformis Westend. Бидайменарпанызалалдайды.

Аралықиесібелгісіз.Бұлсаңырауқұлаққоңыржайтемпературадажақсыдамиды.Аурукөбінесеурединиялардантұратынақшылқызғылт, сарынемеселимон-сарытүстіжолақтарменкесінділертүріндебілінеді.Ауруқаттыдамығандажапыраққынабы, сабақпенмасақ (жоғарғыгүлқабыршағы, дән, масақөзегі) зақымданады.Қоздырғышкүздікдақылдардақыстайдыжәнеаурусодантаралады



Тәжді тат. Қоздырғышы Puccinia coronifera Kleb саңырауқұлағы. Сұлыны, қара сұлыны және арпабасты залалдайды.

 Аралық қожасы – итшомырт (крушина слабительная). Қолайлы жағдайларда (жауын-шашын, шық, 18 – 210 С температура) өсімдіктің жапырағы мен жапырақ қынабында масақтану кезеңінен бастап қызғылт сары урединиялар пайда болады.Эпидермистің астында жылтыр, қара телиоспоралардың дөңгелек, ромб пішінді  жиынтығы  ішінде урединоспоралары бар пустулаларды айнала орналасқан. Эпидермис жыртылған кезде  олар оңай шашылады.

 


5 Зертханалық сабақ. Тақырыбы: Фитапатогенді бактериалардың диагностика әдістері

6 Зертханалық сабақ. Тақырыбы: Вирустардың диагностикасы



Ұзақ жылдар бойына вирустар шамасы көзбен бағдарланды. Ғалымдаркеле-келе вирустарды мөлшері бұрыннан белгілі саңыраулары бар сүзгіден өткізіп, бакылап жүреді. Әрине бүл өте қиын да, ауыр жүмыс еді.
Бүдан кейін центрифугалау әдісі қолданылды. Ішінде вирусы бар қоректік затты центрифугада белгілі бір шапшаңдықпен айналдырса, олар пробирканың түбіне шөгеді. Мүнда центрифуганың айналу шапшаңдығы мен соған байланыс,ты вирустардың түну уақытын біле отырып, арнаулы формуламен олардың мөлшерін біршама дәл аныіқтауға болады. Бұл әдіспен тек мөлшерін ғана емес, вирус бөлшектерінің салмағында өлшеуге болатын-ды. Сөйтіп орташа мөлшердегі вирус бөлшегі әдеттегі бактериядан 1500 есе жеңіл екені анықталды.
Вирустар дүниесінде де «алыптары» мен майдалары барлығы анықталды. Ең үлкен вирустар, яғни шешек, құтыру, трахома вирустар 200—400 миллимикрондай, ал ең майдалары — полиомие-литті, энцефалитті қоздырушылар бірнеше ондаған мың миллимик-рондай ғана болады. Мәселен, полиомиелит вирусының бөлшегі-мен салыстырғанда кәдімгі ашытқы саңырауқүлақтар 1000 еседей асып түседі. Сонда тігін машинасының инесінің ұшына 100 мыңдай вирус бөлшегін орналастыруға болады екен. Егер де вирустар бір-жерге живалса, онда әдемі кристалдар түзетінін байқайсыз. Бұндай кристалдарды тек пробиркада ғана емес, зақымданған клеткалардан да айқын байқауға болады.
Ал вирустарды химиялық жолмен зерттегенде онда негізінен белок және аз мелшерде нуклеин қышқылы болатыны анықталды. Сондықтан мүндай тіршіліктің материалдық негізіне тоқталып еткен іқолаилы деп өсептейміз.
Нуклеин қышқылдары вирус бөлшектерінің ең маңызды бөлігі. Нуклеин қышқылдарын екіге бөледі: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және рибонуклеин қышқылы (РНК). Бүлардың барлығы дерлік нуклеотидтер деп аталатын «кірпіштерден» түрады. Адам, жануарлар, әсімдіктер және бактериялар клеткаларында РНҚ және ДНК міндетті түрде кездеседі, ал вирустарда бұның тек біреуі ғана болады. Сондықтан олар құрамында РНК және ДНК-сы бар вирустар деп ажыратылады. Мәоелен, шешек вирусы, аденовирустар, бактериофагтарда ДНК, ал тұмау және полиомие-лит вирустарында тек РНҚ болады.

Диагностикалау тәсіліне байланысты вирус ауруының симптомдарын анықтау ерекшеліктері. Вирус ауруларын диагностикалауда олардың негізгі биологиялық қасиеттерін (инактивизация температурасы, жұқпалылығын сақтау ұзақтығы) білудің маңызы зор. Вирус ауруларын диагностикалау тәсілдеріне қойылатын негізгі талап талдау нәтижесі нақты дәлдігі жоғары және жылдам жүргізілуі тиіс. Ауылшаруашылық дақылдарының вирустық, саңырауқұлақ және микробтық ауруларын анықтауда кӛбіне серадиагностикалау және иммуноферментативтік талдау тәсілдері кеңінен қолданылады. Ӛсімдік шаруашылығында серодиагностикалау тәсілі ӛсімдіктерде кездесетін әртүрлі аурулар қоздырғыштарын, вирустардың, бактериялардың және саңырауқұлақтардың түр диагонстикасын белгілеу үшін, сондай-ақ ӛсімдіктердің әртүрлі ауруларға тӛзімділік деңгейін анықтау үшін пайданылады. Қазіргі кезде вирус ауруларын диагностикалаудың кӛптеген тәсілдерінің ішінде иммуноферментативтік талдау практикада кӛп қолданылады. Бұл тәсіл зерттеу материалындағы вирус ауруының 1нг/мл концентрациясына дейін анықтай алады. Темекінің вирустық ауруларын зерттеу барысында зерттеуге алынған тұқымды серологиялық талдаулар арқылы саралау нәтижесінде темекі тұқымында вирус ауруларынан хлороз, қияр жолақ, ақ таңдақ және кәдімгі темекі теңбілі кездессе, бактериялық, саңырауқұлақтық аурулардан құрғақ тамыр шірігі мен альтернариоз ғана анықталды. Сонымен бірге атап айтатын жайт, барлық ауру концентрацияларын анықтау мүмкін болмады. Иммуноферментативтік талдау нәтижесінде темекіде вирус ауруларынан хлороз, қияр жолақ, ақ таңдақ және кәдімгі темекі теңбілі кездессе, бактериялық, саңырауқұлақтық аурулардан құрғақ тамыр шірігі, қара шірік, қара тамыр шірігі, альтернариоз бар екендігі белгілі болды. Компьютерлік саралау нәтижесінде вирус ауруларының концентрациясы 9,5-19,1 % аралығында болды. Темекінің кәдімгі теңбілі ӛсімдікте жоғары концентрацияда кездессе, ақ таңдақ вирус ауруы аз мӛлшерде - 9,5 % анықталды. Саралау нәтижелері кӛрсеткендей, бактериялық және саңырауқұлақтық аурулар концентрациясы вирус ауруларын қарағанда біршама тӛмен мӛлшерде, яғни 1,1- 8,7 пайыз аралығында ауытқыды. Қарашірік және қара тамыр шірік ауруларының концентрациялары ӛте тӛмен мӛлшерде небары 1,1-3,2 % аралығында тұрақтады (Кесте 4). Кесте 4 - Вирус ауруларын диагностикалау түрлеріне байланысты ауру симптомының деңгейлері Ауру түрлері Серологиялық талдау нәтижесі Иммуноферментативтік талдау нәтижесі ауру симптомы ауру концентрациясы, % ауру симптомы ауру концентрациясы, % Вирус аурулары Хлороз + - + 14,4 Қияр жолақ + - + 11,7 Ақ таңдақ + - + 9,5 Кәдімгі мозайка + - + 19,1 Бактериялық және саңырауқұлақтық аурулар Құрғақ тамыр шірік + - + 6,1 Қара шірік - - + 3,2 http://www.enu.kz Қара тамыр шірігі - - + 1,1 Альтернариоз + - + 8,7 4-кесте нәтижелері кӛрсеткендей, серологиялық талдауға қарағанда иммуноферменттік талдау анағұрлым дұрыс әрі нақты ауру туралы мәліметтер береді. Темекі ауруларын анықтау нәтижесінде қарашірік және қара тамыр шірік аурулары концентрациялары тӛмен болуына байланысты серологиялық талдау қорытындысында анықталмады. Яғни концентрациялары тӛмен болғанда серологиялық талдау тәсілінде ауру белгілері анықталына алмайды, тәсіл сенімсіз болып табылады. Ауруларды иммуноферменттік талдау нәтижесінде серологиялық тәсілге қарағанда нақты және толық ақпараттар алуға болатындығы зерттеулерімізде дәлелденді.
7 Зертханалық сабақ. Тақырыбы: Фитонематодаларды анықтау

8 Зертханалық сабақ. Тақырыбы:

9 Зертханалық сабақ. Тақырыбы

10 Зертханалық сабақ. Тақырыбы:

11 Зертханалық сабақ. Тақырыбы:

12 Зертханалық сабақ. Тақырыбы:

13 Зертханалық сабақ. Тақырыбы:

14 Зертханалық сабақ. Тақырыбы:

15 Зертханалық сабақ. Тақырыбы

2 Зертханалық сабақ . Тақырыбы: Саңырауқұлақ, бактериалды, вирусты және микоплазмалық аурулардың сыртқы белгілерін анықтау



Картоптың сулы шірігі. Қоздырғыштары – Pseudomonas, Bacillus, Pectobacterium және басқа бактериялар.

Ауруға шалдыққан түйнектер бастапқыда ақшыл, кейін қара-қоңыр түсті болады. Зақымданған жерлерде сары-қоңыр кілегей зат түзіледі, ал түйнектің қабығы көбінесе сау күйінде қалады Түйнектер жұмсарып, суланады,  жұмсағы жағымсыз иісі бар ботқа тәрізді массаға айналады.




 .  

Сақиналы шірік. Қоздырғышы - Corynebacterium sepedonicum  бактериясы.

Ауру өсіп даму кезеңінің екінші жартысында біілінеді. Өсімдіктің жекелеген сабақтары мен олардың жапырақтары сарғайып, солады. Ауру сабақтың кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Егер зақымдалған ұлпаларды қысса созылмалы сары кілегей түріндегі – бактериялар шығады.

Ауру түйнектерде екі түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі шірігі және түйнектердің шұңқырлы шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-үзік қоңыр шеңберді көруге болады. Бактериялармен зақымдалған ұлпалар жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей  тамшылар шығады.

Шұңқырлы шірікпен ауырғанда түйнек қабығының астында сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек дақтар түзіледі. Дақтарды  түйнектің қабығын алғанда ғана көруге болады. Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру түйнектерді еккенде ауру өскіндер пайда болады. Қоректік заттар мен судың жетіспеушілігінен ауру өсімдіктердің жапырақтары қурайды, 2-3 қана сабақ дамиды



Картоптың құрғақ шірігі. Қоздырғыштары Deuteromycetes класы, Hyphales ретіне жататын Fusarium (Fuzarium coeruleum saac., F. Sambucinum Fuck., F. solani App. et Wr. және басқа да түрлері) текті саңырауқұлақтар.

Ауру қоймаларда қыс айларында байқалады. Саңырауқұлақпен зақымданған түйнектің ұлпасы құрғақ, шіріген болады, қабықтарының зақымданған жерлері жиырылып, қатпарланып кетеді. Кейін түйнек толықтай шіріп, құрғап, қатайып қалады. Түйнектің бетінде ақ, сары немесе қызғылт түсті саңырауқұлақтың мицелийлері мен конидиилік споротүзгіштері пайда болады. Аурудың қоздырғыштары топырақта сақталады.



Картоптың кәдімгі таз қотыры. Ауру қоздырғыштары болып актиномицеттердің түрлері саналады: Actinomices scabies, Actinomices tricolor, Actinomices cretaceus.

Түйнек сыртында дөңгелек, жалпақ немесе сәл дөңес, жұлдызға ұқсап жарылатын сүйелдер пайда болады. Кейде түйнектің бетіне батып орналасқан жарылған жаралар болады. Кейін сүйелдер мен жаралар түйнектерді  түгелдей жауып, тұтасып кетеді. Жаңа қазып алынған түйнектерде  мицелийден тұратын ақ түсті өрмек тәрізді өңезді көруге болады, кепкеннен кейін өңез жоғалып кетеді. Ауру түйнектердің тауарлық көрсеткіштері төмендейді, дәмдік сапасы нашарлайды (крахмалдың мөлшері 5-30%-ға азаяды), азықтық картоптың  қалдықтары көбейеді, түйнектер нашар сақталады. Аурудың қоздырғыштары негізінен өсімдік қалдықтарында сақталады.



Қырыққабаттың түтікше бактериозы. Қоздырғышы Xanthomonas campestris Dows бактериясы. Крестгүлділердің мәдени және жабайы түрлерін залалдайды.

 Қырыққабат өсіп дамудың барлық кезеңінде зақымданады. Ересек өсімдіктерде зақымдану жапырақ шеттерінің сарғаюынан басталады да, негізгі тарамды бойлай тарайды. Сарғайған ұлпа бойындағы тарамдар қарайып, тор түзіледі. Жапырақ сағағының кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Зақымданған жапырақтар қурайды, үгітіледі, түсіп қалады, ал қаудандар ұсақ болып қалыптасады. Ауру тұқым жарнағының сарғаюы және өлуі түрінде өскіндерде де байқалуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары тұқымда және құрамында ауру өсімдіктердің қалдықтары бар топырақта сақталады.

Бактериялар жаңбыр тамшыларымен, жәндіктермен, топырақ түйіршіктерімен тарайды. Өсімдікке жапырақтардағы жаралар мен табиғи тесіктері арқылы енеді. Ауа-райы жылы, ылғалды болғанда және өсімдіктер жәндіктермен зақымданғанда аурудың дамуына қолайлы жағдай туады.

Қырыққабаттың шырышты  бактериозы. Ауру қоздырғышы Erwinia carotovora Holl бактериясы. Өсіп даму кезеңінде барлық көкөніс дақылдарын залалдайды.

Аурудың белгілері алғашқы жапырақтарда да, жас жапырақтарда да байқалады. Алғашқыда сыртқы жапырақтар шіріп кілегейленеді, ал кейін қауданның іші де шіриді. Қауданы шіріген өсімдік өліп қалады. Ауру кейде топырақтан немесе жәндіктермен зақымданған қауданның өзегінен басталуы мүмкін. Бұндайда қаудан жұмсарып, сұрғылт түстенеді. Ауру қоймаларға салынған қаудандарды да шірітіп жібереді. Аурудың қоздырғыштары зақымданған өсімдік қалдықтарында, жапырақтары мен қаудандарында  сақталады.

        Пияз  мозайкасы. Аурудың қоздырғышы Allium virus I  вирусы.

 Оның вириондары жіпше түрінде болады. Алғашқыда ауру өсімдіктің жапырақтарында ұзынша келген ақ-сары жолақтар пайда болады, кейін олардың түстері ақшылттанып қатайып кетеді. Ауру өсімдіктер нашар өседі. Аурудың қоздырғыштары баданада сақталып, бітелер, кенелер арқылы тарайды.

 Қызанақтың төбе шірігі.

 Ауру өсімдік қолайсыз жағдайларда (күн ыстық болғанда және ылғал мен қоректік заттар жетіспегенде) өскенде пайда болады. Жемістің бетінде кейін қоңырланатын, суланған, қара-жасыл түсті дақ дамиды. Ал зақымданған ұлпа қыртыстанады, қатаяды, әрі құрғақ болады. Ылғал көп болғанда шіріктің сулы шірікке айналуы мүмкін. Ауруға көбіне алғашқы жемістер шалдығады. Төбе шірігіне ұқсас қызанақ жемістерінің зақымдануын Pseudomonas lycopersicum, Bacterium lycopersicum бактериялары да туғызуы мүмкін. Бактериялық төбе шірігі пісіп келе жатқан жемістерде суланған дақтар түрінде білінеді



Қызанақтың бактериялық қатерлі ісігі. Қоздырғышы Corynebacterium michiganense Jensen бактериясы.

Өсімдіктің жер үстіндегі барлық мүшелері кез-келген уақытта зақымданады. Жемістерінде «құс көзі» сияқты – ортасы қара сары түсті дақтар пайда болады. Зақымданған жемістер біртіндеп түсе бастайды. Ауру дамыған сабақтарда қара түсті жолақ дақтарды, ал кесіндісінде шіріп кеткен өткізгіш ұлпаларды көреміз. Қатерлі ісіктің қоздырғыштары топырақта, тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.



Күресу шаралары: себуге сау тұқымды пайдалану, дезинфекциялау үшін тұқымды 20 минут ыстық суда (48-50° С) ұстау, өсімдік қалдықтарын жою, төзімді сорттарды өсіру, «Тізім...» бойынша рұқсат етілген фунгицидтерді пайдалану.

 

Қызанақ мозаикасы. Қоздырғышы - Tobacco mosaic tobamovirus вирусы.



        Аурудың алғашқы белгілері жапырақта байқалады. Жапырақтың бетінде қара немесе ақшыл-жасыл түсті мозаика пайда болады. Жапырақтар өзгеріске түседі, қыртыстанады. Мозаиканың қоздырғыштары  тұқымда және топырақта сақталады.



Қызанақтың стригі. Ауруды Tobacco mosaic tobamovirus вирусы, кейде

картоптың Х-вирусы мен қияр мозаикасы вирустарының қосындысы тудырады. Жемістерінде, жапырақтарында, жапырақ сағағы мен сабақтарында кейін тұтасып кететін жаралар пайда болады. Аурудың әсерінен жемістер жарылып, тұқымдары сыртқа шашылып кетеді. Таратушылары – бітелер,  цикадалар.



Бүлдірген жапырақтарының қоңыр дағы. Ауру қоздырғышы – Marssonina potentillae Magn. саңырауқұлағы (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары).

Ауру жаздың екінші жартысында байқалады. Жапырақтарда торларымен шектелген, дөңгелек пішінді, қара-қоңыр түсті, жайылған дақтар пайда болады. Дақтардың үстінде саңырауқұлақтың конидийлік споратүзгіштері түріндегі кішкене жастықшалар түзіледі. Ауру желмен, жауынмен және жәндіктер арқылы тарайды. Саңырауқұлақ, конидилік споратүзгіш бүлдіргеннің өліп қалған немесе жасыл жапырақтарында қыстайды.

 

Қарақаттың түктілігі (реверсия). Вирустық ауру (Currant reversion virus).

Бұл ауруға қарақат егу кезінде шалдығады, сонымен қатар өсімдіктен өсімдікке қарақаттың бүршік кенесі арқылы және өсімдікпен қоректенетін қандаламен тарайды. Жекелеген өркендер, тұтас түптер жеміс бермей қояды. Жапырақтар ұзарып бөліктері азаяды, түстері бозғылттанады. Өркендер көбейіп түптер қалыңдайды. Гүлдері  ақшыл қызғылт түсті болады. Жемістер өспейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет