ОҚу- әдістемелік кешені студенттерге арналған пәннің ЖҰмыс бағдарламасы



Дата17.06.2016
өлшемі136 Kb.
#141822



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі CМЖ

құжат


ПОӘК

ПОӘК 042-18-28.1.14/02-2013



«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы

№1 басылым

«___» _____2013 ж.



5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ, 2013



Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырған __________ «___» ______2013жыл

Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Қалиева С.Е.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырысы

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл


Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2 Филология факультетінің оқу-әдістемелік бюросы

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл
Төрайымы _________________Мұқанова Қ.Қ.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қабылданды және шығаруға ұсыныс жасалды

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл

ОӘК төрайымы _________________Искакова Г.К.
4  №3 БАСЫЛЫМ

«____» __________ 2013 жыл



Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне шағу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Оқытушыжәне пән туралы жалпы мәлімет

Қалиева С.Е. ф.ғ.к., доцент

Кафедра: Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі

Кафедраның мекенжайы: Шугаева, 159, 224- кабинет

Ақпараттық қатынас телефоны: 53 37 63, №8оқу корпусы, №224 кабинет

Сабақ өтетін орын: 215, 213 дәрісханалар

Кредит саны -2

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәні тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары: сөздің айтылуы мен жазылуы. Фонетика сөздің айтылуына негізделетіні. Фонетиканың зерттеу объектісі. Фонетиканың мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық мәні, оның салалары. Фонетиканың зерттелу жайы. Дыбыс, әріп, фонема, олардың арақатынасы. Фонема туралы түсінік, көзқарастар. Фонема және фон. Фонеманың мәні, қызметі, аллафондар. Транскрипция және транслитерация. Транскрипцияның түрлері. Қазақ сөздерін транскрипциялау мәселесі. Транслитерация туралы. Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі. Дыбыстардың акустикалық сипаттамасы. Дыбыстардың пайда болуы: ырғағы, күші, тембрі. Дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы. Дыбыстау органдарының құрылысы және қызметі. Дыбыстарды жасауда тіл, ерін, таңдай, дауыс шымылдығының қызметі. Дыбыстардың лингвистикалық сипаттамасы. Фонетика және фонология. Фонетикалық зерттеулерде қолданылатын әр түрлі әдістер: қарапайым, техникалық, акустикалық, соматикалық әдістер. Фонемаларды таптастырудың принциптері. Дауысты фонемалар. Дауыссыз фонемалар. Дыбыстар тіркесімі. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі. Буын. Екпін. Үндестік заңы. Ассимиляция. Диссимиляция. Проеза. Эпентеза. Диэреза. Метатеза. Аферезис. Гаплология. Орфоэпия. Орфография туралы түсінік.

1.3 Курстын мақсаты: қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, тіл дыбыстарының пайда болуын, олардың жасалуын, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктерін, дыбыстардың өзара іштей жіктелуін, үндесу заңын, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктерін, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуін, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуін, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасын, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу принциптерін ғылыми негіздеп кешенді түрде меңгерту.

1.4 Курстың міндеті: студенттер дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылықтарын, қалыптасу ерекшеліктерін білумен қатар, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу, жазуда тілдік нормаларды сақтау, сөйлеуде дыбыстық жүйемізде қалыптасқан заңдылықтарды дұрыс қолдана алуы қажет.

1.5 Оқытудың нәтижелері:

Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

- тілдің негізгі қызметі мен оның өмір сүру формаларын;

- фонетикалық жүйенің негізгі ерекшеліктерін;

- тарихи фонетика мәселелерін;

- сипаттама фонетика мәселелерін;

- қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайын;

- фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерді;

- дыбысты қарастырудың аспектілерін;

- дыбыстардың түрлерін және дыбыстар тіркесін;

- буынның ерекшелігін;

- үндестік заңын;

- фонетикалық құбылыстарды;

- дыбыстардың алмасуын;

- қазақ жазуы мен емлесінің дамуын.


1.6 Пән пререквизиті:

1.6.1Тіл біліміне кіріспе


1.7 Пәндік постреквизит:

1.7.1 Қазіргі қазақ тілі

1.7.2 Қазақ тілін оқыту әдістемесі
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ

1кесте


Тақырыптардың

атауы


Сағаттар

Әдебиеттер

ЛК

ПР

СРПС

СРС

1

2

3

4

5

6

1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының салалары. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы

1

1

1

3

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1968,1975.


2. Дыбыс, әріп, фонемалар туралы түсінік. Фонема туралы түсінік, көзқарастар. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар

1

1

1

3

Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы, 1999.


3.Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер

1

1

1

3

Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. –247 б.


4.Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары. Дауысты және дауыссыз фонемалар

1

1

1

3

Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы, 1999.


5.Буын. Буынның жасалуы, түрлері. Буын және тасымал

1

1

1

3

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1968,1975.


6.Екпін туралы түсінік. Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ

1

1

1

3

Бейсенбаева К. Қазақ тілі фонетикасы. – Алматы, 1973.


7.Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер

1

1

1

3

Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. – Алматы, 1984.

8.Сингармонизм заңы. Тіл үндестігі. Ерін үндестігі. Аккомодация туралы түсінік

1

1

1

3

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1968,1975.


9.Ықпалдың түрлері. Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік. Фонетикалық басқа үдерістер.

1

1

1

3

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1968,1975.


10. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі

1

1

1

3

Неталиева Қ. Қазақ тілінің орфоэпиясы. – Алматы, 1977.

11.Қазақ жазуы және орфографиясы

1

1

1

3

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1968,1975.

12.Пунктуация мәселелері

1

1

1

3

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1968,1975.

13.Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі

1

1

1

3

Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993.

14.Транскрипция және транслитерация мәселелері

1

1

1

3

Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы.- Алматы: Қазақ университеті, 2004. –247 б.


15.Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу. Фонетикалық талдау

1

1

1

3

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1966.


Барлығы

15

15

15

45





3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Курсты оқу барысында студент тіл дыбыстарының пайда болуын, олардың жасалуын, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктерін, дыбыстардың өзара іштей жіктелуін, үндесу заңын, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктерін, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуін, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуін, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасын, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу принциптерін кешенді түрде меңгеруі тиіс. Тілдің даму жолдарын айқындау арқылы оның танымдық желісін тануға көмектеседі


4 КУРС ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

СОБОӨЖ мақсаты – фонетика саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру.

СОБОӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:



  • курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;

  • фонетика ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы.

Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымдық қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар, жеке тілдік тұжырым-ойлау үдерісі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар, студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.


5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, СОБОӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатқан студентке, қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.



6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Бақылау түрлеріне байланысты ұпай санын апталарға бөлу кестесі


«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәнінің ұпайларға бөлінуі

2 кесте


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

І аттестация

ІІ аттестация

Дәріс

30 ұпай

30 ұпай

Семинар




15

15

15

20

20

20

10

10

10

15

15

15

15

15

СОБОӨЖ




10




10




10










10




10




10




СӨЖ







25




25




25










25




25




25

Аралық бақылау

60 ұпай


60 ұпай


Барлығы

300 ұпай

300 ұпай

Емтихан

400 ұпай

Қорытынды

1000 ұпай


7 Пайдаланылатын әдебиеттер:

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – А., 1992.

7.1.2 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – А., 1968,1975.

7.1.3 Қазіргі қазақ тілі.- А., 1954.

7.1.4 Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. – А.: Қазақ университеті, 2004. –247 б.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. –А.,1998.

7.2.2 Бейсенбаева К. Қазақ тілі фонетикасы. - А., 1973.

7.2.3 Дүйсебаева М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. – А., 1981.

7.2.4 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1966.

7.2.5 Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. – А., 1963, 1978, 1988.

7.2.6 Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. – А., 1984.

7.2.7 Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. – А., 1982.

7.2.8 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – А., 1999.

7.2.9 Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – А., 1993.



7.2.10 Неталиева Қ. Қазақ тілінің орфоэпиясы. – А., 1977.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет