Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба



бет40/75
Дата21.06.2023
өлшемі318.94 Kb.
#475276
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75
Кадрлық менеджмент пәні бойынша оқу әдістемелік кешен

6. Уақыт бойынша жоспарлау:
- реттелген ағымдағы (жоспарлаудың уақыты біткенде жаңа мерзім бекітіледі);
- сырғанақ (мерзімі біткен жоспар келесі кезеңге ұзартылады);
- эвентуальды (кәсіпорынның қайта құрылуы).
7. Нарық жағдайына байланысты:

  • директивті жоспар (жабық жүйелерге тән жоспарлау әдісі);

  • индикативті жоспар (нарықтық экономика шарттарына байланысты өзгеріп отыратын жоспардың түрі. ҚР-ның экономикасының көрсеткіштік жоспарын индикативті жоспар деп айтады).

Жоспарлаудың белгілері
Қиындықтың болуын жою. Күрделі үрдісті азайту:

  • инерциялау қызметі;

  • болжау қызметі;

  • басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.

Жоспарлаудың құраушылары. Жоспарлау үрдісімен қатар бірге жүретін және оның механизмін жүзеге асыратын бірнеше экономикалық элементтер бар. Бұл элементтер жоспардың құраушылары болып табылады. Жоспарлаудың құрушылары мақсаттар, саясаттар, әдіс, бюджет, бағдарлама, нормативтер, ережелеры, әдістер және сметалар болып табылады.
Мақсаттар. Мақсат алдын ала күтілген нәтиже болып табылады. Жоспарлауда табысқа жету үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Кәсіпорынның барлық іс-шаралары мен жұмыстары осы мақсатқа сай жоспарланады.
Саясат. Саясат «басқарушылар шешім қабылдағанда басшылыққа алатын қағидалар тізбегі» болып табылады. Бұл қағидалар кәсіпорын басшылары атқаратын күнделікті іс-шараларда және қабылдайтын шешімдерде жетекшілік етеді. Мысалы, өндіріс үрдісінде тауардың сапасының жоғары деңгейлігін сақтап қалу кәсіпорынның саясаты болып есептелгендіктен оны жоспарға енгізу міндетті.
Әдіс. Әдістер, кәсіпорынның болашақтағы іс-шараларының қалай істелетінін көрсететін әдіс-амалдардан тұрады. Бұлар іс-шаралардың қалай істелетін хронологиялық ретпен талдап көрсетеді. Мысалы, экономикалық әдістер, психологиялық әдістер, әлеуметтік-психологиялық әдістер, өзін-өзі басқару әдістері және т.б. Бұлар жоспарды жүзеге асыруды басқару үшін аса қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет