Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Параграф 2. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет135/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   294
65 - 132 › AK H0

Параграф 2. Оқыту мақсаттарының жүйесі

10. Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлім ретін, үшінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.1.2. кодында «10» - сынып, «1» - бөлім, «2» - оқу мақсатының реттік саны.


Білім алушыларға қойылатын талаптар:





Бөлім

10-сынып

11-сынып

1.Геометриялық фигуралар туралы түсінік

10.1.

11.1.

10.1.1 - тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу;
10.1.2 - тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу;



11.1.1 - көпжақты бұрыш пен геометриялық дене ұғымдарын білу, оларды жазықтықта кескіндеу алу;
11.1.2 - көпжақтың анықтамасын және оның элементтерін білу;
11.1.3 - призманың анықтамасын, оның элементтерін, призма түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.1.4 - пирамиданың анықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.1.5 - қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;
11.1.6 - дұрыс көпжақтың анықтамасын білу, дұрыс көпжақтардың түрлерін ажырата білу;
11.1.7 - цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерін білу; цилиндрді жазықтықта кескіндей алу;
11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; конусты жазықтықта кескіндей алу;
11.1.9 - қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу, қиық конусты жазықтықта кескіндей алу;
11.1.10 - сфера, шардың анықтамаларын білу; жазықтықта кескіндей алу;
11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

10.2.

11.2.

10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
10.2.2 - кеңістіктегі параллель және айқас түзулер анықтамаларын білу, оларды анықтау және кескіндеу;
10.2.3 - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.4 - түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.5 - жазықтықтардың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.6 - перпендикуляр түзулердің анықтамасы мен қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.7 - түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық анықтамасын, белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.8 - кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу;
10.2.9 - кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;
10.2.10 - айқас түзулер арасындағы бұрыш пен олардың ортақ перпендикулярын сызбада кескіндей алу;
10.2.11 - жазық фигураның ортогональ проекциясын жазықтықта салу;

11.2.1 - көпжақтың жазықтықпен қималарын сала білу;
11.2.2 - цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қималарын кескіндеу;
11.2.3 - сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу;
11.2.4 - пирамида төбесінің табан жазықтығына проекциясының орналасуын анықтау;
11.2.5 - көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу;

3. Метрикалық қатыстар

10.3.

11.3.

10.3.1 - үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
10.3.4 - жазықтықтардың перпендикулярлық белгісі мен қасиетін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.3.5 - нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;
10.3.6 - жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы ауданының формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.7 - тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қорытып шығару және есептер шығаруда қолдану;

11.3.1 - призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;
11.3.4 - цилиндрдің бүйір беті және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.5 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;
11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.7 - қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандары формуларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.8 - сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару;
11.3.9 - сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиетін білу;
11.3.10 - шар мен сфераның жазықтықпен қималарына байланысты есептер шығару;
11.3.11 - кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану;
11.3.12 - призма көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.3.13 - пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.14 - цилиндр көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.3.15 - конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.16 - шар және оның бөліктері көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есеп шығаруда қолдану;
11.3.17 - кеңістіктегі ұқсас фигуралар көлемдерінің қасиетін білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.3.18 - геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару;

4. Векторлар және түрлендірулер

10.4.

11.4.

10.4.1 - кеңістіктегі вектор, вектордың ұзындығы, тең векторлар анықтамаларын білу,
10.4.2 - векторларды қосу және векторды санға көбейтуді орындау;
10.4.3 - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын білу;
10.4.4 - кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы мен қасиеттерін білу;
10.4.5 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын білу және оны кескіндей алу;
10.4.6 - кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу;
10.4.7 - кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу;
10.4.8 - кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүкте координаталарының формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.4.9 - кесінді ортасының координаталары формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.4.10 - сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.4.11 - вектордың координаталары ұғымын білу, вектор координаталарын бірлік векторлар бойынша жіктеп таба білу;
10.4.12 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
10.4.13 - координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау;
10.4.14 - векторлардың коллинеарлық және компланарлық шартын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.4.15 - векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу;
10.4.16 - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.4.17 - кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты есептеу;
10.4.18 - кеңістіктегі векторлардың перпендикулярлық шартын білу және қолдану;
10.4.19 - жазықтықтың жалпы теңдеуін (ax+by+cz+d=0) нормаль вектор және осы жазықтықтағы нүкте бойынша қорытып шығару;
10.4.20 - түзудің канондық теңдеуін құрастыру;
10.4.21 - түзу теңдеуінің канондық түрінен параметрлік түріне көше алу;
10.4.22 - берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құру;

11.4.1 - нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.4.2 - түзулер арасындағы бұрышты (түзулердің теңдеулері бойынша) табу;
11.4.3 - координаталардағы түзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығы шартын есептер шығаруда қолдану;
11.4.4 - координаталардағы сфера мен жазықтықтың өзара орналасуына есептер шығару;
11.4.5 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу;

11. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.


12. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Геометрия» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша қосымшада берілген ұзақ мерзімді жоспарыға сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет