Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Параграф 2. Оқу мақсаттарының жүйесі



бет34/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   294
65 - 132 › AK H0

Параграф 2. Оқу мақсаттарының жүйесі
11. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бағдарлама бөлімшесін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 10.2.1.4 кодында: «10» – сынып,«2» – бөлімше, «4» – оқу мақсатының реттік нөмірі.

  1. Мәтін бойынша түсінік және жауаптар:




Білім алушылар міндетті:

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.
Терминдерді түсіну

10.1.1
терминдерді түсіну: алтын ғасыр, онегиндік шумақ, мотив, роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологизм, желі

11.1.1 терминдерді түсіну: ретроспекция, күміс ғасыр, имажинизм, символизм, футуризм, акмеизм

2.
Көркем шығарманы түсіну

10.1.2 көркем шығарма мазмұнын түсіну, оның мәселелер жиынтығын, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру

11.1.2 көркем шығарма мазмұнын және оның әдеби процестегі рөлін түсіну, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру

3.
Жатқа оқу және цитата келтіру

10.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу

11.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен және мәселелер жиынтығымен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу

4.
жоспар құру

10.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма жоспарын құру

11.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма мен рецензия жоспарын құру

5.
мазмұндау

10.1.5 мазмұнды шығармашылық қайта ойлау және бейнелік құралдарды пайдалану арқылы туынды мәтінін немесе эпизодты мазмұндау

11.1.5 шығармашылық қайта ойлау, авторлық өзгешелікті сақтау арқылы туынды мазмұнын қайта айту

6.
сұрақтарға жауаптар.

10.1.6 тақырып және бейнелер туралы өз пікірін білдіру арқылы, туынды мәтініне сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру

11.1.6 мәселе және бейнелер жүйесі туралы өз пікірін білдіру арқылы, әдеби материалдарға сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру




  1. талдау және интерпретациялау:




Білім алушылар міндетті:

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1. Жанр

10.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (роман-эпопея, өлең түріндегі роман , психологиялық роман), философиялық лириканың ерекшеліктері

11.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (синкретикалық жанр), күміс ғасыр лирикасының ерекшеліктері

2.
Тақырып және идея

10.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы

11.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, мәтіннің көркемдік ерекшеліктеріне сүйене отырып, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы

3.
Композиция

10.2.3 композицияның туынды идеясын, кейіпкерлер бейнесін ашудағы рөлін анықтау

11.2.3 композицияның автор ойын (тақырыпты, мәселелер жиынтығын, кейіпкерлер бейнесін) ашудағы рөлін анықтау

4.
Эпизодтарды талдау

10.2.4 туынды композициясындағы рөлі мен орнын анықтау арқылы эпизодты талдау, идеялық-тақырыптық ойды ашу үшін эпизод мағынасын түсіндіру

11.2.4 көркемдік құралдар мен тәсілдерді талдау негізінде, эпизод рөлін, оның туынды тақырыбы, мәселелер жиынтығымен өзара байланысын анықтау

5.
Кейіпкерлерге мінездеме

10.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың кейіпкерлер жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығын анықтау арқылы

11.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың туындының идеялық-тақырыптық ойын ашудағы рөлін анықтау арқылы

6.
Түрлі түсінік формасындағы шығарманың көркемдік әлемі

10.2.6
ақпаратты берудің түрлі формасындағы (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) кейіпкерлердің идеясы мен өзара қарым-қатынасын көрсету арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау

11.2.6 көрсетілімнің түрлі формаларында (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) мәселелер жиынтығын ұсыну арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау

7. Автордың қатынасы

10.2.7 автор көзқарасын мәтіндегі мысалдармен түсіндіру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге деген қарым-қатынасын білдіру әдістерін анықтау

11.2.7 автор көзқарасын өз ойымен салғастыру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге көзқарасын білдіру әдістерін анықтау

8. Әдебиеттік тәсілдер және бейнелеу құралдары

10.2.8 поэзиялық синтаксистің фигураларын және бейнелеу құралдарын, үлгілерді қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау

11.2.8 үлгілерді, көркемдік кеңістікті және уақытты, бейнелеу құралдары және поэзиялық синтаксистің фигураларын қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау, оларды автордың қандай мақсатта пайдаланатындығын түсіндіру

9.
Шығармашылық хат

10.2.9 әдебиеттік материалға сүйене отырып, туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру мен нақты және бейнелі тілді пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, аннотациялар) логикалық және бірізділікпен жазу

11.2.9 туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру арқылы нақты және бейнелі тілді пайдалана және әдебиеттік материал мен өз тәжірибесіне сүйене отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, рецензиялар) логикалық және бірізділікпен жазу

3) бағалау және салыстыру:





Білім алушылар міндетті:

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.
Көркемдік туындыны бағалау

10.3.1 туындыны оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан бағалау, идеяға, кейіпкерлерге деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша пікірлер формасында түсіндіру арқылы

11.3.1 туындыға адамгершілік және эстетикалық тұрғыдан сыни баға беру, мәселелер жиынтығына деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша пікірлер формасында түсіндіру арқылы

2.
Көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру

10.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру

11.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға, мәселелер жиынтығына әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру

3.
Әдебиет туындыларын салғастыру

10.3.3 ортақ және айрықша белгілерін түсіндіру арқылы оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан орыс, қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын (немесе фрагменттерін) салғастыру

11.3.3 ортақ және айрықша белгілерін түсіндіру арқылы адамгершілік және эстетикалық құндылықтар тұрғысынан орыс, қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын (немесе фрагменттерін) салғастыру

4.
Пікірді бағалау

10.3.4 тақырыпты ашудың толықтығы пен тереңдігі, композициялық және стильдік бірлігі, фактологиялық нақтылығы мен тыңдаушы немесе оқырманға эмоционалдық әсері тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді (өзінің, сыныптастарының және өзгелердің) бағалау

11.3.4 тақырыпты ашудың толықтығы пен тереңдігі, композициялық және стильдік бірлігі, фактологиялық нақтылығы мен тыңдаушының немесе оқырманның назарын аудару құралдары тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді бағалау

12. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
13. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы «Орыс әдебиеті» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын (оқыту орыс тілінде) ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
Параграф 3. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптары арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы «Орыс әдебиеті» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын (оқыту орыс тілінде) ) іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар



  1. 10-сынып:




Тақырыптар

Оқытылатын шығармалар

Дағдылар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Артық адамдар

1. А.С. Пушкин. «Евгений Онегин»

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

10.1.1 терминдерді түсіну: алтын ғасыр, онегиндік шумақ, мотив, роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологизм, желі;
10.1.2 көркем шығарма мазмұнын түсіну, оның мәселелер жиынтығын, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру;
10.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу;
10.1.6 тақырып және бейнелер туралы өз пікірін білдіру арқылы, туынды мәтініне сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру

Талдау және интерпретация

10.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (роман-эпопея, өлең түріндегі роман , психологиялық роман), философиялық лириканың ерекшеліктері;
10.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы;
10.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың кейіпкерлер жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығын анықтау арқылы;
10.2.8 поэзиялық синтаксистің фигураларын және бейнелеу құралдарын, үлгілерді қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау

Бағалау және салыстырмалы талдау

10.3.1 туындыны оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан бағалау, идеяға, кейіпкерлерге деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша пікірлер формасында түсіндіру арқылы

2-тоқсан

Біздің уақыттың кейіпкерлері

1. М.Ю. Лермонтов. «Біздің уақыттың кейіпкерлері».

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

10.1.2 көркем шығарма мазмұнын түсіну, оның мәселелер жиынтығын, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру;
10.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу;
10.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма жоспарын құру;
10.1.5 мазмұнды шығармашылық қайта ойлау және бейнелік құралдарды пайдалану арқылы туынды мәтінін немесе эпизодты мазмұндау

Талдау және интерпретация

10.2.3 композицияның туынды идеясын, кейіпкерлер бейнесін ашудағы рөлін анықтау;
10.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың кейіпкерлер жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығын анықтау арқылы;
10.2.6 ақпаратты берудің түрлі формасындағы (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) кейіпкерлердің идеясы мен өзара қарым-қатынасын көрсету арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау;
10.2.7 автор көзқарасын мәтіндегі мысалдармен түсіндіру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге деген қарым-қатынасын білдіру әдістерін анықтау;
10.2.9 әдебиеттік материалға сүйене отырып, туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру мен нақты және бейнелі тілді пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, аннотациялар) логикалық және бірізділікпен жазу

Бағалау және салыстырмалы талдау

10.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру

3-тоқсан

Адам және құқық

1. Ф.М. Достоевский. «Қылмыс пен жаза».
2. Н.А. Островский «Жасаусыз қалыңдық».

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

10.1.1 терминдерді түсіну: алтын ғасыр, онегиндік шумақ, мотив, роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологизм, желі;
10.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу;
10.1.6 тақырып және бейнелер туралы өз пікірін білдіру арқылы, туынды мәтініне сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру

Талдау және интерпретация

10.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы;
10.2.4 туынды композициясындағы рөлі мен орнын анықтау арқылы эпизодты талдау, идеялық-тақырыптық ойды ашу үшін эпизод мағынасын түсіндіру;
10.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың кейіпкерлер жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығын анықтау арқылы;
10.2.6 ақпаратты берудің түрлі формасындағы (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) кейіпкерлердің идеясы мен өзара қарым-қатынасын көрсету арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау;
10.2.7 автор көзқарасын мәтіндегі мысалдармен түсіндіру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге деген қарым-қатынасын білдіру әдістерін анықтау

Бағалау және салыстырмалы талдау

10.3.1 туындыны оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан бағалау, идеяға, кейіпкерлерге деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша пікірлер формасында түсіндіру арқылы;
10.3.3 ортақ және айрықша белгілерін түсіндіру арқылы оқырманға эстетикалық әсер ету тұрғысынан орыс, қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын (немесе фрагменттерін) салғастыру

4-тоқсан

Отбасы құндылықтары

1. Л.Н. Толстой. «Соғыс және бейбітшілік».

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

10.1.1 терминдерді түсіну: алтын ғасыр, онегиндік шумақ, мотив, роман-эпопея, өлең түріндегі роман, психологизм, желі;
10.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма жоспарын құру;
10.1.5 мазмұнды шығармашылық қайта ойлау және бейнелік құралдарды пайдалану арқылы туынды мәтінін немесе эпизодты мазмұндау

Талдау және интерпретация

10.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (роман-эпопея, өлең түріндегі роман , психологиялық роман), философиялық лириканың ерекшеліктері;
10.2.3 композицияның туынды идеясын, кейіпкерлер бейнесін ашудағы рөлін анықтау;
10.2.4 туынды композициясындағы рөлі мен орнын анықтау арқылы эпизодты талдау, идеялық-тақырыптық ойды ашу үшін эпизод мағынасын түсіндіру;
10.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың кейіпкерлер жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығын анықтау арқылы;
10.2.8 поэзиялық синтаксистің фигураларын және бейнелеу құралдарын, үлгілерді қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау;
10.2.9 әдебиеттік материалға сүйене отырып, туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру мен нақты және бейнелі тілді пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, аннотациялар) логикалық және бірізділікпен жазу

Бағалау және салыстырмалы талдау

10.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру;
10.3.4 тақырыпты ашудың толықтығы пен тереңдігі, композициялық және стильдік бірлігі, фактологиялық нақтылығы мен тыңдаушы немесе оқырманға эмоционалдық әсері тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді (өзінің, сыныптастарының және өзгелердің) бағалау

2) 11-сынып:



Тақырыптар

Оқытылатын шығармалар

Дағдылар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Адам өзгеріс дәуірінде

1. М. А. Шолохов. «Донские рассказы» (мұғалім таңдауы бойынша).
2. С.А. Есенин. Өлеңдер (мұғалім таңдауы бойынша).
3. А.А. Блок. Өлеңдер «Қорқынышты әлем» жинақтағынан, «Әдемі Леди туралы өлеңдер» циклынан, поэмалар (мұғалім таңдауы бойынша).

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

11.1.1 терминдерді түсіну: ретроспекция, күміс ғасыр, имажинизм, символизм, футуризм, акмеизм;
11.1.2 көркем шығарма мазмұнын және оның әдеби процестегі рөлін түсіну, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру;
11.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен және мәселелер жиынтығымен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу;
11.1.6 мәселе және бейнелер жүйесі туралы өз пікірін білдіру арқылы, әдеби материалдарға сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру

Талдау және интерпретация

11.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, мәтіннің көркемдік ерекшеліктеріне сүйене отырып, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы;
11.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың туындының идеялық-тақырыптық ойын ашудағы рөлін анықтау арқылы;
11.2.7 автор көзқарасын өз ойымен салғастыру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге көзқарасын білдіру әдістерін анықтау;
11.2.8 үлгілерді, көркемдік кеңістікті және уақытты, бейнелеу құралдары және поэзиялық синтаксистің фигураларын қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау, оларды автордың қандай мақсатта пайдаланатындығын түсіндіру

Бағалау және салыстырмалы талдау

11.3.1 туындыға адамгершілік және эстетикалық тұрғыдан сыни баға беру, мәселелер жиынтығына деген өз көзқарастарын ауызша және жазбаша пікірлер формасында түсіндіру арқылы

2-тоқсан

Тоталитарлық режим дәуіріндегі адам

1. А Н. Рыбаков. «Арбат балалары».
2. А.А. Ахматова. Өлеңдері мен поэмалары (мұғалім таңдауы бойынша).

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

11.1.1 терминдерді түсіну: ретроспекция, күміс ғасыр, имажинизм, символизм, футуризм, акмеизм;
11.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма мен рецензия жоспарын құру

Талдау және интерпретация

11.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (синкретикалық жанр), күміс ғасыр лирикасының ерекшеліктері;
11.2.3 композицияның автор ойын (тақырыпты, мәселелер жиынтығын, кейіпкерлер бейнесін) ашудағы рөлін анықтау;
11.2.4 көркемдік құралдар мен тәсілдерді талдау негізінде, эпизод рөлін, оның туынды тақырыбы, мәселелер жиынтығымен өзара байланысын анықтау;
11.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың туындының идеялық-тақырыптық ойын ашудағы рөлін анықтау арқылы;
11.2.6 көрсетілімнің түрлі формаларында (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) мәселелер жиынтығын ұсыну арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау;
11.2.7 автор көзқарасын өз ойымен салғастыру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге көзқарасын білдіру әдістерін анықтау;
11.2.9 туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру арқылы нақты және бейнелі тілді пайдалана және әдебиеттік материал мен өз тәжірибесіне сүйене отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, рецензиялар) логикалық және бірізділікпен жазу

Бағалау және салыстырмалы талдау

11.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға, мәселелер жиынтығына әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру

3-тоқсан

Адамдар тағдырындағы соғыс

1. В.В.Быков. «Сотников».
2. Б. Васильев. «Мұнда таңертең тыныштық орнады».
3. В.Л.Кондратьев. «Сашка».
4. Соғыс лирикасы. Д. С. Самойлов, Б. Ш. Окуджава, Н.А. Заболоцкий, А.Т. Твардовский, Е.А. Евтушенко, .В.С. Высоцкий (мұғалім таңдауы бойынша).

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

11.1.2 көркем шығарма мазмұнын және оның әдеби процестегі рөлін түсіну, сыни ойлау арқылы естігеніне немесе оқығанына өз көзқарасын білдіру;
11.1.5 шығармашылық қайта ойлау, авторлық өзгешелікті сақтау арқылы туынды мазмұнын қайта айту;
11.1.6 мәселе және бейнелер жүйесі туралы өз пікірін білдіру арқылы, әдеби материалдарға сілтеме жасай отырып, проблемалық сұрақтарға толық дәлелді жауап беру

Талдау және интерпретация

11.2.2 туынды тақырыбы мен мәселелер жиынтығын анықтау, мәтіннің көркемдік ерекшеліктеріне сүйене отырып, олардың өзектілігі туралы пікір білдіріп, өз көзқарасына дәлел келтіру арқылы;
11.2.4 көркемдік құралдар мен тәсілдерді талдау негізінде, эпизод рөлін, оның туынды тақырыбы, мәселелер жиынтығымен өзара байланысын анықтау;
11.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың туындының идеялық-тақырыптық ойын ашудағы рөлін анықтау арқылы;
11.2.6 көрсетілімнің түрлі формаларында (символдар, формулалар, заңдар, буктрейлерлер) мәселелер жиынтығын ұсыну арқылы шығарманың көркемдік әлемін талдау;
11.2.7 автор көзқарасын өз ойымен салғастыру арқылы автордың кейіпкерлерге, мәселелерге көзқарасын білдіру әдістерін анықтау

Бағалау және салыстырмалы талдау

11.3.2 бейнелерді тұтастай қабылдауға, мәселелер жиынтығына әсер ететін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттау, эмоционалдық әсер ету деңгейін бағалау арқылы көркемдік туындыны өнердің өзге түрлеріндегі туындылармен салыстыру;
11.3.3 ортақ және айрықша белгілерін түсіндіру арқылы адамгершілік және эстетикалық құндылықтар тұрғысынан орыс, қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын (немесе фрагменттерін) салғастыру

4-тоқсан

Адамгершілік таңдау тақырыбы

А.В. Вампилов. «Утиная охота».
Заманауи ақындардың өлеңдері (мұғалім таңдауы бойынша)
(Р. Рождественский, Е. Евтушенко, А. Вознесенский, Л. Мартынов, О. Сулейменов және т.б.).

Түсіну және сұрақтарға жауап беру

11.1.3 мәтін бойынша автор көзқарасының берілуімен және мәселелер жиынтығымен байланысты цитаталарды, фрагменттерді өз бетінше тауып, мәнерлеп оқу;
11.1.4 әдеби және еркін тақырыптарға шығарма мен рецензия жоспарын құру;
11.1.5 шығармашылық қайта ойлау, авторлық өзгешелікті сақтау арқылы туынды мазмұнын қайта айту

Талдау және интерпретация

11.2.1 жанр мен оның ерекшеліктерін анықтау (синкретикалық жанр), күміс ғасыр лирикасының ерекшеліктері;
11.2.3 композицияның автор ойын (тақырыпты, мәселелер жиынтығын, кейіпкерлер бейнесін) ашудағы рөлін анықтау;
11.2.5 туынды кейіпкерлеріне мінездеме беру, олардың туындының идеялық-тақырыптық ойын ашудағы рөлін анықтау арқылы;
11.2.8 үлгілерді, көркемдік кеңістікті және уақытты, бейнелеу құралдары және поэзиялық синтаксистің фигураларын қалыптастыру құралдары мен тәсілдерін талдау, оларды автордың қандай мақсатта пайдаланатындығын түсіндіру;
11.2.9 туындының өзектілігі туралы өз ойын білдіру арқылы нақты және бейнелі тілді пайдалана және әдебиеттік материал мен өз тәжірибесіне сүйене отырып, шығармашылық жұмыстарды (эссе, әдебиеттік және еркін тақырыптарға шығарма, рецензиялар) логикалық және бірізділікпен жазу

Бағалау және салыстырмалы талдау

11.3.3 ортақ және айрықша белгілерін түсіндіру арқылы адамгершілік және эстетикалық құндылықтар тұрғысынан орыс, қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын (немесе фрагменттерін) салғастыру;
11.3.4 тақырыпты ашудың толықтығы пен тереңдігі, композициялық және стильдік бірлігі, фактологиялық нақтылығы мен тыңдаушының немесе оқырманның назарын аудару құралдары тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді бағалау

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
74-қосымша



Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Орыс әдебиеті» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет