2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі
12. Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
13. Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:
1) тыңдалым және айтылым:
Білім алушылар...
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Болжау
|
10.1.1.1 - . мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
|
11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу
|
2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
|
10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
|
11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау
|
3. Мәтіннен ақпаратты анықтау
|
10.1.3.3-тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау
|
11.1.3.3- тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажырата білу
|
4. Негізгі ойды анықтау
|
10.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру
|
11.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
|
5. Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау
|
10.1.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
|
11.1.5.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау
|
6. Сөйлеу мәдениетін дамыту
|
10.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
|
11.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу
|
2) оқылым:
Білім алушылар...
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Ақпаратты түсіну
|
10. 2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау
|
11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау
|
2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
|
10.2.2.1 - ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері)
|
11.2.2.1 - таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)
|
3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
|
10.2.3.1 – көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
11.2.3.1 – таза ғылыми стильдегі дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
|
10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
|
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
|
5. Мәліметтерді өңдей білу
|
10.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу
|
11.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру
|
6. Оқылым стратегияларын қолдану
|
10.2.6.1 -белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу
|
11. 2.6.1 -белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу
|
7. Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
|
10. 2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу
|
11.2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу
|
|
|
|
3)жазылым:
|
Білім алушылар...
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1.
Жоспар құру
|
10.3.1.1-жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік)
|
11.3.1.1 -жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар)
|
2. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
|
10.3.2.1 - ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу
|
11.3.2.1 -таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия жазу
|
3. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
|
10.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу
|
11.3.3.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау
|
4. Эссе жазу
|
10.3.4.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
|
11.3.4.1 - қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
|
5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу
|
10.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)
|
11.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
|
6. Шығармашылық жұмыс
|
10.3.6.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
|
11.3.6.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу
|
7. Мәтіндерді түзету және редакциялау
|
10.3.7.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
|
11.3.7.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)
|
4) әдеби тіл нормасы:
Білім алушылар...
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Орфографиялық норма
|
10. 4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
11.4.1.1-мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
2. Орфоэпиялық норма
|
10. 4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
|
11.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
|
3. Лексикалық норма
|
10.4.3.1 -
белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп,талғаммен қолдана білу
|
11.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу(образды-эстетикалық)
|
4. Грамматикалық норма
|
10. 4.4.1- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу
|
11.4.4.1- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)
|
5. Пунктуациялық норма
|
10. 4.5.1- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
|
11.4.5.1- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
|
14. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
15. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Тәжік тілі» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасының (оқыту тәжік тілінде) Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Тәжік тілі» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын (оқыту тәжік тілінде) іске асыру жөніндегі
Достарыңызбен бөлісу: |