Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-11-сыныптарына арналған «Шет тілі (екінші).
Неміс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).
2. Оқу пәнінің маңыздылығы, оның коммуникация, ғылым, бизнес, туризм және спорттық тілі болып табылатынымен белгіленеді. Неміс тілін білу:
1) білім алушылар әртүрлі тіршілік ету жағдаяттарындағы қарым-қатынаста сенімділіктерін арттырады;
2) Қазақстанда ғана емес, шет елдеде жоғары білім алуға мүмкіндік береді;
3) Қазақстанда және шет елде кәсіптік білім алуды жалғастыруға мүмкіндік береді;
4) білім алушылар неміс тілінде таратылатын жаңалықтар мен ақпарат алуға мүмкіндігін кеңейтеді;
5) білім алушылар неміс тіліндегі әдеби туындылардың тұпнұсқалық мәтіндерімен танысуға мүмкіндік алады;
6) білім алушыларға Қазақстанды өз елінде және шет елдерінде танытуға мүмкіндік алады;
7) мектепте қалыптасқан дағдыға, оқыту және білім стратегиясына сүйеніп өмір бойы оқуға мүмкіндік алады.
3. «Неміс тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушылардың сөйлеу қызметі бойынша төрт тілдік дағдыны дамытуға бағытталған (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Жалпы орта білім беру мектепті бітіргеннен кейін, білім алушылар (10-11 сынып) Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттікке сәйкес (Common European Framework of Reference, CEFR) В1(орта – В1.2) тіл деңгейіне дейін жетеді.
2-тарау. «Шет тілі (екінші). Неміс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Параграф 1. «Шет тілі (екінші). Неміс тілі» пәнінің мазмұны
4. «Неміс тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу бағдарламасы оқыған деңгейлеріне, сөйлеу қызметінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) төрт түрі бойынша тілдік дағды мен икемін бағалау өлшеміне сәйкес неміс тіліне оқыту кезеңін, жалпы оқыту кезеңінің (10-11 сынып) ұзақ мерзімді жоспарын қамтиды.
6. "Неміс тілі" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны оқыту бөлімдері (Тыңдалым, Сөйлесім, Оқылым, Жазылым, Неміс тілін қолдану) бойынша құрылған.
7. Әр бөлімшеде көрсетілген оқыту мақсаты сөйлеу қызметінің (Тыңдалым, Сөйлесім, Оқылым, Жазылым, Неміс тілін қолдану) барлық түрін дамыту бойынша мұғалімге жұмысты жүйелі жоспарлауға, білім алушылардың жетістігін бағалауға, оларды оқытудың келесі кезеңдері бойынша хабардар етуге мүмкіндік береді.
8. Бағдарламаның базалық мазмұнында сыныптар бойынша неміс тілінің жалпы оқу мақсаттары көрсетілген.
9. "Тыңдалым", "Сөйлесім", "Оқылым" және "Жазылым" бөлімдерінде, шет тілі (10 сынып – В1.1, 11 сынып – В1.2) оқыту деңгейлерімен белгіленген сөйлеу қызметінің түрлері бойынша мақсаттары, неміс тілінде оқытудың түпкілікті нәтижесі оларға жетуге бағытталған.
10. "Неміс тілін қолдану" бөлімінде білім алушы талап етілген оқу деңгейіне сәйкес неміс тілінің лексикалық-грамматикалық, синтаксистік құрылымын сыпайы қолдану талаптарымен танысады.
11. Базалық мазмұн (Inhalt/Инхальт).
12. 10-сынып (В1.1 деңгейі)
13. Мәдениетаралық-коммуникативтік аспект:
1) қоғамдық мәдениет деңгейінде басқа тілді мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау;
2) ұзақ талқылаудың негізгі мазмұнын түсіну, достық әңгімелесуде өз пікірін білдіру немесе басқалардан сұхбат алу, тіршілік етуде туындайтын кез-келген ойды білдіру, үйреншікті емес жағдайды шешу үшін көпшілік қарапайым тілдік құралды еркін қолдану;
3) таныс тақырыпқа арналған әңгімеге дайындықсыз қатысу;
4) шағым түсіру;
5) сұхбат/кеңестерде бастамашылық көрсету;
6) таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға қарапайым жүйелі мәтіндер жазу;
7) өзінің жеке уайымы мен әсері туралы хабарлап жеке сипаттағы хат жазу;
8) неміс тілін тұтынушылардың елтану және мәдениеттану білімінің болуы, ұлттық сипатының қарым-қатынас нормалары мен стереотипі, ерекшеліктері мен ұлттық менталитеттің ерекшелігін білу, оларды нақты тілдік және мәдени ортада қолдану;
9) пікірлерді білдіру, оларды мәтінде қосу қағидатын білу;
10) әртүрлі коммуникативтік функцияларды орындау үшін пікірлерді қолдану;
11) өзара әрекет ету сызбасына сәйкес айтылатын ойды тізбектеп құру.
14. Тәрбиелік аспект:
1) неміс тілі мен мәдениетке позитивті көзқарас білдіру;
2) әртүрлі көзқарасқа құрметпен, сабырлықпен қарау, толеранттылыққа, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін көрсету.
15. Жалпы білім беру аспектісі: неміс тілі арқылы жалпы мәдениетті жоғарылату, тілін үйренетін елі туралы ой-өрісін, білімін, қоршаған орта туралы білімін кеңейту.
16. Дамыту аспекті:
1) неміс тілін үйренуге деген тілдік икем мен тілдік тапқырлықты, сөз тәртібінің мәдениетін, қызығушылығын, тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту: жігерлік, ақыл-есі;
2) тапсырылған параметрлерде тілді тиімді игеруді қамтамасыз ететін анықтамалық әдебиетті, замануи оқыту технологияларын қолдану;
3) өз ой-пікірін ойға қонымды және жүйелі баяндау, көпшілік мақұлдаған тақырыпқа арналған пікірталас, коммуникативтік сипаттағы үйреншікті емес ахуалды шешу;
4) жалпы адамзат мәдениетін дамытуда ұлттық мәдениеттің (өз және басқа тілдік) жетістіктері туралы және басқа мәдениет аясында ана тілі мен мәдениетінің рөлі туралы кеңінен түсінігі болуы тиіс.
17. Стратегиялық аспект: басқа тілдік дербес сөйлесуге қабілетті және дайын , екінші тілдік тұлғалық негізгі сипаттамасын меңгеру.
18. 11-сынып (В1.2-деңгей)
19. Мәдениетаралық-коммуникативтік аспект:
1) басқа тілідік мәдени өкілдерімен барлық деңгейде табысты тілдесу;
2) ұзақ талқылаудың негізгі мазмұнын жете түсіну;
3) туындаған мәселелер бойынша хабарлама-сауалды қабылдау;
4) сұхбаттасу/кеңес үдерісіне қажетті ақпаратты беру (мысалы, дәрігерге өзінің ауру белгісінің нышанын айту);
5) не нәрсенің мәселе болып жатқандығын түсіндіру;
6) қысқа әңгіменің, мақаланың сюжетін, сұхбаттасудың мазмұнын талқылау, деректі фильмді талқылау;
7) анықтайтын сұрақтарға жауап беру және өз пікірін білдіру;
8) бар ақпаратты тексеріп және растап, алдын ала дайындалған сұхбаттасуды өткізу, нақты нұсқау бере отырып, ненің қалай істелінетіні туралы айту;
9) мүдделі саладағы тұрмыстық және тұрмыстық емес мәселелер бойынша деректі ақпаратпен алмасу;
10) қызықтыратын тақырып бойынша қысқа қарапайым эссе жазу;
11) елтаным мен мәдени білімнің болуы, қарым –қатынас жасау нормалары бойынша білім, ұлттық сипаттың өзгешелігі және неміс тілін білетіндердің ұлттық менталитетінің ерекшелігі, еркін тілдік және мәдени ортада қолдану;
12) пікір білдіру ережелерін білу, оларды мәтінде біріктіру;
13) әртүрлі коммуникативтік қызметті орындау үшін өз пікірін еркін қолдану;
14) қарым-қатынас жасау сызбасына сәйкес пікірді дәйекті түрде құру.
21. Тәрбиелік аспект:
1) неміс тілі мен мәдениетіне позитивті қатынас қалыптастыру;
2) әртүрлі көзқарасқа құрметпен қарау, толеранттылық және Отанға деген патриоттық сезім көрсету.
20. Жалпы білім беру аспектісі: мәдениетті дамыту, ой өрісін кеңейту, неміс тілі арқылы ел, қоршаған орта туралы білімдерін жетілдіру.
21. Дамыту аспектісі:
1) тілдік қабілетті және тілдік болжауды, сөйлеу мәдениетін, неміс тілін үйренуге қызығушылықты, тұлғаның жағымды қасиеттерін: зейін, ерік-жігерін арттыру;
2) белгіленген параметрлер бойынша тілді меңгеру тиімділігін қамтамасыз ететін әдеби анықтамалар, оқытудың заманауи технологияларын қолдану;
3) жалпылама тақырыптар бойынша пікірталастар, дәйекті түрде өз ойын білдіру, коммуникативті сипаттағы стандартты емес жағдаяттарды шешу;
4) жалпы адами мәдениеттің дамуында ұлттық мәдениеттің (өзіндік және басқа тілдік) жетістіктері туралы кең көріністің болуы және басқа мәдениетте ана тілі мен мәдениетінің рөлі.
22. Стратегиялық аспект: басқа тілдік дербес сөйлесуге қабілетті және дайын , екінші тілдік тұлғалық негізгі сипаттамасын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |