1. Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары
|
Білім алушылар тиісті...
|
Бөлімше
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1.1Ақпаратты визуалдаудағы кескіндердің ролі
|
10.1.1.1. -адам өмірінде және әртүрлі салада (ғылымда, техникада және өнерде) ақпаратты визуалды түрде берудегі кескіндердің ролінің маңызын білетіндігін және түсінетіндігін көрсету;
10.1.1.2. - графикалық кескінді орындаудың әртүрлі әдістері мен құралдарын білу
|
11.1.1.1. - растрлық, векторлық графикалық бағдарламалар редакторларының негіздерін білу және оларды қолдану
|
1.2 Ақпаратты визуалдау құралдары
|
10.1.2.1.-негізгі сызба құралдарын білу;
10.1.2.2.- графикалық жұмыстарды орындау барысында сызба құрал-дарымен жұмыс жасаудың тәжірбиелік дағдыларын көрсету
|
11.1.2.1- 2D нысанасын жасау үшін (сызық қалыңдығы мен түсі, тік бұрыш, көпбұрыш, шеңбер, доға, эллипс, сплайн сызықтар, сызықпен түрлеу, өлшемдер қою, координаттық тор) бағдарламалық қамтамасыздандыруды (растрлық немесе векторлық) таңдау;
11.1.2.2 -2D объектiлердi жасау үшiн графикалық редактордың тиiстi аспаптарының мүмкiндiктерін қолдану;
11.1.2.3 - векторлық және расторлық графикада түстік модельдерін таңдауды талдау;
11.1.2.4 - векторлық және расторлық графикалардың графикалық операцияларын (ерекшелеу, жою, масштабтау, бұру, қозғалту, айнадағы суреті, ауқымы, қиюды) пайдалана білу
|
1.3 Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер
|
10.1.3.1-стандарт бойынша сызба орындау мен безендіру ережелерін білу және сақтау;
10.1.3.2- сызық түрлерінің классификациясын білу және графикалық жұмыстарды орындауда дұрыс қолдану;
10.1.3.3 - негізгі жазулар мен өлшемдерді қою, сызба әріптері, сызық түрлері, масштабтар туралы білімдерін көрсете отырып, графикалық кескін орындау
|
11.1.3.1 - 2D обьектілердің графикалық безендіруін орындау үшін графикалық редактордың мүмкіндіктерін пайдалану
|
1.4 Сызбадағы геометриялық құрылым
|
10.1.4.1 - сызбада геометриялық құрылымдарды (кесіндіні бөлу, шеңберлерді және бұрыштарды тең бөліктерге бөлу) әртүрлі сызба құралдарымен орындау;
10.1.4.2 – овал, қисық сызықтар және әртүрлі түйіндесу сызбаларын орындау тәсілдерін көрсету
|
11.1.4.1 - 2D объектілерін (геометриялық салулар, түйіндесу) жасау үшін растрлық, векторлық кестенiң түрлерiн таңдау және технологияларын білу;
11.1.4.2 - 2D объектiлерін құрастыру барысында клипарттар, кiтапханалар, үлгiлерді пайдалану;
11.1.4.3 – расторлы және векторлы графикада 2D объектiлерiн (сызба әріптері, сызба сызықтары, геометриялық құрылым, түйіндесулер) жасау үрдісін оңтайландыру және жеделдету, кескіндерді баспада басып шығару технологияларын пайдалана білу және қолдану
|
2. Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру
|
Білім алушылар тиісті...
|
2.1 Проекциялау әдістері
|
10.2.1.1 - проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну;
10.2.1.2 - екі немесе үш жазықтыққа проекциялаудың сызбадағы қажетті түрлерінің санын, олардың орналасуын анықтау және білу
|
|
2.2 Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастыру тәсілдері
|
10.2.2.1 - тегіс геометриялық денелер мен көлемді бұйымдарды құру тәсілдерін білу және түсіну (аксонометрия);
10.2.2.2 - заттың (дененің) берілген көріністері бойынша, құрылымдау ережелерін білетіндігін көрсете отырып, аксонометриялық проекцияны орындау;
10.2.2.3 - нобай мен техникалық сурет ерекшеліктерін анықтау және білу
|
11.2.2.1 - компьютерлік графика құралдары арқылы көлемді денелерді және үстіртін модельдеудің негізгі тәсілдерін пайдалану;
11.2.2.2 - 3D моделін жасау үрдісін кезеңдерге бөлу (координаттық тор, геометриялық денелер, сплайндар, әртекті рационалды сплайндар, модельдер, негізінде модельдеу);
11.2.2.3 - 3D модельдерін (аксонометриялық проекция, техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) жасау үшiн растрлық, векторлық бағдарламалардың мүмкiндiктерін мен тиісті құралдарын пайдалану;
11.2.2.4 - 3D моделін (аксонометриялық проекция, техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) жасауда көлемді денелерді модельдеу операцияларын қолдану (қаңқалы беттi жасау, бiрiктiру, қиылыстыру, алу, ұлғайту)
|
2.3 Заттың сызбаларын оқу және орындау
|
10.2.3.1. - бұйымдардың геометриялық формасының қасиеттерін ескере отырып, сызбаға өлшемдерді қоюды білу және қолдана алуын көрсету;
10.2.3.2 - сызбада шарттар және жеңілдетулерді пайдаланып, проекциялау тәсілдерін қолдану туралы терең білімдерін көрсету;
10.2.3.3 -бұйымдардың геометриялық формаларын талдау барысында сызбаларды оқу және орындау
|
11.2.3.1 - 3D моделін визуализациялау түрлерін анықтау және таңдау (аксонометриялық проекция, техникалық сурет), жиынтық бірліктер;
11.2.3.2 - көлемді денелерді (призма, пирамида, цилиндр, конус, сфера, тор) және үстіртін модельдеуді салыстыру (күрделі формаларды) және құрастыру тәсілдерін таңдау;
11.2.3.3 - визуалдау үдерісінде бұйымның текстурасы мен фактурасын көрсету
|
2.4 Қималар мен тіліктер
|
10.2.4.1 -сызбаларда қима мен тіліктерді қолданудың маңыздылығын білу және түсіну;
10.2.4.2 - сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерін білу және қолдану;
10.2.4.3- қима мен тіліктерді орындау барысында шарттар мен жеңілдетулерді қолдану
|
11.2.4.1 - 2D объектiнi (қималар мен тiлiктер) жасау үшiн бағдарламалық қамтамасыз етуді (растрлық немесе векторлық) таңдау;
11.2.4.2 - 3D объектіде тiлiктер мен қималардың құрылуы үшiн көлемді денелерді модельдеудің негізгі операцияларын пайдалану
|
3. Кескіндерді түрлендіру
|
Білім алушылар тиісті...
|
3.1 Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру
|
10.3.1.1- проекциялау әдістерін өзгерту арқылы заттардың (денелердің) сызбаларың орындау;
10.3.1.2 - кескіннің түрі мен құрамын өзгерту (кескінді ауыстыру) арқылы немесе кескіннің масштабын өзгерту арқылы заттардын (денелердін) сызбаларын орындау
|
11.3.1.1 - кескіннің түрі мен құрамын өзгерту (кескінді ауыстыру) арқылы немесе кескіннің масштабын өзгерту арқылы 2D немесе 3D объектілердің сызбаларын графикалық редакторларда орындау
|
3.2 Кескіндерді қайта құру (реконструкция)
|
10.3.2.1 - ішінара кескіндер арқылы нысанның (заттың) толық көрінісін жаңадан жасау;
10.3.2.2 - ауызша сипаттау арқылы геометриялық денелердің графикалық кескінін немесе сызбасын құру
|
|
4. Форманың қалыптасуы және құрылымдау
|
Білім алушылар тиісті...
|
4.1 Геометриялық денелердің формаларының қалыптасу заңдылықтары
|
10.4.1.1 - геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі заңдылықтарын және принциптерін білу;
10.4.1.2 - әртүрлі беттер мен форма құрастыру тәсілдерін білу және түсінгенін көрсету (көпқырлы және қисық беттер)
|
|
4.2 Формаларды құрылымдау
|
10.4.2.1 - берілген көрсеткіштер бойынша формаларды құрылымдау
|
|
4.3 Беттің жазбалары
|
10.4.3.1 - жазылатын және жазылмайтын беттердің кескіндерінің ерекшеліктерін білу және түсіну;
10.4.3.2 - қарапайым геометриялық денелердің жазбасының сызбаларын орындау
|
11.4.3.1 - компьютерлік графика құралдары арқылы қисық беттердің және қарапайым геометриялық денелердің жазбасын сызу (призма, пирамида, цилиндр, конус, сфера)
|
5. Форманы түрлендіру
|
Білім алушылар тиісті ...
|
5.1 Зат формасын түрлендіру
|
10.5.1.1 - бөлшектерін жою және басып шығару арқылы зат формасын түрлендіру
|
11.5.1.1 - бөлшектерін жою және басып шығару арқылы 3D моделді түрлендіру
|
5.2 Кескіндер арқылы заттардың формаларын түрлендіру
|
10.5.2.1 - кеңістіктегі бұйымның проекциялау жазықтығына қатынасы туралы білгенін және түсінгенін көрсету;
10.5.2.2 - кеңістіктегі нысанның немесе бөліктерінің орнын ауыстырып, сызбасын орындау
|
11.5.2.1- бөлшектерді ауыстыру арқылы 3D моделін түрлендіру
|
6. Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері
|
Білім алушылар тиісті ...
|
6.1 Стандарттау
|
10.6.1.1 - стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшек және жиынтық бiрлiгі туралы жалпы түсінікті білу
|
|
6.2 Бөлшектердің қосылыстары. Құрастыру сызбасы
|
10.6.2.1 - ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді білу;
10.6.2.2 - құрастырмалы сызбаны орындау және безендіру ережелерін білу;
10.6.2.3- құрастыру сызбасын бөлшектеуді білу және нобайын орындау
|
11.6.2.1 - 2D ажырайтын және ажырамайтын қосылыстардың құрастыру сызбасын дайындау (кiтапхананы пайдалану);
11.6.2.2 - жиынтық бiрлiгінің 3D-моделін орындау
|
6.3 Сәулет – құрылыс графикасының элементтері
|
10.6.3.1 – құрылыс сызбаларының (жоспар, қасбет, тілік) ерекшеліктері мен міндетін түсіну;
10.6.3.2 – әртүрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу
|
11.6.3.1 – әртүрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып, құрылыс сызбаларын графикалық редакторларда орындау
|
6.4 Инфографика (сұлбалар, графикалар және диаграммалар)
|
|
11.6.4.1. – инфографика жөнінде жалпы мағлұматтарды білу;
11.6.4.2. – инфографика тәсілдері (сұлба, кестелер мен диаграммалар) арқылы зерттеу нәтижесін және ақпаратты визуалдау
|
7. Шығармашылық тапсырмалар
|
Білім алушылар тиісті...
|
Бөлімше
|
10-сынып
|
11-сынып
|
7.1 Жобалық қызметке жалпы даярлықтарын дамытатын жаттығулар
|
10.7.1.1 – қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну
|
11.7.1.1 – компьютерлік графика құралдарын пайдаланып графикалық модельдеу бойынша қолданбалы және шығармашылық тапсырмаларды орындау
|
7.2 Жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар
|
|
11.7.2.1 – техника/дизайн/сәулет салалары бойынша жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмаларды түрлі графика құралдарымен (қолмен орындалатын/ компьютерлік графика/макеттеу) орындау
|
8. Жобалау және жобалау графикасы
|
Білім алушылар тиісті...
|
8.1 Жобалау әдістері
|
|
11.8.1.1 – әртүрлі саладағы жобалау әдістерімен танысу және кезеңдерін анықтау;
11.8.1.2 – жобалау нысандарына қойылатын негізгі эстетикалық, функциялық талаптарды анықтау
|
8.2 Шығармашылық идеяларды визуалдау
|
|
11.8.2.1 – техникалық құжаттамалардың түрлеріне байланысты олардың құрамын және олардың ерекшеліктерін білу және ажырата алу;
11.8.2.2 – шығармашылық идеяларды визуалдаудың әртүрлі құралдарын (эскиз, макет, сызба) білу және қолдану
|
17. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.