19
Кейде кестені жасырын түрде ұстап (пайдаланушыға толық
керсетпей), бір ғана жазуымен таныстырады. Осы себепті көп
жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл – Access-тің
негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Форма - берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін
дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған
өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде
кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:
Автоформа (форманы автоматты түрде құру);
Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде
құру);
Қолдан құру (конструктор режимі арқылы).
Автоформа – кестені автоматты түрде форма түрінде
көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және
оған жаңа жа-зулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі
бар:
1. әр жазуды бөлек-бөлек бір бағанда көрсету
(бағандық
автоформа);
2. әр жазуды қалпын сақтап көрсету
(таспалық автоформа);
3. әдеттегідей кесте түрінде көрсету (кестелік автоформа).
Олар Жаңа форма терезесі арқылы таңдалады. Терезені ашу
үшін ДҚ терезесінен Формалар — Құру командасының берілуі
тиіс. Оның "Автоформа" қатарларының бірін және кестелер тізімі
енгізілген өрістен кесте атауын таңдау керек.
Кестені таспалық және кестелік режимдерде көру, форма
құру, оны өңдеу тәсілдері де бағандық формамен жұмыс істеу
тәсілі сияқ-ты. Таспалық және кестелік формалар әдеттегі кесте
сияқты көрі-неді, бірақ біріншісінде әр өріс мәні тік төртбұрыш
ішіне алынып және оларға форма режимі орнатылып қойылады.
Автоформалардың кестеден тағы бір ерекшелігі — Access-те
оларға автоматты түрде фондық сурет кірістіріп қойылады.
Формалар шебері
Автоматты түрде форма құрудың екінші тәсілі — Формалар
шебері программасын пайдалану. Онымен жұмыс істеу тәсілі:
1. "Жаңа форма" терезесін экранға шығару.
2. Терезенің "Форма шебері" қатарын және кестелер
20
тізімінен кесте атауын тандап, ОК батырмасын шерту. Төрт
қадамдық сұхбаттық терезесі бар Форма шебері іске қосылады.
3. Бірінші қадам терезесінде өрістерді "Тандалған өрістер"
бөліміне көшіру.
4. Екінші қадам терезесінде Бір бағанға, Таспалық, Кестелік,
Тураланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді. Олардың
бірін (мысалы, Бір бағанға белгісін) орнату.
5. Үшінші қадам терезесінде форманың сырт көрінісін
безендіруге арналған Глобус, Шырша, Бұлттар, Кеш, т.б.
фондық сурет атауларының бірін таңдау.
6. Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, "Көріп шығу не
берілгендерді енгізу үшін форманы ашу" ауыстырып қосқышын
орнату және Дайын батырмасын шерту.
Дайындалған форманы көріп шығу үшін ашылған түрін
редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.
Форманы қолдан құру. Форма конструкторы
Автоформа не Форма шебері арқылы құрылған форма
құрылымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін
дайын форманы Конструктор режимінде ашъш, көріп шығу
жеткілікті. Құрылымда Форма тақырыбы, Деректер облысы және
Форма ескертпесі бөлімдері бар.
Формаға енгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп
атайды. Олар негізінен екі типті: байланысты және байланыссыз.
Байланысты басқару элементтері ДҚ кестесінің өрістік
деректерін пайдаланады. Мысалы, деректер облысына өpic атауы
көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі
сәйкес мән жазылады. Керісінше, өріске не мән енгізілсе, ол кесте
өрісіне де енгізіледі.
Байланыссыз элемент — формада кесте өрістеріне
байланыссыз құрылған элемент, мысалы, формаға енгізілген
түсініктеме сөздер, сызылған түрлі кескіндер, т.б.
Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру
үшін пайдаланылатын батырмалар енгізілген: Үстіне жазу
(Надпись), Өріс, Ауыстырып қосқыштар, Жалауша, Тізім,
Сурет, Сызық, Төртбұрыш, т.б. (5 суретті қараңыз).
21
5 сурет. Форма терезесі. Элементтер панелі.
Деректер облысының өлшемін тышқан арқылы өзгерту қиын
емес. Элементтер панелін де экранның кез келген жеріне
орналастыруға болады.
Негізгі әдебиеттер [1; 4; 5].
Қосымша әдебиеттер [1; 2; 6; 7].
Достарыңызбен бөлісу: