Оқу бағдарламасымен байланысы


  Тапсырмалар мен балл қою кестелерінің мысалдары



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата01.05.2024
өлшемі1.18 Mb.
#500247
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
TS OSH IA aza - debieti 11


Тапсырмалар мен балл қою кестелерінің мысалдары 
Бұл бөлімде қорытынды аттестаттауда қолданылатын тапсырмалардың кейбір 
түрлері ұсынылған. 
Әр сұрақ немесе тапсырманың тұсына тік жақшада [ ] ұсынылатын балл көрсетіледі. 
Басшылыққа алу үшін балл қою кестесі ұсынылады. Онда әр сұрақ немесе 
тапсырмаға берілетін балл саны көрсетіледі. 
 
1-бөлім 
Төменде берілген бір және бірнеше таңдауды қажет ететін сұрақтарға жауап беріңіз. 



1. Тұжырымдарды композициялық құрылым ретімен орналастырыңыз.
 
A) Ақ патша мен оның өкілдерінің қазақ батырларының хаттарын жауапсыз 
қалдыруы. Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл. 
B) Қоқан хандығы мен Ресей империясының қазақ жерін өз иеліктеріне қосып алу 
мақсатындағы жымысқы ойлары мен тартыстары. Ожардың опасыздығы.
C) Әбілғазы мен Таймасқа жорытқан Кенесарының түсі. Ұлы жүз бен қырғыз 
жерінде Кенесарыға құрылған қақпан. Кекілітау бауырынан тапқан ажал. 
D) Қасым төренің билікті Кенесарыға беруі. 
E) Қасым төре, оның үлкен балалары Есенгелді мен Саржан шайқастары. 
1) оқиғаның басталуы
... 
2) оқиғаның байланысуы 
... 
3) оқиғаның шиеленісуі 
... 
4) оқиғаның шарықтау шегі 
... 
5) оқиғаның шешімі
... 
[2] 
2. Ұсынылған үзіндіде қандай мәселе көтерілген? 
 
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда, 
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолында.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама. 
 
А) амал достықпен жүретін достар туралы
В) шын сенуге тұратын адал достар туралы
С) байлық үшін дос болатындар туралы 
D) достықты сатып кететін адамдар туралы
[1] 
3. «Жалған дүние» романында көтерілген мәселені белгілеңіз. 
 
A) ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарының басталуы 
B) екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын кешкен қазақ тарихы 
C) қазақтың киіз үйінің тарихы мен колхоздастыру кезеңі туралы
D) «тоқырау заманы» мен «ұлтсыздану» дәуірінің басталуы
[1] 
4. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, 
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. 
Арпалыс ала құйын заманалар 
Арбасып тұрып алды, мен не етемін, - деген өлең жолдарында қолданылған троптың 
түрін көрсетіңіз. 
 
А) метафора
В) эпитет
С) теңеу 
D) синекдоха 
[1] 



5. «Абай жолы» шығармасындағы кейіпкерлердің ойларын сәйкестендіріңіз. 
 
1. «...Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын 
сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп 
жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. 
Одан да қырс мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім 
сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді» ... 
А) Абай
2. «...Қазағымның асыл ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық 
қазынасы бар ма?… 
В) Алшынбай
3. …« -«Қартайған шағында қайда шырқап барады, қайта оралып 
көрмеймiз-ау, кеткенi-ау» деп, есiркеп қарайсыңдар!» … 
С) Дәркембай
4. … «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. 
Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?… 
Д) Құнанбай
1) ... 2) ... 3) ... 4) ... 
[2] 
6. Абайды Бөжей еліне не себепті жіберді? 
 
А) Құнанбай атынан кешірім сұрау үшін 
В) Бөжей өліміне көңіл айтып бару үшін
С) Кәмшаттың қал-жағдайын білу үшін
D) Бөжейдің жылдық асын беру үшін
[1] 
7. «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің негізгі идеясын табыңыз. 
...«Басқа үкі тағу – бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен биік өкше 
етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол 
болатын» - деді әжесі. Мұндай киімін кигісі келмеген Абайға Зере қатты бұйрық етіп: – 
Ата-бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәламайды. «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық 
болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! – деді.
А) ата-баба жолын, салт-дәстүрді құрметтеу 
В) Абай киімдерінің бағалы екенін көрсету
С) әжесі Зеренің мінезінің қаталдығын көрсету 
D) Абайдың көнбістік, шыдамдылығын көрсету 
[1] 
8. «Бауырлар» өлеңінің тақырыбына арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз.
 
A) Қазақстанның тәуелсіздік алған күні
B) Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 
C) Астана қаласының 20 жылдығы 
D) Абайдың 150 жылдық мерекесі
[1] 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет