Оқу бағдарламасымен байланысы


«Шал мен теңіз» әңгімесінен үзіндідегі



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата01.05.2024
өлшемі1.18 Mb.
#500247
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
TS OSH IA aza - debieti 11

9. «Шал мен теңіз» әңгімесінен үзіндідегі «Мен көп нәрсені түсінбеймін. Адамның 
аспандағы күнді, айды, жұлдызды құлатып түсіруге ниет қылмайтыны қандай 
жақсы. Біз қорегімізді теңізден зорлық қып тартып алып, өзіміз секілді тіршілік 
иелерін өлтіріп жатамыз, - адамға осы да жеткілікті ғой», - деген кейіпкердің 
сөзінен қандай астарлы ойды байқауға болады ? 
А) адамдардың ниетінің дұрыс болуы 
В) жер бетінде соғыстың болмауы
С) табиғаттың заңдылығын сақтау
D) қанағатшылдықтың маңыздылығы 
[1] 
10. «Бекторының қазынасы» шығармасындағы кейіпкер Қайырболды шынайы өмірде 
кім?
 
А) мейрамхана даяшысы 
В) тележурналист 
С) Бекторының досы
D) зал меңгерушісі
[1] 
 
[Барлығы: 12] 


10 
2-бөлім 
 
1-тапсырма 
Төменде берілген екі шығарма үзінділерінің біреуін таңдап, 100-120 сөзден тұратын 
әдеби-теориялық талдау жасаңыз. Талдау үшін берілген сұрақтарды негізге алыңыз. 
1) Үзіндінің тұтас шығарманың идеясын ашудағы мәні қандай? 
2) Автор ойды жеткізуде қандай көркемдегіш құралдарды, әдеби тәсілді, жазу стилін 
қолданады?
[14] 
1-үзінді 
 
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді («Қияда» бөлімі) 
«...Жарап, қатқан қойлардан ажар кеткен. Жүндері үрпиіп, ұйысып қалған. Жамбастары 
сарала боп баттасып қалғандары бар. Анда-санда шыдамсыз ешкілер бақырып-бақырып 
тұрып, омақасып жығылып та mжатыр. Бірнеше ауылдың өз қыстауларынан осы қорыққа 
қарай жүрген жолы қадау-қадау белгі қалдырыпты. Ол белгілер: ұшып өлген ешкі, лақ, 
арық тоқтының өлімтігі. Ақ қардың үстінде, кең жазықта қарауытып қалып жатыр. Қой 
алты күн аштыққа шыдайды десуші еді. Мынау түрлеріне қарағанда бұл малдардың 
аштығы әбден шыңына жеткен көрінеді. Енді екі-үш күн өтсе, тегіс жусайтын халде екен. 
Қарды бұзып жүретін мұршалары да жоқ. Сондықтан, бірен-саран көтерем жылқы мен 
арық түйені немесе жалғыз-жарым сиырды қойдың алдына салып, соған қар бұзғызып 
келеді. Ашыққан қойлар, алдарында әрең ілбіп келе жатқан ат пен сиырдың құйрығын 
жалмап қояды. Осындай тегіс кем-кетік, дімқас болып, ілбіген, сорлы малдың 
айналасындағы адамдар да жүдеп, салдырап біткен екен. Қартаң жандардың беттерінде 
әжім қалыңдапты. Барлық жүздер қуаң тартқан. Белдері жіңішкеріп бүгілген. Киімдері 
жыртық, жүдең. Бастарына ескі-құсқы ораған әйелдер ғана емес, сақалды ерлер де бар. 
Аяқтарында, көбінесе, сырған киіз... . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет