Оқу бағдарламасын жаңғыртудың алғышарттары


Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі



бет2/4
Дата31.05.2023
өлшемі0.89 Mb.
#474536
түріБағдарламасы
1   2   3   4
лекция 3ЖББКБ

Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі.

  • Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі.
  • Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011).
  • Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген.

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер

  • Құндылықтарға бағдарланған тәсіл - оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі.
  • Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы.
  • Мысалы, «Мәңгілік ел» идеясы.

Тұлғаға бағдарланған тәсіл

  • оқу үдерісін дараландыру,
  • оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру
  • жан-жақты дамыту,
  • шығармашылық қабілеттерін толық ашу.

Саралап оқыту тәсілі

  • әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін, іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін қамтиды.
  • Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты
  • - күрделілігі,

    - танымдық тұрғыдан қызығушылық туғызуы,

    - мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану


Сыныптағы жұмысты саралаудың ең кең таралған тәсілдері:
Тапсырма;
Ресурстар;
Жылдамдық;
Нәтиже;
Диалог және қолдау;
Бағалау;
Топтасу

Коммуникативтік тәсіл

  • екі немесе одан көп адамдардың сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білім, білік және дағдылармен алмасуы
  • тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдаланып, қарым-қатынас жағдайына сай тиімді қатынас тәртібі
  • түрлі жағдайларда қарым-қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және пікір алмасуға қабілеттілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет