Қауіп көзіне тәуелді келесідей бөледі:
қауіп көзі – табиғи орта. Мысалы: өрт, тасқын және басқа да табиғи апаттар;
қауіп көзі – адам. Мысалы, бәсекелес ұйымның АЖ қызметкерлері қатарына өз агенттерін енгізу;
қауіп көзі – рұқсатты программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйелік утилиттерді пайдалануды жете білмеушілік;
қауіп көзі – рұқсатсыз программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйеге кейлоггерлерді енгізу;
Қауіп көзінің орналасуына байланысты былай бөлінеді:
қауіп көзінің бақылау аумағынан тыс орналасуынан пайда болатын қауіп.Мысалы, жанама электромагнит сәулеленулерін (ЖЭМС) немесе байланыс арналарымен беріліп жатқан деректерді ұстап алу; қашықтан фото және бейне түсіру; бағытталған микрофон көмегімен акустикалық ақпаратты ұстап қалу;
қауіп көзінің бақылау аумағының шекарасында орналасуы. Мысалы,білдірмей тыңдау құрылғыларын қолдану немесе конфиденциялды ақпараты бар деректерді тасушыларын ұрлау.
АЖ-ге әсер ету дәрежесі бойынша пассивті және активті қауіптер деп бөледі.
Пассивті қауіп іске асырылғанда АЖ құрамына және құрылымына ешқандай өзгеріс енбейді, ал активті қауіп, керісінше, АЖ құрылымын бұзады. Пассивті қауіптің мысалы ретінде деректер файлдарын рұқсатсыз көшіруді келтіруге болады.
АЖ ресурстарына қатынау тәсілі бойынша былай бөлінеді:
стандартты қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, заңды иеге қатысты пара беру, шантаж, физикалық қауіп төндіру арқылы рұқсатсыз парольді алу;
стандартты емес қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, қорғау құралдарының ресми мәлімделмеген мүмкіндіктерін пайдалану.
Қауіптердің негізгі жіктелуі:
Ақпараттың конфиденциялдығын (құпияланғандығын) бұзатын қауіптердің орындалу нәтижесінде құпия ақпаратпен танысу үшін өкілдігі жоқ субъектіге ақпаратқа қатынау мүмкіндігі туады.
Ақпараттың тұтастығын бұзатын қауіптерге, АЖ көмегімен өңделініп жатқан ақпаратты кез келген қаскүнемділікпен бұрмалау немесе құрту жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |