3. ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Астрономия пәнінен практикалық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 есеп.
Бір орбитада бірнеше космостық дене болуы мүмкін бе?
Көбінесе мұндай денелер екі массивті денелердің жүйесіндегі ерекше нүктелерде болады. Ол денелер ортақ массалар центрі- Лагранж нүктелері айналасында айналады.Сатурнның Тефии орбитасында тағы екі серігі Телесто және Калипсо бола алады. Юпитер орбитасында кіші планеталардың екі тобы болады. Юпитердің алдында он астероид –(оларды «гректер»деп атайды). Ал оның орбитасында бес астероид («троянс») қозғалады.
№2 есеп.
Қандай ғарыштық денелер тек Жер атмосферасы арқылы өткен кезде ғана бақыланады?
Кіші – ғарыштық денелер метеориттер тек олар жер атмосферасында жанған кезде ғана көрінеді.
№3 есеп.
Күн жүйеісінің қандай денелерінде күндіз аспанда күнді де , жұлдыздарды да бірге көруге болады?
Күн жүйесінің атмосферасы жоқ денелерінде күндізгі аспанда күнді және жұлдыздарды бірге көруге болады. Мұндай құбылыстар Мерурийде, Айда планетаның көптеген серіктерінде байқалады. Оның себебі, күн сәулесінің атмосфера молекуласында шашырауының болмауы болып табылады.
№4 есеп.
Қандай планетаның атмосферасы табиғи үлкен лазер сияқты жұмыс істейді? Марс спектрінде толқын ұзындығы көміртегінің екі тотығында жұмыс істейтін лазердің толқын ұзындығымен сәйкес келетін сәулелену байқалған. Марс атмосферасы күн сәулесінен энергия алатын табиғи лазер қызметін атқарады. (Бұл эффект) Шолпан атмосферасында байқалған. Табиғи лазерлер 10 м.к.м толқын ұзындықтағы инфрақызыл диапазонда жұмыс істейді
№5 есеп.
Кернеулік электр өрісін сипаттайтын бірден-бір шама. Дәл сондай өлшем бірлік ғарыштық денелердің гравитациялық өрісінде қолданыла ма? Иә болса, онда қандай?
Иә. Гравитациялық өрістің күштік сипаттауы еркін түсу үдеуі болып табылады. Оның өлшемі мен физикалық мағынасы g гравитациялық өріс кернеулігінің өлшемі мен физикалық мағынасы тура келеді.
№6 есеп.
Ғарыштық дене төмендеген сайын еркін түсу үдеуі қалай өзгереді? Егер ғарыштық дене біртекті болса, онда еркін түсу үдеуі азаяды тереңдеген сайын дене ортасында g=0. Осыған ұқсас жағдай Жер тобына жататын планеталарда ұйғарылады. Егер тереңдеген сайын тығыздық артатын болса, онда еркін түсу үдеуі дененің центрінде тағы да g=0 қандай да бір тереңдікке максимум мәнге ие болады. Мұндай жағдай Күнде орындалады. Күн үшін еркін түсу үдеуінің максималды мәні ортасынан 0,217 жарық радиусы қашықтығында байқалады.
№7 есеп.
Ғарыштық дене бетінен шексіз үлкен қашықтыққа ұшып кету үшін (осы аймақта басқа ғарыштық денелер жоқ кезде) тасты қандай жылдамдықпен лақтыру керек?
Мұндай жылдамдық екінші ғарыштық жылдамдық деп аталады. Ол ғарыштық денелердің тартылу өрісіндегі кинетикалық және потенциалдық энергияның теңдігімен анықталатын қатынас арқылы табылады. Ай үшін ғарыштық жылдамдық – 2,4 км/с, Жердікі – 11,2км/с, Юпитер – 61км/с, Күн – 620км/с, ал ергежейдікі – 5200км/с.
№8 есеп.
Қандай аспан денелерін кіші деп есептейді?
Күн жүйесіндегі кіші денелерге кометалар жатады.
№9 есеп.
Инерция моменті қандай аспан денелерінде байқалды? Бұл өзгерістердің себебі неде?
Нейтронды жұлдыздың қатты қабаты бұзылған жағдайда (инерция моменті лезде өзгереді де) айналу периодының секірмелерін пайда болғызатын инерция моментінің лездік өзгерісі болады. Жердің бұрыштық жылдамдығының секірмелі өзгеруін Жердің беті бойынша әуе және қар массаларының ауысуынан пайда болатын инерция моментінің өзгерісімен түсіндіріледі.
№10 есеп.
Қандай ғарыштық денелерде теріс жылу сыйымдылық бар? Неге? Жер денелерімен салыстырғанда жұлдыздарда теріс жылу сыйымдылық болады. Егер жұлдыз энергиясы өсетін болса, онда жұлдыз үлкейеді және суиды. Оның сууы тартылыс күшіне қарсы жұмыс есебінен жүзеге асады.
№11 есеп.
Қандай космостық обьектілер алып атомдық ядроларға ұқсас болады? Олар протондардан тұруы мүмкін бе?
Нейтрондық жұлдыздыр тығыз орналасқан нейтрондардан тұрады. Бұл күйде нейтрондық жұлдыздарды алып атомдық ядро деп қарастыруға болады. Мұндай жұлдыздардың радиустары R=10 км-ге жуық. Белгілі анықталған жағдайларды нейтрондық жұлдызды Жерден пульсар ретінде бақылауға болады. Космостық денелер тек қана протондардан тұруы мүмкін емес. Себебі олардың арасында пайда болатын күшті тебілу күштері олардың үйлесуіне себеп болады.
№12 есеп.
Жерге ең жақын нейтриноның космостық көзі қайда орналасқан?
Жерге ең жақын нейтриноның космостық көзі – Күн. Нейтрино күннен келетін нейтринолар ағыны өте үлкен 1 секундта адам денесінен 10 нейтрино өтеді.
№13 есеп.
Қандай химиялық элементтер өздерінің аттарын аспан денелеріне байланысты алды?
Аспан денелерінің аттарымен алынған сегіз химиялық элементтер бар. Олар: гелий (Гелиоса-Күн) деген сөзден, селен (Селена-Ай), теллур (Теллуса-Жер) т.с.с. уран, нептуний, плутоний, деген элементтердің аттары Уран, Нептун және Плутон деген планета аттарынан, ал Палладий және Церий ең үлкен астероидтар аттары Паллада және Церрерадан шыққан.
1.2. Астрономиядағы санақ жүйесі шырақтардың көрінерлік қозғалысы.
№1 есеп.
Птолемей теориясының қандай тұжырымдары дұрыс болып шықты?
Аспан денелерінің кеңістіктегі орналасуын, олардың қозғаласы, Айдың Жерді айналатыны, планеталардың көрінерлік орындарын математикалық есептеулер.
№2 есеп.
Жерде аспан меридианының орны қай нүктеде белгісіз?
Жердің полюстерінде.
№3 есеп.
Жердің қандай нүктесінде дүниенің солтүстік полюсі Зенитпен солтүстік нүктемен Надирмен беттеседі?
Зенитпен – Жердің солтүстік полюсінде, Солтүстік нүктемен – экваторда, Надирмен – Жердің оңтүстік полюсінде.
№4 есеп.
Жер шарының қай нүктесінде барлық жұлдыздар жыл бойы математикалық горизонт жазықтығына параллель қозғалады?
Жердің полюстерінде.
№5 есеп.
Күн батыс нүктесінде батты. Осы кезде ол қай нүктеден шықты және бұл жылдың қай күндері болады?
Егер күннің ауысуының өзгеруін ескермесек, онда ол шығыс нүктесінен шығады. Бұл құбылыс жыл сайын теңелу күндерінде байқалады.
№6 есеп.
Жылдың қай кезінде ең ұзақ және ең қысқа шын тәуліктер болады? Ең ұзақ шын тәулік күннің тік тұрған кезінде.
-
Күн жүйесінің көрінерлік қозғалысы.
№1 есеп.
Күн жүйесінің шекарасы қайда?
Күн жүйесінің шекарасының екі критерийі бар:
1. Күн желі бөлщектердің тежелуі болатын 10-10 астрономдық бірлікке тең арақашықтық.
2. Күннің тартылу күші мен жақын орналасуын жұлдыздардың тартылу күші тең болатын 1,510 а.б. тең арақашықтық.
№2 есеп.
Кеңістіктегі Күн қозғалысының бағытын қалай анықтауға болады? Күн қозғалысының бағыты жақын жұлдыздарға қатысты. Жұлдыздардың сәулелік жылдамдығына және меншікті жылдамдығына қатысты анықталады. Апекс (жақын жұлдыздар аумағы) маңында жұлдыздар алыстайды, ал антиапекс маңында көптеген жұлдыздардың меншікті қозғалыстары Күнге қарай бағытталады, яғни жақындайды.
№3 есеп.
Күн жүйесіндегі қандай обьектілер ең қараңғы болып табылады? Күн жүйесіндегі ең қараңғы обьектілер Галея кометасының ядросы, уран сақиналары және оның серіктері. 2001 жылдан бастап ең қараңғы обьекті Борели кометасының ядросы болып есептеледі.
№4 есеп.
Күн жүйесінің қандай денелерінде активті вулканның процесі жүреді?
Вулкандар: Венерада, Жерде, Юпитер спутнигі Ио-да бар. Нептунның серігі – Тритонда қуатты гейзер табылған.
№5 есеп.
Күн жүйесінің қандай обьетілерінде алып атмосфералар бар?
Атмосфера Күн жүйесінің өлшемдері бойынша ең белгілі обьектілер болып табылады. Холмс кометасы 1882жылы диаметрі (d=1,5млн. км) болатын қабықшасы болған. Когоутек кометасы 1973 жылы Күн маңынан өткен кезде диаметрі d=1,4 млн. км-ден үлкен сутекті сыртқы қабықшасы болған.
№6 есеп.
Неге Күндегі дақтар қара?
Дақтар температурасы жуық шамамен фотосфера температурасына қарағанда 1500К-ге төмен. Сондықтан контрассы бойынша дақтар сыртқы фотосфераға қарағанда қара болып көрінеді.
«Астрономия» пәні бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.
Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,
заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.
Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.
Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.
Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.
Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.
Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады. Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:
1.Сфералық астрономия элементтері.
Астронмия пәні, қысқаша даму тарихы. Астрономия тараулары.. Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Бақылаулар ролі.
2. Астрономияның пайда болуы.Астрономияның ежелгі Грецияда дамуы. планеталар. Планеталардың көрнелік қозғалысы. Әлемнің Птолемей ұсынған геоцентрлік жүйесі. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.
3. Күн жүйесінің құрлысы,. Тәуліктік параллакс. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдістемесі.Күн жүйесіндегі айдың өлшемін анықтау.
-
Айдың жұлдызға және Күнге қатысты көрінерлік қозғалысы., Ай фазалары. Ай жердің табиғи серігі. Айдың айналуының синоттық периоды. Ай мен Күннің тұтылулары, олардың жилігі және периоды
-
Оптикалық телескоптар және олардың негізгі сипаттамалары.телескоп түрлері.Радиотелескоптар. Рогсон формуласы. Абсолютті жұлдыздық шамалар.
-
Планеталардың жасанды серіктері және автоматты станциялар ұшыру.Айды зерттеу. Планеталар және олардың серіктері. Планеталардың физикалық қасиеттері, негізгі сипаттамалары. Кіші планеталар, кометалар. Сыртқы түрі.
-
Галактикалар.Галактикалық жұлдыздар жүйесі.Галактикалардың түрлері және негізгі ерекшеліктері.
-
Кұн жүйесінің космогониясы.Кант пен Лапластың космогониялық гипотезалары.Жер мен планеталардың жасы. Кеңейтілген Ғалам проблемасы.Жаңа Ғалам жәнеқалдықсәулелену жайында түсінік.
Білімдерді бақылау-өлшеу құралдары
1. Жер бетінен үшінші космостық жылдамдыкпен ұшырылған К.А. Жерге катасты қандай траекториямен ұшады?
А. Жерге қатысты параболамен ұшып Жер өрісінен шығады
Б. Жерге катысты параболамен ұшып Күннің тартылу өрісінен шығады
В. Жерге қатысты гиперболамен ұшып Күннің тартылыс өрісінен шығады
Г. Жерге қатысты созылыңқы элллипс орбитасымен ұшып, Жер өрісінен
шығады
Д. Жерге қатысты шеңбер бойымен үшып, Жер өрісінен шығады
2. Телескоп объективінің міндеті қандай?
А. Аспан денелерінің үлкейген кескінін алу үшін
Б. Аспан денелерінің жарығын жинап, кескінді үлкейтілген бүрышпен көру үшін
В. Аспан денелерінің шыгаратын жарығын жинап, кескін шығару үшін
Г. көру бұрышын үлкейту үшін
Д. А-Г жауаптарының арасында дұрысы жок
4. Жүлдызды аспанның оңтүстік жағынан неліктен әртүрлі жыл мезгілінде әртүрлі шоқ жүлдыздыр көрінеді?
А. Жердің өз осінен айналу салдары
Б. Күннің өз осінен айналу салдары
В. Жердін жарық қозғалыс салдары
Г. Айдың жерді айналу салдары
Д. А-Г арасында дұрыс жауап жоқ
5. Күн жарығы жерге канша уақытта келіп жетеді?
А. 32"'20л Б. 57"' В. 10,5"' Г. 8"'18л Д. 15'"
6. Базис өзгермегенде шырактың көрінетін арақашықтығы алыстаған сайын, оның параллакстық ығысу бүрышы қалай өзгереді?
А. Артады Б. Кемиді В. Өзгермейді
Г. Жарым есе ғана артады Д. Үштен біріне жетеді
7. Алтаир жүлдызының параллаксы к = 0", 20 Осы жүлдызға дейінгі
арақашықтықты жарық жылымен анықта?
А. 17,5 Б. 18 В. 16,3 Г. 19 Д. 20,5
8. Сириустың параллаксы л = 0", 37 Осыған дейінгі арақашыктықты парсекпен аңықтаңдар?
А. 1,5 Б. 5,5 В. 6 Г.2,7 Д. 7,5
9. Күн Айға қарағанда Жерден неше есе алыс?
А. 400 Б. 350 В. 109 Г. 60 Д. 200
10. Төменде күнге дейінгі арақашықтық келтірілген, бірлік атауы көрсетілмей «Жерден Күнге дейінгі емес» жалпы Күн жүйесіндегі: қандай бірлікпен, оны көрсет:
А. 80 Б. 40 В. 4 Г. 1300 Д. 60
-
Төменде атауы көрсетілмей Айға дейінгі арақашықтықтар цифрлар келтірілген, солардың қайсысы дүрыс және қандай бірлікпен өлшенеді?
А. 80 Б. 4 В. 100000 Г. 400000 Д. 30
-
Күн дақтары пайда болады:
А. Тәжде Б. Хромосферада В. Фотосферада
Г. Конвективті зонада Д. Сәуле шығару зонасында
13. Күнде протуберанецтер пайда болады:
А. Күн тәжінде Б. Хромосферада В. фотосферада Г. конвективті зонада Д. Сәуле шығару зонасында
14. Жүлдыздарды төтенше алып, алып және ергежейлі деп бөлу олардың:
А. Тығыздығына қарай Б. Температурасына қарай В. жарқырауына қарай
Г. массасына қарай Д. Химиялық күрамына қарай
15. Күн сияқты жұлдыздар жататын тізбектер:
А. Төтенше алыптар Б. Алыптар В. ергежейлілер Г. субенганттар
Д. Қызыл ергежейлілер
16. Қандай айнымалы жұлдыздар «әлемнің маяктары» атанды?
А. Жаңа жұлдыздар Б. Төтенше алыптар В. «Цефеид» типтес жұлдыздар Г. пульсарлар Д. Ақ ергежейлі тектес жұлдыздар
17. Жұлдыздырдың спектрлік кластарының температераларының кему ретіне сәйкес «ыстықтан суыққа қарай» орналасуын көрсетеді?
А. В.О.А.Ғ.К.О.М. Б. О.А.В.Ғ.К.М.О. В. О.В.Ғ.А.М.К.О. Г. О.В.А.Ғ.О.К.М. Д. А.В.О.О.К.М.Ғ.
-
Төмендегі көрсетілген спектрлік класс белгілерінің қайсысы күнге тән?
А.Ғ5 Б.К2 В .С2 Г.В9 Д.А5
-
Г-Г диаграммасында төтенше алып тізбегі сипатталады: А. Олар бас тізбектегі жұлдыздар болады
Б. Күнге қарағанда жарқыраулары артық жұлдыздар В. бұлар ақ түсті жұлдыздар
Г. олардың жарқыраулары өте көптігімен сипатталады Д. Олар сызықтық мөлшерлерінің көптігімен сипатталады
20. Г-Р диаграммасында қыжыл алыптар тізбегі сипатталады:
А. оладағы жұлдыздардың сызықтық мөлшерлері күнге карағанда кіші
Б. ондағы жұлдыздардың бетінің температуралары 10000 к шамалас
В. ондағы жұлдыздардың сызықтық мөлшері өте көп
Г. ондағы жұлдыздардың температурасы тым жоғары
21. Жұлдыздардың физикалық сипаттамасының арасында бірнеше заңдылықтар тағайындалған. Төмендегі келтірілген тұжырымдалардың қайсысы ондай заңдылықтарға жатпайды?
А. Жұлдыздардың жарқыруы массасына тәуелді
Б. Жүлдыздардың жарқыруы температурасына тәуелді
В. Жұлдыздардың жарқыруы тығыздығына тәуелді
Г. Жүлдыздардың жарқыруы спектрлік класына тәуелді
22. Метагалактика деп:
А. Біздің галактика сиякты әртүрлі жүлдыздар жүйелері
Б. Қазіргі кездегі оптикалық және радиотелескоптармен бақыланып отырылған әлемнің бөлігі
В. сондай галактикалар, олар оптикалық жарықпен бірге күшті радиосәулелердің көзі
Г. біздің галактикадан тыс галактикалар өте куатты радиосәулелердің көзі
және оптикалық сәулелер жағынан күшті қызыл жылысу байқалатын
Д. Төтенше галактикалар тобы
23. Біздің галактика дэңгелегінде дисксінде жұлдыздың таралып орналасуы.
А. Бірқалыпты кеңістіктегі тығыздығы бірдей тек центріне карай тығыздығы артып ядро құрайды
Б. барлық жерде кеңістіктегі тығыздықтары бірдей
В. бірқалыпты емес, жүлдыздар бүлты спирал құрайтындай ядро маңында Г. жүлдыздар, ойдым,ойдым немесе шекім, шекім орналасқан
Д. Жұлдыздар центрге қарай азая беріп орналасады
24. Галактикадағы күннің орнын көрсетіндер?
А. галактика центрінде
Б. галактика ядросында
В. күн галактика жазықтығына жақын, бірақ центрде емес
Г. күн галактика шегіне жақын орналаскан
Д. күн галактика жазықтында
25. Күн біздің галактика қай жаққа қарай 20 км-с жылдамдықпен қозғалып
барады?
А. Айдахар шоқжүлдызына қарай Б.Арыстан шокжүлдызына қарай
В. Геркулес шоқжүлдызына қарай Г. Ормон шоқжүлдызына қарай
Д. Бүркіт шоқжұлдызына қарай
26 Жарық жүлдыз Фомальгаут қай шоқ жұлдызда?
А. Торпақ Б. Бикеш В. Оңтүстік крест Г. Арыстан
Д. Оңтүстік балыктар
27 Қай шоқжүлдыздың жүлдызы Спика?
А. Сиыршы Б. Жетекші В. Бүркіт Г. Бикеш Д. Аққу
28 Регуль қай шоқжүлдыздың жарық жұлдызы?
А. Егіздер Б. Аққу В. Арыстан Г. Орион Д. Бүркіт
29 Сіз бір жүлдызды бақылап тұрсыз. Ол жұлдыз жоғары көтеріліп барады. Сонда бұл аспанның қай жағында болғаны?
А. Оңтүстік жағында Б. Батыс жағында В. Шығыс жағында Г. Солтүстік жағында Д. Солтүстік шығыс жағында
30. Қазір ғана кульминацияланған жүлдыз төмен қарай қозғалып барады, сонда ол аспанның қай жағында болғаны?
А. Шығыс жағында Б. Оңтүстік жағында В. Батыс жағында
Г. Солтүстік жағында Д. Солтүстік батыс жағында
Достарыңызбен бөлісу: |