Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:
Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;
IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );
Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа – клиентін орнату және баптау.
Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер ) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.
Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық,спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді Зіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
Ал коммутаторлық байланыс –– уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.
Телефон сымдары тек дыбыс жиелігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып )торапқа түседі және керісінше.
Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады.Ішкі модемдер арналық тақшаға орнатылады.
Басқа құрылғылар сияқты модемдер де програмалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу →Баптау →Басқару тақтасы→Жабдықтарды орнату (Пуск→настройка→Панель управления→Установка обарадувания)құралының көмегімен орнатады.
Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім →Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс (Мой компьютер→Удаленный доступ к сети→Новое соединение)).
Программаны баптау кезінде интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын ала енгізіп қою керек:
Байланыс жүргізілетін телефонның номері;
Қолданушының аты (Login)
паролі (password)
сервердің адресі.
4.3. Word wide web – тің негізгі түсініктері
Бүгінгі таңда интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады.Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімді дайындалған.Құжаттарды тасымалдау мен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін Word wide web (web,WWW) деп атайды.Бұл сөздің аудармасы бүкіл дүние жүзілік өрнек дегенді білдіреді. Word wide web–– қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады.Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен web құжаттар жиынтығын айтады.
Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді web-сервер деп атайды.WWW-дің құжаттары web – серверлерде сақталады.WWW орта дегеніміз web – серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын ақпаратық кеңістік. Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды web-беттер деп атайды.Тақырып бойынша топтастырылған web беттерді web-тораптар деп аталады.
( жаргондық термині–– web–сайт).
Дайын материалды web тораптарда орналастыру web – басылым деп аталады.
Word wide web-тағы жеке құжатты web–бет атайды .Әдетте бұл әр түрлі обьектілер жиынтығынан тұратын құжат.Оның құрамында мәтінде гафиктік бейнелер де мултимедиалық және басқа енгізілетін обектілер болады.
web–беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер экранға құжатты шығарып береді.Ол командалар тегтер деп аталады.
Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу –HTML(HuperText Markup Language).Сонымен web–құжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен . Осындай құжаттарды HTML пішімімен жазылған құжат деп аталады. HTML–құжаты броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер эранда көрінбейді,тек құжаты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын web беттердің ең маңызды сипаты – гипермәтіндік сілтемелер болып табылады.Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.
Суретпен немесе мәтіннің кез-келген бөлігімен тегтердің көмегімен қандай да бір web құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға болады.Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе суретке тышқаннның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі.Бұл құжат өз алдына басқа құжаттарға гиперсілтеме жібере алады.Сонымен WWW– серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс web серфинг деп аталады.Егер осы кеңістіктегі әрбір құжатттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді.Бүкіл әлемдік масштапта әрбір файлдың адресі ресустардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL-унифицированный указатель ресурса)анықталады. URL-адрес үш бөліктен тұрады:
Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету.Мысалы,WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады (Huper Text Transter Protocol- хаттама передачи гипертекста ):
http://
хаттаманың атынан кейін :және // белгілері қойылады.
Компьютердің (сервердің )домендік атын көрсету:
http://www.enu.kz
Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты ww.khabar.kz,Microsoft компаниясының Web-серверінің домендік аты www.microsoft.com,”Огонек”журналының web-серверінің домендік аты www.ogonyek.ru,(соңындағы ru домені компания сервері интернеттің Ресейлік секторына жататынын көрсетеді)
Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “/”символын қою арқылы )
http:/www.enu.kz/files/Myfiles/xyz.zip
(Интернетте бас әріп пен кіші әріп әртүрлі символдар болып есептеледі).
Web- броузерлер
Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленді.Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьютердің мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай,оның логикалық құрылымын анықтап береді.Құжатты нақты бір компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге асырылады.
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:
Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;
Броузер жұмыс атқаратын компьютерлердің мүмкіншіліктерін ескере отырып web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу ;
web-беттердің құрамына кіретін мультимедиялық және басқада объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;
web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған web беттерге қатнауды ықшамдыстыру;
Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.
4.4.Internet Explorer 5.0 программасымен жұмыс істеу негіздері
Интернет жағынан World Wide Web қызметі жұмысын серверлік программалық құралдар –Web –серверлер қамтамасыз етеді.Қолданушы жағынан бұл қызметті клиенттік программалар –web –броузерлер атқарады.Ең көп тараған броузерлер –– Internet Explorer, Netscape Navigator,Opera.Барлық броузерлердің функциялары біреу ғана, бірақ Microsoft Internet Explorer 5.0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows 98 операциялық жүйесімен бірге қойылады, және оның бөлінбейтін компаненті болып табылады.
Internet Explorer броузерін іске қосу үшін
Іске қосу →Программмалар → Internet Explorer (Пуск →Программы → Internet Explorer ) командасын орындау қажет.
Егер интернетпен байланыс жоқ болса,эранда байланыс орнатудыбасқару сұқбат терезесі пайда болады.Байланыс орнату мүмкін емес жағдайда,бұрынғы жүктелген web құжаттарды көру мүмкіндігі сақталады.
Егер байланыс бар болса, онда программа баптауы бойынша таңдалынған бастапқы бет экранда пайда болады.
Web- бетті ашу және көру
Бастапқы бетте барлық мәтіндік,графиктік және мультимедиалық объектілер бейнеленді.Көруді басқару меню жолының,аспаптап панелінің,гиперсілтемелердің көмегімен жүргізіледі.Егер сізге қажет Web беттің (7-сурет)
URL- адресі белгілі болса,оны панельдегі Адрес өрісіне енгізіп,Өту батырмасын басу қажет.Ағымдағы беттің орнына,Адресі көрсетілген бет ашылады.Сонымен қатар адрес өрісінен тізімдегі бар адресті таңдап алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |