ОҚУ-Әдістемелік кешен «Кәсіби компьютерлік бағдарламалар 1»



Дата04.03.2016
өлшемі0.51 Mb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК құжатының 3-деңгейі

ОӘК

ОӘК 042-33.1.72/03-2013

ОӘК

«Кәсіби компьютерлік бағдарламалар 1» пәнінен оқу - методикалық материалдар



№1 басылым

03.09.2013



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Кәсіби компьютерлік бағдарламалар 1»
5В042100 – «Дизайн» мамандығына

ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013

Мазмұны

1 Глоссарий

3

2 Дәріс

4

3 Тәжірибелі сабақ

14

4 Курстық жоба

17

5 Студенттердің өздік жұмыстары

17


1 ГЛОССАРИЙ
Corel draw  – дағы  мәтінді енгізу ережелері  басқа да  мәтіндік редакторларына ұқсас.

Name (Имя) өрісі (поле) құралатын растрлық құжаттың атын енгізу үшін қолданылады.

Width (Ширина) параметрінде өлшеу бірлігі болады.

Height (Высота) параметрлерінде де өлшеу бірліктері болады.

Mode (Режим) тізімі жаңа құжаттың түсті форматын таңдауда қолданылады

Print Range (Диапозон) режимі.

All (Все) – құжаттың барлық парғын баспаға шығару

Selection (Выделение) ерекшеленген жерді баспаға шығару

Pages (Страницы) келесі параметрллердің көмегімен құжатты баспаға шығару

From (От) және To (До) парамтрлері. Бұлар баспаға шығаратын минимальді максимальді парқтардың номері көрсетіледі

Print Quality (Качество печати) тізімі баспаға шығарған кездегі сапасын көрсетеді

Copies (Копии) параметрі баспаға шығаратын құжаттың көшірмесінің санын көрсетеді

Space (Цветовое пространство) құжатты баспаға шығару кезінде түсті профильді таңдау кезінде қолдануылады

Post Script Color Managment (Цветовая коррекция) параметрін қолданған кезде ббаспаға шығаратын құжат түсті болып шығады.



2 ДӘРІС

1- дәріс

Тақырып: Corel DRAW бағдарламасы

Corel draw  фигуралары

Фигуралық  мәтінді енгізу  сонша қиын емес. Инструменттер панелінен мәтін (текст,text tool) инструментін  тағңдаңыздар.  Оын батырмасында "а”  әрпі салынған. Нұсқағыш төменгі оң жағында дәл осындай "а”   әрпі бар крест түрінде беттің кез келген жерінде тінтуірмен шертіңдер. Шерткен жерде жыпылықтаған тік сызық пайда болады. Бұл мәтіндік меңзер (курсор), ол бетте пернетақтадан енгізілген символдар пайда болатын орынды (енгізу нүктесін) көрсетеді. " старна чудес ” мәтінін теріңіздер. Сөздердің арасында
enter пернесін басыныздар, сонда чудес сөзі жаңа жолға ауысады.

Меңзер және нұсқағыш

Иллюстрацияда мәтіндік меңзер болғанда тінтуірдің  нұсқағышы жоғалмайды. Бұл экранда мәтінді енгізудің үзбей, командаларды және элементтерін таңдауға мүмкіндік береді. Қасиеттер панелінің өзгеруіне көңіл бөліңіздер. Енді онда мәтінді басқару элементтер орналасқан.
Corel draw  – дағы  мәтінді енгізу ережелері  басқа да  мәтіндік редакторларына ұқсас.

Стандартты  басқару пернелерірің барлығы жұмыс істейді;


•    мейзерді ( курсорды)  басқару пернелері  енгізу нүктесін жылжытады.
•    осы пернелер енгізу нүктесін, ctrl  басулы кезде, бір сөзге жылжытады.
•    homt  пернесі енгізу нүктесін  жолдың басына, ал end пернесі – жолдың аяағына апарады.

•    мәтінің басына ауысу page up пернесінің көмегімен, ал аяғына - page down-мен жүргізіледі.

•    енгізу нүктесінің сол жағындағы символ backspace, ал оң жағындағы – delete пернелерімен жойылады.

Енгізілген мәтін үнсіз келісім қарпімен пішімделеді. Егер сіздер бұл үнсіз келісімді ағымдағы құжат шегінде өзгерткіңіз келсе, мәтін (text tool) инструментін және мәтінді енгізуді бастап қойып қаріп таңдасаңыздар, яғни тінтуірлермен бетте шерткеннен кейін, онда ол тек осы мәтіндік объекті үшін ғана қолданылады, ал келесісін жасағанда сіздерге қайта қаріп таңдауға тура келеді.

Сөзді тұтас белгілеу

Мәтін (text tool) инструментімен мәтінде  екі қайтара шерту тұтас сөзді. Яғни бір бос орыннан келесі бос орынға дейінгі символдар тізбегін белгілейді.

Қаріпті таңдау

Мәтіннің ең басты атрибутты қаріп болып табылады. Оны логотиптегі мәтін үшін берейік.



  1. Инструменттер жинағынан нұсқағыш (pick tool) инструментін таңдаңыздар да терілген мәтінді белгілесеңіздер.


Страна чудес

 2. Қасиеттер панеліндегі ашылатын шрифт (қаріп, fond list) тізімінен times new roman қаріпін табыңыздар. Сіздер тізімінен қаріп таңдасымен- ақ, ол белгіленген мәтінді пішімдейді.

Әлпет тандау

Әлпетті де қасиеттер панелінде таңдауға болады. Сorel draw бағдармасында кәдімгі (нормалд), жартылай қалың, курсивтік және жартылай қалың курсивтік әлпеттерін пайдалана аламыз.



  1. Курсивтік әрпібар батырмада шертіңіздер. Мәтін курсивті болды,  ал батырма, осы әлпеттің белгіленген мәтінге қолданылуын көрсетіп, басулы қалпында қалуды

  2. Астын сызу атрибуты да  дәл осылай орнатылады. Астын  сызу (underline) батырмасында шертсеңіздер мәтіннің әрбір символының асты сызылады . Мәтіннің курсивтік  әлпетін сақтағанына көңіл аударыңыздар . Барлық  әлпеттер және астын сызу  атрибуты бірге берілуі  мүмкін , мәтін  қатар курсивті , жартылай қалың және асты  сызулы  болуы мүмкін . Нормалды (кәдімгі) әлпетке қайта оралыңыздар . Бұл үшін курсив  (italic) және астын сызу (underline) батырмаларына тағы бір рет  шертіңіздер . Енді батырмалар басулы емес .

  3. Біз таңдаған  times new roman  қарпі суреті  бойынша  бірдей болғанымен,  үлгіде біраз "ашықтау” екндігі анық.
    Қасиеттер  панеліндегі  жартылай  қалың  (bold) батырмасын  қолданыңыздар.  Қаріп  қажет  түрді  қабылдайды.
    Corel draw берілген  әлпетті тек ,  егер  ол таңдалған қаріпте бар  болса  ғана орната  алады.  Сіздердің  компъютерлеріңіздегі  қаріптердің  барлығында  әлпеттердің толық  жиыны бола  бермейді.

Қаріптің өлшемін таңдау

Фирманың  атауы үшін қаріптің өлшемін   анықтау  пішімдердің  ең көп  енбектендіретін кезеңі, өйткені небәрі екі-ақ сөзге қаріптің төрт түрлі  өлшемі  қолданылады.

1.    Редакциаланатын үзіндіні  нұсқағыш (pick tool) инструментімен белгілеңіздер.
2.    Шрифт   (fond list) тізімінің қасында қаріптің  өлшемін  орнатуға мүмкіндік  жасайтын   размер шрифта (point size  list) тізімі бар.  Тізімінің өрісіне  16  мәнің енгізіңіздер.  Страна  сөзінің летералары (әріптері) осы  өлшемдегі қаріппен  терілген.

3.    Чудес  сөзіндегі литералардың (ч)  литерасын  қоспағанда,  өлшемі  үлкенірек. Белгіленген   мәтінді екі рет  шертіңіздер. Бұл кезде  мәтін (text tool)  инструменті  белсенді болады  да,  фигралық мәтінді  символдап редакцияалап   мүмкін болады.  Мәтіннің  үзіндісі  белгіленген  жағдайда мәтін (text tool)  инструментерін тікелей  таңдап   та  осы  нәтижеге  жетуге болады.

4.    Мәтіннің үзіндісін  пішімдеу үшін оны  мәтін (text tool)   инструментімен  белгілеу керек. Белгілеу  кәдімгі  мәтімдік  редактордағыдвй жүргізіледі. Мұны тінтірудің немесе  пернетақтаның  көмегімен жүргізуге  болады.  Егер  пернетақтаны  қолданатын  болсақ ,  оны алдымен  меңзерді  басқару  пернелерінің  көмегімен  енгізу нүктесін (ч)   және  (у)   әріптерінің  арасына  орналастыру  керек. Сонан соң стрелка вправо пернесін,  бұл кезде shift   пернесін  басып ұстай  отырып,  басу керек. (у)    әрпі теріс  бейнеленеді,   бұл белгіленуді  көрсетеді.тінтуір көмегімен:  нұсқағышты  керек жеріне орналастырып,  сол  батырманы  басып және оны жібермей  отырып, нұсқағышты  белгілеу керек  болған үзіндінің ( біз  мысалымызда  үш символ оңға)  соңғы жағына  жылжытыңыздар.  Сонан  кейін тінтірудің  батырмасын жіберіңіздер.

5.    Енді белгіленген  үзүнді үшін  18 пункт өлшем беріңіздер.  Бұл мәнді  алдымен қасиеттер  панеліндегі қаріп өлшемдері енгізіп алыңыздар.


6.      Осы операцияаны оған  20 пункт  өлшем  беріп  (с)  әріпімен   де    жүргізіңіздер.
7.       Сөздердің  басты әріптері: (с)  және  (ч) -ның  өлшемдері  оданда  үлкен.   Олар үшін  30  пункт өлшем беру керек.  Енді біз бұны басқа тәсілмен жасаймыз.

Жеке  символдарды инстументтер политрасындағы  фигура (shape tool) инструментінің  көмегімен пішіндеу  қолайлы  болады.  Егер фигуралық мәтінді осы инстументтің  көмегімен белгілесе,  әр  символдардың  сол  жағында,  оның   базалық сызығының денгейіне  қисықтың тораптарының  ұқсасақ   түсті шаршылар  пайда болады.  Бұл  (мәтіннің тораптары)  контурлардың  тораптарына сырт  пішінімен    ғана емес,  функцияалармен  де  ұқсас.  Егер  символға сәйкес  торапта  тінтуір ,   онда  қасиеттер панелінде  тек  осы   ріптің  қасиеттерін  өзгертуге  мүмкіндік  беретін  командалардың  батырмалары  пайда болады .   Бұл  жағдайда  торап  торап түсін  қараға  өзгертеді.

1.    Фигура (shape tool )  инстументін  тандап,  енгізілген мәтінді тінтірді  шертіп  белгіленіздер. (С) әріпіне  сәйкес  торапта шертіп, басқару  панеліндегі  размер шрифта (point size  list )  тізіміне  қаріптеріне 30 пункт  өлшемін  енгізіңіздер. Enter пернесің  басыныздар. Әріп  дереу  берілген өлшемде болады.

2.     Өлшемі   осындай болатын (ч) әрпі  үшін де  осы  операцияны  қайталаныздар.  


Тік  және  көлденең  ығысу

Енді әр смволдың  қажет  қаріпінің  керек  өлшемі  бар  болғанда,   тек  символдарды  үлгіге  сәйкес орналастыруға  қалды.   Мұнда стандартты   емес  орналасу corel draw - да  оңай  орндалатын  позициалауды  (орнықтыруды)   талап етеді.

1.(ч) әрпін  белгіленіздер  және  қасиеттер панелінің   вертикальное смещение (тік ығызу,  vertikal shift)    өрісінде - 23 мәнін  беріңіздер . Enter    рнесін  басқаннан  кейін   әріп  сөздің  басқа  бөлігіне  сәйкес  орын  алады.

Ығысуды өлшеу

Corel draw  -да ығысулар символдың олшемiнен пайызбен елшенедi. Бiз нұсқаған — 23 ығысуы төмен ығысуды бiлдiредi (ығысу шамасы терiс болғандықтан) 44 пунктен 23% -ке, немесе 3,6 мм. Қарiптiң өлшемдерi ар турлi (кезде) болғанда ығысу өрiсiне енгiзiлген бiр мен, символдарды ар турлi ара қашықтыққа жылжыттады.

2. 1-шi пунктте айтылғандарды — 33% ығысу берiп, "с” ерпiмен жасаңыздар.


3. Егер жолдардың арасындағы ара қашықтық суреттегiдей болмаса, онда бұл кемшiлiктi интерактивтi түзету қиын емес. Фигура (shаре тооi) инструментiнiң ағымдағы екендiгiне кез жеткiзiңiздер. Бұл инструменттi таңдағанда мәтiндiк объектiнiң астында тораптардан басқа екi стрелка пайда болады. Олардың бiрi төмен бағытталған жене ол жолдардың арасынндағы аралықтарды (интервалдарды) реттеуге арналған, ал бiреуi — оңға, ол симнолдардың арасындағы аралықтарды (интервалдарды) басқарады. Тiнтуiрдiң сол батырмасын жоларалық интервал стрелкасында шертiңiздер жене оқы жiбермей отырып, тiнтуiрдiң нұсқагғышын темендегi жол жоғарғы жолдан мелктермен улгiдегiдей ара қашықтық болғанша жоғары жылытыңыздар. Егер мұны бiрден жасай алмасаңыздар, оқасы жоқ, жаттығуды, натижесi сiздердiң кеңiлдегiңiздей болғанша қайталай берiңiздер.

Фигура инструментiмен символдарды жылжыту

Фигура (shаре тооi) инструментiнiцң көмегiмен фигуралы мәтiннiң симнолдарын тек белгiлеп қана қоймай, оларды тiкелей жылжытуға да болады. Мұны әрi бiрнеше символдармен қатар жасауға болады, оларды тек алдын ала белгiлесе болды.

1. Фигура (shаре тооi) инструментiн таңдаңыздар жене (чудес)сезiндегi (ч)әрпiнiң торабын белгiлеңiздер. Shift  пернесiн басып жене оны жiбермей ұстап отырып, келесi әрiптiң торабында шертiңiздер. Нетижесiнде екi символ белгiленедi. Осылай сөздiң баска әрiптерiн де белгiлеңiздер.

2. Белгiленген симнолдарды оларға сейкес тораптардың бiрiнен iлiп алыңыздар да, оларды керектi жерге апарыңыздар. Жылжытқанда символдардың пунктир контуры сiздерге олардың ағымдағы орнын корсетедi.

Тораптардың бiрнетлеуiн тек тiзбектеп қана емес, бiрден қатар белгiлеуге де болады. Бул тура нұсқағыш (рiск тооi) инструментiмен бiрнетле фигураны белгiлеген сияцты жасалады, бiрақ бұл жағдайда фигура (shаре тооi) инструментi активтi болуы керек.


Фигуралық мәтiндi контурға айналдыру

Логотиптiң үлгiсiне мұқият карасаңыздар оның бiз жасаған үлгiден азғантай айырмашылыгын байқайсыздар.

Үлгiде "р әрпiнiң төменгi шығыңқы элементiнiң ұзындығы таңдалған қарiптiң стандартты ұзындыгына қараганда жасанды үлкейтiлген.
Бул ерекшелiгiн суреттеуге пiшiмдеудiң шеберлiгi емес, тек қарiптiң суретiн тiкелей өзгерту комектеседi. Мундай жумыс үшiн символдың суретiн құрайтын контурларды редакциялау мумкiндiгi болуы қажет. Согеl  draw қарiптiң симнолдарын (стандартты элементтерiн) олардың пiшiнiн еркiн езгертуге болатын контурларға (қисықтарға) айналдыру мумкiндiгiн бередi. Контурларға айналдыру операциясы қайтымды емес, сондықтан метiндi контурга айналдыруга тек өте қажет болганда жене пiшiмдеудiң барлығын аяқтағанда ғана жургiзу керек.

Контурга айналдыру жене редакциялау контурга айналдыру (ауыстыру) — бағдарламаның едеттегi операциясы. Оны эллипстер, тiкбұрыштар, қарапайым фигуралар жене кез келген баска стандарт- ты объектiлер ушiн орындайды. Осы операцияныц арқасында сiздер объектiнi нүктелер бойынша редакциялау мумкiндiгiн аласыздар, бiрақ объектiлердiң ерекше қасиеттерi жоғалады.


Өзгерту (айналдыру) нәтижесi — көп контурлардан тұратын күрделi объект — оны тек фигура (shаре тооi) инструментiнiң кемегiмен редакциялауға болады. Өкiнiшке орай, қасиеттер панелiнде метiндiк объектiнi контурға ауыстьтру батырмасы жоқ, сондыцтан метiндiк объектiнi контурға басты менюдi пайдаланып ауыстыруға тура келедi.

1. Нұсқағыш (рiск тооi) инструментiн таңдаңыздар жене оның кемегiмен  метiндiк объектiнi белгiлецiздер.

2. Монтаж (аrrange) менюiнен преобразовать в кривые (соnуегt tо сuгvеs) командасын таңдаңыздар. Метiн контурға айналды. Ендi онымен кәдiмгi контур сияқты жумыс iстеуге болады.

3. Инструменттер жиынынан фигура (shаре тооi) инструментiн таңдаңыздар.


4. Оның көмегiмен бiз логотипке орналастыратын мәтiндiк объектiнi белгiлеңiздер.
5. Инструменттi ауыстырмай-ақ, "p” әрпiнiң төменгi шығыңқы элементiн құрайтын тораптарды белгiлеңiздер.

6. Сtrl пернесiн басыңыздар, белгiленген тораптардың кез келгенiн iлiп алыңыздар да оны төмен апарыңыздар. Нұсқағыштың артынан белгiленген контурдың үзiндiсi түгел созылады. Оны үлгiге сәйкес келтiру үшiн қажет ара қашықтығына апарыңыздар.

7. Сол тәсiлдердi қолданып "ч” әрпiнiң жоғарғы сол жад элементiн аздап солға созыңыздар.

8. Жадтаудың көмегiмен "чудес” сөзiнiң барлық тораптарын белгiлеңiздер. Осы жағдайда сiздерде "р” және "с” әрiптерiнiң де тораптары


белгiленедi. Shift пернесiн басып және жiбермей отырып, олардан белгiлеулердi алып тастаңыздар. Сонае соң "чудес” сөзін "p” әрпінің төменгі шығыңқы элементі "ч” әрпінің жоғарғы элементтерінің арасында болатындай етіп жылжытыңыздар.

Фигуралық мәтiннің абрисi мен бояуы

Мiне, логотиптегi бiрiншi жазу да дайын болды. Тек қана оны көк түспен бояу ғана қалды. Кез келген фигураны бояғандағыдай алдымен жазуды белгiлеңдер, сонан сол согеl draw түстер палитрасындағы қажеттi түсте тiнтуiр нұсқағышын шертiңiздер.
Фигуралық мәтiн үшiн кез келген бояу мен абрис типтерiн пайдалануға болады.
Нұсқағыш (рiсk тооi) инструментiнiң көмегiмен үлгiмен салыстыра отырып, өзiмiз жасаған мәтiндiк объектiнi лента үстiне орналастырыңыздар.

Мәтінді контур бойынша орналастыру

Контур бойынша орналасқан мәтін – кең тараған безендіру элементтерінің бірі. Ол логотиптерде, мөрлерде, жарнамалық материалдарда кездеседі. Согеl draw мәтiндi кез келген контур бойында орналастыруға және оның орналасуын икеммен бақылауға мүмкiндiк бередi.

"Страна чудес” фирмасының кәсiбi жайлы мәтiндi оның логотипiне орналастыру үшiн согеl draw-тың осы функциясын қолданайық. Алдымызда жиi кездесетiн жай — мәтiн эллипс бойымен орналасқан. Сондықтан, жұмыс бастау үшiн мәтiн және эллипс керек болатыны белгiлi.


1. Эллипстi оның контуры бiздiң логотиптiң жұлдызының сыртқы ұштарына тиiп тұратындай етiп салыңыздар. Кейiннен бiз эллипстi жасырын түрге келтiремiз.

  1. Мәтiн (техt тооi) инструментiн таңдаңыздар.

  2. Эллипстiң жоғарғы нүктесiне тiнтуiр нұсқағышын алып келiңiздер. Нұсқағыш түрiн өзгертедi — вертикалды сызықтың төменгi жағында керек сызық пайда болады, ол сызықта "а” әрпi салынған. Бұл енгiзу кезiнде мәтiннiң таңдаған контур бойында орналасатынын бiлдiредi. Тiнтуiрдiң сол жақ батырмасын шертiңiздер. Фигуралық мәтiндi енгiзу кезiндегiдей, экранда пернетақта көмегiмен енгiзiлген символдардың орнын белгiлейтiн енгiзу нүктесi пайда болады.

  3. Қасиеттер панелiнде агiаl қарпiн және 8 пункт қарiп (шрифт) өлшемін таңдаңыздар.

  4. «Акционерное общество по производству детских игрушек» деген мәтiндi енгiзiңiздер. Мәтiн теру барысында эллипс контурының бойында орналасады.
    Нұсқағыш (рiсk тооi) инструментi активтi болғанда контур бойында орналасқан мәтiндi баптауға болады. Егер бұл инструментпен мәтiндi контурмен бiрге таңдасаң, онда қасиеттер панелi оның кез келген параметрлерiн баптауға мүмкiндiк бередi.

  5. Нұсқағыш (рiсk тооi) инструментiн таңдаңыздар.

  6. Мәтiнде тiнтуiр арқылы шертiп, мәтiндi эллипспен қоса белгiлеңiздер. Ендi қасиеттер панелiнде контур үстiнде орналасқан мәтiндi реттеуге арналған инструменттер орналасқан.

Жол контурға қатысты орналасуымен сипатталады.

Горизонтальное смещение (ноrisontal offset) енгiзу өрiсiнде нөлдiк мән берiңiздер. Ендi мән эллипстiң жоғарғы нүктесiне қатысты дәл тураланды.


Жолдың базалық сызығынан контурға дейiнгi қашықтық растояние от кривой (distance from path) енгiзу өрiсiнде анықталады. Оң мәндер жолды жоғарылатады, терiсi — төмендетедi. 2 мм мәнiн берiңiздер.
Стрелканы қолданып қашықтықты екi жаққа тiзбектеп мәндердi өзгерту үшiн енгiзу өрiсiнiң оң жағында орналасқан стрелкаларда тiнтуiрмен шертуге болады. Осы тәсiлмен шегiнiстi өзгертiп көрiңiздер және мәтiннiң орналасуын бақылаңыздар.
Ориентация (техt оrientation) тiзiмiнде символдардың контур бойында орналасу тәсiлдерi берiледi. Үнсiз келiсiм бойынша әрбiр символ оның базалық сызығы қисыққа жанамамен осы нүктеде түйiсетiндей болып орналасады.

Бұл тәсiл басқаларға қарағанда жиi пайдаланылады.

Тiзiмнiң басқа элементтерiн таңдап көрiңiздер және мәтiннiң орналасуының өзгеруiн бақылаңыздар. Орналастырудың бiрiншi тәсiлiне тоқталылыңыздар.

Горизонтальное расположение (техt рlacement) тiзiмi габариттi тiкбұрыштың төрт нүктесiнiң бiрiн таңдау мүмкiндiгiн бередi. Мәтiн сол нүктеге қатысты ортаға дәл келтiрiледi. Фигураны қоршайтын габарит тiкбұрыштың жоғарғы төменгi сол және оң қабырғаларының ортасына қатысты жүргiзiледi. Эллипстiң төменгi жағы бойынша орналастыру нұсқасын таңдаңыздар.

Тұйықталмаған контурдағы мәтiн

Егер мәтiн тұйықталмаған (ажыратылмаған) контурда орналасқан болса, онда тiзiм туралаудың үш нұсқасын ұсынар едi: қисық сызықтық басынан, соңынан, ортасынан.

С другой стороны (рlасе техt оn оther side) батырмасы әдетте мәтiндi эллипстiң төменгi ширегiне орналастырғанда қолданылады. Ол мәтiндi орналастыру бағытын керiсiнше өзгертуге мүмкiндiк бередi. "солдан оңға” дегендi "оңнан солға” дегенге және керiсiнше. Бұл батырманы басыңыздар да нәтижесiн бағалаңыздар.

Қасиеттер панелiнде қарастырылғандардан басқа да басқару элементтерi бар. Вертикальное расположение (vertiса1 р1асеment) тiзiмi мәтiн жолының контурдан шегiнiсiнiң — базалық сызығы бойынша, төменгi шығынқы элементтерiнiң сызығы бойынша бекiтiлген мәнiн таңдауды ұсынады. Образцы (ргеsents) тiзiмiнiң бiрнеше дайын мәтiндi орналастыру нұсқасы бар. Үлгiнi таңдап алып тiнтуiрдi шертумен контурдағы мәтiнге үлгiде сақталынған сипаттамалар берiледi. Тiзiмге өздерiңiздiң меншiктi үлгiлерiңiздi орналастыру үшiн тiзiмнiң жанындағы "плюс” батырмасын шерту жеткiлiктi. Сохранить как (save as) диалогтық терезесi ашылады, ендi оған үлгiнiң атауын енгiзу керек. Ок батырмасында шерткеннен кейiн жаңа үлгi тiзiмге кiредi. Бағдарламаның инструменттерiнiң көбi үлгi тiзiмдерiмен қамсыздандырылған.


Орналастырғаннан кейiн мәтiн мен контур өзара қозғалмалы байланыста болады:
1. Мәтiндi де, контурды да белгiлеңiздер. Ол үшiн мәтiнде нұсқағыш (рick тооi) инструментiн шерту керек

2.Манипуляторды тасымалдап, белгiленген күрделi объекттi масштабтаңыздар. Құрауыштың екеуi де пропорционалды түрде масштабталынады.


З. Ендi контурсыз, тек қана мәтiндi белгiлеңiздер. Ол үшiн сtrl пернесiн басып отырып, мәтiнде шерту керек. Мәтiн белгiлендi, ал контур белгiленген жоқ. Қасиеттер панелiнде фигуралық мәтiндi басқару элементтерi пайда болғанына назар аударыңыздар.

4. Мәтiннiң параметрлерiн өзгертiңiздер, мысалы, кегльдi кiшiрейтiңiздер, қарiптi ауыстырыңыздар.

Мәтiндi контурда редакциялау мәтiн (техt тооi) инструментiн таңдаған соң контур бойында орналасқан мәтiндi кез келген басқа мәтiн сияқты редакциялауға болады.

Ендi мәтiнсiз, контурды ғана белгiлеңiздер. Ол үшiн мәтiнде емес, дәл контурда шерту керек. Эллипстi масштабтаңыздар. Мәтiннiң символдарының пiшiмделуi өзгермейдi, бiрақ оның жолы эллипстi масштабтағаннан кейiн автоматты түрде өзгертiлген контур бойында орналасады.

Мәтiндi контурда орналастыру операциясы, басқа операциялардың көбi сияқты керiсiнше де орындалады. Мәтiннiң қисайтылған жолын одай үзуге болады, сондай-ақ қайтадан түзетуге де болады.

1. Нұсқағыш (рiсk тооi) инструментiмен контур мен мәтiндi белгiлеңiздер.


2. Монтаж (arrange) менюiндегi отделить текст (вгеаk техt арагt) командасын тандаңыздар. Ендi мәтiн өз контурынан ажыратылды, оларды тәуелсiз түрде жылжытуға және өзгертуге болады. Мұны эллипстiң өлшемiн кiшiрейтiп, сонан соң оны басқа орынға жылжытып, тексерiңiздер
з. Эллипстi масштабтауды және жылжытуды болдырмау әрекетiн орындаңыздар.
4. Нұсқагыш (рiсk тооi) инструментiмен мәтiн таңдаңыздар. Мәтiн (техt) менюiндегi выпрямить текст (straighten text) командасын таңдаңыздар.

Мәтiннiң жолы түзетiлдi

Согеl draw-да жұмыс iстеу тәсiлдерi өте ыңғайлы болып келедi. Мiне, контур үстiне мәтiндi орналастыру мәселесi де әр түрлi тәсiлдермен орындалады.
1. Түзетiлген мәтiн мен эллипстi қатар белгiлеңiздер.

2. Мәтiн (техt) менюiндегi расположить текст по контуру (fit техt то раth) командасын таңдаңыздар. Мәтiн эллипстiң жоғарғы жағына қатысты ортаға дәлденген. Бұл логотиптiң қажеттi түрi болып табылады.


Эскиздердi жасағанда, егер өлшемдердiң абсолюттi мәнi маңызды емес болғанда, мәтiндi интерактивтi түрде жылжыту мүмкiндiгi өте қолайлы болады.
1. Нұсқағыш (рiсk тооi) инструментi активтi болуы керек. Мәтiннiң сол жағында шағын қызыл ромб бар, ол контурдағы мәтiннiц глифі. Глифтi тасымалдаңыздар. Мәтiн сәйкес жылжиды. Эксперименттеп көрiңiздер.
2. Ендi контурсыз, тек қана мәтiндi белгiлеңiздер. Нұсқағышты мәтiннiң символдарының бiрiне орналастырыңыз да оны тасымалдаңыз. Мәтiн нұсқағыштың артынан контурдың iшiне немесе сыртына қарай ығысады. Осылай контур мен жолдығ ара қашықтығы өзгертiледi. Егер мәтiндi контурға параллель түрде тасымалдаса, ол көлденең жылжиды. Бұл жұмыс тәсiлiн де сынап көрiңiздер.

3. Мәтiннiц интерактивтi жылжуын болдырмау әрекетiн орындаңыздар.


Мәтiн ағымдағы белгiленген объект болып тұрғанда, онымен байланыстағы контурға тиiспей, бояу мен абрис тағайындауға болады.
1. Түстер палитрасының көк түсiнде тiнтуiрдiң сол жақ батырмасымен шертiңiздер, мәтiн көк түске боялады.

2. Логотип үлгiсiнде мәтiн эллипс контуры бойында орналасқан, бiрақ контурдың өзi көрiнбейдi. Ctrl батырмасын басып тұрып, эллипстi белгiлеңiздер. Түстер палитрасындағы қиғаш крестпен белгiленген үлгiде тiнтуiрдiң оң жақ батырмасымен шертiп, абристi алып тастаңыздар. Эллипс алдымызда жасырын күйде болып бейнеленедi, яғни көрiнбейдi.



2-дәріс

Тақырып: Photoshop графикалық бағдарлама

Бағдарлама терезелерімен жұмыс істеу

Photoshop CS программасында жұмыс істеу алдында бағдарламаның жүктеу немесе іске қосу керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

- Windows жұмыс үстеліндегі Пуск (іске қосу) батырмасында тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз;

- Осы менюде Все программы қатарында тышқанды шертеміз:

- Енді Adobe Photoshop CS қатарына меңзерді қойып тышқанды сырт еткіземіз:

1.1- сурет - Бағдарламаға кіру
Енді терезелермен жұмысқа көшеміз:

Photoshop CS бағдарламасы Windows-тың қолданбалы бағдарламалары сияқты экранда екi терезесi болады: PhotoShop программасының басты жұмыс аймағын құрайтын программа терезесi және редакциялайтын бейне орналасқан терезесi. Мұны 2 - суреттен көруге болады. Photoshop терезесi, бағдарлама және бейне – Windows-тың басқа қолданбалы бағдарламаларының терезелерi сияқты, негiзгi элементтерден құралған. Photohop бағдарламасында бiр уақытта бiрнеше терезелермен жұмыс жасау жиi кездеседi. Ал осы, бiр терезеден басқа терезеге өту үрдісі ыңғайсыз. Сондықтан да мұндай жағдайда Windows үшiн Photoshop бағдарламасында СTRL+TAB және CTRL+SHIFT+TAB пернелер комбинациялары пайдаланылады. Бiрақ, Macintosh мұндай мүмкiндiктi бере алмайды. Мұндай жағдайда CE Software фирмасының Quickkeys бағдарламасы қажет. Бағдарлама терезесiн жұмыс үстеліне келтiру үшiн кішірейту батырмасына тышқанды апарып шертемiз. Егер бағдарламаны экранға келтiру қажет болса, онда жұмыс үстелінде оның батырмасын тышқанмен шертемiз. Сонымен қатар жұмыс үстеліндегі батырмаларды Photoshop бағдарламасынан басқа активтi бағдарламаларға өтуге және керiсiнше пайдалануға болады. Қалпына келтiру/үлкейту батырмалары терезе күйiне тәуелдi. Егер батырмада екi кiшкентай шаршы болса (1.2- сурет), онда ол қалпына келтiру батырмасы.





1.2- сурет. Photoshop CS бағдарламасының жұмыс үстелі



Photoshop графиктік бағдарламасының арналуы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі

Арналуы


Adobe Photoshop бағдарламасы әр түрлі бейнелік және нүктелік графикалық жұмыстарға арналған бағдарламалардың бірі. Осы бағдарламамен жұмыс істейтін бейнелерге кітап және журнал иллюстрацияларын түрлі фотосуреттер, слайдтар, видиобейнелер, мультипликациялық графиканың кадрларын жатқызуға болады. Үлкен бейнелік мүмкіндіктері бар. Бұл осы әр түрлі саладағы мамандарға арналған көбіне бейнемен жұмыс істейтіндерге. Adobe Photoshop сияқты нүктелі графикалық бағдарламаның қосылуы жұмысыңызды едәуір жеңілдетеді. Фотограф немесе ретушер болып баспа саласында істесеңіз онда сізге керекті құралдар: сканер, цифрлік фотоаппарат т.с.с.

Photoshop графикалық бағдарлама бұл растрлық көріністермен жұмыс істеуге арналған мамандырылған бағдарлама. Бұл бағдарлама басқа растрлық көріністермен жұмыс істейтін бағдарламаларға қарағанда мүмкіншілігі өте жоғары.

Photoshop бағдарламасының негізгі артықшылығы:

- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

- негізгі сценарийларды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер;

- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі;

- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм;

Кез келген қолданушы жұмыс істеп отырған программаның жетіспеушілігін білу міндетті. Бұл практика кезінде кездескен кезде уақытты үнемдеуге көмектеседі және қай кезде бұл программаны қолдануға болады, қай кезде қолдануға болмайтынына көмектеседі.

Photoshop программасының кемшілігі:

- көп түсті сызық және орбиталық қисық салуда;

- симметриялы орналасқан көп көріспен бір уақытта жұмыс істегенде;

- диалогтық терезесінен шықпай, әртүрлі фильтрлердің ісін көруге;

- қолданған түзету қалыңдығындағы (слой) көріністі түзету командасын ауыстырғанда;

- Сorel photo- paint файлдық форматы бар құжатпен жұмыс кезінде;

- қолданушының еркімен программаның интерфейс элементтерін түзегенде;

- мозайкалы суретті құру кезіндегі көріністі көбейткенде;


Растрлық құжатпен жұмыс істеу

Жаңа құжат ашу


Растрық графикада жаңа құжат құру үшін File (Файл) менюіндегі New (Новый) командасы орыдалады. Бұл команданы орындағаннан кейін диоалогтық терезе ашылады. Осы терезенің параметрлерімен танысайық:

  • Name (Имя) өрісі (поле) құралатын растрлық құжаттың атын енгізу үшін қолданылады.

  • Width (Ширина) параметрінде өлшеу бірлігі болады. Бұл параметрде кеңдікті өлшеу өлшемін беретін алты нұсқалы тізім берілген:

Pixels – пикселдер;

Inches - дюймдер;

Cm – сантиметрлер;

Points – пунктер;

Picas - пиктер;

Colums – колонкалар;



  • Height (Высота) параметрлерінде де өлшеу бірліктері болады. Бұл параметрде биіктіктің өлшемін береді. Бұл параметрде бес нұсқалы тізім болады.

  • Mode (Режим) тізімі жаңа құжаттың түсті форматын таңдауда қолданылады:

Bitmap (Битовый) – ақ-қара түсті

Grayscale (Градации серого) – сұр түстес

RGB Color (RGB) – түсті CMYC моделінің түсті форматы

CMYC Color (CMYC) – RGB моделінің форматы

Lab Color (Lab) – Lab моделінің форматы

Contenents (Содержимое) параметрі үш кнопкадан тұрады:

- White (Белый) фонға ақ түс берді;

- Background color (Цвет заднего плана) артқы жақтың түсін анықтайды;

- Transparent (Прозрачная) мөлдірлік режимін береді.

Құжатты ашу


Бұл әрекетті орындау үшін File менюіндегі Open… командасы орындалады. Бұл команданы шақырғаннан кейін диалотық терзе ашылады.

Терезеде файлдар тізімі беріледі. Бұл терезеден бір файлды ашу үшін Открыть командасын басамыз.

Құжатты сақтау

Прораммада құжатты сақтау үшін бес команда орындалады. Олар File менюінде орналасады:

Save (Сохранить)

Save a copy (Схранить копию)

Save as…(Сохранить как)

Save for Web (Сохранить для Web)

GIF 89 a Export…(Экспорт GIF 89 a)

Егер құжатты істеп отырған файлда сақтау үшін Save командасын қолданамыз. Save as командасы құжатты бірінші рет сақтағанда және оның бір параметрін (құжат атын, форматын) өзгертіп сақтау кезінде қолданылады. Бұл команданы орындау кезінде мына параметрлерді көрсету керек:



  • файлды қайта сақтайтындығын көрсету;

- файл атын көрсету;

- файл кеңейтілуін көрсету;

Егер растрлық құжат Internet-те қолдануына арналған болса, Save for Web командасын қолданған жөн.

Құжатты баспаға шығару


Құжатты баспаға шығару үшін Print… (Печатать…) командасы орындалады. Бұл команданың диалогтық терезесінің парметрлерімен танысайық.




Print Range (Диапозон) режимі. Бұл режим үш кнопкадан тұрады:

All (Все) – құжаттың барлық парғын баспаға шығару.

Selection (Выделение) ерекшеленген жерді баспаға шығару.

Pages (Страницы) келесі параметрллердің көмегімен құжатты баспаға шығару:

From (От) және To (До) парамтрлері. Бұлар баспаға шығаратын минимальді максимальді парқтардың номері көрсетіледі.

Print Quality (Качество печати) тізімі баспаға шығарған кездегі сапасын көрсетеді.

Copies (Копии) параметрі баспаға шығаратын құжаттың көшірмесінің санын көрсетеді.

Space (Цветовое пространство) құжатты баспаға шығару кезінде түсті профильді таңдау кезінде қолдануылады.

Post Script Color Managment (Цветовая коррекция) параметрін қолданған кезде ббаспаға шығаратын құжат түсті болып шығады.

4 Пикселдердi орналастыру (наложение) режимдерi


Ерекшеленген жермен жұмыс кезiнде, қалыңдықпен (Слой) және Paint

Bucket (Заливка), Gradient (Градиент), Line (Линия), Pencil (Карандаш), Airbrush (Аэрограф), Paintbrush (Кисть), Rubber Stamp (Штамп), Smudge (Палец), Focus (Фокус) құралдарымен жұмыс кезiнде пикселдердiң орналастыру режимдерiн қолдануға болады.

Ендi пикселдердi орналастыру режимдерiмен танысайық.



Normal (нормальный) режимi. Бұл режимде берiлген түс толығымен енгiзiлетiн түске ауыстырылады. Барлық өрiстер енгiзiлетiн түске боялады. 3, 7, 10 өрiстерiн есептемегенде. Бұлар берiлген түсте қала бередi, өйткенi енгiзiлетiн пикселдер бұл өрiстерде жалтырайды.
Multiply (Умножение) режим. Бұл режимде берiлген және енгiзiлген түстер «көбейтiледi» сондықтан 6орытынды түс берiлген түстен күңгiрттеу болады. Егер қара түс енгiзсек, 6орытынды түс 6ара болады. Ақ түс берiлген түске әсерiн тигiзбейдi.
Screen (Осветление) режимi. Бұл режим Multiply режимiне қарама қарсы режим. Бұл режимде берiлген және енгiзiлген түстер «бөлiнедi», сондықтан қорытынды түс берiлген түстен ашық болады. Егер ақ түс енгiзсек, 6орытынды түс ақ болады. қара түс берiлген түске әсерiн тигiзбейдi.
Overlay (перекрытие) режимi. Бұл режим Multiply режимi сияқты түстi көбейтедi және Screen режимi сияқты түстi әлсiретедi. Бұл режим свет пен түстi сақтай отырып, енгiзiлген түс ауыстырылмайды да, берiлген түске 6осылып кетедi.

Soft Light (Мягкий свет) режимi. Бұл режим енгiзiлетiн түске қарай түстi күшейтедi және әлсiретедi. Егер енгiзiлетiн түс ашық немесе күңгiрт болатын болса, онда берiлген түс ашығырақ немесе күңгiрттеу болып кетедi.

Ақ немесе қара түстi қолданған кезде, берiлген түс ашық немесе күңгiрт болады, бiрақ таза ақ немесе таза қара түсердi бермейдi.


Hard Light (жесткий свет) режимi. Бұл режимде енгiзетiн түсiiе қарай Multiply, Screen режимдерi сияқты жұмыс атқарады. Егер енгiзетiн түс ашық болса, онда берiлген түс Screen режимiне сай ашық түске боялады. Егер енгiзетiн түс күңгiрт болса, онда берiлген түс Multiply режимiне сай күңгiрттенедi.

Таза ақ және таза 6ара түстi қолдану кезiнде ештеңе өзгермейдi, ақ түс ақ болып қалады, 6ара түс қара болып қалады.

Бұл режим көлеңкелi жерлердi құру кезiнде өте қолайлы.
Darken (замена темным) режимi. Бұл режим берiлген түстi ауыстыру кезiнде қолданылады және берiлген түс енгiзiлетiн түстен ашығырақ болуы керек. Егер берiлген нүктелер енгiзiлетiн нүктелерден күңңiрт болса, онда ол өзгерiссiз қалады.
Lighten (замена светлым) режимi. Бұл режим Darken режимiне қарама қарсы режим. Берiлген түстi ауыстыру кезiнде қолданылады. Егер берiлген түс енгiзiлетiн түстен ашық болса.
Hue (цветовой фон) режимi. Бұл режимде қортынды түс енгiзiлетiн түс түрiн (тон) алады, бiрақ берiлген түстiң жарықтығы сақталады.
Color (цветность) режимi. Бұл режимде қорытынды түсi енгiзiлетiн түс жарықтығын алады, бiрақ берiлген түс түрiмен бiрге.

Бұл режим монохромды көрiнiсте көп қолданады.


Luminosity (Яркость) режимi. Бұл режимде қорытынды түс берiлген түстiң түрiн (тонын) алады, бiрақ енгiзiлетiн түс жарықтығымен бiрге. Бұл режим Color режимiне қарама – қайшы режим болып табылады.
Bihind (подложка) режимi. Бұл режим қабаттармен (слой) жұмыс кезiнде, мөлдiр ортасы бар және түгелiмен енгiзiлетiн түске ауысқан кезде қолданылады.
Clear (очистка) режимi. Бұл режим қабаттармен (слой) жұмыс кезiнде ғана қолданылады. Берiлген нүктелер Line (Линия), Paint Bucket (Заливка) құралдарының көмегiмен мөлдiр нүктелерге ауысады.
Сонымен қатар суреттерді пайдаланып анимация жасауға да болады. Анимация барысында эффект ауыстыруға, сурет өлшемдерін ауыстырып өзгертуге, фонның түсін баска түстермен ауыстыруға және оларды бұрып туралауға болады.

Бұл жұмыс барысында PhotoShop программасына "Brushes" (Кисть) қосымшасын енгізіп жұмыс жасадым. Ең алдымен PhotoShop программасын ашамыз. Ашылғаннан кейін басты мәзірден Edit--Preset Manager командасын орындаймыз. Сіздерге тағы да бір терезе ашылады.

 Бұл терезеде тізімінен "Brushes" дегенді таңдап, Load батырмасын басамыз.
Ашылған терезеден компьютеріңізде сақталып тұрған файлды көрсетіп, Load батырмасын басасыз.


Енді сырғыту жолағын төменге түсірсеңіз, қондырылған "Кисть" қосымшаларын көре аламыз.

Photoshop программасының кай біреуінде "Gradient" элементін орнату керек. Ол үшін ең алдымен Photoshop программасын ашамыз. Ашылған соң басты мәзірден Edit--Preset Manager мәзірін таңдаймыз. Ашылған терезедегі "1" цифрымен коршалып турған батырманы басу арқылы Фотошоп программасына қондырылатын қосымшаларды таңдай аламыз.





2. Load батырмасын басу арқылы, біз өз дискімізде сақталып тұрған қосымшаны таңдаймыз

Енді ол градиент көрсетіліп тұрған тізімнің ең астыңғы жағына орналасады.
Қызыл түспен қоршалған менің қондырған градиенттерім.
3 – дәріс

Тақырып: HTML негіздері

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.


HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды "тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,
тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы. Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.


Құжаттың структурасы HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:


<br />… <br />



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет