8. Тәжірибелік сабақ: Жаңғыру кезіндегі сын және осы жылдары жарық
көрген зерттеу еңбектері
Сабақтың мақсаты:Ғалымдардың жарық көрген сын,зерттеу еңбектерімен, монаграфиялармен таныстыма тексеріп, бағалау.
Сабақ жоспары: 1.1956-1966 жыл аралығындағы жарық көрген сыни еңбектерге тоқталу.
2. Зерттеулер жасауға қатысқан аға жазушылардың еңбектері жайлы.
3. Қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған жаңа зерттеулер
4.Бұл дәуірдегі бірталай бағалы зерттеулер демократтық-ағартушылық
әдебиетке арналғандығы
5.Бұл дәуірде сын мақалалар жинақтарын жариялау жайлы.
6.Қазақ әдебиетінің тәуір туындыларының дүние жүзіне таныла түсуі.
Әдістемелік нұсқау: Бүгінгі әдеби процесс пен тарихи әдебиетке қатысты әр
кезде пікір айтып, ақыл-кеңестерімен көмектескен, тіпті зерттеулер жасауға қатысқан аға жазушылардың еңбектерін назарда ұстау. Мысалы: М.Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» (1959), «Уақыт және, әдебиет» (1962) атты мақалалары мен зерттеулері, С.Мұқановтың «Өсу жолдарымыз» (1960) атты мақалаларының жинағы мен «Жарқын жұлдыздар» (1964) деген Шоқан мен Абайға арналған зерттеуі жарық көрді.
Әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,12,13,14,15,17,18,20,21,22,23,24,25,35,36,37,38, 39,40,41,42,43,44,45,46,47,48,49,50,58,64,66.
9. Тәжірибелік сабақ: Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең
құлашпен игере бастауы
Сабақтың мақсаты Студент-тарихи тақырыпқа арналған шығармалардағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстарға, болған уақиғаларға сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау болғандығына назар аударды ма соны тексеріп бағалау.
Сабақ жоспары: 1.60-70-жылдарда жарық көрген тарихи романдар.
2. Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде тарихи романдарды халықтық жаңа
сапаға ие бола дамуы
3. Ғабит Мүсірепов «Оянған өлкенің» екінші кітабы «Жат қолында»
жайлы.
4. Қазақ тарихының кейбір мәселелері көрініс тапқан Ә. Әлімжановтың
«Махамбеттің жебесі» (1969), «Ұстаздың қайтып оралуы» романдары.
5. X. Есенжановтың «Ақ жайық»,Ғ.Слановтың «Асау
арна» романдары.
Достарыңызбен бөлісу: |