«Сақина» сызба-құрылым (“Ring”) Әрбір жұмыс бекеті тек екі ғана жұмыс бекетімен байланысқан есептеу желісінің сызба-құрылымы. Деректер бір жұмыс бекетінен екіншісіне бір бағытта тасымалданады (шығыршық бойыша). Сондықтан, ақпарат желінің барлық түйіндеріне кезектесіп жетеді. Бұл кезе әрбір есептеу машинасы, келген хабарды келесі есептеу машинасына жолдайтын қайталауыш міндетін атқарады.
«Әрбір түйіннің ақпарат тасымалдауға белсенді қатысуының екеректігі және оның біреуі бұзылған кезде есептеу желісі толығымен (егер тиісті шаралар көзделмесе) істен шығатындығы «сақина» сызба-құрылымы кезіндегі негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Кәбілдік байласудағы ақаулар жеңіл жөнделеді.
Желінің ұзындығы тек екі жұмыс бекетінің арақашықтығына байланысты болғандықтан желінің ұзындығына шектеу қойылмайды «Шина» сызба-құрылым («Bus») Барлық жұмыс бекеттері бір кәбілге қосылатын есептеу торабының сызба-құрылымы. Бұндай желіде кез келген бекеттен шыққан деректер қалғандарының барлығына бір уақытта жетеді. Келген хабардың ішіндегі мекендік ақпаратты пайдалана отырып әрбір жұмыс бекеті өзіне тиісті деректерді таңдап алады. «Шина» тәрізді құрылымы бар желі – ең қарапайым және ең көп тараған желі. Оны кейде «Магистралдық» деп те атайды. ұрсым» тәрізді сызба-құрылымы бар жергілікті есептеу торабының мысалы ретінде Ethernet торабын келтіруге болады. Онда CSMA/CD қатынас құру әдісі және коаксиалды кәбіл қолданылады. 10Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді;
Жаңа технология ашалық қораптарды пайдалануды ұсынады. Бұл кезде жұмыс істеп тұрған уақытта қосуға және шығарып тастауға болады. Екінші жағынан, желідегі ақпаратпен рұқсатсыз танысуға (пайдалануға) мүмкіндік береді.
«Бұтақ немесе иерархиялық» сызба-құрылым («Tree»). Кез-келген екі түйіні бірақ жолмен байланысқан есептеу желісінің сызба-құрылымы. Бір түбірден тараған ағаштың бұтақтарыан ұқсайды.
Есептеу желісінің көп тараған «сақина», «жұлдыз» және «Шина» тәрәзді сызба-құрылымдарынан басқа тәжірибеде олардың аралас түрі де, мәселен, «бұтақ» тәрізді сызба-құрылымы қолданыалды. Ол жоғарыда аталған сызба-құрылымдарды («жұлдыз» және «Шина») біріктіру негізінде алынады.
«Бұтақ» тәрізді сызба –құрылым есептеу желілерінің негізгі сызба –құрылымдарын таза түрінде қолдануға болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Бейімдеуіш тақшаларға көптеген жұмыс бекеттерін қосу үшін желілік күшейткіштер және коммутатаорлар қолданылады. Күшейту қабілеті бар коммутатор белсенді шоғырлауыш деп аталады. Бейбелсенді шоғырлауыш ажыратқыш ретінде пайдаланылады. Оған күшейткіштің қажеті жоқ және жұмыс бекетіне дейінгі ең үлкен қашықтық бірнеше ондаған метрден аспауы керек.
Деректерді тасымалдау ортасы деп компьютерлер арасында ақпарат айырбастау жүргізілетін байланыс арналарын атайды. Әрбір компьютерлік желіде деректер тасымалдау ортасы деректерді электрлік немесе электромагниттік сигнал түрінде тасымалдайды. Тасымалдау үшін әртүрлі физикалық орталар қолданылады. Жалпы жағдайда деректер тасымалдау ортасы шектелген (сымды немесе кабілдік) және шектелмеген (сымсыз) болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |