63-тапсырма. Болымды етістіктерден болымсыз, туынды етістіктер жасаңыздар.
Ү л г і : Жоғары: жоғары+ла (үстеуден етістік жасалып тұр); жоғарыла+ма (болымсыз етістік). Жаға: жаға+ла (зат есімнен етістік жасалып түр); жағала+ма (болымсыз тү). Тіл: тіл+ші; бас; бас+тық (зат есімнен зат есім жасалынып тұр); тілші емес, бастық емес (болымсыз түрі). Жаңа: жаңа+лық (сын есімнен зат есім жасалынып тұр); жаңалық жоқ (болымсыз түр).
Болымды етістіктер
|
Туынды етістіктер
|
Болымсыз етістіктер
|
Жалғанатын жұрнақтар
|
1. заман
2. әдебиет
3. екі
4. көп
5. сурет
6. қорытынды
7. қыс
8. түн
9. жеңіл
10. төмен
|
..................................
..................................
..................................
..................................
..................................
..................................
..................................
..................................
..................................
..................................
|
....................................
....................................
....................................
....................................
....................................
....................................
....................................
....................................
....................................
....................................
| -
е
-
ла
-
те
-
дас
-
ші
-
де
-
та
-
лік
-
шілік
|
64-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.
Жақсы ән, жарқын сөз, көңілді күлкі түннің жарым ортасы ауғанша толастамай, қалықтады да тұрды. Бір мезгілде қасына Абай келді. Маңайында жауын алдындағы майда қоңыр жел баяу соғып тұрды. Жастар тобы оны алты қырдың астына дейін шығарып салды. Сыртын көріп ішінен түңілме. Ол қанша артта қалса да, ойы, пікірі алда. Сырттан аяз, іштен жылан шарпиды. Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде. Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес. Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында Абай сөздерін бұларға оқытып отыратын Дәркенбай және көптеген кәрі-жас бар.
2-апта. 5-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Жіктік, септік жалғаулары.
65-тапсырма. Тарихтағы ірі тұлға, қолбасшы – Әбілқайыр хан туралы мәліметтерді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
Кіші жүз әскерінің
қолбасшысы – Әбілқайыр хан (1693-1748)
Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды.
XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болған шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста ерекшелік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, екі жағы тең емес шайқаста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аягөзде Әбілқайыр мен Қайып ханның 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр өзінің күші, айласы, ақылдылығы, бірбеткейлігі, батырлығы, шабуылды ұйымдастыра білгендігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізді. Ол жас кезінен батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.
1726 жылы қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі күшейген кезде, үш жүздің қазақтары бас қосқан Ордабасында болған құрылтайда, билер мен батырлар бірауыздан оны қазақ жастарының, қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ол сол жолы Аңырқай шайқасында үлкен жеңіске жетті.
Әскербасы Әбілқайыр халық жастары үшін қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді.
Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда олар экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Әбілқайыр 1748 жылы 1 тамызда өзінің ата жауы Барақ сұлтанның қолынан қаза табады. Әбілқайырдың жүргізген саясаты қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы жолында маңызды рөл атқарды.
Сөздік:
қолбасшы – командующий; полководец
шабуыл – атака; набег; наступление; нападение
күйзелу – испытывать тяжелое состояние; переживать кризис; разруха;
страдать
сұрапыл – лютый; свирепый; суровый
дарынды – гений; талант; способный; одаренный; талантливый
бірбеткей – принципиальный; ультимативный; односторонний
батыр – богатырь; герой; отважный
азаттық – независимость; освобождение; свобода
66-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Әбілқайыр кім? 2. XVIII ғасырдағы халықтың жағдайы қандай болды? 3. Әбілқайырдың ерліктері туралы не білесіздер? 4. Оның әскері кімдерге қарсы шайқас жүргізді? 5. Ол өзінің қандай қасиеттері арқылы хандыққа қол жеткізді? 6. Қай кезде, кімдер, неге байланысты Әбілқайырды қолбасшы етіп сайлады? 7. Ол жастар үшін қандай істер істеді? 8. Сұрапыл шайқастар қай жерлерде болды? Әбілқайыр кімнің қолынан қаза тапты? Оның саясаты не жолында маңызды рөл атқарды?
67-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі жіктік жалғаулы сөздердің астын сызып, жіктік жалғауларының сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.
Жіктік жалғаулары (Личные окончания)
Жіктік жалғауы – қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша. Ол басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысады. Сөздерге жіктік жалғауы жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.
Егер сөздің соңғы дыбысы дауыстыға және үнді л, р, й, у дыбыстарына аяқталса, онда -мын, -мін (жекеше), -мыз, -міз (көпше) жалғаулары жалғанады.
Мысалы: Мен бала-мын, жақсы-мын, кіші-мін, тұр-мын, ұл-мын, жау-мын.
Егер сөздің соңғы дыбысы б, в, г, д дыбыстарынан басқа ұяң дыбыстарға аяқталса, онда -бын, -бін (жекеше), -быз, -біз (көпше) жалғанады.
Мысалы: Мен қыз-бын, жалғыз-бын, біз қыз-быз, жалғыз-быз.
Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздарға және б, в, г, д ұяң дыбыстарына бітсе, онда -пын, -пін (жекеше), -пыз, -піз (көпше) жалғанады.
Мысалы: Мен студент-пін, биолог-пын, біз студент-піз, биолог-пыз.
Көптік мағынаны білдіру үшін -сың, -сің және -сыз, -сіз жіктік жалғауларынан кейін көптік жалғаулары жалғанады.
Мысалы.: Сендер мұғалім-сің-дер.
Сөздің соңғы дыбысы жекеше ІІ жақта қандай дыбысқа аяқталса да, -сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер жалғаулары жалғанады. М.: мұғалім-сіз, оқытушы-сыз, биші-сіз, құрылысшы-сың, суретші-сің, оқушы-сыңдар, биші-сіңдер. ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды. М.: Ол отыр, ол студент, олар оқушы.
68 -тапсырма. Мәтіннен алынған сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.
Ү л г і: Батыл қолбасшы. Жекеше: Мен батыл қолбасшы+мын, сен батыл қолбасшы+сың, сіз батыл қолбасшы+сыз, ол батыл қолбасшы. Көпше: Біз батыл қолбасшы+мыз, сендер батыл қолбасшы+сыңдар, сіздер батыл қолбасшы+сыздар, олар батыл қолбасшы.
Хан, әскербасы, саясаткер, білгір, ақылды, батыр, дарынды, басқыншы, сұлтан.
69-тапсырма. Мәтінге байланысты алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдер жіктік жалғауларына негізделсін.
Қазақ ханы, ханның баласы, үш жүз басы, батыл, халық билеушісі, шайқас басшысы, сұлтанның қызы, көшпелі халық, біртуар тұлға, ел ағасы, тәуелсіз, әйгілі.
70-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен септік жалғаулы сөздерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.
Ү л г і: Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтерілді.
«Хан» - сөздің түбірі, зат есім; «ның» – ілік септігінің жалғауы; «тұс» – сөздің түбірі; «ы» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нда» – жатыс септігінің жалғауы; «өз» – өздік есімдігі, сөздің түбірі; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нің» – ілік септігінің жалғауы; «биік» – сөздің түбірі, сын есім; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «не» – барыс септігінің жалғауы.
71-тапсырма. Жалғаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады? – деген сұраққа мысалдардың негізінде жауап беріңіздер.
Септік жалғаулары (Падежные окончания)
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып, әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратын қосымшаларды септік жалғаулары дейміз.
Қазақ тілінде 7 септік бар. Септік жалғаулары – зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар.
Септік жалғаулары
|
Атаулары
|
Сұраулары
|
Жалғаулары
|
Атау (имен. падеж)
|
кім? (кто?), не? (что?)
|
|
Ілік
(родит. падеж)
|
кімнің? ненің? (чей? чья? чье? кого? чего?)
|
-ның, -нің, -дың,
-дің, -тың, -тің
|
Барыс (дательно-
направительный падеж)
|
кімге? неге? қайда?
(кому? чему, зачем? куда?)
|
-ға, -ге, -қа, -ке, -а,
-е, -на, -не
|
Табыс
(винит. падеж)
|
кімді? нені? (кого? что?)
|
-ны, -ні, -ды, -ді,
-ты, -ті, -н
|
Жатыс
(местный падеж)
|
кімде? неде? қайда? қашан? (у кого? на чем? где? когда?)
|
-да, -де, -та, -те,
-нда, -нде
|
Шағыс
(исходный падеж)
|
кімнен? неден? қайдан? (от кого? от чего? откуда?)
|
-нан, -нен, -дан,
-ден, -тан, -тен
|
Көмектес
(твор.-соед. падеж)
|
кіммен? немен? қалай?
(с кем? с чем? как?)
|
-мен (менен),
-бен (бенен),
-пен (пенен)
|
72-тапсырма. Мәтіннен жіктік және септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Соғыс; Отан соғысы+ның. Отан соғысы+ның сүргіні басталғанда, қазақ халқы 2 миллионға жетер-жетпес болып қалды. Тарих; өзінің тарихы-нда. Қазақ халқы өзінің тарихы+нда мұндай қасіретті кезеңге тап болып көрген емес.
Басшы; Ұйтқы болған басшы. Осыған ұйтқы болған басшы – халықпен ақылдасып, бәрі бірігіп, ортақ мүдденің абыройын жоғары көтерді.
ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды: Мен басшы+мын; сен басшы+сың; сіз басшы+сыз; ол басшы.
73 -тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
Мұғалім – кейде бұл сөздің орнына өз тіліміздегі «оқытушыны» қолданып жүрміз. Мұғалім бізге араб тілінен кірген. Араб тіліндегі алғашқы түбір галим – білгір, білетін мағынасында айтылады. Ал оның алдына «му» қосымшасы жалғанып барып мұғалім сөзі шыққан. «Мұғалім» біздегі «үйретуші» сөзінің мағынасымен бірдей.
Емтихан – бұл сөздің араб тіліндегі ең алғашқы түбірі «махан» – сынау, байқау дегенді білдіреді. Осы түбірге сол тілдегі түрлі қосымшалар жалғану арқылы «имтихан» болып өзгеріп, «сынау, байқау» мағынасын берген сөз, біздің тілімізге ауысқанда өз мағынасын сақтап, тұлғасы жағынан «емтихан» болып қалыптасқан.
Сабақ – «сабақтың» басты мағынасы мүлдем басқаша. Араб тіліндегі «сабақ» сөзі «таңертең» мағынасын білдіреді. Оның ауыспалы екінші мағынасы – «таңертең келу». Оқудың көбінесе ертеңгілікте басталатынын ескерсек, сабақ сөзінің «таңертең оқуға келу» мағынасын беретіндігін байқаймыз.
Кітап – түптеліп, тасқа басылған көркем, ғылыми шығармалар мен оқу құралдарын қазіргі тілімізде «кітап» дейміз. Ал бұл сөз бізге арабтардан ауысқан. Арабша «китабе» сөзінің ежелгі мағынасы «жазу» дегенді білдіреді.
Мақала – газет, журнал беттерінде жарияланған хабарлар. Араб тілінде «қале – сөйлеу, сөз» деген мағыналарда қолданылады. Осы түбірдің алдына араб тіліне тән «ма» жұрнағы қосылса, «жарияланған сөз» мағынасында түсінуге болады.
74-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестеріне 1-3 жақтарда жіктік жалғауларын жалғаңыздар.
Құрылтайшы, Жошы ханның баласы, Шыңғысханның ұрпағы, негізін қалаушы, қайсар, ержүрек, жаушы, Отырар, Сығанақты бағындырушы, маңғыстаулық, қыпшақ .
75-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қосып жазыңыздар.
Махмұд Қашқари – түркі... тұңғыш тіл маманы, түркі тілі... оқулығы... жасаған, грамматикасы... түзеп, жалпы түркі әлемі... тіл өнері... өрісі... кеңейтіп, өркені... өсірген ғұлама. Түркология тарихы... ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдіс... қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясы... негізі... салды. Оның осы тілдер... салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілері... ортақ зерттеу тәсілі реті... өзінше бір мектеп болып қалыптасты.
76-тапсырма. Сөздерге септік жалғауларын (7 септік те қамтылуы керек) жалғап, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Әскер, шайқас, бөгет, қала, мешіт, тіл, мекен, сақталу, ел, халық, қыпшақтар.
Ү л г і: Шығарма; тарихи шығармалар+да. Мысалы: Оны тарихи шығарма+лар+ да Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды.
Египет; Египет+ті билеген. Мысалы: Жамақұлы Бейбарыс түркі әулеті Баһриден шыққан мамлюктердің Египет+ті билеген төртінші сұлтаны.
77-тапсырма. Сөйлемдерден септік жалғауларында тұрған сөздердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде ашуланып, бәрін тастап еліне кетеді. Сөйтіп олар Еділ қалмақтарын да, башқұрттарды да, сондай-ақ Жайық қазақтарын да айдап салып, Кіші жүз қазақтарының тынышын кетіре бастайды. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуын сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеліп соғады.
2 апта. 6-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Тәуелдік жалғаулары.
78-тапсырма. Қазақ хандығының негізін қалаған Әз Жәнібек хан туралы тарихи деректермен танысып, оның қазақтардың басын қосуға сіңірген еңбегін меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Қазақ хандығының негізін
қалаушылардың бірі – әз Жәнібек хан
(? – 1480)
Барақұлы Жәнібек хан – Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы. Көк Орда ханы Өрістің (Орыстың) шөпшегі, Барақ ханның баласы. Шын есімі Әбусағит (кей деректерде Бусаид). «Жәнібек» – ханның жалған аты. Ол XV ғасырда өмір сүрген, оның 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқтың қасы. Сол кездерден жеткен дерек көздерінде оның есімі үнемі Керей ханмен бірге аталып отырады. Оның алғашқы белсенді қимылы өздеріне қоныс берген Монғолстан ханы Есенбұғаға көмектесіп, қалмақтарға шайқаста көрінеді. Ол Әбілқайыр ханның баласы Шейх-Хайдарға қарсы соғыста бірнеше ел ағаларымен тіл табысып, оларды өздерінің одақтасы етеді. Осы соғыста оның есімі Керей хансыз алғаш рет жеке аталады.
Монғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен, қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты.
Әбілқайыр хан өлімінен кейін ханның тағы үшін болған өзара қырқысулар өрши түсті. Оларға туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетеді. Олар Әбілқайырдың мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түседі. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар, билік үшін күресте жеңіліске ұшырайды.
Әбілқайыр өліп, оның қармағындағы ел ыдырап, бұрынғы көшпелі өзбек тайпаларының дені қазақтарға келіп қосылып, өзбек-қазақ атанған кезден, яғни Қазақ хандығының елі көбейіп, жері кеңейген кезден бастап, Кереймен бірге Жәнібекті де хан дейді. Осыған қарағанда, Жәнібек Керей ханның тұсында «кіші хан» есебінде елді онымен бірге басқарып, ол өлгеннен кейін билікті тұтас өз қолына алған сияқты.
Жәнібек Керей ханнан кейін жеті жылдай қазақ хандығының ханы болған. Қазақ хандығының бастау кезінен мол дерек беретін атақты тарихшы Мұхамед Қайдар Дулати қазақтардың Монғолстан жеріне келген кезін баяндағанда, үнемі Керейді хан, ал Жәнібекті сұлтан деп ажыратып атап отырады.
Шейх-Хайдар жеңіліске ұшырағаннан кейін, биліктің Орыс хан тұқымдары – Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтуі «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Монғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады.
Билік үшін күресте Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері – қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.
XVғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа (Көшпелі өзбектер мемлекеті) оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған. Жәнібек өлгеннен кейін билік басына Керей ханның баласы Бұрындық келеді.
Сөздік:
әулет – династия; поколение; потомство; род; семья
шөпшек – праправнук (пятое поколение)
дерек – источник; факт; весть; данные; сообщение; известие
шайқас – битва; сражение; схватка; борьба; биталия
жапа шегу – страдания; терзаться; страдать; мучиться
қырқысушылық – вражда
кескілескен шайқас – жестокая борьба
ұлыс – племя; народность; день великого праздника; этнос
үзеңгілес – соратник; единомышленник
тайпа – племя; племена; род
79-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөлікке бөліп, бірінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұхбат-жауап) құрастырыңыздар.
Ү л г і :
– Қазақ хандығының негізін кім қалаған?
– Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаған – Барақұлы
Жәнібек хан.
80-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігінен бес сөзді теріп жазып, оларды оңаша тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер.
Ү л г і: Қоныс (поселение; стоянка). Менің қоныс+ым; сенің қоныс+ың; сіздің қоныс+ыңыз; оның қоныс+ы.
81-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен бес сөзді теріп жазып, оларды ортақ тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер.
Ү л г і: Қарсылас (противник). Біздің қарсылас+ымыз; сендердің қарсылас+ың; сіздердің қарсылас+ыңыз; олардың қарсылас+ы.
82-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігінен бес сөзді теріп жазып, оларды көпше тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер.
Ү л г і: Тарихшы (историк). Жекеше: Менің тарихшы+лар+ым; сенің тарихшы+лар+ың; сіздің тарихшы+лар+ыңыз; оның тарихшы+лар+ы. Көпше: Біздің тарихшы+лар+ымыз; сендердің тарихшы+лар+ың; сіздердің тарихшы+лар+ыңыз; олардың тарихшы+лар+ы.
Тәуелдік категориясы
(Категория притяжательности)
Бұл грамматикалық категория орыс тілінде жоқ, тәуелдік мағына негізінен тәуелдік есімдігі арқылы беріледі: моя книга, твой дом.
Заттың бір адамға, көп адамға меншіктілігін білдіретін тілдің арнайы грамматикалық тәуелдік категориясы бар.
Тәуелдік категориясының мағынасы жұрнақ және тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі:
1. Тәуелдік мағына -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтар арқылы беріледі, жұрнақ меншікті заттың иесін білдіретін сөзге жалғанады М.: кітап менікі, қалам сенікі, дәптер Асандікі т.б.
2. Тәуелдік мағына тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі. Тәуелдік жалғауы 3-жақта, анайы, сыпайы түрде, жекеше, көпш түрде қолданады.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа немесе біреуге (адамға) тәуелді, меншікті екенін білдіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктене айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Меншіктік форма (тәуелдену ұғымын) тудыратын - нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары ілік септігінің -ның, -нің, -дың, - дің, - тың, - тің жалғауларының және -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарының бірігуінен пайда болған. Тәуелдік жұрнақтардың басқа жұрнақтардан ерекшелігі - жуан формасы болмайды. Мысалы: ме-нікі, се-нікі, сендер-дікі, олар-дікі, кі-тапхана-нікі т.б.
Притяжательная форма образуется путем присоединения к именным основам суффиксов: - нікі, -дікі, -тікі. Суффиксы притяжательной формы в отличие от других суффиксов не имеют твердого варианта.
Достарыңызбен бөлісу: |