Оқу әдістемелік құрал Қарағанды, 2009 Әож 616. 08 Кбж 51. 1 (2) я7 б 42



бет1/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#174093
  1   2   3   4   5   6   7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

Бектурсунова А. Т.
МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ
Оқу әдістемелік құрал


Қарағанды, 2009
ӘОЖ 616.08

КБЖ 51.1 (2) я7

Б 42

Рецензеттер:

Бейсенбекова Ж.А- ҚММА м.ғ.к. Ішкі аурулар пропедевтикасының оқытушысы

Кенжетаева Т.А- ҚММА м.ғ.к. балалалар ауруы кафедрасының доценті

Баймағамбетова К.М- Қарағанды медициналық колледжінің Мейірбике ісі негіздері және Ішкі аурулар пропедевтикасының аға оқытушысы
Б 42 Бектурсунова А.Т. «Мейірбике ісі негіздері» Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды, 2009ж. - 80 бет.
Оқу әдістемелік құралға сипаттама: бұл оқу әдістемелік құрал-Қазақстан

Республикасы Денсаулық Министрлігі Департаменті тағайындаған типтік

жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріп жасаған Қарағанды Мемлекеттік

Медицина Университетінің медициналық коледжінің жұмыс

бағдарламасына сай «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқушылардың теориялық өзіндік сабаққа дайындалуға арналған.

ҚММА–дағы медициналық колледжінің оқу әдістемелік кеңесінде ұсынылады.

Тіркеме.№5. 22.04.2009ж.
ҚММА-дағы Ғылыми кеңесте баспаға шығаруға талқыланып бекітілген.

Тіркеме №9. 28.05.2009ж.



© Бектурсунова А.Т., 2009

МЕЙІРБИКЕ ІСІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯ-( грек тілінен –сүю және даналық, даналыққа деген сүйіспеншілік)із- әлемнің тұтастай бейнесін, әлемдегі адамның алатын орнын, адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас және осы әрекеттердің нәтижесін табатын адамның рухани қызыметінің түрі.

Халықаралық келісім негізінде мейіркеш ісінің философиясы 4 негізгі тұжырымнан қалыптасады:

1.Пациент.

2.Мейіркеш, мейіркеш ісі.

3.Қоршаған орта.

4.Денсаулық.

Пациент-мейіркештік күтімге зәру және оны қабылдайтын адам.

Мейіркеш-Мейіркештік жұмысқа құқығы бар және мейіркеш ісінің философиясын бөлісетін , кәсіпқой білімі бар маман.

Қоршаған орта-адамның өмірлік іс әекеттері болып жататын табиғи, әлеуметтік, психикалық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің біртұтастығы.

Денсаулық-өмірдің амалдарына бейімделу арқылы жетістікке жеткен тұлғаның қоршаған ортамен динамикалық үйлесімдігі.Адамның құқығына және өміріне деген сыйласымдық, адамгершілік мейірекеш ісінің негізгі қағидалары болып саналады.Мейіркеш ісі философиясының қағидаларын жүзеге асырылуы қоғам мен мейіркештің қарым-қатынастарына тәуеді.Бұл қағида пациент қоғам алдындағы мейіркештің жауапкершілігін және қоғамның мейіркеш алдындағы жауапкершіліктерін қарастырады.Қоғам мейіркеш ісінің маңызды рөлін заңдық актілерін шығаруда есеріп, денсаулық сақтау жүйесінде мойындауға міндетті. Мейіркеш ісінің қазіргі заманға үлгісінің мәні, ғылыми теориясы болып мейіркештік көмектің көрсетіліне және мазмұнына әр түрлі әдіс –амалдардың негізделінуі.Кәсіпқой лексиконына пациенттің қажеттілігіне қарай жүйелі мейіркештік көмектің көрсетілуі түсіндірілетін «мейіркештік процесс»

ұғымы енгізіледі.Пациенттің денсаулық жағдайының өзгеруінен туындайтын проблемалардың алдын алу, жеңілдету, жою мақсаты болып табылатын мұндай әдіс –амалдар 50- жылдар ортасында АҚШ –да жарық көрді, ал Ұлыбританияда 80- жылдары ресми түрде қабылданды.Қазіргі заманда мейіркеш процессі Қазақстан Республикасының мейіркештік білім берудегі өзегі болып табылады.Мейіркештік көмек көрсетудің теориялық ғылыми базалары ашылуда.Мейіркештік процесс арқылы мейіркеш тек қана дәрігер нұсқауын орындаушы емес, сонымен қатар әр бір пациенттің жан дүниесін түсіне білетін, жеке тұлға ретінде тани білетін шығармашылық адамбола отырып, мамандығы бойынша тәуелсіздік және егемендікке ие болады.
Мейіркеш ісінің философиясының мәні болып пациентпен қарым-қатынас жасаудағы еңбегінің негізінде жатқан мейіркештің көзқарасынан туындайтын кәсіпқой өмірінің негізі саналады.қалыптасқан философияны бөлісетін мейіркеш өзіне келесі этикалық міндеттерді қабылдайды;

басқалардын міндеттерін силау; сөзінде тұру; адал болу; пациенттің еріктілікке құқығын силау.Мейіркештік философияның теориясы бойынша мақсаттарына ынталану, яғни мейіркештің қызыметінің нәтижесі-этикалық бағалық(мұраты) деп аталынады. Кәсіпқойлық: денсаулық, қоршаған ортаның тазалығы,

Тәуелсіздік. Адамгершілік құндылығы, қамқорлық (күтім).Мейіркештік философия мейіркештің жеке тұлғалық қасиеттерін де анықтайды. Жақсы деген мейіркеш –зұлымдылық пен қайырымдылықты анықтай білетін қайырымды адам, білімді, шеберлі, қайғысына ортақтасу, шыдамдылық, мақсатқа жету, мейірімділік қасиеттеріне ие болуы керек. Этикалық қағидалар әр бір елде, сонымен қатар Қазақстанда мейіркештердің этикалық кодексін анықтайды және мейіркештердің мінез құлықтарының стандарты және кәсіпқой мейіркеш үшін өзін-өзі басқарутәсілдері болып саналады.

Мейіркештердің кәсіби жұмысының стандарттары:

1 стандарт.Күту сапасы: мейіркеш үнемі мейіркештік практиканың сапасына және тиімділігіне баға беріп отырады.

2стандарт.Кәсіби қызыметін бағалау: мейіркеш өзінің практикасына қызыметтік стандарттарға және жергілікті ережелер мен қоғамдық бастауларға қатысты баға беріп отырады.



3стандарт. Білімі: мейіркеш мейіркеш ісі бойынша білім алып, оны әрқашанда қазіргі заманға сай қалыптастырып отырады.

4стандарт.Алқалық: мейіркеш өз әріптестерінің, басқада қызыметтерінің кәсіби дамуына үлес қосып отырады.

5стандарт. Этика: мейіркештің қабылдаған шешімдері және оның іс-әрекеттері тұтынушы жағының этикалық түсінігімен алдын ала анықталып отырады.

6стандарт.Ынтымақтастық:мейіркеш пациентті емдеу процессінде медицина қызыметкелерімен және пациентпен бірігіп жұмыс атқарады.

7 стандарт. Ғылыми зерттеулер.мейіркеш өз практикасында ғылыми жетістіктерді қолданып отырады.

8 стандарт.Қорларды қолдану: мейіркеш пациентке көиек көрсету жоспарында көмектің құнын және тиімділігін, қауіпсіздік факторларына көңіл аударып отырады.

Халықаралық мейіркештер одағының кодексі

Мейіркеш ісінің этикалық негізі.Мейіркешке келесі негізгі деп танылған төрт міндеттер жүктеледі:

денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру және қайғы-қасіретін жеңілдету


Мейіркеш еңбегіндегі қажеттілік жан-жақты. Мейіркеш ісі өмірге, адамның құқығына және құндылығына деген силастықты түсіндіреді. Ол адамның ұлттық, нәсілдік белгілеріне, қай дінге сиынуына, жасына, жынысына, саяси немесе әлеуметтік жағдайын шек қоймайды.

Мейіркеш және пациенттер. Мейіркеш көмегін қажет ететін жандар алдында үлкен жауапкершілікке ие болады.Ол көмек көрсете отырып пациенттің рухани және салт-дәстүріне, құндылықтарына деген сыйластық, қадірлеу жағдайларын жасайды.Пациенттердің жеке басы туралы ақпараттар алынса, оны мейіркеш құпия түрінде сақтап және үлкен жауапкершілікпен ғана бөлісуі керек.

Мейіркеш және тәжірибе. Мейіркеш ісінің тәжірибеде орындалуы және біліктілігін үнемі жоғарлатуда мейіркештің жеке басына үлкен жауапкершілік арттырылады.Қандайда жағдай болсын мейіркеш өз жұмысын жоғары талапқа сай орындауына тырысады.Мейіркеш кәсіби міндеттерін орындауда кәсібіне деген сенімділігі үзілместей өзін үнемі сенімді сезінуі керек.

Мейіркеш және қоғам. Мейіркеш басқада азаматтар сияқты денсаулық сақтау аймағындағы қоғамдық мұқтаждарды қамтамсыз етудегі шараларды орындауда жауапкершілік атқарады.

Мейіркеш және қызыметкерлер.Мейіркеш өз әріптестерімен және басқада жұмыс атқару аймақтарындағы қызыметкерлерімен ынтымақтастық қарым-қатынастарын қолданып отыруы керек.Пациенттердің денсаулық жағдайында қызыметкерлер немесе басқада адамдар тарапынан қандайда бір қауіп төнсе, мейіркеш оның қауіпсіздік үшін шаралар қолданады.

Мейіркеш және оның кәсібі. Арнайы білім беруде және мейіркеш тәжірбиесінде стандарттардың орындалуында және анықталуында мейіркеш ең басты роль ойнайды.

Кәсіби білімді дамытуда мейіркеш белсенді қатысады.

Мейіркеш кәсіптік ұйымда жұмыс атқара отырып әлеуметтік және экономикалық еңбек тәртіптерінің әділ қамтамасыз етілуіне және өңдеуге қатысып отырады.Берілген кодексті білу және өмірге сіндіру әрбір мейіркеш үшін пациенттерді күтуді және емдеуді дамытудың нақты шарттары болып табылады.

Соңғы 20 жыл ішінде қоғамдағы өзгерістерге және денсаулық сақтаудағы жетістіктерге байланысты медициналық бикенің рөлі едәуір өсті, демек, кәсіптік бикелік іске қойылатын талаптар да өсті.Себептердің ішінен мыналарды атап өту қажет:

-мүгедектер мен созылмалы ауру, онкологиялық ауру сандарының көбеюі, халықтың қартаюы;

-мемлекетттіктің өзгеруі, оған байланысты әлеуметтік стресс, халықтың жоқшылыққа ұшырауы, дәрігерлік көмектің қымбаттауы, экологиялық апат;

-қоғамның әр жеке тұлға маңыздылығын түсінуі, демек, барлық әрекеттің қолайлы өлшемдерін, сонымен қатар салауатты өмір салты негіздерін түсіну.

Қазіргі мейірбикелік іс әлеуметтік тапсырысқа толық жауап бермейді, біздің мейірбикелердің орасан зор потенциалын бірден үші ғана пайдаланады, шығармашылық және кәсіптік мүмкіншілігі төмен. Өзгерген жағдай жаңа типті мейірбике тәрбиелеуді талап етеді. Отандық мейірбикелік іс тәуелді және бағынышты қалпынан автономдық және теңдік бағытымен дамуда. Бұл баяу да ауыртпалы процесті мейірбике ісін философиялық тұрғыдан түсінбей жүзеге асыру мүмкін емес. Мейірбикелік істің негізгі түсініктерін философиялық тұрғыдан ұғыну тенденциясы бірінші рет XX ғасырдың 30-шы жылдары пайда болып, 50-ші жылдың ортасында әр орта білім мекемесінде мейірбикелік іс концепциясы жайында өзіндік түсініктері болған. Сол тұрғыда қазіргі медицина бикесі мен мейірім бикесі істерін қосып жалпы адамгершілікті, сыпайылықты талап ететін істі мейірбике ісі деп те, медбикелік іс деп те айтуға болады. Сондықтан да, бұл оқулықта медбике ісі мен мейірбике ісі бір мағынамен беріліп отыр.

АҚШ-тағы соңғы жарты ғасырдағы мейірбикелік істегі прогресс кәсіптік философияға қадалған назар аударылумен түсіндіріледі.

Философия дегеніміз не және соның ішінде мейірбикелік іс философиясы нені білдіреді?

Сөздікке қарасақ, философия – топтың моральдік түсінігінен туатын ниеттер декларациясы. Философия докторы Марши Д.М.Фаулердің жеке анықтамасы бойынша: «Философия – кәсіптік топтың жүрегін, парасатын, тәнін көрсететін терезе».

Мейірбикелік іс философиясы мейірбикенің кәсіптік өмірінің барлық салаларының негізі ретінде мына сұрақтарға жауап береді:

-мейірбикелік істің анықтамасы, оның борышы, мақсаты мен міндеті;

-мейірбикелік іс пен медицинаның ара қатынасы;

-мейірбике мен емделушінің өзара әрекеттестігі;

-кәсіптік этика (мейірбикенің рухани байлығы, есіркегіштігі және міндеті);

-мейірбикелік іс пен қоғамның қарым-қатынасы.



МЕЙІРБИКЕЛІК ІС – КӘСІПТІК ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН

Ауруларды күту тәжірибесінің анықтамасы келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

- мейірбике мен дәрігердің рөлдерін анық дифференциалдау;

-мейірбикелік істің бірегей, ерекше қасиеттерін ашу;

-кәсіптік болашақты бейнелеу;

-қазіргі тәжірибе мен заңдарға сәйкес болу.

Мейірбикелік іс теориясына арналған Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласындағы өткен I Голицын конференция материалдарынан:

Мейірбикелік іс адамның потенциалды және бойында бар ауруларына жауапты реакциясын диагностикалау және емдеу туралы ғылым және өнер.

Мейірбикелік іс – қамқорлық пен адамгершілік өнері бар медицина және биологиялық ғылымдар жиынтығы.

Неліктен мейірбикелік іс бірден ғылым және өнер болып табылады?

Мейірбикелік іс - өнер ретінде, яғни :

-білім мен шеберлікті үнемі қолдана білу керек;

-оңтайлы көзқарасты, интуицияны, әртіскерлікті, қамқорлықты талап етеді.

Мейірбикелік істі ғылым ретінде қарастырсақ, зерттеу арқылы пайда болып, тексерілген, ұйымдастырылған, жүйеленген білім құрылымы.

Мейірбикелік процесс медициналық бикенің кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негізі болып табылады.

МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР (РЕФОРМАЛАР)

Тарихи мейірбикелік істің екі базистік моделі қалыптасқан: XIX ғасырға дейін мейірбикелік істің мақсаты – табиғаттың немесе дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектің күшін күтіп, емделушіге тек тыныштық пен жабдықтылықты толық қамтамасыз ету болған, ал аурудың бағытына белсенді әрекет көрсетілмеген.

XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейл идеясының арқасында мейірбикелік істе бетбұрыс болды.

Флоренс Найтингейл жаңа мейірбикелік іс моделінің авторы, дұрыс күтім жүйесін құрушы болып табылады. Бұл идея медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады. Осыдан кейін мейірбикелік іс пен медицина бөлінді. Флоренс мейірбикелік іс медицинамен қатар тұра алатынын іспен көрсете білді.

Флоренс Найтингейл күтімді екі салаға бөлді: дені сау адам күтімі және ауру адам күтімі.

Жаңа модельмен келісіп, ауру адамды күту барысында ммейірбике:

1.қоршаған орта мен емделушінің қазынасын пайдалана отырып, ауру бағытына белсенді әсер ету керек. Бұның маңыздылығын түсінуге төмендегі факт көмектеседі – Флоренс Найтингейл және оның мейірбикелері Қырым компаниясында жарақаттанған және ауру адамдарды тыныштық, тазалық, таза ауа, дұрыс тамақ, жиі таңумен қамтамасыз етіп, өлім санын 50%-дан 2%-ға төмендетті.

2.адамға тек тірі қалуды емес, сонымен қатар, құнды, жанын қанағаттандыратын өмір сүруге үйрету керек.

Мейірбике емделушіге тәуелсіздікті, өзі мен қоршаған орта арасындағы үйлесімді тез қайтару үшін қолынан келгенін бәрін істеу керек. Бұл жолда мейірбикеге емделушінің барлық проблемаларын шешуге тура келеді – физикалық, әлеуметтік, рухани, психологиялық. Неміс философы Мартин Хайдеггер былай деген: «Адам денесі – қаншалықты материя болса, соншалықты жан формасы».

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының анықтамасы бойынша «мейірбикенің басты міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты физикалық, психикалық,әлеуметтік потенциясын жүзеге асыруға үйрету».

Мейірбике манипуляция техникасын аса шеберлікпен меңгеріп, емделушіге сырқаттың себебінен пайда болған күйзелістен шығуына көмектесе алмаса, оған психологиялық көмек көрсете алмаса, күтімнің мақсатына жете алмайды. Рух дүниесі мен дене дүниесі бөлек емес, шексіз күрделі құбылыстар болып жататын жалғыз ғана дүние бар.

Мейрбике бірін-бірі тудырып, толықтырып тұратын торығуды да, органикалық бұзылуларды да емдейді. О.Генридің «Соңғы жанырақ» атты әңгімесіндегі ауру қыз бала барлығыңыздың естеріңізде болар. Өзін жақсы көретін адамдардың тамаша күтіміне қарамастан, ол терезе сыртындағы ағаштың соңғы жапырағымен бірге өлем деп, күннен-күнге сола берді. Бірақ, жапырақ табиғаттың заңына қарамастан аз сарғайып, қыз балаға үміт, сонымен бірге ауруды жеңуге күш беріп, бұтақшада ілініп тұра берді. Кейін, дағдарыстан өткеннен соң, дәрігерге көмектескен «медициналық емес фактор», суретшінің «табиғат кереметі» туындысы екені белгілі болды. Мейірбикелік іс – біздің емделушілерімізге жаңағы жапырақтай, «медициналық емес фактор» болуы қажет.

Вирджини Хендерсонның жақсы анықтамасы бойынша: «Мейірбике ісінің бірегей міндеттерінің бірі – адамның денсаулығына, сауығуына немесе тыныш өліміне қатысы бар іске көмек көрсету» болып табылады.

Бұл жайды келесі сөздәйек сипаттайды: «Мейірбике – аяғы жоқтың – аяғы, соқырдың көзі, баланың тірегі, жас ананың білім мен сенімділік көзі, сөйлей алмай әлсіреп, ойға шомғанның ауызы».

Осылайша, медициналық модель патологиялық процестің ауруға шалдығуына, диагностикалауға, түзетуге бағытталған болса, мейірбикелік іс сырқатты, күтімді, комфорт пен гармонияны қамтамасыз етуде ғана емес, адамның өзіне шоғырланады.

Дәрігер аяқты алып тастайды, ал адам үшін аяқсыз өмір сүру физикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарынан өте қиын, келесі іс, яғни сол адамның өмір құндылықтарын жоғалтпай сүруіне ынта беру, қалпына келу – мейірбикенің міндеті.

Медицинаның мақсаты – ауруға шалдығуды диагностикалау мен емдеу.

Мейірбикелік істің мақсаты – емделушіге ауру қалпындағы физикалық, психологиялық-әлеуметтік жайлылыққа мүмкіншілік тудыратын өмірдің қолайлы қасиеттерімен қамтамасыз ету. Дәрігермен белгіленгенорындау мейірбике іс-әрекетінің негізгі және жалғыз мазмұнды емес, ол оның тек бір бөлігі болып ғана табылады.

Флоренс Найтингейл күтімінің екінші саласына келсек, ол дені сау адамды күтудің сол адамның сырқаты жоқ қалпын қолдау деп анықтайды, яғни алғашқы рет қоғамда денсаулыққа және ауруды алдын-алуға ерекше көңіл аударылды.

«ЖАҢА» МЕЙІРБИКЕ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Егер 1979 жылы ҮМЭ-да медициналық бикенің анықтамасы «орта медициналық білімі бар дәрігердің басшылығымен жұмыс істейтін және оның жұмысына көмек көрсететін маман» болатын болса, қазіргі моделі «медициналық бике – мейірбикелік іс философиясын кәсіби жағынан түсініп, өз тәжірибесіне оңтайлы қолдана білетін жеке тұлға».

Мейірбикелік іс-әрекеттің төрт деңгейі үзілді-кесілді анықталды:

1.денсаулықты нығайту;

2.жарақат пен аурудың алдын алу;

3.жойылған функцияларды қалпына келтіру;

4.азап шегуді жеңілдету.

Медициналық бике келесі рөлдерді атқарады:

-емделушінің күтімін ұйымдастырушы;

-емделушінің күтімін орындаушы;

-емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат);

-педагог (консультант)

-зерттеуші;

-лидер;


-медициналық бригаданың белсенді мүшесі.
КӘСІПТІК ЭТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Күнделікті бикелік тәжірибеде мейірбикелік іс философиясының бастаушысы этика болып саналады. «Этика – кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың қайда екенін анықтайтын философияның бір саласы» (М.Фаулер).

Кәсіптік этиканың элементтерін анықтап алудың мәні неде?

Жаңа ғана еңбек әрекетімен айналыса бастаған мейірбике бірден кәсіби деңгейдегі талаптарға сәйкес бола алмайды. Философия докторы Патриция Боннер жас мейірбикенің өзін екі әскердің – оқыған кездегі құндылықтардың және практикада танып білген құндылықтардың шайқасымен салыстырғанын есіне түсіреді.

Кейін, мамандыққа үйрене келе, ол медициналық колледжде ие болған және кәсіптік құндылықтардың өзара араласып, қосылып кеткенін байқады. Екі құндылық бірге, біртеңдес, міндеттерді терең сезініп, ойланылған болса ғана мамандықтың толық қалыптасқаны. Бірінші міндет – жеке тұлғаны сыйлау. Әр емделуші бикелік іс-әрекеттің түрсіз объектісі емес, ол табиғаттың бірегей жаратылған жаны бар және осы тұрғыда төмендегі құққа ие:

-бикелік күтімді толық көлемде қабылдауға;

-ауруы, емдеу жолдары және күтулі нәтиже туралы дұрыс мәлімет алуға;

-құпияға;

-күтім мен емге белсенді қатысуға;

-болашақ тағдырын еркін таңдауға.

Емдеу барысында мейірбике емделушіге өз құндылығын түсінуге көмектеседі, оның проблемаларының барлық шешу жолдарын қарастырады, кейін не мақұлдамай, не айыптамай өз емделушінің шешімін қабылдайды. Жеке тұлғаның автономиясын сыйлап, мейірбике кеңес бермейді, ол тек хабарлап және қолдап отырады.

Мейірбикенің басқа да міндеттері хабардарлық, жауапкершілік, мейірбикелік іске берілгендік.

Екінші құндылық – идеалдар, күткен мақсаттар, яғни ізденістеріміз де ардақты мақсат тұтатын әлпештеген затымыз (М.Фаулер). Мысалы: денсаулық, үйлесімділік, қамқорлық, тәуелсіздік, жайлылық.

үшінші құндылық – мейірбикенің жеке басындағы қасиеттері.

Флоренс Найтингейл дәуіріне дейін мейірбикеге сипаттама беру үшін сау, құдайшыл, таза, еңбексүйгіш, ынталы, жайдары деген эпитеттер қолданылған. Крестовоздвиженка мейірім бикелер қоғамының бастығы Екатерина Бакунина былай деп жазған: «Бііздің арманымыздағы бикелер – аурулардың жұбатушылары, олардың сұраушылары, бөтен госпитальдарға ыстық қатысу сезім мен ақ ниеттілікті енгізетін бикелер».

Қазіргі мейірбикелер рақымшылығы әлдеқайда толықтырылған – оған ойлау, қызмет істеу, басшылық ету, оқыту, түрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік арта білу т.б. шеберліктер қажет.



МЕЙІРБИКЕ МЕН ҚОҒАМ

Мейірбикелік мамандықтың барлық мамандар сияқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады, сондай-ақ қоғамның да мамандық алдында этикалық принциптері болады. Дәрігер науқасты емдейді, ал мейірбике күтеді.

Қоғамның мейірбикеге деген қөзқарасын адамға деген көзқарас деп санауға болады. Бұл жерде үйлесімге жету өте маңызды. Мейірбикелер өзінің кәсіптік іс-әрекетінің негізі ретінде кез келген жағдайда емделушінің ықыласын қорғау мен мейірбикелік істегі үздіксіз прогресті қолдау антын қояды.

Ал қоғамның мейірбике алдындағы міндеті – анық регламентацияланған заңды актілер көмегімен мейірбикеге әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету, кәсіптік мансап пен кәсіптік дәрежеге жету мүмкіншілігін тудыру.

Қысқа мерзім ішінде мейірбике жан-жақты білімді мейірбикеге деген жолдан өтеді. «Жүрексіз заманның жүрегіне» айналып, мейірбикелік іс қандай тереңдіктерге жете алатынын қазір ғана ұғындық. Бірақ бұл жерде Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінде қалыптасқан «техникалық медбикелер» институты мен «жаңа» мейірбикелердің бірігу мүмкіндігі туралы шиеленіскен сұрақ туады.

Рерихтің нақыл сөзін келтірейік: «Дәу бұлттан биік тұрып, жерді көрмейтініне Ергежейлі күлген екен. Бұл күлкіге Дәу былай деген: «Мен көргім келсе, еңбектей аламын, ал сен ешқашан бұлттың әр жағындағысын көре алмайсың».

Мейірбикелік ісінің философиясы, мейірбикелік істегі реформа – қазақстандық мейірбикелерге бұлттың әр жағын көруге, отандық мейірбикелік істе қалыптасқан жағдайды мамандық пен барлық қазақстандықтар игілігі үшін өзгертуге берілген мүмкіншілік.
КӘСІПТІК ЭТИКА ЖӘНЕ ДЕОНТОЛОГИЯ

Этика дегеніміз – ұнамдылық және мораль туралы ғылым. Медициналық этика бұл ұнамдылықтың маңыздылығы медицина қызметкерінің іс-әрекетіндегі принциптері, олардың науқасқа жоғары адамгершілік қатынасы туралы ғылымның бір бөлігі.

Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар. Біздің дәуірге дейін 1500 жыл бұрын. Ежелгі Индияда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні әртүрлі дүниежүзілік елдерде қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты», 2400 жыл әйгілі.

«Гиппократ анты» - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін өзекті болып қалғаны былай деп үнделеді:

1.«Non nocere» («Қауіп келтірме»). Әрбір ем, барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.

2.Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.

3.Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.

4.Дәрігер кәсіби тактикасын сақтауға, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.

Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері: біздің моральдік принципі бойынша іс-әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары гуманды кәсіптің салт-дәстүрлерін көбейтіп, сақтау керек – осы медициналық этиканың мәселелері.

Науқасқа толық сезімталдықпен қарап, оның жағдайын түсінген кезде, ол мен Сіздің араңыздағы нағыз қарым-қатынас болуы мүмкін, бұл емдік нәтижеге өте қажет!

Негізгі этикалық категорияларға мына түсініктер жатады: «борыш», «абырой», «ұят», «атақ», «бақыт».

Кәсіби және қоғамдық қарым-қатынастар процесінде пайда болған, өз міндеттерін орындау кезіндегі кәсіби және қоғамдық міндеттердің анықталған шеңбері міндет ұғымы білдіреді.

Әсіресе, медицина қызметкерінің борышы туралы айту керек. Еш уақытта адамның физикалық, психикалық денсаулығына қарсы немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайда қандай ұсыныс болса да, іс-әрекеттерге қатыспау керек.

Дәрігерлік этиканың басты проблемаларына медициналық деонтология жатады, медицина қызметкерінің тәртіптік принциптерін оқып зерттейтін, сонымен қатар емдеу нәтижесінің жоғары сапада болуына бағытталған медициналық іс-әрекеттердің қателерін болдырмау, себебі олар науқасқа қолайсыз әсер туғызады. Медициналық деонтология ұғымына дәрігер мен емделушінің арасында емдеу процесінде анықталған өзара қатынас жүйелері де кіреді.

«Деонтология» термині XVX ғасырдың басында ағылшын философы Бентаммен адамның кәсіби тәртібі туралы ғылымды белгілеу үшін енгізілген.

«Үлкен медициналық энциклопедияда» медициналық деонтологияға толық анықтама берілген, онда «сапасыз медициналық жұмыстың нәтижесінен болатын қауіпті жағдайларды жою».

Медицина қызметкері өзіндік практикаға кірерде дәрігермен құпияны сақтауға келісім береді. Өткен уақыттардағы көптеген медициналық еңбектерде кәсіби құпиялардың сақтауының керектігі көрсетілген. Римде медицинаны үндеместің өнері деп атаған.

Медицина қызметкерінің қазіргі кезде науқас туралы өзінен немесе емдеу барысында:

1.медицина қызметкерінің өзінен немесе емдеу барысында науқас туралы мәліметтер;

2.өте ауыр жағдайдағы аурулардан басқа, дәрігердің науқасқа хабарламайтын аурудың түрі туралы мәліметтер.

Оларды үміттендіру зор, күрделі өнер. Қолданған әдістерге және дәрі-дәрмектерге қарамастан қолайсыз жағдайға соқтырғанын жасыру керек.

Осындай әрекет оған қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарауына көмектеседі.

Кейбір адамдарда ойлары тек қана өлім мүмкіншілігі туралы ғана болуы мүмкін, ол психологиялық толқуға әкеліп, қолайсыз жағдайға соқтырады. Кеменің апаттық кезінде 90%-ын құтқаратын – шлюпка, ешқандай құтқарылатын мүмкіншілігі жоқ дейтіндер, азық-түліктің, ішетін судың қорлары болса да, бірінші күні өледі, оның себебі және түрткісі - өздерінің ойлары.

Мейірбике алынған ақпаратты құпиялы түрде сақтау керек және оны айтуға зор абайлықпен қарағаны дұрыс.

Кәсіби құпиялықтар емделушіні аурудың өзінен ғана емес солардың салдарынан неғұрлым ауыр жағдайларға әкеліп соғатын қайғылардан ғана қорғауға емес, ол адамның абыройын бөтен аурулар туралы жоритын әуесқойлардың орынсыз құмарлығынан қорғауға бейімделген. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды немесе анализдерінің нәтижесін айтуға тиіс емес.

Медициналық этиканың ережесін бұзған кезде «ятрогения» деген ауру пайда болады. Олар сезімтал адамдарға тән, қолайсыз диагноздардан медицина қызметкерінің дұрыс түсіндірмеуінен «өзіншілдік» айтудан болады.

Янтрогенді аурулар негізгі ауруларға қосылып қауіпті, жаңа патологиялық симптомдарға әкеледі.

Тақырыпты бекіту үшін бірнеше мысалдар:

1Әйгілі Петербургтен дәрігер Спасский Пушкиннің өлім халіндегі жағдайынан келе жатады. Жолда ол ауыр халдегі науқасқа соғады. Ол дәрігердің толқыған түрін көріп өлемңн бе?, - деп сұрайды. Спасский өзінің сөзіне мән бермей жауап береді:

«Иә, қазір бәрі өледі, Пушкинді сақтай алмадық». Басқа ештеңе айтпай кетіпқалады. Науқас Пушкиннің қайтыс болғанын біліп, онымен бірге өледі.

2.Жас институт бітірген медицина қызметкері кабинетке кірген әріптесіне білімін көрсеткісі келеді. Асқазан жарақатымен науқастың көзінше сенімділікпен былай дейді: «Менің ойлауымша, осы жағдайда «канцер» деп диагноз қоюға болады».

Науқас бұл сөздің мағынасын білді. Жақын арада өзіне операция жасауға рұқсат бермей, бәрібір емдей алмайды деп ойлайды. Өлікті кесіп ашқан кезде, асқазан жарасы ұлтабарға тесілген шықты.

3.Кейде науқаспен қарым-қатынас кезіндегі қолайсыз жағдайда орынсыз әзіл жатады. Джек Лондонның «Әрқашан өзгеріссіз» деген әңгімесін қарастырайық. Адамда бақытсыз махаббат болды, ол өзінің тамағын кеседі. Ауруханада қиын операция жасалып, өлімнен құтқарады. Шығаратын кезең келді. Хирург тамағындағы тыртықты жұмсақ сипай, әзіл түрінде науқасқа айтады: «Тағы да осы жағдайды қайталағыңыз келсе, басыңызды жақсылап тартып, бұлшық еттерді күшейтіңіз. Егер де басыңызды төмен салсаңыз ештеңе де шықпайды». Осы нұсқау қалай болатынын кім ойлаған.

Бірнеше сағаттан кейін осы ауруханаға өлікті әкеледі. Хирург келіп, ақ жайманы көтеріп иығын қозғап айтады: «Осы жолы ол басын жақсы артқа тартты».

Сіздің қылығыңыз науқаста сыйлаушылық туғызу керек. Науқастың алдында сіз бәрін білесіз, істей аласыз, Сізге өзінің денсаулығын, өмірін тапсыруға болады.

Бірінші кезекте, аурухана ортасындағы қолайсыз жағдайлар – психикалық, физикалық, яғни госпитализимнің болуы. Ол балаларда психикалық және вегетативті-соматикалық жетіспеушілік, тұрақсыздықпен байланысты. Медициналық мекемелерде қолайсыз жағдайларға соқтыруы мүмкін. Балалардың ұзақ болуы, ортадағы нашар психологиялық климат, ауру бала деген адамның көңілінің жетіспеушілігі, қызметкерлер жағынан эмоциялық күйлердің жетіспеушілігі. Осы жағдайлар, әсіресе, балада байқалады – эмоцияның белсенсіз түрде қалады, керекті дағдылар және ойлау қабілеттері тежеледі. Келтірілген жағдайлардың нәтижелері психикалық өзгерістерге жатады, баланың жоғарғы жүйке жүйесінің регресі: бала өзінің алдыңғы даму сатысына қайтады, өзінің алған дағдыларын жоғалтады - өзінше киіну, тамақ ішу, тіл дамуы тежеледі, аз, нашар сөйлейді.

Көңіл-күйі жағынан:

а) депрессия, жылағыштық, тәртіпсіздік

б) анасын іздеу, айқайлап ашулану, жүгіру

в) өзімен-өзі болу: тыныш ойнайды «оған келген анасын танымайды»

г) мекеме ортасында сәйкессіз бейімделуғ бала барлығына қажеттілікпен қарайды, оған ұнағысы келеді, отбасынан, мектептен қашады.

д) топастық: монотонды, стереотипті, басын изейтін қозғалыстар, саусағын ему және т.б.

Госпитализм тек балада ғана болмайды, ол ересек адамдарды да зақымдайды. Әсіресе, орта жастағы науқастарда созылмалы аурулар салдарынан, аурухана ортасында қысқа немесе ұзақ уақытта жатқанынан болады. Оның өмірі сонда, ауруы – «өмірдің стилі», үйде өмір сүруден безеді және барлық күшін ауруханаға қайтып баруға салады. Жас адамдардың арасында госпитализмге қызығушылық невротиктерде, кейбір психопаттарда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет