ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет20/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
Әдебиеттер
1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. 
2.Әбжанов Т.Ы. Қазақ рухының философиясы. — Қарағанды: ҚарМУ 
баспасы. 
3.Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында», Алматы «Атамұра». 1999ж. 
4.Жақып Б. «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы».2010 ж. 
5.Адырбек Н. «Ұстаным-ұлттық сана».Алматы 2013ж. 
6. Абдыкалыков А. «Жаңғырудың негізі-білім мен ғылымда».Игілік 
2018ж. 
7.Адырбек Н. «Ұстаным- ұлттық мүдде».Қазығұрт 2013ж
8.Анықбай Е . «Қазақ үнін әлемге дабылдатқан». Айқын 2015ж.  
Тапсырмалар 
Тапсырма 1 
Тӛменде келтірілген кестені толтырыңыз: 
Абай 
Құнанбайұлы 
Ш.Уәлиханов 
Ы.Алтынсарин 


53 
 
Тапсырма2 
«Зар-заман мұрасы»атты тақырыпқа баяндама жазыңыз. 
Тапсырма 3 
Келтірілген ұғымдарға анықтама беріңіздер: түркі ӛркениеті, ұлы дала
номад мәдениеті, ұлы дала, ұлттық мәдениет,қазақ мәдениеті,Зар-
заман,ағартушылық заман. 
 
Шығармашылық тапсырма 
«Этникалық бірегейліктің қалыптасуы мен қазақ халқының бірігуіндегі 
қазақ мәдениетінің рӛлі» атты тақырыпты негізге алып, презентация
жасаңыздар. 
 
Талқылау сұрақтары: 
1. Қазақ мәдениетінің ерекшелігі неде? 
2. Ұлы қазақ билерінің тарихтағы рӛлі қандай? 
3. «Зар-Заман ақындары қандай мәселелерді кӛтерді? 
4. Ірі қазақ зиялалырының еліміздің егемендігін алуына қосқан үлестері 
қандай деп ойлайсыз? 
5. Қазақ тілінің ұлттық мәдени кодты сақтаудағы рӛлі қандай? 
1.11 ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті 
Сабақтың мақсаты: Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениетінің жағдайымен 
танысу. 
Негізгі ұғымдар: ұлттық мәдениет, қазақ мәдениеті, тоталитарлық жүйе, 
индустриализация. 
Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас 
кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі 
түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс 
Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты 
толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық 
күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық 
қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс 
революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік 
саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға 
азаттық әперу туралы мәселе кӛтермеді. Социал-демократтардың ӛздері Шығыс 
халықтарының оянуына панисламизм пантюркизм айдарын тағып, күдіктене 
қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі ӛркениеттерге 
жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы 


54 
әлеміне түбірлес ӛзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. 
Ӛзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру 
орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан 
шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ 
халқының манифесі — «Оян, қазақ!» ӛлеңін жариялады. Ол түңғыш рет 
халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-
демократтарға бір ауыз сӛз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас 
тӛгуіңіз пайдалы, бірақ ӛз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың 
қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты 
миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз 
азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса ӛз 
шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең 
алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан кӛреді. Екі 
ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін ӛріс 
алған маргиналдықтың кӛбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, 
үстемдік етіп отырған жат ӛркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. 
Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар 
кӛптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен 
қол үзе бастады. 
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер 
еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бӛкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей 
ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси 
партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі - Алашорданың кӛсемі 
еді. Әлихан Бӛкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың 
рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың 
шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен 
фольклоры жӛнінде әлі күнге дейін ғалымдарды ӛзінің ой тереңдігімен таң 
қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы 
«Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» 
аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде кӛтеріп отырған 
мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. 
Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-
қатынасы, кӛшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын 
пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады. Шексіз сахара қазақ 
мәдениетін кӛптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, ӛзіндік 
ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде 
ӛшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның 
шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет 
ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына 
сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай 
тілдерін ӛз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы 
тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай ӛркениетті, 
мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл 


55 
азаматтық ӛтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени 
құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. 
Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан 
ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат — ол 
үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея 
— жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи Абай мен Мағжан 
жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы 
жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе ӛмір мазмұны жануарлық күн 
кӛруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол кӛрсетуші, 
мәңгілік пен шексіздіктің кепілі — Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, 
оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Ӛтпелі ӛмірден мәңгілікке 
(фәниден бақиға) кӛшу, басқа сӛзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз 
адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, — дейді Шәкәрім, — менің айтқанымдай 
баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда 
біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана ӛзгеретін болса, бұрыннан бар жанның 
жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар 
болып жүреді». (Үш анық. — Әлем, 39-бет). Осы негізгі шығармасын Шәкәрім 
ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіпқой 
философиясының алғашқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада 
айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм 
және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, ӛз жолы — үшінші 
анықты ұсынады. Яғни, басты мәселе — ар ілімі, моральдың тӛңірегінде. 
Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі 
оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі — ұждан. Бұл категорияны 
түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның ӛлген соң тазарып, 
жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі 
ӛкініште болып біржола жоғалмады-ау деп ӛлсе керек. Және ұждан, совесть 
жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық 
қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана 
кӛрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың кӛп айырмасы 
жоқ болса керек. Ӏзін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі ӛлген соңғы 
жан ӛміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі ӛмірге бірдей керек таяныш 
екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, ӛнер, ешбір жол, заң тазарта 
алмайды. Егер бір адам жанның ӛлген соңғы ӛмірі мен ұждан соның азығы 
екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны 
бір бауырдай қылып, екі ӛмірді де жақсылықпен ӛмір сүргізетін жалғыз жол 
осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген 
шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе Жаратушыда білім бар, ӛлген соң да бір түрлі 
жан тіршілігі бар. Жан екі ӛмірде де азығы — ұждан, совесть деумен еш 
нәрседен кемдік кӛрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық 
дегенім осы». (Үш анық. — Элем, 44— 45-бет). Шәкәрімнің ұжданы біз 
жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі «каллокагатия», И. Канттың «кесімді 
императив» ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім. 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет