3-тарау Саясаттану
3.1 Саясаттану ғылым ретінде................................................................................................156
3.2 Саясаттану ғылымының қалыптасуы мен дамуы..............................................................161
3.3 Билік саяси феномен ретінде............................................................................................168
3.4 Саяси жүйе........................................................................................................................177
3.5 Мемлекеттік және азаматтық қоғам..................................................................................186
3.6 Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар................................................................195
3.7 Саяси режимдер................................................................................................................199
3.8 Саясит мәдениет және саяси идеология............................................................................204
3.9 Саяси элита және саяси жетекшілік..............................................................................208
3.10 Әлемдік саясат және ҚР мемлекеттік құрылысы мен халықаралық қатынасы................215
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................................224
Қосымшалар..................................................................................................................................226
4
1 тарау Мәдениеттану
1.1 Мәдениет морфологиясы
Сабақтың мақсаты: Мәдениет түсінігі және тұжырымдамаларымен
танысу, мәдениеттің морфологиясын талқылау.
Негізгі ұғымдар: рухани жаңғыру, мәдениет, ұлттық идея, жаһандану .
Мәдениет ӛмiрiнiң барлық кезеңiнде болатын, адамдардың кӛптеген iс-
қылықтарынан, әрекеттерiнен тұратын, мәдениеттi құрайтын айрықша
сыңарлас бiр бӛлiгi дәстүрлер, нормалар, құндылықтар,білім және
мағыналар болып саналады. Оларсыз мәдени ӛмiр мүмкiн емес, олар қоғамның
рухани ӛмiрiне, әлеуметтiк ӛмiрдiң дамуына әртүрлi бағыт берiп, қоғамдағы
қажеттi реттiлiк пен тұрақтылықты күшейтедi.
1. Дәстүрлер қоғамда белгiлi бiр уақытта, орында, белгiлi бiр оқиға-
жағдайға байланыс-ты қолданылып жатады. Ол үлгi, қарекеттiң айқындалмаған
бiр бӛлiгiне енгiзiледi. Бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жеткен және тарихи
қалыптасқан, кӛп уақыт бойы белгілі бірлестікте сақталған әлеуметтік және
мәдени мұраның белгілерін дәстүр деп атайды. Оларға дәстүрлi еңбек
тәжiрибелерiн, тәртiптiң түрлерiн, ӛмiр салттарын, тәрбие барысын, күнделiктi
қалыптасқан тазалық ережелерiн, тамақтану уақыттарын, ұйқыны т.б.
жатқызуға болады. Мысалы,үйге кiргенде еуропалық адам ең алдымен бас
киiмiн шешедi, ал шығыста аяқ киiмiн шешу есiне түседi. Дәстүрлерi осылай
қалыптасқандықтан оларды нақты жағдайлармен түсiндiруге болмайды.
Формалданған дәстүрдiң белгiлi бiр орында, белгiлi бiр уақытта арнайы
себеппен жасалынуы әдет-ғұрып деп аталынады. Қоғамда жоғарғы статусы бар,
кӛпшiлiк алдында орындалатын, қарапайым дәстүрге қарағанда, адам әдет-
ғұрыпты еркiн таңдай алмайды. Әр қоғамда жеке адамды (ат қою, шоқындыру,
сүндетке отырғызу, тӛл құжат беру т.б.) немесе жасы үлкен-кiшi топтарға
бӛлу (туған күндер мен мерей тойлар, жерлеу рәсімдері және т.б. ) сияқты
арнайы әдет-ғұрып, салттары бар.
2. Әдет-ғұрыпқа қарағанда, нормалар (шама, ӛлшем, ереже)iс-әрекеттi
басынан аяғына дейiн түгел емес, тек қана бiр принциптiң параметрiн қамтиды.
Нормалардың мазмұны, олардың қатынасы бар нақты ӛрiс қарекеттерiнiң әр
түрлiлiгi, бiркелкi шамаланбаған, ал олардың мазмұны мен мӛлшерлеу тәсiлдерi
әр мәдениетте әр түрлi. Ӛндiрiс ӛрiсiнде техникалық нормалар қабылданған.
5
Азаматтар мен әлеуметтiк институттар арасындағы ӛзара қатынас ӛрiстерi заң
нормаларымен реттеледi.
Нормалардың тұрақты түрлері ұзақ уақыт ұрпақтар ӛмiрiнде сақталады,
iзгi ӛнегелiлiк тарапынан негiзделедi, дiн беделiмен жиi түсiндiрiледi және
заңнан қолдау табады. Кейбiр нормалар уақыт ӛтiп кетсе де, ӛзiнiң тиiмдiлiгiн
жоғалтса да, бос салт-жораларға, ескi стильге айналса да ұзақ сақталады.
3.
Құндылықтар жоғары
деңгейде
объектiлердi,
хал-жағдайды,
қажеттiлiктi, мақсат-ты таңдауды түсiндiредi. Құндылықтар деп‚ адамдар мен
әлеуметтiк топтардың‚ қоғам-ның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын белгiлi
бiр заттар мен құбылыстардың қасиет-терiн айтады. Құндылықтар үлкендi‚
кiшiлi‚ абсолюттi және салыстырмалы‚ материалдық және рухани т.б. түрлерге
бӛлiнедi. Кез келген құндылықтарды олардың типiне және деңгейiне қарап
классификациялау әрқашан да белгiлi бiр шартқа байланысты, ӛйткенi оларға
әлеуметтiк және мәдени мәндер енедi. Алайда оған қарамастан мазмұны
жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттiлiкпен жiктеуге болады.
А)Виталдық құндылықтарға: ӛмiр, денсаулық, тәндiлiк, қауiпсiздiк, тұрмыс
халi, адамның хал-жағдайы (топтық, тыныштық, кӛңіл- күй) күш-қуат,
тӛзiмдiлiк, ӛмiрдiң сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейi
және т.б. жатады
Мысалы,
тәжірибелілік
–
прагматикалық.Адамдардың
барлық
құралдарын пайдалана отырып ӛзiнiң күнделiктi тұрмысын жақсарту және
шынайы пайда түсiру үшiн нақты материалдық жемiске қол жеткiзу
тәжірибелілікті кӛрсетедi. Тәжірибелік, жағдайды құрамды бӛлшектерге бӛлiп
тастауға, кӛтерiңкi идеялардан арылуға ықпал жасайды. Сон-дықтан
тәжірибелік идеалдық құндылықтарға селқостық кӛзбен қарайды, олар идеоло-
гиялық пiкiрталастарға араласуды керексiз, жағдайсыз, утопиялық деп санайды.
Тәндiк, денелiлiк.Кез келген қоғамда адамның тәндiгi құндылықтар ӛрiсiнiң
маңызын құрайды. Алайда‚ нормативтiк немесе идеалды тәндiктер әр
мәдениетте бiр-бiрiмен таң-қаларлық айырмашылықта болады.
Ә) Әлеуметт i к құндылықтар: әлеуметтiк орны, дәрежесi, байлық, мамандық,
от басы, сабырлылық, кәсiпқойлық, тәртiп, тәуекелге бел байлаушылық‚
әлеуметтiк теңдiк, жыныс теңдiгi, үлкенге немесе болашаққа бағытталғандық,
ұлттық теңдiк.
Б) Саяси құндылықтар: сӛз еркiндiгi, азаматтық, бейбiтшiлiк.
В) Моральдық құндылықтар: жақсылық, игiлiк, махаббат, борыш, намыс,
шыншыл-дық, адал ниеттiлiк, парасаттылық, берiлгендiлiк, ӛзара кӛмектесу,
әдiлеттiлiк және т.б.
Г) ДІни құндылықтар: құдай, сенім, құтқарылу, рахат, рәсiм, мешiт.
Д) Қоғамды қадірлеу: еңбекқорлық‚ патриотизм, қоғам ӛмiрiне белсендi
қатынасу,жоғары локальдық (мемлекеттік интернациональдылық) бағытталу.
Ж) Эстетикалық құндылықтар: әсемдiк (эстетикалық сиықсыздық), идеал,
стиль, үйле-сiмдiк, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан
енгiзiлген модаға елiктеу.
6
4. Б i л i м – қоғамның рухани ӛмiрiнiң негiзгi элементтерiнiң бiрi.
Бiлiмнiң кӛптеген түрлерi ӛмiрдегiiс-әрекеттердiң белгiлi типтерiмен,
деңгейiмен ара қатыста болады. Бiлiм-нiң ол түрлерi мыналар: практикалық
бiлiм, рухани бiлiм, эмпириялық бiлiм, теориялық бiлiм, экзотериялық
бiлiм. Практикалық (тәжiрибелiк) бiлiмадамның қарекетпен шұғыл-дануының
нәтижесiнде
қалыптасады
және
оның
шеберлiк
дағдысымен
бiте
қайнасқан. Рухани бiлiм адамдардың қарым-қатынасын (отбасының, этникалық,
ұлттық, таптық, ұжымдық) реттейдi. Оның ұлан-ғайыр әр түрлi құралдары бар,
оның iшiнде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткiштер, кӛркемӛнер туындылары,
бейнелер, аруақты мәтiндер және т.б. Сонымен қатар, топтың, қоғамның және
адамзаттың басқа да мәдени сыңар-лардың жинақталған жадының мазмұнынан
құралады. Эмпирикалық бiлiм, арнайы ғы-лымдарда жазылған сезiмдiк және
эксперименттiк тәжiрибе негiзiнде қалыптасқан таби-ғаттағы, қоғамдағы табиғи
процестер. Теориялық бiлiм субъектiнiң ұғымдар, белгiлер, формулалар арқылы
обьектiден қашықтауының нәтижесiнде қалыптасады, тек қана тәжiрибеде емес,
бiлiмнiң ӛзiн де ұғынып‚ мағына бередi. Теориялық бiлiм ғылымды ғана
дамытпай, сонымен қатар идеологияны‚ философияны, әлеуметтiк және дiни
iлiмдердi дамытуға шешушi ықпалын тигiзедi. Экзотериялық бiлiм – мистика
туралы бiлiмдi кеңей-тетiн ерекше нұсқа. Арнайы білімді қажет етпей
барлығына арналған.
5. Мағыналар – маңыз, мән, белгілер адам мен табиғатты немесе жалпы
субьектi мен объектiнi белгiлеу арқылы қауыштыратын арнайы мәдени
құралдар. Белгiлер жүйесi-нiң қатарына табиғи және жасанды тiлдер, әртүрлi
дыбыс
белгiлер
жүйесi,
бейнелеу
жүйесiнiң
тiлдерi(бейнелер,
символикалар) жатады.
Қоғам, ӛз тәжiрибесiнде бiр-бiрiмен ара қатынаста болатын жүйеленген
және келесi ұрпаққа жалғастыруға болатын жалпылама рәмiздердi нығайтуы
қажет. Ол мәдени құрал-дармен қиялда жаңғырық табатын, жоқ заттардың
бейнесiн, олардың тiзбегiн және үйле-сiмiн жүйелейтiн белгiлердi, есiмдердi,
атауларды жасайды. Солардың арқасында тармақ-талған мағыналардың жүйесi
дүниеге келедi.
Адамдар құбылыстарды белгілей және бағалай отырып, оларды реттейді,
талқылайды, дүниедегі және болмыстағы ӛз орнын ой елегінен ӛткізеді. Пәнге
ат беру деген – оны танып білуге жасалған алғашқы қадам. Мәдени мәнділік
жүйесінен тыс жерде король мен қызметшінің, әулие мен күнәһардың, әсемдік
пен сиықсыздықтың айырмашылығын білу мүмкін емес. Мәдени нормалардың
ӛзгеруі және мәнділіктің күйреуі сияқты тым шұғыл жағдайларда аталған
айырмашылықтар жойылады.
Кез келген қоғамда, барлық iс-әрекеттердiң және қатынастардың дәнекерi
ретiнде қолданылатын маңызды белгi - ақша. Ақша ретiнде пайдаланылатын
заттар қоғамның даму деңгейiмен және мәдениетiмен тығызбайланысты. Барған
сайын олар затсыздана бастайды. Ақпараттық қоғамның аяғынан тiк тұруы
оның, ақшаның кӛлемi туралы есiнде сақтайтын компьютерлiк жүйесi бар
электрондық импульсқа ӛтуiне байланысты. Электронды ақша, электронды
7
ақпаратқа ұқсап принципиалды түрде, жалпы барлық қар-жы алып беру
технологиясын
ӛзгертедi,
кӛптеген
iс-әрекеттiң
қалыптарына
және
постиндустриалды қоғамдағы адамдардың ӛмiр салтына әсерiн тигiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |