ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет56/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
Тапсырма 6 
Әлеуметтенудің кезеңдерінің дұрыс ретін анықтаңыздар: 
Имитация, идентификация, итериоризация,ӛзін-ӛзі тану. 
Талқылау сұрақтары: 
1. Адамдардың әлеуметтік мінез-құлыққың қалай түсінесіз және оны 
анықтайтын қандай негізгі факторлар бар? 
2. Адамдардың әлеуметтік статусы нені білдіреді, оның негізгі түрлері 
қандай? Әлеуметтік рӛл және статустық-рӛлдік қақтығыстар дегеніміз не? 
3. Тұлғаның рӛлдік тұжырымдамасының қандай қарама-қайшылығын 
байқайсыз? 
4. Фрейд бойынша, тұлғаның ішкі қақтығыстар немен анықталады? 
Оларды жеңу тәсілдері бар ма? 
 
Шығармашылық тапсырмалар 
Ӛзіңіз иеленіп отырған әлеуметтік статустарыңыз бен рӛлдеріңізді 
жазыңыз: 
Статустар 
Рӛлдер 
 
 
 
 
 
 
 
Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары 
1.Тұлға түсінігі. Тұлғаны әлеуметтік қырынаң зерттеу. 
2.Тұлғаның рӛлі мен статусы. 
3.Тұлғаны әлеуметтендірудің кезеңі мен тетіктері. 
4.Тұлғаның зерттеудің негізгі әлеуметтік тұжырымдамалары. 
5.Қазақ ойшыларының тұлғаны тәрбиелеуге қатысты кӛзқарастары. 


119 
 
 
2.6 Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы 
 
 
Сабақтың мақсаты:әлеуметтанудағы жеке тұлға түсiнiгiн, қоғам мен 
жеке тұлғаның ӛзара қарым қатынасын,әлеуметтендiру процесiн, девианттық 
мiнез- құлықты қарастыру. 
Негізгі түсініктер:әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік норма, санкция, 
әлеуметтік бақылау, конформизм, девианттық мінез-құлық, делинквенттік 
мінез-құлық, аномия, әлеуметтік таңба. 
 
Әлеуметтенудегі 
девиантты 
мінез-құлық 
тұжырымдамасын 
қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік 
девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» 
термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. 
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның 
мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының 
арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. 
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, 
геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, 
ӛзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да 
қажетсіз мінез-құлықтың кӛрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге 
әлеуметтік орта әсерлері де ӛз ықпалын тигізеді: 
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік 
саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); 
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік 
мәртебе, референтті топ,); 
• микроәлеуметтік орта (отбасының ӛмір стилі және деңгейлері, 
отбасындағы ӛзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, 
басқа да маңызды адамдар). 
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және 
криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен 
ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-
құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те 
атайды. 
Девиантты мінез-құлықтың кӛрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, 
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат 
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады. 
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң 
бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар: 
1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға кӛрсетілетін 
дӛрекілік, тӛбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде кӛрініс 
береді. 


120 
2. Ашкӛздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, 
қорқытып-үркіту, автокӛлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке 
байланысты жат мінез-құлық. 
3. Наша сату және тарату. 
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот 
үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. 
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып 
табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезӛкшелік, суицид, заң 
бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға 
және ең бірінші ӛздеріне үлкен зиян келтіреді. 
Девиацияны зерттеуші кӛптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың 
пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен 
топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бӛлсе, екіншілері оларды бӛлмей: 
• жанұяда берекенің болмауы; 
• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы; 
• тәрбие берудегі кемшіліктер; 
• ӛмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау; 
• ӛмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен 
жарасымды қатынасқа түсе алмауы; 
• сырттан келген қысымға тӛтеп бере алмау, ӛз бетінше шешім қабылдай 
алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау; 
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы; 
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы; 
• мектептерде психологиялық кӛмек кӛрсету қызметінің нашар дамуы; 
• балалар мен жасӛспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп 
кӛрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бӛліп қарастырады. 
Оларды жекеше қарастыратын болсақ: 
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі 
жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға 
мыналар жатады: 
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс 
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, 
ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық 
факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, кӛру кемшіліктері, жүйке 
жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер. 
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-
жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, 
қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық 
ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері; 
- физиологиялық факторлар: сӛйлеу дефекттері, адам бойындағы 
соматикалық кемшіліктер. 
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген 
жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, ӛзіндік сезім мен 


121 
танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін 
сезіне алмайды, қатынасы бұзылады. 
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен 
мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар 
жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. кӛрінеді. 
Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар ӛте ашушаң, дӛрекі болады. Оларға 
міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы 
ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. 
Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, 
тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму 
барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, 
жатсынып кетуі мүмкін. 
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол 
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған 
ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және 
суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық 
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. 
Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, 
қанағатсыздық, зорлаушылық, дӛрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге 
бейім тұрады. 
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, 
қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы 
үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар кӛбінесе мектепке дайындығы 
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз 
қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін кӛрсетеді. Оқушының 
оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан ӛтеді: 

оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген 
қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда 
қиыншылықтарға тап болуынан; 
- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, 
оның мінез-құлқы ӛзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы 
бұзылып, сабақтан қалуы кӛбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе 
бастайды; 
- әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген 
қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, 
нашақорлыққа қызыға бастайды; 
- криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың ӛте тӛмен 
болуы, балаларды да ӛз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп 
оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар 
қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды. 
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі 
факторы – ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты 
қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар: 


122 
- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін 
орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға 
баланы итермелейді; 
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу 
кезіндегі, ата-ана мен балалар бӛлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік 
кемшіліктерден туындайды; 
- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, 
криминалды іс-әрекет, аморальді ӛмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, 
зорлаушылық жатады. 
Балаға кӛрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, 
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, 
далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада кӛрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-
әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму кӛрмей, қоршаған ортаға 
бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала ӛзін жаман, керексізбін деп 
сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық 
ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан 
басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың 
мінез-құлқы да ӛзгереді: агрессия жоғарылайды, тӛбелескіш, ӛзіне сенімсіз, 
ұялшақ, ӛзіне деген бағасы ӛте тӛмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-
зомбылықты кӛп кӛрген балалар ӛскенде зорлаушы рӛлінде болуды қалайды. 
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның 
кедей және бай болып бӛлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, 
әлеуметтік кернеу, т.б. 
5.Моралді-этикалық 
факторлар. 
Қазіргі 
қоғамның 
адамгершілік 
қасиеттерінің деңгейі тӛмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. 
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ 
процесс. Оны іске асыруда кӛп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, 
осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан 
тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда 
мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады: 
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау; 
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену; 
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену; 
• оқушыларды салауатты ӛмір салтын қалыптастыру үшін жасалған 
жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану; 
• салауатты ӛмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге 
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану; 
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы 
іс-әрекеттермен ӛткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар 
құру; 
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік 
жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам ӛмірінің тек 
кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы ӛмір туралы ойланбайды» 
деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман 


123 
ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, 
қоғамдық ӛмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына 
қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне кӛмектесуі 
қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам ӛмірінде бекіген 
адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, 
адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, 
сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, 
балалар бойында девиантты мінез-құлықтың ӛріс алмауына және оларды 
мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады. 
Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының 
себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай кӛзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ 
ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық 
мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында 
байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша 
мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» 
адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен 
байланыстырылады. Мұндай типтер тӛмендегідей белгілері бойынша 
ажыратылады: тӛменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға 
деген сезімталдығы тӛмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен 
таралды. Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің ӛкілдерінің 
бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы 
бар екендігі жӛнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп 
болатындығы жӛніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны 
биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен, 
оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады. 
Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен кӛптеген 
психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын 
теорияны ұсынды. Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд«ӛзін 
кінәлі сезінетін потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, 
ӛздерін кінәлі деп есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар 
туралы. Алайда, бір ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың немесе 
мінез-құлықтың басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды. 
Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да 
бар. Мысалы, ӛзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл кӛбіне 
ӛзіне-ӛзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп есептейді. 
Осы теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы Р.Мертон девиация 
қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің мойындалған құралдарының 
арасында 
алшақтық 
пайда 
болған 
кезде 
орын 
алатындығын 
тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы 
бойынша девиацияның кӛптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен 
әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарама-қайшылыққа 
ұшыраған кезде немесе мұлдем болмаған жерде туындайды. Әлеуметтік 
ауытқушылықтың типологиясы бұл құбылыстың алуан түрлілігін кӛрсетеді, 
оларды бӛліп тұратын шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік 


124 
ауытқушылық бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың 
ішінде кең таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі 
және т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бӛлінуі. Соған байланысты 
жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, азаматтық
еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат қылықтар және т.б. 
болып бӛлінеді. Бұл классификацияның практикалық мәні оған қатысты қандай 
жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жазалауға 
байланысты болып келеді. Бұзылатын нормалардың сипаты бойынша ауытқуды 
ұлттық деңгейдегі және халықаралық деңгейдегі ауытқу деп те бӛлуге болады. 
Мінез-құлықтың кӛптеген түрлері белгілі бір елдегі ӛмір сүріп тұрған құқық 
нормаларының, моральдың, үлгі-ӛнегенің, әдет-ғұрыптардың бұзылуы болып 
саналса, оның кейбір түрлері халықаралық құқық пен моральдың (агрессивті 
соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид, халықаралық терроризм және 
басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын нормалары мен принциптерінің 
бұзылуымен байланысты. 
Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен 
байланысты тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бӛлінеді. а) 
экстравертивті (сыртқы ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты, алдын-
ала жоспарланған немесе аффективті болуы мүмкін, мысалы, отбасындағы дау-
жанжал); ә) интравертивті (адамның ӛз-ӛзіне бағытталған мінез-құлық – 
ішімдік ішу, алкоголизм, ӛзін-ӛзі ӛлтіру, нашақорлық және басқасы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет