ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет67/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Жастық шақ - адамның балалық пен үлкен ӛмір аралығындағы 
қалыптасу мен даму кезеңі. Адамның балалық шақтан үлкен ӛмірге аяқ 
басуы екі кезеңнен ӛтеді: жасӛспірім және жастық бұл кезеңдердің 
хронологиялық (уақыт) шегі дәл айқындалмаған. Психологтар жасӛспірім 14-
18 жас, жастық 16-18 жас аралықтарын кӛрсетеді. Барлық халықтарда жас 
ерекшелігі адамның хронологиялық жасы емес, оның әлеуметтік мәртебесін 
белгілейтін ұғым болып табылады. Себебі кӛптеген жағдайларда адамның 
жасына қарай, оның қоғамдағы орны белгіленеді. 
Қоғамдық еңбек бӛлінісі адамның жасы мен жынысын есепке алуға 
негізделген. Кӛптеген еңбек түрлері адам жасына тікелей тәуелді. Жастық 
шақ әдетте білім алу немесе отбасын құру сияқты үлкен ӛмірге бастама 
болатын қоғамдық маңызды әлеуметтік қадамдар атқарады. 
Жас стратификациясы әлеуметтік-психологиялық күтілістер мен 
санкциялар жүйесінен тұрады. Адам жастық шақтан бастап ӛзінің не 
қалайтынын және ӛз жауапкершілігін сезіне бастайды. Адамның денесі мен 
ақыл-ойы толығып, әлеуметтік ӛмірге белсенді араласуға әзір болады. 
Дәстүрлі қоғамда жастар әлеуметтік қызметтер мен ролдерді тез 
игереді. Күрделі қоғамдарда жастар белгілі бір уақыт аралығында кәсіби 
даярлықтан ӛтуі қажет. 
Әлеуметтік дәстүрге сай жастық шақ адамның ӛз отбасын құруымен 
аяқталады. Себебі бұдан соң адам бойында тәуелсіздік пен жауапкершілік 
пайда болады. Қазіргі таңда жастардың жеке таңдау мүмкіндігі шектелмеген. 
Бұқаралық 
ақпарат 
құралдары 
дамуының 
арқасында 
жастардың 
психологиялық жетістігі тек ӛз ортасымен ғана шектелмейді. Бұл жастардың 
әлеуметтік орта туралы жан-жақты хабардан болуын қамтамасыз етіп, 
интеллектуалдық дамуына жағдай жасайды. 
Жас адамның шыққан тегі мен ата-анасының әлеуметтік мәртебесі, 
оның психологиялық және физиологиялық дамуына үлкен әсер етеді. 
Сонымен қатар бұған ұлттық мәдени орта, достарының әсері де қосылады. 
Әдетте жастар әлеуметтік ӛмірдің белсенді қатысушысы емес, тәрбиеге зәру 
адамдар ретінде қарастырылып келді. Қазіргі замандағы жастар ұйымдары 
мен бейрәсми топтар бұл тұжырымның қателігін дәлелдеді. 
Жаңа фрейдизм теориясы. Жастық шақтың теориялық мәселелерін 
зерттеуге психосұрыптау теориясы үлкен әсер етті. Оның негізін австрия 


147 
психиатры З.Фрейд қалады. Ол жастар жыныстық, сезімдік дамуына 
арналған бірқатар ғылыми тұжырымдар енгізді. 
З.Фрейд тұжырымдарын дамытып жаңа фрейдизм зерттеу бағытын 
қалыптастырған белгілі американ психологы Эрик Эриксон (1902-1982) 
болды. Жас адамның дамуы бір-біріне байланысты үш үрдістен құрылады. 
Физиологиялық дамуды биология, саналық дамуды психология, әлеуметтік 
дамуды әлеуметтану зерттейді. 
Эриксон пікірінше негізгі даму заңы «эпигенетикалық ұстаным». Бұл 
ұстанымға сәйкес әрбір жаңа даму кезеңінде жаңа қасиеттер мен құбылыстар 
пайда болады. Жаңа кезеңге ӛту уақытында жас адам психологиялық 
тоқырауға ұшырайды. Біреулер үнсіз кӛтерсе, біреулер ӛзін қоршаған 
адамдармен егес-жанжалға түседі. 
Эриксон адам ӛмірін сегіз кезеңге бӛлді. Әрбір кезеңнің адам үшін 
пайдалы немесе пайдасыз шешілетін ерекше мақсаттары болады. Бұл 
кезеңдер: 1) Сәби шақ - басты мақсаты сәби бойында санасыз сенім 
қалыптастыру. Егер ата-ана қамқорлығы мен сүйіспеншілігі болмаса сәби 
бойында санасыз сенімсіздік қалыптасып, оның психологиялық дамуына 
нұқсан келтіреді. 2) Ерте балалық кезеңі – бала бойында жеке түсініктер, 
күмәнді ұғымдар қалыптастырады. Оның дұрыс рухани қалыптасуы күнде 
кӛретін адамдарына байланысты. 3) Ойын жасы – бастама сезімдерін 
қалыптастырады. Бұл жаста топтық ойын, ӛз құрдастарымен ойнау маңызды 
ролге ие. Бұл бала ойы мен қиялын қалыптастырады. 
Қазіргі ӛркениетте білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы 
қатардағы 
орындардың 
бірінде 
тұр. 
Қоғамдағы 
технологияның, 
экономиканың, саяси прогресстің қарқыны, мәдениеттің жағдайы,адамның 
аман-есендігі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді. Білім 
әлеуметтануы – келеңсіз тенденцияларды жоюға кӛмек кӛрсететін және қазіргі 
адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ғылымдардың 
бірі. Білім әлеуметтануы нені зерттейді? Оны қызықтыратын саланы қысқаша 
түйіндеп айтар болсақ, онда оның білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, 
оның генезисін, ӛмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру 
саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық 
институттармен және адам ӛмірінің ӛзге де салаларымен ӛзара әрекеттерін 
зерттейді. Білім әлеуметтануының обьектісі қызметін білім жүйесі және ол 
туралы ақпарат атқарады. Ал осы саланың пәні жӛніндегі анықтама белгілі бір 
пікір тартыстарын туғызады.Оқу адам ӛмірінің үлкен кезеңін қамтиды, оның 
жемісті шығармашылық жылдарын алып қояды. Орта деңгейлі кәсіби 
мамандыққа талпынған жас адам он үш жыл оқуы тиіс, ал жоғары білікті 
мамандық алу үшін оның оқуының мерзімі жиырма жылға жетеді. Оқу - 
адамның білім саласындағы негізгі әректінің түрі. Оқушының бүгінгісімен 
ертеңі, білім саласындағы әрекеттердің барлық факторлары, түптеп келгенде, 
оқу қызметінің мазмұны мен анықталады. Әдебиеттерді оқу процесін белгілеу 
үшін мынандай терминдер қолданылады: оқу, білім беру, ғылым, білім және 
т.б. Бәріне ортақ ұғым ретінде «оқу»түсінігі алынған. Оқу термині басқа да 


148 
мазмұнда да айтылып, тек білімді меңгеруді білдіріп қана қоймай, белгілі бір 
білім жүйесін(ғылыми, теория, тұжырымдама) игеруді білдіреді. Ресей 
ғылымында оқуды «білімді меңгеру ретіндегі» түсінудің теориялық негізін 
кӛрнекті психолог С.Л.Рубинштейн қалыптастырған еді. Ол оқу мен ғылыми 
танымды әртүрлі деп есептеді.Оқу, түптеп келгенде, ерекше жағдайда 
оқушыларға білім беру мен олардың танымын басқарудағы танымның 
түрлерінің бірі. Соған сәйкес оқудың негізгі компоненттеріне: талдау, 
синтез,абстракциялау, «бүкіл таным үрдісінің жалпы бӛлгіш» ретіндегі 
қорытындылау қызметін атқарады. Әлеуметтік ӛмірде оқу 1) адамның 
мадениетті меңгеруіне, қоғамдық практикаға, еңбек қызметіне кіруіне қажетті 
дайындық кезеңі; 2) оқудың фунциялары субьектіде қызметтің мәдени 
механизмдерін жасауға, яғни қайсыбір социумның мәдени жетістіктеріне 
негізделген қызмет болып табылады; 3) оқу тәжірибені меңгеруді 
ұйымдастырады;Орта оқу орнының қалыптасуы мен білім жүйесінің 
құрылымы.Мектеп - қазіргі білімнің негізгі, базалық институты. Оның ӛзіне 
тән функциясы – оқыту. Мектепті ұйымдастыру оқытушылар мен 
оқушылардың арасында белгілі бір ӛзара қарым-қатынасты бекіткен және 
солардан туындайтын басқа адамдармен ӛзара қарым-қатынастарды бекіткен. 
Әрбір мектепте оқытудың стандарты бар, оның міндеті оқушыларға белгілі бір 
деңгейде нақты міндеттерді атқаруға дайындау. Оқытудың басқа 
формаларынан 
мектепті 
әмбебаптық, 
кӛп 
тәртіптілік 
дайындық 
ерекшелейді.Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын 
кӛрсетіп, олардың ӛзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық 
ӛмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік 
зерттеу обьектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді.Білім беруде 
келесі функциональді жүйешелерді бӛліп кӛрсетуге болады:- әр деңгейдегі 
басқару және үйлестіру; 
- қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі; 
- қызметтің ғылыми негіздерін жасауға, соның ішінде білім негіздерін 
дайындауға жауапты жүйе; 
- мамандар дайындау және олардың біліиін кӛтеру жүйесі; 
- оқу-тәрбие қызметінің жүйесі; 
- әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету,рекреация жүйесі; 
- әлеуметтік-мәдени даму жүйесі; 
-білім жүйесін дамытуға қатысатын қоғамдық бірлестіктер.Білім 
мекемелері білім жүйесіндегі салыстырмалы түрдегі ӛз алдына жеке 
құрылымды кӛрсетеді. Алайда олар ӛз кезегінде бірнеше негіздер бойынша 
құрылымданады: 
- білім беру деңгейі бойынша; 
- стандарттаудың және біліми табыстарды құжаттандырудың сипаты 
бойынша; 
-меншіктік формасы мен мекемелердің жататын ведомствалары 
бойынша; 
-мекемелердің азаматтық ұйымдастырылуы сипаты бойынша; 


149 
-білімдік дайындықтағы жетекші пәндердің бағыты бойынша; 
- білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы бойынша; 
- білім дамуының типі бойынша; 
-«нормальды» және балама; 
Білім берудің негізгі функциональдық салаларына жататындар: 
- ӛз бетінше білімін кӛтеру және білім беру; 
- кӛпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру; 
- интеллектуалдық, гуманитарлық, политехникалық, жаратылыстану 
ғылымдары, физикалық; 
- іргелі-ғылыми және қолданбалы білім.Білім беру жүйесінде 
индивидтердің және топтардың жіктелуіне сол қоғамда орныққан кешенді 
әлеуметтік ӛзгерістер себепші болды. Мұндай жіктелудің негізделуін щетелдік 
әлеуметтанушылар 
кӛбінесе 
жекелеген 
топтардан: 
орта 
мектепті 
бітірумілерден, студенттерден, мұғалімдерден іздестіруде. Шындығында 
жіктелу аса күрделі сипатта жүреді және оның негізделуі сол қоғамдағы 
қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік жүйесімен ғана емес, сонымен қатар білім 
жүйесінің ӛзіндік құрылымының ерекшеліктерімен де байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет