ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет69/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
Шығармашылық тапсырмалар 
1. «Қазіргі табысты жас адам» портретің сүреттеңіз. 
2. Сәнді әрі кӛрікті қазіргі қазақ қызың сүреттеп,қағаз бетіне түсіріңіз. 
 
Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары 
1. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде. 
2. Жастарды әлеуметтендіру процесінің ерекшелігі. 
3. Жастардың саяси ӛмірге араласу мәселесі. 
4. Қазіргі жастар арасындағы діни сауаттылық. 
5. Жастар және қоғам:ӛзара ықпал ету. 
6. Жастардың мәдени талғамдары. 
7. Жастар еңбек нарығында:әлеуметтік мәселе ретінде. 
8. Жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мәселесі. 
9. Қазақтың ұлы ойшыларының жас буынды тәрбиелеуге қатысты 
ойлары. 
10. ҚР жастар туралы мемлекеттік саясат бағдарламасы. 
 
2.10 Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. 
 
Сабақтың мақсаты: социологиялық зерттеудің мәнін, қызметі мен 
түрлерін, методологиясы мен әдіс-тәсілдерін анықтау. 


151 
Негізгі түсініктер: социологиялық зерттеу,сұрау-салу, сауалнама, 
сұхбат, бағдарлама, іріктеу, техника. 
Социологиялық зерттеу-социологтардың қазіргі уақытта назарын 
аударып отырған әлеуметтік құбылыс туралы білім алуға бағытталған іс-әрекет. 
Бүгінгі күндердегі социологиялық зерттеу алуан түрлі жұмыстардың бүтіндей 
бір кешені болып табылады. Әлеуметтік зерттеуді бір мақсат кӛздейтін бір-
бірімен тығыз байланысты әдістеме білімдік, әдістемелік және ұйымдық-
техникалық рәсімдер жүйесі деп блген жӛн: мақсат-зерттеменің құбылыс 
немесе үрдіс туралы айқын деректер жинап, оларды пайдалану. 
Социологиялық зерттеулер мынадай қызмет атқарады: 
1.әлеуметтік құбылыстардың, үрдістердің нақты жайкүйін бейнелеу 
немесе оларды ӛзгертуге әсер етер факторларды анықтау;
2. басқару шешімдерін негіздеп, оларды жүзеге асыру тиімділігін бағалау; 
3.кездесер қиыншылықтарға талдау жасап, әлеуметтік субъектілердің 
мүмкіндіктерін, әлеуметін толық пайдалануға бӛгет жасар қиындықтарды жою 
жӛніндегі ұстанымдарды белгілеп беру; 
4. әлеуметтік субъектілердің мүмкіндіктерін белгілеп беру; 
Әлеуметтік зерттеулердің үш түрі бар. Алға қойылған мақсатқа, 
орындалатын міндеттердің кӛлеміне, күрделілігіне, талдау ісінің мән-маңызына 
сәйкес барлау жүргізетін, жазып кӛрсететін және талдау жасайтын зерттеулер 
болып бӛлінеді. 
Бұлардың ішінде ең күрделісі-талдау жасайтын зерттеу. Оның негізгі-
жете ойластырылған бағдарламада және тыңғылықты тексерілген әдіс 
құралдарында (анкете, бланк, сұхбат т.б). Мұндай зерттеу арқылы зерделенетін 
терең себептер де айқындалатын болады. 
Жазып кӛрсететін зерттеу-қарапайым әдіс. Оның мақсаты зерделенетін 
құбылыстар және олардың құрылымдық элементтері туралы бүтіндей бір 
тынанымдық кӛзқарас беретін деректер жинастыру. 
Барлау жүргізетін зерттеу-аталған үш зерттеудің ішіндегі ең қарапайымы, 
ӛйткені ол мазмұны жағынан мейлінше шектеулі міндеттерді атқарады. Ол 
әдетте, зерттелетін шағын жинақтарды қамтиды, күрделі бағдарламаны керек 
етпейді, онда кӛлемі жинақты әдістер қолданылады. Оның басты 
артықшылығы-жедел социолоргиялық ақпарат жинауда. Бұл орайда терең 
үрдістер, олардың болу себептері зерттелмейді, үстірт жатқан ақпарат қана 
жинастырылады. 
Кез-келген нақты социологиялық зерттеу мынадай бес негізгі 
кезеңдерден тұрады: 
1.Зерттелетін 
құбылыстарды 
анықтап, 
бастапқы 
гипотезаларды 
тұжырымдау; 
2.Зерттеу жоспарын жасау;
3.Мәліметтер жинау; 
4.Жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; 
5.Ғылыми түсіндірме жасап, оны тексеру 


152 
Зерттеу объектісін анықтау және жоспарын жасау қоғамдық құбылысты 
ғылыми танып білудің бірінші кезеңі болып табылады, ӛйткені жинақталған 
фактілердің объективтігі мен ақиқаттығы, қорытындының ғылыми дұрыстығы 
кӛп болып табылады. Алдымен практикалық мақсатқа жетуге, әлеуметтік 
проблемаларды шешудің алгоритмдерін іздеуге, практикалық ұсыныстар 
жасауға бағытталады. Мұндай зерттеулерде жаңалық болуы міндетті емес, 
прблеманы белгілі бір дәрежеде «типтік» сипаттама шешілуі керек. 
Мақсатты дәл айқындау-бағдарламаның аса маңызды методологиялық 
талабы. Эмпериялық зерттеудің мақсатын белгілегенде, міндетті түрде 
тапсырыс берушімен келісу керек. Талдамалық зерттеу бағдарламасында 
мақсат қарастырылып отырған құбылыстың, процесстің құрамдас бӛліктерін 
сипаттап қан қоймай, оның пайда болуы, даму себептері мен деректерін 
анықтауға бағытталуы керек. 
Социологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде зерттеушілер әр 
түрлі әдіс-тәсілдер жиынтығын қолданды. Бұлар: 
1. 
Сұрау салу әдісі; 
2. 
Бақылау әдісі; 
3. 
Сынақ әдісі; 
4. 
Құжаттарды талдау әдісі; 
Бұл әдістерді қолданған кезде әр түрлі проблемалар туындау мүмкін. 
Сұрау салу әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік 
интервью жатады. Олар кейбір белгілеріне қарай: тұтастай және ішінара
тікелей және саралап, ауызша және жазбаша, бетпе-бет және сырттай, бір 
реттік, кӛп реттік болып жіктеледі. 
Бұл әдістің атауының ӛзі-ақ оның құрылымын кӛрсетіп отыр: зерттеуші 
(сұрау әдісінің негізгі құжаттарын жасаушы, анкетаны тікелей жүргізуші) мен 
респондент (сұраушы), сондай-ақ оларды байланыстыратын аралық буын 
анкета. 
Ең алдымен анкета-жүргізуші құрал жабдықтарды ойластырушы 
болғандықтан да зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін білу үшін 
қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс. Әрбір анкета жүргізушінің 
ұйымдастырушылық қабілетімен бірге кӛпшіл, тіл тапқыш, сауалнамаға 
қатысушының іске тарта білуге қабілетті, анкета толтыру кезінде сенімділік пен 
тиімді жұмыста қалыптастыруға қабілетті болуы керек. Бірақ бұндай адамды 
табу ӛте оңай емес. 
Сұрау салу біткен соң, анкета жүргізуші есеп құжаттарын толтырған 
анкеталарды, маршрут парақшаларын, сұрау салу туралы есепті жинақтап, 
ӛңдеп тапсырады. 
Сондай жұмысты жүргізу барысында анкета жүргізуші кӛптеген 
материалдық шығындарға ұшырауы да мүмкін. 
Бақылау-зерттелетін объектіге қатысты социологиялық мағлұматтарды 
кӛзбен кӛріп, құлақпен есту арқылы жинау әдісі. 
Социолог-бақылаушы бақылау нәтижелерін тіркеп отыруға байланысты 
ұдайы қиындықтарға ұшырап отырады. Ереже бойынша нәтижелерді тіркеу 


153 
зерттеушілермен байланысты кейін жүзеге асады. Мұнда да ӛзіндік 
проблемалар туындайды: кейбір қажетті жағдайлар ұмытыла бастайды. Кейде 
тіркелген нәтижелер шындыққа сай келмей жатады; ӛйткені оған 
бақылаушының ӛзіндік кӛзқарасын, Ұстамынан туындайтын субъективтік 
бағалары әсер етпей қоймайды. 
Сынақ әдісі кезінде барлық шартты түрде дербес тәжірибелік 
факторларды жоспарлы түрде енгізіп отыру, бақылап отыру қажет. 
Мәліметтерді талдау қажеттілігі маңызды алғы шарты болғандықтан, бұл 
жұмыс кӛп қиындықтарды талап етеді, яғни мұндай талдау арқылы, қорытынды 
жасау керек. 
Болашақта анкета таратылатын адамдарды оқыту, үйрету ісі кӛбінесе 
нұсқаушы семинар түрінде ӛткізіледі. Содан кейін олардың дайындық дәрежесі 
ӛткізіледі. 
Зерттеу жұмысының жоспарын жасаған кезде болашақта жиналатын 
мәліметтерді реттеу және талдау тәсілдеріне байланысты белгілі бір 
техникалық құралдар сатып алу немесе уақытша пайдалану үшін жалдау жағы 
ескеріледі, бұл үшін қаражаттың мӛлшері атап кӛрсетілуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет