170
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті
сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған
жататындар: әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, түрме және т,б,
Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси ӛмірге ықпал ету
жағынан оны тӛртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім
теледидарды бақыласа, сол бүкіл әлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ
ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін айтылмаған.
Саяси биліктің ӛзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның
саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси ӛмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен
қоғам,
таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар,
мемлекеттік
басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б.
арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі
деңгейдегі қоғам мен
мемлекеттің істерін басқару; ӛкімет органдары,
саяси емес процестерге
басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп
келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және
мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен
тұрақтылықты қорғау; дау-дамай,
шиеленістерді ашып, оларға шек қою және
дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.
Саяси экономикадағы мораль және билік сәйкестілігі
Саясат пен мораль – адамдардың тәртібін реттейтін біршама ӛзіндік
тәсіл. Саясаттың қоғамдық қатынастардың саласы ретінде ӛзектілігін,
мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның игілігі үшін
биліктің тетіктерін және
ресурстарын тиімді пайдалану құрайды. Моральдің негізінде саяси қызмет
мақсаттарының адамгершілігін, амалдары мен әдістерін дәлелдеу, тәжірибелік
саясатты қоғамдық пікірмен бағалау және оны адамгершілік нормаларымен
ӛлшемдеу. Бұл мораль мен саясаттың ӛзара әрекетіне себепші болады.
Біздің заманымызда саясаттың моральдық аспектілері үлкен ӛзектілікке
ие болуда, баспасӛзде ғылыми әдебиетте белсенді талқылануда. Кейде
саясат
Достарыңызбен бөлісу: