ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет89/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

3.4 Саяси жүйе 
 
Сабақтың мақсаты:саясатты жүйелік тәсілмен қарастыру; Д.Истон мен 
Г.Алмондтың саяси жүйе үлгілерің талдау; саяси жүйенің құрылымы мен 
қызметтерің анықтау;саяси жүйенің түрлерің ажырату белгілерің білу; саяси 
жүйе үлгілерімен «саяси тұрақтылық» және «саяси тәуекелділік» ұғымдарың 
сәйкестіру. 
Негізгі түсініктер: саяси жүйе, талап қойю және қолдау,саяси жүйенің 
құрылымы мен қызметтері, коммуникация, жүйег «кіру» және одан «шығу», 
артикуляция және мүдделерді тоғыстыру,саяси жүйенің түрлері,саяси 
тұрақтылық және саяси тәукелділік.
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен 
мемлекеттер арасындағы ӛзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық 
пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар 
жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін 
орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. 
Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жӛнінде ғалымдар 
арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған 
ӛлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған тгрі, оның саяси 
тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бӛлінуі. 
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың 
мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бӛледі: 
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді 
қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты 
құндылықтарды басшылыққа алады; 
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар 
ұстайды; 
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат тӛбеліндей ақсүйектердің саяси және 
экономикалық үстемдігіне негізделеді
4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда 
авторитарлық басқару белең алады; 
5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және 
экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек 
қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет