1960-2000жж әдеби дамудың сыртқы және ішкі факторлары
Жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жүгіртсек, әріден келе жатқан ақын-жыраулар кезеңін алмай, діни-ағартушылық, демократтық, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әдебиетпен салыстырғанда 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиет өзіндік ерекшеліктерге ие.
Бұл ерекшеліктер: жаңашыл көзқарас, жаңа заман, жаңа бағыт.
Кешегі күнде әдебиеттің қайнар көзі болған ел тағдыры, жер тағдыры, отарлау саясаты, майдандағы жауынгер тағдыры сынды мәселелер енді қазақ қоғамына келе бастаған жаңашылдыққа ұласа бастады. Бұл біздің әдебиеттің басты сыртқы көрінісі деп білеміз. Себебі: Сол тұста жарық көрген роман болсын, өлең сөз туындылары болсын тек тақырып жағынан ғана ерекшеленбей, сонымен қатар сюжеттік-композициялық, идеялық-көркемдік тұрғысынан да, яғни шығармадағы каһарман бейнесін сомдауда, дәуір ерекшеліктерін танытуда өзіндік жаңалықтарға ие екендігі мәлім.
Кеңестік дәуірдегі әдебиеттің дамуына байланысты қазақ әдебиетін зерттеу еңбектері мен сыни мақалалар көптеп шыға бастады. Осындай зерттеу еңбектің тұңғыш туындысы 1949 жылы «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналғанымен, 1960 жылы жаңа нұсқасы қайта басылып шықты. 1967 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен үшінші томы жарық көрді. Бұл зерттеу еңбегіне қазақтың «ақтаңдақтары» – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар мен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев т.б. шығармашылықтары жайлы монографиялық тараулар енді. 1960 жылы С.Сейітовтың «40 жылда», 1962 жылы Б.Кенжебаевтің «20 жыл Қазақ совет әдебиеті» еңбектері әдебиет дамуының кезеңдеріне шолулар жасады. Әдеби процесс-жанрлық, тақырыптық даму тұрғысынан да, жеке ақын-жазушылардың шығармашылық жолын жинақтау, әдебиет тәжірибесін теориялық қорыту жағынан да зерттеле бастады.
Ә.Тәжібаевтің «Өмір және поэзия» (1962), Б.Шалабаевтың «Қазақ романының тарихы» (1966), Ш.Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» (1960) Ә.Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», «Аударма проблемалары жайында» (1964), М.Базарбаевтың, Т.Кәкішевтің, З.Ахметовтың, Қ.Жұмашевтың көптеген монографиялары мен зерттеу еңбектері жарық көре бастауы қазақ әдебиетінің дамуының айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына талдау, сыни пікірлер жазылған мақалалар, мысалы, 1962 жылы С.Қирабаевтің «Сәкен Сейфуллин», Т.Нұртазиннің 1960 жылы «Жазушы және өмір», 1960 жылы «Бейімбет Майлиннің творчествосы», М.Дүйсеновтың «І.Жансүгіров» (1965 ж), «Ақын мұраты» (1967 ж) тағы басқа арнау-жинақтар жарық көрді.
Дамуымыздың қазіргі кезеңіне сай жекеленген қайшылықтар, кемшіліктер ұшырайтыны мәлім. Дәуір қаһарманының, озық адамның күресетін, өз қасиетін толық ашатын саяси, зияткерлік, адамгершілік майданы қайсы дегенді суреткер философша терең пайымдай, үлкен характерлер, сан тұлғалар жасай алуы екі талай. Әдебиетіміз жоғары идеялылықпен қатар биік көркемдікті, қуатты азаматтық пафосты қатар алып жүруі шарт [3, 15].
Кеңестік дәуірдегі әдебиеттің дамуына байланысты қазақ әдебиетін зерттеу еңбектері мен сыни мақалалар көптеп шыға бастады. Осындай зерттеу еңбектің тұңғыш туындысы 1949 жылы «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналғанымен, 1960 жылы жаңа нұсқасы қайта басылып шықты. 1967 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен үшінші томы жарық көрді. Бұл зерттеу еңбегіне қазақтың «ақтаңдақтары» – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар мен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев т.б. шығармашылықтары жайлы монографиялық тараулар енді. 1960 жылы С.Сейітовтың «40 жылда», 1962 жылы Б.Кенжебаевтің «20 жыл Қазақ совет әдебиеті» еңбектері әдебиет дамуының кезеңдеріне шолулар жасады. Әдеби процесс-жанрлық, тақырыптық даму тұрғысынан да, жеке ақын-жазушылардың шығармашылық жолын жинақтау, әдебиет тәжірибесін теориялық қорыту жағынан да зерттеле бастады.
Ә.Тәжібаевтің «Өмір және поэзия» (1962), Б.Шалабаевтың «Қазақ романының тарихы» (1966), Ш.Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» (1960) Ә.Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», «Аударма проблемалары жайында» (1964), М.Базарбаевтың, Т.Кәкішевтің, З.Ахметовтың, Қ.Жұмашевтың көптеген монографиялары мен зерттеу еңбектері жарық көре бастауы қазақ әдебиетінің дамуының айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына талдау, сыни пікірлер жазылған мақалалар, мысалы, 1962 жылы С.Қирабаевтің «Сәкен Сейфуллин», Т.Нұртазиннің 1960 жылы «Жазушы және өмір», 1960 жылы «Бейімбет Майлиннің творчествосы», М.Дүйсеновтың «І.Жансүгіров» (1965 ж), «Ақын мұраты» (1967 ж) тағы басқа арнау-жинақтар жарық көрді.
Ал, 1972 жылы КОКП орталық комитетінің «Әдеби-көркем сын туралы» қаулысы шыққаннан кейін, әдеби сынның беталысы қарқындап, өркендей түсті. Жыл сайын баспасөзде «Уақыт және қаламгер» атты сын еңбектер жинағы қалыптасты.
1970-80 жылдары жанр төңірегінде жеке көлемді зерттеулер шыға бастады. Поэзияны жете зерттеген З.Қабдолов, З.Ахметовтың әдеби-теориялық ғылыми талдаулары – «Жанр поэзиясындағы дәстүрдің ұласуы» (1981), «Көркемдік кілті-шеберлік» (1985) жарық көрсе, Ә.Тәжібаев, Е.Жақыпов, Р.Нұрғали зерттеген драма жайлы сыни еңбектер баспа бетін көрді. Ал проза саласын зерттемеген әдебиетші болмаған деп айтсақ та артық емес. Р.Бердібаевтің, М.Базарбаевтың, Ш.Елеукеновтің, Ә.Нағыметовтың, Б.Майтановтың, З.Серікқалиевтің, Ә.Әзиевтің көптеген прозаның көкейкесті мәселелері мен даму ерекшеліктері жайлы сыни пікірлері мен зерттеу мақалалары жинақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |