Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Ә. Кекілбаев прозасындағы сана ағымының көріністері



бет41/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
аширов ответ

Ә. Кекілбаев прозасындағы сана ағымының көріністері

Əбіш Кекілбаев – ұлттық əдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. «Үркер» мен «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Бəйгеторы», «Ханша-дария хикаясы», «Күй» сияқты прозалық туындылары арқылы ел өмірінің зəру мəселелерін көтерген халықтың сүйікті жазушысы. Сан қырлы дарын иесі Ə. Кекілбаев драматургия саласында «Абылай хан» атты дүбірлі дəуір шындығын бейнелейтін пьеса да жазды. «Алтын шуақ», «Дүние ғапыл» деген өлеңдер жинағымен де танылды. Сондай-ақ ол – У. Шекспирді, Г. Ибсенді, В. Буэроны, Г. Мопассанды, Л. Толстойды, А. Чеховты, И. Бунинді қазақ тілінде сөйлеткен кəнігі аудармашы. Сан қырлы дарын иесі Ə. Кекілбаев драматургия саласында «Абылай хан» атты дүбірлі дəуір шындығын бейнелейтін пьеса да жазды. «Алтын шуақ», «Дүние ғапыл» деген өлеңдер жинағымен де танылды. Сондай-ақ ол – У. Шекспирді, Г. Ибсенді, В. Буэроны, Г. Мопассанды, Л. Толстойды, А. Чеховты, И. Бунинді қазақ тілінде сөйлеткен кəнігі аудармашы. Əбіш Кекілбаевтың публицистикалық мақалалары мен жазбалары ұлттық мұраттармен ұштасады. Əсіресе еліміздің тəуелсіздігін талмай толғаған ел мен жер, адам мен заман туралы мақалалары қоғамдық санаға қозғау салады. Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың тəуелсіздік, елдік мұраттар жолындағы орасан еңбегін орынды бағалап, саясат сахнасындағы көркем кескінін алғашқылардың бірі боп мөлдіретіп салып берді.
Жетпісінші жылдарда бірін-бірі қуалай келген тарихи романдар көшінде
айрықша сөз болуға лайықтысы – «Аңыздың ақыры». Қазақ романы тарихын да тарихи деректерге байланбай, авторлық таза қиялдан туған роман да осы.
Ол қазақ əдебиетінің роман жанрындағы үлкен жаңалықтардың бірі болды.
Мұнда бəрі де шартты – романтикалық сарын, философиялық түйін, бұлдыр
тұспал түгел алмасып келіп отырады. «Лирикалық сипаттағы роман-новелла
десе де болғандай» .
Алғашында «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланған «Аңыздың
ақыры» романында романтикалық бейнелеу тəсілдерін молынан аңғарамыз,
керісінше, кейіннен жазылған «Үркер», «Елең-алаң» романдарында тарихи факт реалистік тұрғыда игерілген. «Аңыздың ақыры» романы үйреншікті
мағынадағы дерекке негізделген тарихи туынды емес. «Аңыздың ақыры»
романында Ə. Кекілбаевқа Ақсақ Темір туралы тарихи факт емес, тарихи аңыз маңыздырақ. Өзіне тəн байсалды баяндау мен үздіксіз сана ағымын
кейіпкер характерін ашудың құралына айналдырған автор философиялық,психологиялық тереңдікке бой ұрады. Тарихи деректерге байланбаған шығарманы автордың таза қиялынан туған төл сюжеті десе де болады. Жазушы тарихи аңыз шеңберінен шығып, дербес психологиялық шығарма тудырған. Ə. Кекілбаев үшін романда оқиғаның қай ғасырда, қай жерде болғаны маңызды емес. Өйткені роман таза реалистік туынды емес. Мұнда аңыздық форманың фон ретінде алынып, Əмірші бейнесінің уақыт пен кеңістік тұрғысынан нақты дəйектелмеуінде өзіндік сыр бар. Мəселе, оқиғаның қашан жəне қалай болғанында, тарихи дəлдігінде емес, болған оқиғаның адамгершілік-философиялық мəнінде. Сюжетке өткен дəуір оқиғасы арқау болғанымен, ішкі мазмұны махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік, бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мəні бар мəңгілік мəселелерді қозғайды. Суреткер Əмірші бейнесі арқылы шексіз билікке ие болған адамның іс-əрекеттерін, мінезін, əлсіздігі мен шарасыздығын кең ауқымда алып бейнелейді, адам жанының шындығын тебіреніспен толғап, өмір туралы философиялық толғам, ғибратты ой ұсынады. Ə.Кекілбаевтың прозалық шығармаларында əлем əдебиетінде, орыс əдебиетіндеайналымғатүскенаңыздықпрозаныңүлгілеріншығармашылықпен жаңаша мазмұнда пайдалану əдебиет сыншыларының назарын аудартып, қызу пікірталастар туғызған. Қырғыз əдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, жазушы Ш.Айтматовсуреткердіңфольклорлық, мифологиялықэлементтіигеружөнінде ойын былай бөліседі: «Талантты қазақ прозаигі Əбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мəселелерін қозғай білген» [2, 10 б.], – деген пікірі жазушының шығармасындағы көркем образдың бейнелеу құралдары арқылы аңыздардан ақиқат болмыстың шындығын арттыра түскен. Мифтік шығармашылық жазушының романтикалық асқақ энергеиясын, күш-қуатын арттырып, жиырмасыншы ғасырдағы көркемдік ойдың полифониялық құбылыстағы «сана ағымына» (поток сознания) ден қойғызады. Ə.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі аңыздық, мифтік факторлардың көркемдік қызметі нені аңғартады? Көркем шығарманың идеялық-мазмұндық, стильдік айшықтарына қандай жаңалықтар енгізді. Аңыздық прозаның көркем прозада шын мəнінде мүмкіндігі қандай? Аңыздар мен мифтер болмыстың қандай мəселелерін қорытындылап түйіндейді? Қай суреткер болса да фольклорлық элементтерді, аңыздық-мифтік сюжеттерді өз шығармасында орынды-орынсыз тықпалай бермейді. Бұл жазушының мақсаты да емес. Əрбір аңыздық сюжетке көркем шығармада белгілі бір дəрежеде рөл беріліп, оған үлкен көркемдік жүк артады. «Күй»
повесіндегі «Қанжар жаныған тас» пен «Қол қырылған төбе», «Қараман ата»
мен «Темірбаба əулие» туралы аңыздық сюжеттер повестің көркемдік қуатын
арттырып, оның əлеуметтік-философиялық концепциясының негізін қалап тұр.
Мазмұнын бір-екі ауыз сөзбен бітіре салатын аңыздардан əңгіме-повесть, роман тудыру үшін аңыздың өзін білу жеткіліксіз. Сонымен қоса сол жердің тарихын, халқының əдет-ғұрпын, салт-санасын, тұрмыс-тіршілігін жан-жақты зерделей зерттеуі қажет. Бұл туралы ғалым С.Қасқабасовтың: «Бір аңызды толық
түсіну үшін кейде онда баяндалатын оқиғаны білу аз, сол аңыз пайда болған
аймақты да жете білуге тура келеді, онда айтылатын басқа да фольклорлық
шығармалармен танысу қажет болады» [3, 122 б.], – деген тұжырымы біздің
ойымызды нақтылай түседі. Ə.Кекілбаевтың «Күй» повесі – осы фольклорлық
элементтерді толық игеріп барып, өзінің сонылығымен келген көркем туынды. Автордың шеберлігі аңыздық сюжеттерге үлкен жауапкершілікпен қарап,
бүгінгі күннің адамгершілік мəселелерімен астарлап үндестіре алуында жатыр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет