ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



жүктеу 4.13 Mb.
бет18/22
Дата22.02.2016
өлшемі4.13 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

10 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабы 6-тармағына сәйкес мемлекет инклюзивті білім беруді іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды білім берудің барлық деңгейлерінде дамуындағы ақаулықты түзету және әлеуметтік бейімдеу, олардың білім алуы үшін арнайы жағдайларымен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ерекше оқытуды қажет ететін балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу қажеттілігін ұйымдастыру негізін құруға ықпал ететін ресурстар мен іс-шара мерзімдері бойынша өзара байланысты кешен ұсынылған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратын іс-шаралар жоспарында:

- инклюзивті білім беру үшін жағдайлар туғызатын мектептер үлесін арттыру;

- ерекше оқытуды қажет ететін балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалар санын арттыру;

- инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша мамандар санын арттыру;

- инклюзивті білім беруге арналған АКТ және қашықтан оқытумен қамтылған мектептер үлесін арттыру;

- мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;

- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау модельдерін құру;

- ерте айқындау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу және ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау қарастырылған.

Инклюзивті білім – бұл ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуы мен кедергілердің жойылуына және олардың сапалы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі.

Инклюзивті білім беру әр баланы түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, ерекше оқытуды қажет ететін балаларға дербестендірілген ықпалды және білім беру үдерісіндегі кедергілерді жою негізінде оқытуды жетілдіру мен оқу ортасын құруды тұспалдайды. Инклюзивті орта ерекше оқытуды қажет ететін балалардың оқу-тәрбие үдерісінің толыққанды қатысушысы болуын, өзін-өзі бағалауын көтеруін және білім беру ортасында жайлы сезінуін қамтамасыз етуге жағдай туғызатын азаматтық, әлеуметтік, коммуникативтік және т.б. құзыреттерін дамыту мүмкіндігін береді.



Төмендегі санаттар бойынша инклюзивті білім алуға жатқызылатын балалар:

- денсаулығында ақауы бар балалар (мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалар);

- қоғамда әлеуметтік бейімделуі қиын балалар (әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық төменгі деңгейдегі отбасылардан шыққан девианттық мінез-құлықты балалар);

- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың отбасыларынан шыққан балалар.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті сыныптарға қабылдануы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» нормативтік нұсқамаларымен айқындалған.

Жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті сыныптарындағы оқушылардың саны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

Инклюзивті сыныптардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМС 1.4.002-2012 және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық) ұсынымдарына сәйкес іске асырылады.

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды білім беру ортасына бейімдеу үдерісі қажетті түзету, психологиялық-педагогикалық және материалдық-техникалық қолдау көрсетуді, жеке оқу бағдарламалары мен бағалаудың сараланған жүйесін және қорытынды аттестаттауды, «кедергісіз» білім беру ортасын құруды қосады.

Сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету барысында ең әлсіз санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше назар аударуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған инклюзивті сыныптарда арнайы білім беру ұйымдарының сәйкес түріндегі типтік оқу жоспары негізінде жеке оқу жоспарлары және баланы оқытуға ұсынылған болжалды бағдарламалар негізінде оқу жоспарының әрбір оқу пәні бойынша жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.

Жеке білім беру бағдарламалары – оқушылардың даму деңгейінің өзектілігін ескеріп, оқытылатын пәндер саласындағы және дамудың жақын аймағындағы білім, білік және дағдыларын құрайды.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды бекітеді.



Оқыту сапасын арттыру барысында жұмыстың маңызды бағыттары білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Шетелдіктер балалары мен білім беру ұйымдарында мекендеген (тұрақтанған) азаматтығы жоқ тұлғаларға ана тілін терең меңгеруі үшін жағдай жасалуы қажет. Осы категориядағы балаларды оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру мақсатында және қазақ тілі мен орыс тілін меңгеруге қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету мақсатында жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен серіктестік ұйымдастырады.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру отбасының белсенді қатысуымен, түзету-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен іске асырылады.

Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуы және оларға психологиялық-педагогикалық, коррекциялық қолдау көрсету:

1) инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектеп сыныптарында дені сау балалармен бірге даму мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқыту (инклюзивті сыныптар).

2) жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда жүзеге асырылады.

Инклюзивті білім беретін арнайы сыныптар оқушылардың даму мүмкіндіктерінің бұзылу түрлері бойынша:

- есту қабілеті бұзылған балаларға арналған (ішінара естімейтін, сөйлеу қабілеті қиын, бірақ есту құралының көмегімен сөздік қорын өз бетінше жинақтау мүмкіндігін сақтайтын балалар);

- көру қабілеті бұзылған балаларға арналған (көру өткірлігі ерекше төмендеген нашар көретін 0,05 – 0,5-ке дейін оптикалық түзетілген балалар);

- ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған (ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылысы бар, яғни сөйлеу тілінің қарым-қатынас қызметі бұзылған балалар);

- тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларға арналған (қимыл-қозғалысының жартылай немесе толық бұзылысы);

- психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларға арналған (психикалық дамуының қалыпты жағдайдан ауытқуы, яғни органикалық минималды зақымдары немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық кемшілігі бар, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы әлеуметтік депривация жағдайында болған балалар);

Арнайы сыныптарда білім алушылардың психофизикалық денсаулығын сақтауға бағытталған сақтаушы педагогикалық режим қамтамасыз етіледі.



Сақтаушы педагогикалық режим – бұл балаға үйреншікті және қолайлы, денсаулығын сақтауға әсер ететін баланың іс-әрекетіне бағытталған, оның тәртібін анықтайтын, барлық іс-шаралар жоспарланған режим.

Сақтаушы педагогикалық режим келесі факторлар арқылы жүзеге асырылады:

- сыныптағы оқушы санының аз болуы (нормативке сәйкес);

- оқушылардың эмоцияналдық-тұлғалық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың арнайы әдістерін қолданудың негізінде психологиялық қолайлы жағдай жасау;

- оқушылармен жеке және топтық жұмыс барысында оқу нәтижесінің мониторингі мәліметтерінің негізінде оқу іс-әрекетінің нәтижелі болуын қамтамасыз ету;

- оқу материалының күрделілігі мен көлемінің мөлшерленуіне қарай эмоциялық, психикалық, дене жүктемесін ескеру;

- психологпен арнайы релаксациялық, психотерапиялық сабақтар;

- әр сабақта емдік-түзету іс-шараларын қоса отырып динамикалық үзіліс жүргізу;

- оқушылардың еңбекке қабілеттілігін және қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып оқушының жұмыс орнын, сынып бөлмесін ерекше жабдықтау;

- температура режимін басқару, жалпы мектеп ғимаратының жарықтану талаптарын сақтау.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы білім беру үдерісі Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісін ұйымдастыру талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін ұйымдар мыналарды:

1) барлық балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлеріндегі сапалы білімге тең қолжетімділігін;

2) барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы жағдайларды жасауды;

3) «кедергісіз», қолжетімді орта (білім беру, физикалық және т.б.) құруды;

4) білім беру үдерісі жағдайында білім алушылардың дамуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық қолдауды, сонымен қатар қозғалысы шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауды;

5) оқу кабинеттерін қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау (желілік түрде әрекеттесетін байланыс және коммуникация құралдары, кең жолақты интернет, аудио- және бейнетехника, компьютерлік, мультимедиялық, интерактивтік және зияткерлік жабдықтар), оның ішінде оқушылардың жекелеген білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған көмекші техникалық жабдықтармен және бағдарламалық-техникалық тұрғыда қамсыздандыруды;

6) оқыту және түзете-дамыту үдерістерін, сондай-ақ бейімдеу және модификациялауды ұйымдастыруға арналған білім беру ресурстарын шоғырландыруды және оқу материалын оқушылардың білімділік қажеттіліктеріне пайдалануды;

7) қашықтан оқытуды қалыптастыруды, инклюзивті білім беруді қолдауға арналған ақпараттық және басқа да ресурстарды пайдалануды;

8) білім алушылардың қоғамда өмір сүруіне әлеуметтік бейімделу


іс-шараларын жүзеге асыру, еңбек және басқа өмірлік дағдыларын қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы сабақтар ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту үшін жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.



Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тіл кемшіліктерін ескеруі керек, сөздердің дұрыс дыбысталу деңгейінің дамуына, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматтикалық жағына, байланыстырып сөйлеу ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс.

Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерді ескеруі керек.
Адам және қоғам білім беру саласына байланысты пәндерінің мұғалімі балаларды қоғамға бейімдеуде және олардың мінез-құлықтарын түзетудегі жақсы, оңтайлы әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттеріне (әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайы төмен, оралмандар, босқындар, аз ұлттар отбасыларынан шыққан, девиантты мінез-құлықты балалар) сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі балаларға көңіл бөлуі керек.

Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту үдерісіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін дамытуын, ұсақ моторикасын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескеруі керек.

Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген оқушылардың сенсорикасы (сезімталдығындағы) мен ұсақ моторикасындағы, танымдық әрекетіндегі ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеруі, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған балалардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы керек. Сонымен қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруларды ұйымдастыру қажет.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқу жылының басталуы мен ұзақтығы, каникул күндері республиканың барлық жалпы орта білім беретін мектептерінде іске асырылып жатқан оқу мерзімдеріне сәйкес бекітіледі.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызмет жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында мына мамандар болуы керек: психолог, логопед, арнайы педагогтер (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог), емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.

Логопед, психолог, арнайы педагогтар және т.б. мамандары жоқ білім беру ұйымдарының инклюзивті сыныптарында оқитын ерекше оқытуды қажет ететін балалар психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында түзету-педагогикалық қолдау ала алады.

Ерекше оқытуды қажет ететін жалпы білім беретін мектеп түлектерінің, сонымен бірге есту қабілетінде, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектердің алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

11 Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқыту ерекшеліктері
Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік жұмыс ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерімен, ҚР БҒМ 2013 жылғы
4 шілдедегі №258 бұйрығымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің типтік ережелерімен, ҚР БҒМ 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму бұзылыстары түрлері бойынша сараланады:

- есту қабілеті бұзылған балалар үшін;

- көру қабілеті бұзылған балалар үшін;

- сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;

- тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;

- психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;

- зияты бұзылған балалар үшін (жеңіл және шектеулі деңгейдегі ақыл-ой тежелісі).

Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында бөледі.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын да және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын да пайдалану арқылы іске асырылады.

2014 жылы бастауыш білім деңгейінің арнайы білім беру бағдарламалары келесідей бағыттарда әзірленіп, Академияның сайтына орналастырылды (www.nao.kz):

1) есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушылар үшін;

2) есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған) оқушылар үшін;

3) көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін) оқушылар үшін;

4) сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушылар үшін;

5) психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін;

6) жеңіл ақыл-ойы кем балалар үшін;

7) орташа ақыл-ойы кем оқушылар үшін.

Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқыту үдерісі бастауыш білім беру деңгейі үшін аталған бағыттардағы оқу бағдарламаларының негізінде іске асырылатын болады.

Оқу үдерісінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. 0 (дайындық) және 10 сыныптар есебінен мектептегі оқу ұзақтығын арттыру білім алушылардың даму ауытқушылықтарымен байланысты оқу үдерісінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу үдерісінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты.

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Ақыл-ойы кем білім алушыларды оқыту осы категориядағы оқушылар үшін әзірленген арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.

Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтары сынып құрамын есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда РФ әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігін және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.

Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағаты оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).

Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратын тұлғалармен) бірге зерделенетін пәндер тізімін анықтайды, сыныптар бойынша олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде оқытудың Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сағаттарды бөледі.

Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік үдеріс мектеп штатындағы мамандардың (арнайы психолог, логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДТ нұсқаушысы) психологиялық-педагогикалық қолдауымен іске асырылатын баланы зерделеудің психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.

Мамандардың өзара іс-әрекет нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету-педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген сағаттар аясында психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін фронтальды, топ бөлігінде және жеке сабақтарда алады (түзету компоненті). Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардағы жұмыс алдын-алу бойынша қажетті жағдайларды құратын, бұзылған қызметтердің орнын толтыратын және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Типтік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.

Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кем оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топты жиынтықтау олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады.

Қатар және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. Сабақты өткізу барысында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сынып екі топқа бөлінеді.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілі күрделі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептер және арнайы сыныптардың түлектері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады.

Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектеп (1 және 2 бөлім) пен арнайы сыныптардың түлектері аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымына белгіленген үлгідегі куәлік алады.



1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру үдерісі деңгейлерге бөлінеді:

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.

Дайындық және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі. 5 сыныптан бастап қазақ әдебиетін зерделеу орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра және «Геометрия» пәндерін оқыту 8 сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.

Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:

1) «Пәндік – тәжірибелік оқыту» (0-4 классы). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық түсініктерді игеру;

2) «Түзету ритмикасы» (0-4 сыныптар). Міндеті – электроакустикалық аппараттарды қолдану арқылы естіп қабылдауын қарқынды дамыту жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту;

3) «Ыммен сөйлеу» (4-11 сыныптар). Міндеті – оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. ҚР естімейтін оқушыларды оқыту есту-көру негізінде іске асырылады, оқыту үдерісіндегі ыммен сөйлеу оқушыларға бағдарламалық материалды сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

4) «Күнделікті қатынас тілі» (4-11 сыныптар). Міндеті – еститін адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын күнделікті қатынас сөз қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту;

5) «Есту қабілетін дамыту және дыбыстардың айтылуын қалыптастыру (ЕҚД және ДАҚ). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.

0 мен 4-сыныпқа дейін ЕҚД және ДАҚ сабақтары бір сыныпқа апталық жүктемемен 18 сағат көлемінде жүргізіледі. 5-6 сыныптарда жеке сабақтарға бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда сөйлеу дыбыстарын қою және машықтандыру аяқталады деп болжамдалады және тек сөйлеу тіл дыбыстарын ажырату жүргізіледі және естіп қабылдауын дамыту және сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру жұмысы жалғасады, сөйлеуде жұппен жұмыс жасау және әдіби мәтіндерді естіп қабылдау жұмысы басталады. 7-9 сыныптарда ЕҚД және ДАҚ бойынша сабақтар аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10 сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады. Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.



2. Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру үдерісі деңгейлерге бөлінеді:

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.

Дайындық және 1-4 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10 сыныптарда сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін және негізгі мектепте оқыту мерзімінің артуын ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі.

Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.

Оқу жоспарына түзету курстары қосылған: «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10 сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7 сыныптар), «Қоршаған ортамен таныстыру» (0-2 сыныптар). Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.

3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру үдерісі деңгейлерге бөлінеді:

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар;

- жалпы орта білім – 11-12 сыныптар.

Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4 сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.

5-10 сыныптарда оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, пән мұғалімдерімен іске асырылатын әр оқу пәнінің аясында жылдық оқыту бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.

11-12 сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады.

Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Білім беру үдерісінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін оқушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.



4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру үдерісі деңгейлерге бөлінеді:

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар;

- общее среднее образование – 11-12 классы.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін әрі қарай бастауыш мектепте оқытуға дайындық және психикалық даму деңгейін анықтау мақсатында пропедевтикалық-диагностикалық дайындық сыныбы ұйымдастырылады.

1-4 сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары шешіледі (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру). Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.

Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.

Бейімдік дене тәрбиесі сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.

5-10 сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

11-12 сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылар топ бөлігінде және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:

1) емдік дене тәрбиесі (ЕДТ) сабақтары 2-3 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

2) сөйлеу тілінің дамуы бұзылған балалар үшін ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар жеке және аптасына үш реттен кем емес жүргізіледі. Сабақтың ұзақтығы 25 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

3) танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.

Түзету сабақтары балалардың пәндік-тәжірибелік қызметіне көңіл аудара отырып, күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігі ойын формасында өткізу мақсатты.

Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.

Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсымаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін. Факультативтік сабақтарды анықтау барысында оқушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.



5. Сөйлеу күрделі бұзылыстары бар оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқыудың ерекшеліктері

Білім беру үдерісі деңгейлерге бөлінеді:

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.

Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:

- ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;

- сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.

Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген 1 жастан 4 жасқа дейінгі кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.

Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.



Сөйлеу тәртібін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыс айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке-топтық логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы» сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.

Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық көмекті жеке, топ бөлігінде және фронтальды сабақтарда алады.

Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 реттен кем емес өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут.

Топ бөліктеріне сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді. 5-10 сынып оқушыларымен логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың топ бөлігі формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.

Фронтальды сабақтың ұзақтығы (0, 1-4 сынып) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.

6. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру үдерісі деңгейлерге бөлінеді:

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар;

Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде бұзылыстары)айқын көрінетін балалар қабылданбайды.

Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Оқушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде бұқаралық типтегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.

Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.

Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.

Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті «Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ). Арнайы кіріктірілген түзету курсы «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1 сыныптар) баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» түзету курсы (0-4 сыныптар) психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін оқушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде топ бөлігімен (2-4 оқушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Түзету сабақтары әртүрлі формалар мен жұмыс түрлерін, пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін пайдалану арқылы күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс.

6-10 сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінен сағаттар мен пән мұғалімдері арасында үлестіріледі. Қандай топта болсын білім алушының сабақта отыру уақыты арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір оқушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылар үшін логопед жеке немесе топпен сабақ өткізеді.

Жеке және топтық түзету сабақтары оқушылардың максималды жүктемесі шегінде көрсетіледі. Типтік оқу жоспарында көрсетілген әрбір сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке оқушының жүктемесіне емес, педагогтардың жүктемесіне кіреді. Әрбір оқушы үшін оқытудың бірінше сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.

Факультативтердің сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және қарым қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға (Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДТ), болмаса еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.

7. Танымдық қабілеті бұзылған балаарды оқытудың ерекшеліктері (жеңіл және шектеулі ақыл-ой тежелісі)

Оқыту мақсаты – білім беру және еңбекке дайындық құралдарымен олардың даму ауытқуларын түзету, қоғамдағы келесі түлектерді кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.

Дайындық сыныбына сондай-ақ білім беру үдерісінде және тәрбиелеу жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады.

Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:

- бірінші саты – дайындық деңгейі (0, 1-4 сыныптар);

- екінші деңгей – 5-9 сыныптар. Білім беру ұйымдарында қажетті шарттарды қалыптастыруға байланысты терең кәсіби-еңбекке даярлау 10 өндірістік сыныпта ұйымдастырылады.

Бірінші деңгейде ақыл-ойы кем оқушыны жан-жақты психологиялық-медициналық-педагогикалық зерделеу, оның мүмкіндіктері мен білім беру үдерісін ұйымдастыру формасы мен әдістерін қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.

Екінші деңгейде балалар тәжірибелік бағытқа ие және еңбектің әртүрлі профилі бойынша дағдылары бар жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады. Әлеуметтік бейімдеу мен кәсіби-еңбекке даярлауға назар аударылады.

Дайындық және 1 сыныптарда баллдық бағалау болмайды. Оқушылардың білім алудағы алға басу нәтижесі олардың өнімді қызметіне талдау жасау негізінде – сөйлеу тілінің, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған ұсақ-түйектерінің даму деңгейі анықталады. 5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін үйренуге бөлінеді.

«Түзету технолгиясы» циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедиялық сабақтар), «Танымдық әрекетін түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Жеке және топ бөлігімен жүргізілетін түзету сабақтардың ұзақтығы – 20-25 минут. Топ бөліктері сөйлеу тілі мен психофизикалық бұзылыстарының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі сабағына арналған топ дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды түрде жүргізіледі. Түзету компоненттерінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау баллмен бағаланбайды, ол сипаттама түрінде болады.

4-тен 6 сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні ендіріледі.

7 және 9 сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке оқыту іске асырылады. Мектепке жеке еңбек түрі бойынша бағдарлама әзірлеу құқығы ұсынылады.

Жазғы еңбек тәжірибесі оқу жылының аяқталысымен немесе оқу мерзімін ұзартқан жағдайда ағымдағы жылдық мөлшерлеме бойынша жүреді.

5-6 сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9 сыныптарда мектеп шеберханаларының базасында іске асырылады. Еңбек тәжірибесінен өткізу мерзімі мен тәртібі жергілікті жағдайларға байланысты мектеп Кеңесімен (педагогикалық кеңес) анықталады. Мектепте білім алу еңбекке оқыту бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатыла алады. Факультативтік сабақтарға бөлінген сағаттар еңбекке оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.

Орташа ақыл-ойы кем білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда мектепте осы оқушыларға арналған арнайы сыныптармен екінші бөлім ұйымдастырылады.

Орташа ақыл-ойы кем балаларды оқыту аталмыш катеориядағы оқушыларға арналған Типтік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке бағдарламалар бойынша іске асырылады. Ол баланы жарты жылдан аспайтын мерзім аралығында сынып педагогының және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық кешенді зерделеуі негізінде құрылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір оқушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартжылдыққа жоспар құрылады.

Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы және тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторигілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды

Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны мыналарды: өзі туралы түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік бағыттылығына ие және тәриеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.

Бірінші сатыда оқу үдерісі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу, сенсорлы) дамуына бағытталған. Оқушылардың жеке дамуын алға бастыру шаралары пәндік оқытуға өтумен іске асырылады.

Әрбір оқушыны жетістігін баллдық бағалау психологиялық-педагогикалық мониторингілеу негізінде іске асырылатын сипаттамалы бағалауға ауыстырылады.

Екінші бөлімде оқыту мектеп ресурстары мен оқушылардың психофизикалық даму ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту профилі өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойынша бітіру емтиханын 2-бөлім оқушылары тапсырмайды.

Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың) оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектеп (сынып) түлектері облыстың (қаланың) білім басқармасы органдарының келісімімен мектепте әзірленген форма бойынша мемлекеттік үлгідегі куәлікке ие болады.

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет