ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



жүктеу 6.46 Mb.
бет1/37
Дата22.02.2016
өлшемі6.46 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы




2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН (СОНЫМЕН БІРГЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН) ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат

Астана


2014
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 26 маусымдағы № 5 хаттама).
2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 184 б.
Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2014



Кіріспе
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) арқылы жүзеге асырылады.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.



Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (одан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында қолданылды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS мониторинг зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші де функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетіп отыр.

2015 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептері PISA (математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының салыстырмалы бағасы, сондай-ақ 15 жасар оқушылардың әртүрлі үлгіде берілген мәтіндерді түсінуі) мен TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын салыстырмалы бағасы) халықаралық зерттеулеріне қатысады.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.

Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.



Мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар әзірленді және олар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі – Академия) сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген.
Білім берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

Мектеп-интернаттардың тәрбиелік жұмыстары тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қарай бағытталуы тиіс, баланың рухани дүниесі мен өзін қоршаған ортаның өзара үйлесімді байланысын қамтамасыз етуге бағытталуы керек, балалардың өмірлік өз жолдарын тануға, олардың азаматтық көзқарастары қалыптасуына, гуманитарлық құндылықтардың негізінде жетілуіне; әрбір жасөспірімнің тұлғалық өсуін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге; өзіндік жолын табу еркіндігі болуына, табысқа жету жағдаяттарын тани алуына, өзіндік тәрбиеге ықпал етуге; жеке басының дамуына құрметпен қарауға бағытталады.

Азамат және патриот тәрбиелу мақсатында, олардың көшбасшылық қасиетін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының мейрамдарын мерекелеуге дайындық және өткізу іс-шараларын кең ауқымда ұйымдастыру керек: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды 2014 жылдың 9 мамырынан бастап, 2015 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта өткізу, оның ішінде, «Мектеп пен ардагерлер: 70 мерейтой сәттері», Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.

2014 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты мега жобасы басталды. Оның аясында әрбір қаладағы, аудан орталығындағы, ауылдағы білім беру ұйымдарының қызметіне назар аудару негізге алынады. Бұл шаралар әр үйге, әр отбасына етене жақын болуы қадағаланады.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту білім берудің мектепке дейінгі деңгейінен басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде баланың жеке әлеуметтік қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады. 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің аяқтаушы буыны болып табылады, бұл бастауыш білім беруді алу үшін баланың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіреді.

2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымындағы оқу және тәрбие үдерісіне ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының тереңдетілген кіріктірілген моделін енгізу жүзеге асырылады деп күтілуде.

Ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа білім салаларымен, тұтас тәрбие үдерісімен, қосымша білім берумен тереңдете кіріктіру идеясы білім беру үдерісін ерекше формада құруды талап етеді, ол білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуде біртұтас ізгі-рухани кеңістік құруды керек етеді.

Ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының терең кіріктірілген моделінің оқу және тәрбие үдерісіне енгізудің эксперименттік алаңы болған білім беру ұйымдарында (1-қосымша), төменде анықталған педагогикалық шарттар сақталуы керек:

– сенімділік қалыптасуы керек, шабытты шығармашылық, өзіндік зерттеулерге, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірулерге мүмкіндік беретін жағдайлар болуы керек;

– ізгі-рухани білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне кірігуін жүзеге асыру;

– өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену үдерісінде қолданылатын барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын көздеу керек.

ҚР Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 аясында 2014-2015 оқу жылында 1 және 2-сыныптарда «Шетел тілі» пәні оқытылады.

Орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шетел тілін және оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу үдерісі кезінде жүргізіледі.
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіріліп оқытылады.

ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда жүзеге асырылады:

1) оқыту қазақ тілді емес 1-11-сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін
3-11-сыныптардағы орыс тілі;

4) 1-11-сыныптардағы шетел тілі;

5) 5-11-сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);

7) 5-11- сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту.

5-11-сыныптардағы «Технология» пәні сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндігі бар және оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады; мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды.

Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 мөлшерлеме, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандардың жеке курстары мен лекцияларына ақы төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан артық болғанда ғана жүргізіледі.

Бейіндік оқыту жалпы орта білім деңгейінде: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен сұраныстарын ескере отырып жүргізіледі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мен екі бағыт аясында оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында кәсіби-бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.

Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқытуға енгізу ұсынылады.

Білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,


2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда


34 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылында 1-11-сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.

Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша оқу жүктемесінің үлесі: негізгі орта білім беру деңгейінде: 7-сыныпқа – 26 сағат, 8 -сыныпқа – 28 сағат, 9-сыныпқа – 31 сағат; жалпы орта білім беру деңгейінде: 10-сыныпқа – 28 сағат, 11-сыныпқа – 28 сағат белгіленсін. Әрбір сыныпқа аптасына 4 сағаттық сынақ қарастырылсын. Сынақ сағаттары мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлінеді, бірақ 8 пәннен көп емес.

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық тасымалдағыштар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400, 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 және «2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 127 бұйрықтарымен анықталған.

2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аттестаттау мен талапкерлерді кешенді тестілеудің тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген оқулықтардың материалдары негізінде іске асады. Осыған орай, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде мектеп түлектері (2014-2015 оқу жылы) жоғарыда көрсетілген ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген оқулықтарды пайдалануы тиіс.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады. Оқыту қазақ тілді емес тілдегі мектептерде оқу пәндерін көптілде оқыту бойынша әдістемелік нұсқау және оқыту қазақ тілді емес тілдегі мектептер үшін ғылым негіздері бойынша терминологиялық сөздік әзірленіп, Академияның сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

2013 жылғы жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2-сынып пен 9-сыныптар үшін оқулықтар және 5-сынып үшін «Информатика», 1-сынып үшін «Ағылшын тілі» оқулықтары қайтадан баспадан шықты. Осы жылы 3-сынып пен 10-сыныптар үшін және 2-сынып үшін «Ағылшын тілі», 6-сынып үшін «Информатика», келесі жылы 4-6-сыныптар және 11-сыныптар үшін оқулықтар қайтадан баспадан шығатын болады.

Мұғалімдерге көмек ретінде оқу пәндері бойынша үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулар әзірленіп Академияның сайтына (www.nao.kz) орналастырылды. Мұғалім ұсынылатын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға бөлінген оқу сағаттары шегінде білім алушылардың жекелеген ерекшеліктерін ескере отырып өзгерістер енгізе алады.

Сондай-ақ, заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыруы керек.

Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігіне оқыту үдерісін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте).

1-кесте – Оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері




Бақылау нысанасы

Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Аптасына 5 сабақ, жылына 170 сағат; 0,5 жүктемесіне – 80 сағат жылына (директордың орынбасарлары үшін);

Аптасына 4 сабақ, жылына 136 сағат (мектеп директорлары үшін).



2

Сынып журналдарын тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3

Оқушылардың күнделіктерін тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 1-2 рет

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдануға дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.

Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:


  • жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.

Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

  • менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.

Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

  • мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг үдерісін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;

  • білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.

Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген, желілік қоғамдастықты құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектептер (жетекші мектеп) арқылы бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуын мониторингілеу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:



(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

(Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

  • сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

  • мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

  • әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

  • бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқытуының табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

  • әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.

(Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалімдерде)

  • бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

  • мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;

  • деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.

«Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің қызмет етуін апробациядан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №573 бұйрығына сәйкес төмендегі үш жалпы білім беру ұйымдарында эксперимент өткізіледі:

1) Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат, Алматы қ.;

2) «Астана қаласындағы № 1 мектеп-лицей» ММ;

3) «Астана қаласындағы № 66 мектеп-лицей» ММ.

Апробация қорытындылары бойынша «Қамқоршылық кеңестің қызметінің және оны сайлау тәртібінің Типтік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына әртүрлі деңгейдегі басқару, қаржыландыру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерін құруды нақтылау бөлігіне (АҚ, ММ, РМК, РМҚК) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

2014-2015 оқу жылында эксперименталдық мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуін апробациялау жалғасатын болады. Білім беру жүйесін басқарудың корпоративтілігін, ашықтығын қамтамасыз ету үшін мектепті қамқоршылық кеңесі арқылы басқаруды жетілдіру, білім беру үдерісіне отбасын, мектепті, қоғамды тарту қажет.

Білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Қамқоршылық кеңесі қызметіне мониторинг жүргізу» әдістемелік нұсқауын және «Қамқоршылық кеңестерінің қызметін ұйымдастыру» әдістемелік құралын әзірлеуде, олар Академия сайтына орналастырылатын болады (www.nao.kz).

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет