ОҚу жылының аудандық олимпиадасы географиядан теориялық турдың тапсырмалары (8 сынып)



жүктеу 470.93 Kb.
бет1/2
Дата11.06.2016
өлшемі470.93 Kb.
  1   2
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУРДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (8 СЫНЫП)


  1. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: нивелир, девон, парамос, эвенки, лемур (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай).




  1. Қазақстандағы қауіпті табиғи апаттардың бірі сел тасқынының мәселесі және онымен күрес шаралары. (10 ұпай).




  1. Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Барлығы 30 ұпай)




  1. Қашықтықты айнықтайтын құрал:

A) дальномер

B) нивелир

C) компас

D) транспортир

Е) масштаб


  1. Жер бедерінің жер қыртысы құрылысының ерекшеліктеріне тәуелділігін көруге болатын карта:

A) геологиялық карта және табиғат зоналары картасы

B) физикалық карта және геологиялық карта

C) физикалық карта және климаттық карта

D) физикалық карта және «Жер қыртысының құрылысы» картасы

E) «Жер қыртысының құрылысы» картасы мен табиғат зоналары картасы


  1. Барлық географиялық карталарда белгіленетін екі элемент:

A) экватор және оңтүстік полюс

B) параллельдер және меридиандар

C) изогиеталар және изобаралар

D) елдер шекарасы және елді-мекендер

E) құрлық бедері және желдің бағыттары


  1. Ел шекаралары өте алады:

A) құрлықтан ғана

B) орталық сулардан ғана

C) құрлықтан да, судан да

D) таулардан ғана

Е) теңіздерден ғана


  1. Пайдалы қазбалардың жер бедерімен байланысын көруге болатын карта

A) жалпы географиялық карта

B) топографиялық карта

C) экономикалық карта

D) тақырыптық карта

Е) саяси карта


  1. Ашық және тегіс жерде айналамызда көрінетін жер қыртысының бір бөлігі:

A) горизонт

B) полюс


C) жергілікті жер

D) жер бедері

Е) бағдар


  1. 0° ендік және 0° бойлық координаттарында ....... орналасқан

A) Африка

B) Атлант мұхаты

C) Үнді мұхиты

D) Антарктида

E) географиялық полюстер


  1. Бағдарлауға арналған құрал:

A) бағдарлауыш

B) транспортир

C) рулетка

D) компас

Е) нивелир


  1. Жергілікті жердің тікұшақтан түсірілген бейнесі:

A) горизонталь

B) аэрофотосурет

C) космостық сурет

D) карта


Е) план

  1. Оңтүстік полюстің ендігі

A) 0°

B) 45° с.е.

C) 45° о.е.

D) 90° о.е.

Е) 90° с.е.


  1. Багам аралдарының шығу тегі:

A) маржандық

B) материктік

C) жанартаулық

D) тектоникалық

Е) мұздық


  1. Еуразия және Үнді-Австралия тақталарының тоғысқан жерінде пайда болған тау:

A) Альпі

B) Гиндукуш, Гималай

C) Саян, Анд

D) Орал


Е) Тянь-Шань

  1. Жер шарында ең жоғарғы орташа жылдық температура байқалған аймақ:

A) Солтүстік Африкада, Ливия

B) Намиб шөлінде

C) Сомалиде, Шығыс Африка

D) Атакамада, Оңтүстік Америка

Е) Мексика таулы қыратында


  1. Егер жылдық жауын-шашын мөлшері буланғыштыққа тең болса, ылғалдану коэффициенті қаншаға тең болады?

A) 0,2

B)1


C) 1,5

D) 2


Е) 3

  1. Егер өзен ұзындығы 3571м , құлауы - 254 м болса, онда өзеннің еңістігі қаншаға тең болады?

A) 10 см/км

B) 9,3 см/км

C) 7,2см/км

D) 6,3 см/км

Е) 5,0 см/км


  1. Орман ағаштарының бойы 50 см-ден аспайтын табиғат зонасы:

A) арктикалық шөлдер

B) тропикалық ормандар

C) тундра

D) орманды тундра

Е) саванна


  1. Гималай тауының оңтүстік-батыс беткейінен бастап 400-500 метрге дейінгі биіктікте орналасқан табиғи аумақтық кешеннің жергілікті атауы.

А) парамос

В) терая

C) пума

D) тайга


Е) скрэб

  1. Мұхиттық арладарға тиесілі аралдар:

A) Командор аралдары

B) Алеут аралдары

C) Маршалл аралдар

D) Куриль аралдары

Е) Пасха аралдары


  1. Құрлықтың орташа биіктігі (теңіз деңгейінен):

А) 875 м

В) 650 м

C) 8000 м

D) 550 м


Е) 700 м

  1. Шөгінді химиялық жыныстарға жататын тау жыныстары:

A) Ас тұзы, гипс

B) Гранит, базальт

C) Бор, ұлутас

B) құмтас, әктас

E) мәрмәр, кварцит


  1. Төменде берілгендердің ішінен Жер бетіндегі ең биік сөнбеген жанартауды көрсетіңіз:

A) Ключевск шоқысы

B) Котопахи

C) Мауна-Лоа

D) Этна


Е) Шивелуч

  1. Орталық Қазақстанның ең ірі көлі:

A) Зайсан

B) Алакөл

C) Теңіз

D) Сілеті

Е) Епекті


  1. Бұл қазашұңқыр Кузнецк, Алатау және Саян тауларымен қоршалып жатыр:

A) Тувинск

B) Минусинск

C) Ферғана

D) Кузнецк

Е) Зайсан


  1. Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер:

А) Терісаққан, Шідерті, Шар, Қызылөзен, Шаған, Іле, Таңсық

B) Арыс, Келес, Обаған, Нұра, Ор, Жем, Сағыз

C) Қуаңдария, Жаңадария, Амудария, Жем

D) Сырдария, Ақжайык, Шу, Іле, Ертіс, Тобыл, Есіл

Е) Ақсу, Көксу, Тентек, Үржар, Берел, Талас


  1. Қазақтың ұсақ шоқысын кесіп өтетін табиғат зоналары:

A) тайга, аралас ормандар, орманды дала

B) тайга, орманды дала, дала

C) орманды дала, дала

D) дала, шөл, шөлейт

Е) биіктік белдеулер аумағы


  1. Әлемдегі ең бірінші минерологиялық қорық........ ұйымдастырылды

A) Қазақстанның оңтүстігінде

B) Кола түбегінде

C) Кавказда

D) Оңтүстік Оралда

Е) Батыс Сібірде


  1. Іле өзеніндегі экологиялық мәселелердің туындау себептері:

  1. Суды көп қажет ететін кәспорындарды салу

  2. Органикалық әлемін тиімсіз пайдалану

С) жаппай ластану

D) су қоймалары мен СЭС салу

E) Балқаш көлінің суын тиімсіз пайдалану


  1. Қазақстанның ең урбандалған облысы:

A) Алматы

B) Оңтүстік Казақстан

C) Карағанды

D) Атырау

Е) Маңғыстау


  1. Топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында бір егістік алқабында дақылдарды ауыстырып егу түрі:

A) шабындық

B) ауыспалы егістік

C) жұптық егістік

D) кебек


Е) пішендеме

  1. Қазақ тілі жататын тілдік семья:

A) үндіеуропалық

B) қытай-тибет

C) орал

D) алтай

E) ағылшын

ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУРДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (9 СЫНЫП)


  1. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: Бофорт шкаласы, саба (межень), бор, прерий, валлондар, жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) (әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай)




  1. Қазақстандағы ауыл шаруашылығының мәселелері мен даму келешегі (10 ұпай).




  1. Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай. Барлығы 30 ұпай)




  1. Берілген нүктеден экваторға дейінгі градуспен алынған ара қашықтық:

A) географиялық ендік

B) географиялық бойлық

C) градус торы

D) азимут

Е) географиялық координаталар


  1. Карта масштабы 1:5000000. Екі нүкте арасы 2 см, демек екі нүктенің арақашықтығы қанша тең болады?

A) 100 км

B) 250 км

C) 300 км

D) 500 км

Е) 1500 км


  1. Жер бетінің ендігі мен бойлығын не деп атайды?

A) градус торы

B) азимут

C) географиялық координата

D) көкжиектің жан-жағы бойынша бағыттары

E) жергілікті жердің түсірілімі


  1. Полярлық түсірілім кезінде объектіні планға енгізу үшін оның несін анықтау керек?

A) биіктігін

B) азимутын

C) түсін

D) ұзындығын

Е) тереңдігін


  1. Масштаб 1:1000-ға тең болған жағдайда жергілікті жер картаға неше есе кішірейтіліп енгізілген?

A) 10 есе

B) 100 есе

C) 1000 есе

D) 10000 есе

Е) 100 мың есе


  1. «1 см-де 1 км» деп көрсетілген масштабтың атауы:

A) сандық

B) атаулық

C) сызықтық

D) квадратты

Е) азимуттық


  1. Географиялық ендікті қайдан бастап есептейді?

A) полюстерден экваторға қарай

B) экватордан полюстерге қарай

C) тропиктерден полюстерге қарай

D) тропиктерден экваторға қарай

Е) поляр шеңберлерінен полюстерге қарай


  1. Географиялық картада жер бедері қалай сипатталады:

A) белгілермен

B) қабатты бояулармен

C) сандармен

D) штрихтермен

Е) жасыл және қоңыр түспен


  1. Жалпы масштаб түрлері нешеу?:

A) 1

B) 2


C) 3

D) 4


Е) 5

  1. 1:10000 масштабын, атаулық масштабқа ауыстырыңыз:

A) 1 см-де 10 км

B) 1 см-де 1 км

C) 1 см-де 100 м

D) 1 см-де 10 м

Е) 1 см-де 1 м


  1. Қазақстан таулары қай кезеңде бұзылуға ұшырады:

  1. Триас

  2. Карбон

  3. Төрттік

  4. Девон

  5. Силур

  1. Метаморфты жыныстар:

A) андезит, вулкан туфтары,тас тұзы.

B) әктас, кварцит, тақтатас, думтас.

C) кварцит, кристалдық жыныстар, гнейс, мәрмәр.

D) лава, базальт, тас көмір, гипс.

E) әктас, бор, опырық, құмтас.


  1. Қазақстандағы герцин қатпарлығы аймағы:

А) Алтай

В) Солтүстік Тянь-Шань

С) Шыңғыс -Тарбағатай

D) Жетісу Алатауы

E) Каспий маңы ойпаты


  1. Шығысы Еуропа жазығында жатқан аумақ:

  1. Тарбағатай

  2. Мойынқұм

  3. Үлкен және Кіші Борсық

  4. Орал алды

  5. Торғай үстірті

  1. Қазақ қалқанының аласа таулы сілемдері:

A) Ұлытау

B) Күнгей

C) Теріскей

D) Мұғалжар

E) Қаратау


  1. Батыс Тянь-Шаньға кіреді: 

А) Кетмен (Ұзынқара)

B) Өгем

C) Мұғалжар

D) Жетісу

E) Алтай


  1. Қазақстан аумағындағы басым ауа массалары:

  1. Континенттік

  2. Қоңыржай

  3. Тропиктік

  4. Экваторлық

  5. Муссондық

  1. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі:

А) Жердің төсеніш қабаты

В) атмосфера циркуляциясы

С) Жер бетінде қысымның таралуы

D) географиялық ендік

E) ауа температурасы



  1. Ең аз жауын-шашын мөлшері байқалатын аймақ (100 мм) :

А) Теңіз ойпаты

В) Қазақтың ұсақ шоқысы

С) Арал маңы

D) Батыс Алтай

E) Торғай қолаты


  1. Солтүстік Қазақстанның өзені:

  1. Сырдария

  2. Тобыл

  3. Талас

  4. Қаратал

  5. Іле

  1. Қазақстан аумағындағы Жайық өзеніне қатысты сипаттама:

A) кеме жүрмейді

B) ұзындығы 712 км

C) Жайсаң көліне құяды

D) орманды дала зонасын кесіп өтеді

E) қар суымен қоректенеді

F) Тұран жазығының өзені



  1. Қазақстандағы облыстар саны

А) 19

Б) 17


В) 15

Г) 14


Д) 13

  1. Қазақстан БҰҰ-на кірген жыл:

А) 1986 ж

Б) 1990 ж

В)1991 ж

Г) 1992 ж

Д) 1997 ж


  1. Қазақстанның алғашқы қалалары пайда бола бастады:

А) еліміздің солтүстігінде

Б) Ұлы Жібек жолында

В) еліміздің батысында

Г) республиканың шығысында

Д) «Кәріптас жолында»


  1. Этностардың өз елінен тыс аумақта өмір сүретін бір бөлігі:

А) конфессия

Б) этнос


В) диаспора

Г) тіл тобы

Д) этнография


  1. Әлемнің екі дүние бөлігінде орналасқан ел:

A) Албания

B) Қытай


C) Словения

D) Греция

E) Турция


  1. Еуропаның микроелдері:

A) Лихтенштейн, Австрия

B) Ватикан, Хорватия

C) Андорра, Сан-Марино

D) Маврикий, Тонга

E) Монако, Сингапур


  1. 1999 жылғы Жер халқының саны :

A) 7 миллиард

B) 5 миллиард

C) 4 миллиард

D) 6 миллиард

E) 8 миллиард


  1. Парсы шығанағындағы аралдық елі:

A) Катар

B) Бахрейн

C) Ирак

D) Кувейт



E) Оман

  1. «Хонда» корпорациясы қай мемлекетке тиесілі:

A) Лаос

B) Сингапур

C) Қытай

D) Вьетнам

E) Жапония

ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУРДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (10 СЫНЫП)


  1. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: меандр, риф, баскілер, делимитация, анклав (әр дұрыс жауапқа 2 ұпай)




  1. Шөл басу - XXI ғасырдың өзекті экологиялық мәселесі. Әлемдегі бұл мәселенің себептері мен зардаптарына талдау жасаңыз (10 ұпай).




  1. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Барлығы 30 ұпай)




  1. Масштаб дегеніміз:

A) карта бетінде жергілікті жердің объектілерінің қанша есе кішірейтілгенін көрсететін сан

B) карта бетінде көрсетілген заттардың санын білдіретін сан

C) картадағы заттардың өлшемін білдіретін сан

D) жергілікті жердегі зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш

E) бақылаушы мен зат арасындағы қашықтық


  1. Теңізшілер горизонт тұстарын қалай атайды?

А) азимут

B) румб


C) бұрыш

D) склянка

E) зәкір


  1. Жергілікті жердегі зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш:

A) азимут

B) румб


C) директриса

D) перпендикуляр

Е) радиус


  1. 45 градустық азимут ...... бағытты көрсетеді

A) солтүстік-шығыс

B) оңтүстік-шығыс

C) оңтүстік

D) оңтүстік-батыс

Е) солтүстік-батыс


  1. Экватор .......... ендікке ие

А) солтүстік

В) оңтүстік

C) шығыс

D) батыс


Е) 0°

  1. Егер планда солтүстік бағыты стрелкамен белгіленбеген болса, онда

А) планның төменгі шеті солтүстік болады

B) планның жоғарғы шеті солтүстік болады

C) планның оң шеті солтүстік болады

D) планның сол шеті солтүстік болады

Е) барлық шеті солтүстік болады


  1. Глобусты ең алғаш құрастырған Еуропа ғалымы:

А) Коперник

В) Дж.Брукс

С) Г.Галилей

D) И.Ньютон

Е) М. Бехаим


  1. Ең алғаш градус торы бар картаны жасаған ғалым

A) Платон

B) Аристотель

C) Архимед

D) Птолемей

E) Эратосфен


  1. Географиялық карта дегеніміз

A) Жазықтықтағы математикалық ережелерге сай, белгіленген масштабта шартты белгілермен көрсетілген Жер бетінің кескіні

B) Шартты белгілермен қағаз бетінде көрсетілген Жер бетінің кескіні

C) Жердің жалпақ түрдегі кескіні

D) Жер бетінің кішігірім бөлігінің кескіні

E) глобус


  1. Туман пайда болады:

A) күшті жел болмағанда

B) ауа салқындап, көзге көрінбейтін су тамшылары біріккен кезде

C) жел күшейгенде

D) ауа жылынып, су буланған кезде

E) су интенсивті түрде буланғанда


  1. Оңтүстік Қытай, Үнді Қытай және Малакка түбектері, Малай архипелагы арқылы созылып жатыр:

A) вольфрам-қалайы белдеуі

B) мыс белдеуі

C) алтын рудасы белдеуі

D) қорғасын-мырыш белдеуі

E) молибден белдеуі


  1. Солтүстік Америкадағы ежелгі материктік мұз басу ..... дейін таралды

A) поляр шеңберіне дейін

B) 50° с. е. –ке дейін

C) 38°-42° с. е. – ке дейін

D) солтүстік тропикке дейін

Е) экваторға дейін


  1. Еуразия аумағының бір бөлігі болып табылатын түбектер:

A) Кіші Азия, Арабия

B) Арнемленд, Сомали

C) Калифорния. Апеннин

D) Пиреней, Ямал

E) Кіші Азия, Арабия, Пиреней, Ямал


  1. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында...... зонасы орналасқан

A) орманды дала

B) саванна және ылғалды мәңгі жасыл ормандар

C) аралас және жалпақ жапырақты ормандар

D) ауыспалы- ылғалды ормандар зонасы

E) қылқан жапырақты ормандар зонасы


  1. Батыс Тянь-Шаньға кіреді: 

A) Кетмен

B) Өгем

C) Мұғалжар

D) Жетісу

E) Алтай


  1. Қазақстан аумағындағы басым ауа массалары:

A) Континенталды

B) Қоңыржай

C) Тропикалық

D) Экваторлық

E) Муссонды


  1. Қазақстан климатын қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі:

A) жердің төсеніш қабаты

B) атмосфера циркуляциясы



C) жер бетінде қысымдардың таралуы

D) географиялық ендік

E) ауа температурасы



  1. Ең аз жауын-шашын (100 мм) байқалатын аумақ:

А) Теңіз ойпаты

В) Қазақтың ұсақ шоқысы

С) Арал маңы

D) Батыс Алтай

E) Торғай қолаты


  1. Солтүстік Қазақстанның өзендері:

A) Сырдария

B) Тобыл


C) Талас

D) Қаратал

E) Іле


  1. Солтүстік Еуропада орналасқан ел:

A) Германия

B) Дания

C) Италия

D) Бельгия

E) Польша


  1. Қай елдерде ерлер саны басым?

A) Франция, Польша

B) Үндістан, Парсы шығанағы елдері

C) Украина, Россия

D) Австрия, Германия

E) АҚШ, Канада


  1. Ең көп таралаған әлемдік діндер:

A) Индуизм, Ислам

B) Даосизм, Христиан

C) Буддизм, Синтоизм

D) Ислам, Буддизм

E) Христиан, Ислам


  1. Ең ежелгі конституциялық монархия:

A) Испания

B) Ұлыбритания

C) Камбоджа

D) Италия

E) Жапония


  1. Қой саны жөнінен алдағы мемлекет:

A) Жаңа Зеландия

B) Үндістан

C) Австралия

D) ОАР


E) Қытай

  1. Сицилия аралы қай елге тиесілі?

A) Италия

B) Португалия

C) Франция

D) Греция

E) Албания


  1. Скандинавия елдері:

A) Германия, Швеция

B) Исландия, Ирландия

C) Ирландия, Ұлыбритания

D) Нидерланды, Дания

E) Дания, Норвегия


  1. Бұл елде шойын мен темір өндірілетін Лотарингия жазығы орналасқан:

A) Франция

B) Ирландия

C) Польша

D) Чехия


E) Ұлыбритания

  1. Латын Америкасының федеративті елдері:

A) Панама, Никарагуа

B) Перу, Гондурас, Гаити

C) Боливия, Колумбия, Коста-Рика

D) Бразилия, Венесуэла, Мексика

E) Аргентина, Парагвай


  1. Уругвай елінің астанасы:

A) Сантьяго

B) Каракас

C) Асунсьон

D) Лима


E) Монтевидео
ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУРДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (11 СЫНЫП)


  1. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: бьеф, дешифрлеу, Cахель, лопари, геоурбанистика (әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай).



  1. Қазақстан экономикасының дамуы үшін Еуразиялық экономикалық Одақтың артықшылықтары мен даму болашағы (10 ұпай).




  1. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Барлығы 30 ұпай)




  1. Азимуты 315° градусқа тең румб бағытын табыңыз:

A) солтүстік-шығыс

B) солтүстік-батыс

C) оңтүстік-шығыс

D) оңтүстік-батыс

Е) шығыс


  1. Жер бетінің градуспен белгіленген нүктесінен бастапқы меридианға дейінгі қашықтығы қалай аталады ?

A) географиялық ендік

B) географиялық бойлық

C) градус торы

D) азимут

Е) географиялық координата


  1. Параллелдердің бағыттары:

A) батыс - шығыс

B) солтүстік - оңтүстік

С) солтүстік- батыс

D) оңтүстік - шығыс

E) солтүстік - шығыс, оңтүстік - батыс


  1. Географиялық ендік қай градустарда ауысатындығын анықтаңыз

A) 0° -тан 90°-қа дейін

B) 0° -тан 180° -қа дейін

C) 0° -тан 360° -қа дейін

D) 90° мен 270° арасында

Е) 180° -тан 360° -қа дейін


  1. Планда жасыл түспен белгіленетін объект:

A) ормандар

B) таулар мен үстірттер

C) жазықтар мен құрлықтың төмен деңгейде орналасқан бөлігі

D) мұхиттар мен теңіздер

Е) батпақтар мен сортаңдар


  1. Жер бетінің бір нүктесі мен екінші нүктесі арасындағы айырмашылық қалай аталады?

A) абсолюттік биіктік

B) салыстырмалы биіктік

C) орташа биіктік

D) максималды биіктік

Е) минималды биіктік


  1. Географиялық карталардан құрлықтың биік және төмен аумақтарын немесе теңіздердің таяз және терең бөліктерін қалай білуге болады?

A) географиялық координаталар арқылы

B) географиялық картадағы сандық көрсеткіштер арқылы

C) тереңдік және биіктік шкалалары арқылы

D) әртүрлі есептеулер жүргізу арқылы

E) анықтау мүмкін емес


  1. географиялық картада су объектілері сипатталатын түс:

A) жасыл

B) көк


C) қызыл

D) сары


Е) әртүрлі

  1. Меридиандардың бағыты:

A) батыс-шығыс

B) солтүстік-оңтүстік

C) солтүстік - батыс

D) оңтүстік - шығыс

Е) солтүстік - батыс, оңтүстік - шығыс


  1. Планда абсолюттік биіктіктері бурдей нүктелерді қосатын сызық:

A) изобара

B) изотерма

C) изогипс

D) горизонталь

Е) бергштрих


  1. Байкал көлінен ағып шығатын өзен:

A) Лена

B) Ангара

C) Енисей

D) Іле


Е) Ертіс

  1. Боливияның Ла-Пас қаласы орналасқан биіктік:

A) теңіз деңгейінен 1810 м

B) теңіз деңгейінен 2420 м

C) теңіз деңгейінен 3630 м

D) теңіз деңгейінен 1550 м

Е) теңіз деңгейінен 5000 м

13. Солтүстік Америкадағы материктік мұз басу ....... дейін таралды

A) поляр шеңберіне

B) 50° с. е.

C) 38°-42° с. е.

D) солтүстік тропикке

Е) экваторға

14. Еуразияның бір бөлігі болып табылатын түбектер

A) Кіші Азия, Арабия

B) Арнемленд, Сомали

C) Калифорния, Апеннин

D) Пиреней, Ямал

E) Кіші Азия, Арабия, Пиреней, Ямал


  1. Қазақстан аумағындағы Жайық өзеніне қатысты сипаттаманы табыңыз:

A) кеме жүрмейді

B) ұзындығы 712 км

C) Жайсаң көліне құяды

D) Орманды дала зонасын кесіп өтеді

E) қар суымен қоректенеді

F) Тұран жазығының өзені



  1. Қазақстанның ең ірі су қоймасы

A) Вячеслав

B) Сергеев

C) Сілеті

D) Кеңгір

E) Бұқтырма


  1. Таулы аймақтарда дамыған топырақ түрі:

A) Қоңыр

B) Құм

C) Тақырлар

D) Сұр


E) Қызыл

  1. Қазақстан ТМД елдері ішінде пайдалы қазбалардың қай түрінен екінші орын алады?

А) құрылыс материалдары

В) молибден, ванадий

С) алтын, тантал және титан

D) хром, боксит

E) марганец, мырыш, никель


  1. Қазақстан Республикасының шекарасына тән сипаттаманы табыңыз:

A) Шығыс аумақтағы шекаралар сыртқы қарым-қарым қатынас үшін тиімді болып келеді

B) Иірімдері өте көп

C) Ең қысқа шекара Қырғызстанмен өткен

D) Этникалық қағидалар бойынша жүргізілген

E) Оңтүстік Батыс Азияның көптеген елдерімен байланыс жасауға мүмкіндік бар


  1. Ауыр машина жасау зауыттары:

A) Семейдегі дизель қозғалтқыштары зауыты

B) Алматы поршень зауыты

C) Қарағанды тау-кен құрал-жабдықтарын шығару зауыты

D) Астанадағы электротехникалық зауыт

E) Орал механикалық зауыты


  1. Қандай конституциялық монархияда ұлт бірлігі мен тұтастығының символында императордың рөлі ерекше:

A) Жапония

B) Лаос


C) Оңтүстік Корея

D) Филиппин

E) Вьетнам


  1. Латын Америкасының жүгері, бидай және ет экспорттайтын мемлекеті:

A) Суринам

B) Перу


C) Аргентина

D) Чили


E) Гайана

  1. Айриканың пайдалы қазбаларға бай мемлекеті:

A) Алжир

B) Гвинея

C) ОАР

D) Ливия


E) Судан

  1. Геотермалды энергиясы бар елдер:

A) Польша, Латвия, Беларусь

B) Италия, Жаңа Зеландия, Үндістан

C) Қазақстан, Туркменстан, Пәкістан

D) Исландия, Ресей, АҚШ

E) Филиппин, Мексика, Египет


  1. Федеративті елдерді көрсетіңіз:

A) Моңғолия, Мексика

B) Туркия, Португалия

C) Армения, Қырғызстан

D) Канада, Малайзия

E) Словения, Болгария


  1. Бруней мемлекетімен шекараласып жатқан ел:

A) Шри-Ланка

B) Индонезия

C) Камбоджа

D) Оңтүстік Корея

E) Малайзия


  1. МАГАТЭ халықаралық ұйымы айналысатын мәселелер

А) мұнай экспорты

В) қара металлургияны дамыту

С) атом энергетикасы

D) көмір өнеркәсібі

E) металлургия өнеркәсібі


  1. «Бұл ежелгі мемлекет солтүстік жарты шардың архипелагында орналасқан. Халық саны бойынша дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығына кіреді. Табиғат ресурстарына кедей, ЖІӨ-дегі өндіруші саланың үлесі 0,3% -ын құрайды. 12 миллионер қаласы бар өте жоғары урбандалған мемлекет. Өндірістің негізгі салаларына елдің экспорттық құрылымында өнімдері басым болып табылатын - әртарапты және жоғары технологиялы машина жасау өнеркәсіптері жатады.

A) Қытай

B) Корея


C) Сингапур

D) Жапония

E) Малайзия


  1. Жер халқының саны туралы мәліметтерді қалай алады?

A) халықты сұрау арқылы

B) халық санағын жүргізу арқылы

C) анкета толтыру арқылы

D) қол жинау арқылы

E) референдум арқылы

  1. Берілген елдердің қайсысы ОПЕК құрамына кіреді?

A) Норвегия

B) Канада

C) Сауд Аравиясы

D) Қазақстан

E) Ресей
ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ
РАЙОННАЯ ОЛИМПИАДА 2015-2016 УЧЕБНОГО ГОДА

ЗАДАНИЯ ТЕОРЕТИЧЕСКОГО ТУРА ПО ГЕОГРАФИИ (8 КЛАСС)


  1. Дайте определение следующим понятиям: нивелир, девон, парамос, эвенки, лемур (2 балла за каждый правильный ответ).




  1. Проблема селевого потока как опасного природного явления в Казахстане и борьба с ним (10 баллов).




  1. Тестовые задания (1 балл за каждый правильный ответ. Итого 30 баллов)




  1. Инструмент для определения расстояния называется:

A) дальномером

B) нивелиром

C) компасом

D) транспортиром

Е) масштабом


  1. Зависимость рельефа от особенностей строения земной коры можно увидеть на

A) геологической карте и карте природных зон

B) физической карте и геологической карте

C) физической карте и климатической карте

D) физической карте и карте «Строение земной коры»

E) карте «Строение земной коры» и карте природных зон


  1. На всех географических картах обязательно изображаются два элемента:

A) экватор и южный полюс

B) параллели и меридианы

C) изогиеты и изобары

D) границы государств и населенные пункты

E) рельеф суши и направление ветров


  1. Границы государства могут проходить

A) только на суше

B) только в центральных водах

C) как на суше, так и по морю

D) только в горах

Е) только по морю


  1. Взаимосвязь полезных ископаемых с рельефом Земли можно увидеть

A) на общегеографической карте

B) на топографической карте

C) на экономической карте

D) на тематической карте

Е) на политической карте


  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет