Оқу жылының күзгі семестрінің сессиясы кезінде қорытынды бақылау (емтихан) өткізу формаларының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет48/90
Дата23.12.2023
өлшемі3.09 Mb.
#487765
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90
Қорытынды бақылауды жүргізуге арналған нұсқаулық 2023-2024 күзгі семестр (1)


кезең 
Емтихан кестесіне сәйкес портфолионы ауызша қорғау рәсімі, кемінде 3 оқытушыдан 
тұратын емтихан комиссиясының сұрақтарына орындалған жұмыс және бүкіл пән 
бағдарламасы аясында жауап беру арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс берушілерді шақыру 
ұсынылады.
Емтихан кестесіне сәйкес білім алушылар өздерінің портфолиоларын көпшілік 
алдында қорғауға ұсынады, ұсынылатын қорғау уақыты ~20 минут.
Портфолио қорғау емтихан комиссиясының қатысуымен презентация түрінде өтеді, 
оның құрамына жұмыс берушілердің өкілдері, компаниялардың немесе жоғары оқу 
орындарының – серіктестердің мамандары, бітіруші кафедраның немесе факультеттің 
шешімі бойынша кіруі мүмкін.
Қорғау процедурасын офлайн/онлайн режимдерінде орындауға болады. Қорғау 
кезінде студенттер пән бойынша қол жеткізген оқу нәтижелерін жан-жақты сипаттауы 
керек, ал портфолиодағы құжаттар студенттердің пән бойынша оқу мақсаттарына қол 
жеткізгенін нақты растауы керек. Комиссия мүшелері пән бағдарламасы аясында қосымша 
сұрақтар қоюға құқылы.
Өткізілген қорғау нәтижелері бойынша емтихан комиссиясы міндетті түрде білім 
алушылардың пән бойынша оқу нәтижелеріне қол жеткізуін/қол жеткізбеуін және берілетін 
қорытынды балды көрсете отырып, бір мәнді хаттама қалыптастырады.
Қорытынды балдарды оқытушы емтихан аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде Univer 
АЖ тізімдемесіне қояды. 
 
 


42 
8. 
ТЕСТІЛЕУ 
Univer АЖ-да және Moodle ҚОЖ-да өткізіледі.
Емтихан форматы – синхронды. 
 
Тестілеу жүргізіледі: 
− 
бакалавриат деңгейінде ол АЖ Univer немесе Moodle ҚОЖ жүйесінде жүзеге 
асырылады; 
− 
магистратура және докторантура деңгейлері үшін, тек Moodle ҚОЖ жүйесінде 
жүргізіледі. 
− StartExam – 
медицина және денсаулық сақтау факультетінің білім алушылары үшін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет