Оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы гигиена»



бет2/11
Дата06.09.2023
өлшемі50.87 Kb.
#476680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
оқу жумыс багдарлама222

Пән/модуль сипаттамасы
Биологияны оқыту барысында, Биология ғылымның негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әрекеттері, олардың жеке қызметін қалыптастыру.


І Бөлім. Молекулярлық биология және биохимия
Оқу ақпараты:
Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. Көмірсулардың жіктелуі. Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттар. Нәруыздарды құрамы бойынша жіктеу. Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиденелердің арнайылығы. (белсенді орталығының). Антиген мен антидененің әрекеттесуі. Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі. Дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласының құрлысы және ДНҚ репликация механизмі. Рибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысы мен қызметі. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері. Генетикалық кодтың қасиеттері
Оқушылар білуі тиіс:
-Жердегі тіршілік үшін судың маңызы.
-Көмірсулардыжіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.
-Химиялық құрылымы.
-Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы.
-Дезоксирибонуклеин қышқылы құрылысы.
-Мезелсон мен Сталь тәжірибесі.
-Чаргафф ережесі.
-Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері.
-Матрицалық рибонуклеин қышқылы.
-Антиденелердің құрылысы мен құрылымы.
-Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі.
-Ферменттердің белсенділігін реттеу.
-Транскрипция.
-Премрибонуклеин қышқылы посттранскрипциялық модификациясы.
-Трансляцияның кезеңдері.
-Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-біріжаппайтындығы.


ІІ Бөлім.Жасушалық теория
Оқу ақпараты:
Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы байланыс.Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері. Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу.


Оқушылар білуі тиіс:
-Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.
-Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы).
-Ядро. Жасушаның -негізгі компоненттерінің қызметтері.
-Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс.
-Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі.
-Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі.
-Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.
-Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау.
-Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу.
-Оптикалық және электронды микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар.
-Окулярмикрометр мен объективмикрометрді жасушалардың мөлшерін есептеуде қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет